Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидаттардың үгіттік баспа материалдарын орналастыратын орындар мен сайлаушылармен кездесу үшін берілетін үй-жайларды белгілеу туралы



Дата22.02.2016
өлшемі27 Kb.
Жаңақорған ауданы әкімдігінің қаулысы

№1009 28 ақпан 2011 жыл


Мемлекеттік тіркеу тізілімдегі №10-7-134. 14.03.2011
Қазақстан Республикасы

Президенттігіне кандидаттардың

үгіттік баспа материалдарын

орналастыратын орындар мен

сайлаушылармен кездесу үшін

берілетін үй-жайларды

белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 28 бабының 4, 6 тармақтарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңының 31 бабына және Жаңақорған аудандық сайлау комиссиясының 2011 жылғы ақпандағы №АСК-01/25 өтінімінің негізінде,Жаңақорған ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Аудандағы барлық кенттер, ауылдар мен елді мекендердегі Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттардың сайлау алды үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін белгіленген орындар тізімі


1-қосымшаға сәйкес бекітілсін.

2. Аудандағы барлық кенттер, ауылдар мен елді мекендердегі Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттардың сайлаушылармен кездесу үшін белгіленген үй-жайлардың тізімі


2- қосымшаға сәйкес бекітілсін.

3. Барлық кент және ауылдық округтердің әкімдері заңға сәйкес, барлық кандидаттарға үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін бірдей құқықтар мен тиісті шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.

4.Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Б.Ибрагимовке тапсырылсын.

5. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап күшіне енеді және 2011 жылдың 3 наурызынан туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.




Жаңақорған ауданының

әкімі Б.Еламанов
Каталог: upload -> files
files -> Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы
files -> Жаңақорған ауданы мәдениет саласының 2012 жылы атқарған жұмыстары жайлы мәлімет
files -> І. Балалардың құқықтарын қорғау саласындағы нормативтік құжаттар
files -> 2013 жылғы облыстық бюджеттің атқарылуы туралы есеп
files -> «Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасы»
files -> 2013 жылдың 1 қыркүйегіне Жаңақорған ауданы бойынша кәсіпкерлік және өнеркәсіп саласында атқарылған жұмыстар туралы мәлімет
files -> Павлодар облысы ақсу қаласын дамытудың 2015-2017 жылдарға арналған кешенді жоспары


Достарыңызбен бөлісу:


©www.dereksiz.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет