№ қосымша Инновациялық идеялар байқауының ережелері Жалпы ережелер «Инновациялық идеялар байқауы»



Дата04.07.2016
өлшемі44 Kb.
#178554
әл – Фараби атындағы ҚазҰУ

Ректорының «__»_______2009 ж. №___ бұйрығына

( № қосымша)
Инновациялық идеялар байқауының ережелері


  1. Жалпы ережелер

1.1. «Инновациялық идеялар байқауы» (бұдан әрі— Байқау) «әл-Фараби атындағы ҚазҰУ инновациялық білім беру кеңістігін қалыптастыру бағдарламасын» іске асыру аясында өткізіліп отыр.

1.2. Байқауға студенттер мен магистранттардың өз бетінше орындаған ғылыми-зерттеу және инновациялық проектілері қатыстырылады. Әдеби шолулар, ғылыми-әдістемелік сипаттағы жұмыстар, ғылыми мақала түрінде жазылған жұмыстар қабылданбайды.

1.3. Студенттер мен магистранттардың ғылыми жұмыстары және Байқауға жіберілген қосымша материалдарқайтарылмайды.

1.4. Байқауға жұмыстар қазақ және орыс тілінде қабылданады.

1.5. Қатысушылардың авторлық құқықтары сәйкес заңдармен қорғалады.

1.6. Жұмыстарды қабылдау 2008 жылдың 25 қарашасынан 2009 жылдың 15 қаңтарына дейін жүргізіледі.


2. Байқаудың мақсаттары мен міндеттері

2.1. Байқаудың мақсаты — студенттердің зерттеу қабілеттерін ашу және іске асыру, олардың білім мәртебесін жоғарылату, студенттердің инновациялық ортасына бәсекелестік ғылыми орта қалыптастыру арқылы қатыстыру, осы тұрғыдан Қазақстанның және әл - Фараби атындағы ҚазҰУ интеллекттік потенциалын сақтау және орнын толтыру, ғылым және білімнің интеграциясының дамуын одан әрі дамуын қамтамасыз ету.

2.2. Байқау міндеттері:

- ғылым мен білімнің интеграциясының іске асу бағдарламасына болысу;

- Инновациялық идея байқауының шығармашылық үздік қатысушыларын анықтау және ынталандыру;

-студенттердің ғылыми дайындығы мен инновациялық қызметке қабілеттелігін бағалау;

- ҚазҰУ студенттерінің инновациялық идеяларын жасау және іске асыруға ынталандыру.
3. Қатысушылар категориясы

3.1. Байқауға қатыса алады:

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттері;

4. Байқауды өткізу және ғылыми проектілерді ұсыну тәртібі

4.1. Байқау жылына екі рет: 2009 жылдың 20 ақпанынан 2009жылдың 28 ақпанына дейін және 2009 жылдың 10 мамырынан 20 мамырына дейін өтеді.

4.2. Проектті авторы баяндама түрінде Байқау барысында таныстырады ( регламент – 4 минут).

4.3. «Инновациялық идея байқауын» өткізу үшін ҚазҰУ мамандары мен білікті ғалымдар қатарынан эксперттік комиссия мен Байқаудың қазылар алқасы құрылады және олар әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ғылыми жұмыстар бойынша проректоры бекітіледі.

4.4. Эксперттік комиссия міндеті:

- қатысушылардың Байқауға ұсынған жұмыстарын сәйкес бағалау критерийлері бойынша сараптау;

4.5. Студенттер мен магистранттардың Байқауға ұсынған инновациялық идеяларын сараптау кезіндегі негізгі бағалау критерийлері: көкейтестілігі және ойға қонымдылығы, пайымдаудың жүйелілігі және дәйектілігі, ұсынылған идеяның ғылыми/аналитикалық негіздемесінің элементтерін бағалау, тақырыпты ашудағышығармашылық, қорытындылардың дәйектілігі, идеяның ғылыми жаңалығы және қорғалғандығы; идеяның өңделгендігінің сапасы, жаңа ерекше әдістерді қолдану, қойылған мақсаттар мен міндеттерге жету жолының инновациялық сипаты; практикалық бағдары және перспективалары.

4.6. Байқауға қатысу өтінімі және жұмыстардың бірінші үлгілері беріледі. Қосымша иллюстрациялар А4 форматына орналастырылуы керек. Жұмыстар электронды (CD диск) және қағаз түрінде қабылданады.

4.7. Жұмыстар әр факультеттің қазылар алқасының төрағасына тапсырылады.

4.8. Жұмыстарды ұсыну мерзімінен кешіккен және талаптардың бұзылуы анықталған жағдайда ғылыми жұмыстар Байқауға жіберілмейді.


5. Байқауға қатысатын жұмыстарға қойылатын негізгі талаптар

5.1. Идеяның жаңалығы;

5.2. Ғылыми маңыздылығы — ғылының дамуына септігін тигізетін зеоттеу нәтижелерін алу көзделеді;

5.3. Практикалық маңызы — идеяның зерттеу нәтижелерін өндірістік процестерде қолдану перспективалары болу керек;

5.4. Жоғары инвестициялық қызықтырғыштығы жәнеұсынылатын нәтижелердің коммерциялылығы.
6. Байқау қорытындысын шығару және марапаттау тәртібі

6.1. «Инновациялық идея байқауының» қорытындылары бойынша эксперттік комисиия және қазылар алқасы Байқауға қатысушылар қатарынан үздік 20 жұмысты анықтайды. Байқаудың қазылар алқасы мен сараптаушы комиссияның жеңімпаздарды анықтау бойынша шешімі барлық қазылар алқасының мүшелерінің қолы қойылған хаттама түрінде безендіріледі. Байқаудың қазылар алқасы мен сараптаушылар комиссиясының хаттамалары негізінде инновациялық идеялар байқауының нәтижелері ректордың бұйрығымен бекітіледі. Хаттамамен бірге байқаудың қазылар алқасы мен сараптаушы комиссия:



  • Стипендиямен және Байқау дипломымен марапатталуға ұсынылған студенттер мне магистранттардың жұмыстарына рецензия береді;

  • Көрсетілген рецензиялар байқаудың қазылар алқасы мен сараптаушы комиссияның хаттамаларына қосылады.

6.2. Авторлар әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың бюджеттен тыс ақша қаржысынан жиырма бес мың (25000) теңге көлеміндегі стипендиямен және Байқау дипломымен марапатталады.

6.3. Байқау қорытындылары мен жеңімпаздарды жариялау құжаттарды қабылдаудың соңғы күнінен бастап 10 күн ішінде жүзеге асырылады.



6.4. Байқау нәтижелері туралы мәлімет ҚазҰУ ресми сайтында беріледі.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет