1. 1 Қазақтандағы шағын және орта бизнестің ерекшеліктері мен түсініктеріне шолу



Дата01.07.2016
өлшемі358.54 Kb.
#169949
1.1 Қазақтандағы шағын және орта бизнестің ерекшеліктері мен түсініктеріне шолу

Мемлекет дағдарыстың барлық шараларын жасауда. Дағдарысқа қарсы бағдарламаның бес бағытына байланысты – қаржы секторы, құрылыс саласы, шағын және орта бизнес, агроөнеркәсіп кешені, инновациялық-индустриялық даму – Президент Үкіметке тапсырыстарында келесі мәселелерге ерекше көңіл аударды: отандық өнім өндірушілерді қолдау қажеттігіне, оларға мемлекеттік сатып алуда басымдық беруіне; Қазақстанда жұмыс істейтін шетелдік кәсіпорындардағы жұмыссыздықтың өсуіне және жұмыс орындарының қысқаруын болдырмауына; ауыл шаруашылық шикізаттарын өндірушілердің қаржы айналымына мұқтаждығын жедел қамтамасыз етуіне; үлестік құрылыс проблемасын шешу жөніндегі жұмысты күшейтуіне; шағын және орта кәсіпкерлікке тексеріс жасауға жарияланған мораторийға қарамастан, ағымдағы жағдайда бюджеттің кіріс бөлігін орындауына; Республикалық және жергілікті бюджеттердің мейлінше үнемделуіне.


Осынау сындарлы кезеңде әлемде санаулы мемлекеттердің ғана өз экономикасын қолдауға қаржылық мүмкіндігі бар. Солардың бірі – біздің мемлекетіміз екені бәріміз үшін үлкен мәртебе. Нақты айтар болсақ, сан-салалы ел экономикасына дағдарысқа қарсы мақсаттарда қосымша 2 триллион 700 миллиард теңгеден астам қаржы жұмсалуда. Тұрғын үй құрылысына және үлескерлер проблемаларын шешуге қолдау білдіруге 545 миллиард теңге жұмсалады, шағын және орта бизнес субъектілеріне 275 миллиард теңге көлемінде қолдау жасалады. Агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға 280 миллиард теңге, инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға 120 миллиард теңге бөлінді. Ел экономикасын әртараптандыруға 600 миллиард теңге бөлінді. 

Одақтық Республикалардың тәжірибесінде экономиканы құрамдас элементтерге шартты бөлудің дәстүрлі жүйесі кеңінен қолданылған, ол халық шаруашылығының даму бағытын және заңдылығын  жан-жақты танып білуге мүмкіндік береді, сондай-ақ жаңадан қалыптасқан мәселелерді өз кезеңінде байқауға және олардың жедел шешілуі бойынша шаралар қолдануға мүмкіндік береді.

Қазіргі уақытта нарықтық қатынастар жүйесінде кәсіпорындар келесідей айрықша ерекшеліктерімен сипатталады, мөлшері, жұмыс істеушілер саны, қай салаға жататындығы, негізгі және айналым қорларының құны, шығарылатын өнім көлемі.                    

Сонымен кәсіпорындардың үш түрін бөліп көрсетуге болады: ірі, орта және шағын. Олардың кешені бірін-бірі толықтыра отырып, экономиканың тұтас ағзасын құрайды.

Ірі кәсіпорындар – нарыққа негізгі өнім шығарушылар болып табылады. Ірі кәсіпорындар – экономика «қаңқасы», экономикалық тұрақтылықтың базисі.

Шағын және орта кәсіпорындар, үнемі жаңарып тұратын номенклатурасымен және ассартиментімен, аз ғана партияда өнім дайындау, шектеулі тұтынушылар жағдайында елеусіз материалдар мен шикізатты қолдану қажет болған жағдайда пайда болады. Сонымен, шағын кәсіпорындар нарықтың салыстырмалы толған кезінде жекелеген тапсырыстарды есепке алып өнімді аяқтайды, яғни ұсақ – түйек өнімдер өндіріледі. Сонымен қатар, шағын кәсіпорындар қызметтің барлық саласында нолдік нәтиже алумен байланысты жоғары тәуекелге ие болып табылады. Бұл әрі инновациялық қызмет, әрі жаңа технологияны игеру. Өнімнің  жаңа түрін игеру. Шағын кәсіпорындардың капиталымен тәуекел, іріге қарағанда қоғамға аз шығындар алып келеді, сондықтан мемлекет шағын кәсіпорындарды құру және дамыту үшін арнайы жеңілдіктер тәртібін тағайындау керек.

Сондай-ақ шағын бизнес сферасына өздерінің тәуелсіз меншігі бар, шаруашылық еркіндікке ие және өз қызметі сферасында үстемдік етпейтін фирмалар жатады. Көптеген шетелдік зерттеулер шағын кәсіпорындарға 500 адамнан аспайтын жұмысшылар бар және сату көлемі 20 млн доллардан аспайтын фирмаларды жатқызады. Бірақ бұл көрсеткіштер шартты болып табылады.

Қазақстанда шағын және орта бизнеске бірнеше инвесторлармен құрылатын, географиялық шектелген зоналарда қызмет ететін және нарықтың шектеулі үлесіне ие, басқаруды құрушылар жүзеге асыратын, барлық негізгі стратегиялық шешімдерді өздері қабылдайтын кәсіпорындар жатады. Басқару сипаты икемділігімен, форьмалділіктің жоқтығымен шешімін қабылдау барысында, өндіріс саласындада, басқару саласындада жұмысшылардың өзара алмасуының жоғарылығымен ерекшеленеді.

Шағын және орта бизнестің артықшылықтары мен ерекшеліктері

  Көптеген адамдардың ойы бойынша, нарыққа тек ірі капиталы бар кәсіпорындар ғана қол жеткізулері мүмкін, ал шағын және орта кәсіпорындар үшін орын жоқ. Басты аргумент ретінде шағын бизнестің қуатты ірі компаниялармен бәсекелестікке түсе алмайтындығы. Ал,  егер дұрыс тұрғыдан қарастырсақ, шағын бизнестің тиімді бәсекелес болуының бірнеше себебін көрсетуге болады. Біріншіден, шағын кәсіпорындыр үшін 0,5 – 1 жыл ішінде өздерінің стратегияларын өзгерту қиындық тудырмаиды, ал ірі кәсіпорындар үшін 5 – 6 жыл қажет. Екіншіден көпшілігі қателесіп инновация ірі кәсіпорындардан жүреді деп ойлайды, ал статистика болса, Екінші Дүние Жүзілік соғыстан кейін 95 % инновациялық технология шағын және орта бизнес сфераларынан шыққанын көрсетіп отыр. Шағын кәсіпорындардың ірі кәсіпорындарға қарағанда капиталының күйіп кету тәуекелі төменірек, және де әртүрлі инновациялық технологияларды енгізуден қорықпайды.

Шағын және орта бизнестің жаңа жұмыс орындарын қамтамасыз етуі сияқты артықшылығын көрсету қажет.  Әсіресе,  бұл елде кризис және жұмыссыздық кезеңі болған кезде артықшылыққа ие, өйткені ірі компаниялар қызметі экономикалық кризиске байланысты болғандықтан, жаңа жұмыс орындарын ұсына алмайды. Американ-Экспресс ( 1987 ) мәліметтері бойынша шағын өнеркәсіптерде қалыптасатын жұмыс орындарының өсу қарқыны тұрып қалған ірі компанияларға қарағанда 3 есе көп.

Шағын бизнестің артықшылықтары көрініп отыр. Бұл, шағын және орта бизенстің динамикалығы, икемділігі, тұтынушылар қажеттілігінің өзгеруіне тез жауап беру және тауарлар ассортиментін ауыстыру, технология саласына жаңалықтар енгізу мүмкіндігі. Персоналды басқару сферасында бұл еңбек ұжымында бейресмилік, бюрократияның жоқтығы, жұмысшылардың басқаруға және табысқа тікелей қатыс алу мүмкіндігі.

Шағын және орта бизнестің ерекшелігі қызмет ету сферасы болып табылады. Ірі кәсіпорындар жаппай өндіріс жағдайында, тұрақты тауар номенклатурасымен және көтерме сатып алушылармен жұмыс істейді. Шағындар ұсақ партиялармен шығарады, жеке тұтынушылардың қажеттіліктерін қанағаттандырады, нарықтық арнайы сегментіндегі және екінші реттік шикізат өндірісінің қалдықтарын пайдаланады. Мысалы, автомобиль өндірісі – ірі кәсіпорын қызметіне жатса, автомобильді жөндеу – шағын және орта бизнес қызметі.

Шағын және орта бизнестің келесі бір тиімді ерекшелігі коллективті еңбекке ұмтылуы, жұмыс орнын сақтап қалуға тырысу және пайдаға қатысуға негізделген жұмыстың нәтижесінің максималды болуына мүдделілік болып табылады. Ірі компаниялар кәсіби менеджерлерді жалдайды, алолар акционерлердің барлық талпыныстарының ерекшеліктерін білмейді, нәтижесінде басқару проблемаларына алып келеді, ал шағын кәсіпорындарда құрушының өзі менеджер, бір тұлға, сондықтан бұл жерде ешқандай түсініспеушілік мәселесі туындамайды6



1.2 ҚР экономикасындағы шағын және орта бизнестің рөлі

  Әлемдік тәжірибе шағын және орта бизнестің экономикадағы рөлі бағалауға келмейтіндей жоғары екенін көрсетіп отыр. Ал мемлекет өмірінің барлық салаларына әсерін тигізеді: жұмысшылар саны бойынша, өндірілетін тауарларының көлемі бойынша, орындайтын жұмыстары мен көрсететін қызметтері бойынша жекелеген елдерде шағын және орта бизнес субъектілері маңызды рөль ойнайды. Экономика үшін шағын кәсіпорындардың толықтай қызметі оның икемділігінартырытын маңызды сұрақтар болып табылады. Тіпті, шағын және орта бизнестіңдаму деңгейіне байланысты, мамандар елдердің өзгермелі экономикалық жағдайға бейімделу мүмкіндіктерін жталдайды. Қазақстан үшін шағын бизнестің қалыптасуы жоғары дамыған қоғамға, жоғары дамыған экономикаға өтетің көпір болуы қажет. Қиыншылықтар мен сәтсіздіктерге қарамастан шағын және орта бизнес даму үстінде, экономиклық, әлеуметтік, ғылыми-технологиялық мәселелерді щеще отырып қарқын алуда.

Шағын және орта бизнесті дамыту келесі мәселелерді шешеді:

-қоғамның және халықтың қажеттіліктерін жақсы қанағаттандыруға мүмкіндік береді, өркениетті бәсекелестік нарықтық қатынастардың қалыптасуы;

-ассортименттің кеңеюі мен тауарлар мен қызметтердің сапасының артуы. Тұтынушыларды

қанағаттандыруға ұмтылу арқылы, шағын бизнес қызмет көрсету мен өнім сапасының артуына мүмкіндік туғызады;

-тауарлар мен қызметтердің нақты бір тұтынушыларға жақындауы;

-экономиканың құрылымдық өзгеруіне әсер ету. Шағын кәсіпкерлік экономикаға өтімділік, икемділік береді;

-өндірісті дамытуға халықтың өз ақшаларын тартуы. Шағын кәсіпорын иегерлері өз істеріне өз ақшаларын үлкен қызығушылықпен салады;

-қосымша жұмыс орындарының ашылуы, жұмыссыздық деңгейінің қысқаруы;

-адамдардың шығармашылық мүмкіндіктерін тиімді пайдалануға, дарындарының ашылуына, әр түрлі қолөнердің дамуына ықпал етеді;

-еңбек қызметіне ірі кәсіпорындар белгілі – бір шектеу қоятын халықтың жекелеген топтарын (үй жұмысымен айналысушылар, зейнеткерлер, мүгедектер, оқып жатқан адамдар) тарту;

-меншік иелері, кәсіпкерлер, басқарушылардың әлеуметтік қатарларының қалыптасуы;

-ғылыми-техникалық дамуды жандандыру;

-жергілікті шикізат қайнары ірі кәсіпорындар қалдықтары қолдану және игеру;

- ірі кәсіпорындарға комплетелетін бұйымдарды дайындау және жеткізу жолымен, көмекші және қызмет көрсету өндірісін құру арқылы әсер ету;

- арендаға алу немесе сатып алу арқылы төмен рентабельді және тоқыраудағы кәсіпорындардан мемлекетті босату;

осы барлық аталған және басқа да шағын және орта  бизнестің экономикалық, әлеуметтік функцилары, оның дамуы ең маңыздылар қатарына жатқызып, экономиканың ажырамас бөлігі ретінде қалыптастырады. Бірақ шағын және орта бизнестің ролін таңдай отырып, оның дамуына кедергі болатын себептерді айтпауға болмайды.

Біріншіден, Қазақстан Республикасындағы күрделі экономикалық жағдай (инфляция, өндірістің құлдырауы, шаруашылық байланыстардың үзілуі, төлемеушілік, несиені пайдаланудағы жоғары пайыз, кәсіпкерлердің құқықтық қорғалуы).

Екіншіден, кәсіптіліктің төменгі деңгейі, кәсіпкерлердің өз өздерін теңгеруі.

Үшіншіден, халықтың кәсіпкерлерге толық сенімнің болмауы.

Төртіншіден, шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдаудың әлсіздігі, тіпті, керісінше мемлекеттік органдардың жиі араласуы.

Бесіншіден, қазіргі заманға сай ақпаратардың жеткізілуі, құрал – жабдық, технологияның болмауы, күрделі есеп беру жүйесінің және арендалық төлем құнының жоғары болуы.

Сонымен кәсіпкерліктің одан ары кеңеюі мемлекеттік маңызды мәселелерінің бірі болып табылады, кәсіпкерлер мәселелерінің шешу үшін әкімшілік – ұйымдық, технологиялық, техникалық ресурстар қолданылуы қажет.

Қазіргі уақытта қалыптасқан экономикалық жағдайда мемлекеттік тікелей немес жанама қолдау көрсететін елеулі ресурстары жоқ. Сондықтан, барлық күш жағымды сыртқы ортаны қалыптастыруға бағытталуы керек. Бұл бағытты жүзеге асыру үшін келесідей шаралар қажет: заңдық және нормативтік базалар ары қарай қалыптасуы мен дамуы, өндірісті қолдайтын инфрақұрылымының барлық қажетті элементтерін қалыптастыруы, бюджеттен тыс қаражаттар есебінен кәсіпкерлікті қаржылық қолдлау аясын кеңйтуге әсер ету, тиімді инвестициялық климатты қалыптастыру, мемлекеттік бақылауды тәртіпке келтіру.

Соңғы жылдары шағын және орта бизнесті дамыту мен кәсіпкерлік қызметті қолдау бойынша бірқатар шаралар әзірлеген болатын. Ол өзінің нәтижесін берді, статистиктердің айтуы бойынша, тіркелген кәсіпкерлердің санының артуы, жұмыспен қамтылған халықтың үлесіне де әсерін тигізген. Шағын кәсіпорындардың өнім өндірудің жалпы көлеміндегі үлес салмағы артып келеді. Шағын және орта бизнестің ролінің артуын кәсіпкерлер форумының тұрақты жүргізілуі шағын кәсіпкерлікті дамыту қорының құрылу, барлық екінші деңгейлі банктердің шағын кәсіпкерлік субъектілеріне несие берудің минимал мөлшерін тағайындауы (банктің несие қоржынының негізгі қарыздан 10 % - тен аз болмау), орта және шағын кәсіпкерлікті қолдау Агегнттігінің құрылуы, шағын кәсіпкерлікті қолдау бойынша әкімдердің қызметін қатаң қадағалау, шағын кәсіпкерлік субъектілерінің жұмыстарына жағдай жасау және жеңілдіктер беру.Сонымен, көріп отырғанымыздай, ойланып ұйымдастырылған шағын және орта бизнес саясаты стагнациялық экономикадан шығудың балама жолы бола алады, өйткені ол екі макроэкономикалық проблемелармен байланыстырады – жұмыспен қамту және өндірістің жандануы. Шағын кәсіпорындар экономикаға барлық көрсеткіштер бойынша өзгерістер алып келуі мүмкін. Өзін жұмыспен қамтуды ынталандыру және шағын кәсіпорындар ашу ең аз шығынмен жұмыссыздық мәселесінен шығатын жол ретінде қарастырылады. Соңғы он жылдықты дамыған елдердегі экономиканың даму тенденциясы шағын бизнес саласына өтумен байланысты. Осы салаға бәсекелестікті ынталандыру, кәсіпкерліктің жандануы, қоғам ресурстарын толығырақ қолдану және инновациялық процесті күшейту сияқты негізгі үміт арттырған. Батыс елдерінде шағын бизнес тиімді дамуды қамтамасыз ету және мемлекеттік экономикалық саясатты қосу саласына айналған. Мемлекеттік протекционистік шағын бизнестің нақтылануы қажет еткен, адрестілігін, жеңілдіктер тек шағын кәсіпорындарға берілетін. Шағын кәсіпорындарды ажырату барысында сандық сипаты бойынша, әр елдегі экономикалық жағдайға байланысты әр түрлі пікірлер қалыптасқан. Жалпы сипаттамасы ұйымдастырылуының қарапайымдылығы, жаңа өнім шығаруға тез бейімделе алуы, нарыққа қызмет ету, яғни нақты тапсырыстармен сатуға, сондай – ақ шағын кәсіпорындарды басқару және меншікті біріктіру дәрежесі болып табылады.

Кез келген процесс сияқты шағын және орта бизнестің дамуы мен қолдауын басқару қажет. Кәсіпкерлік басқару объектісі ретінде өзінің ерекшеліктері бар. Егер бұл сұраққа басқару қызметі жағынан келетін болсақ, онда басқарудың келесі қызметтерін көрсетуге болады:

-                       жоспарлау (стратегиялық менеджмент, маркетинг стратегиясын әзірлеу, бизнес жоспарды әзірлеу);

-                       ұйымдастыру (барлық деңгейде кәсіпкерлікті сәйкес басқару құрылымын құру);

-                       мотивация (кәсіпкерлік белсенділікті ынталандыратын механизмді қалыптастыру);

-                       бақылау (жоспарланған істерден ауытқуды анықтау және сәйкес түзетулер енгізу);

  Осы орайда ұсынғым келіп отырғаны мәні – шағын кәсіпкерліктің экономика жағдайын жақсарту үшін ірі ағымы бар екенін көрсететін, экономиканы дамыту үшін кәсіпкерлік модельді ұстану. Осы теорияға сәйкес мемлекет кәсіпкерлік белсенділікті тиімді, әрі икемді ынталандыру әдісін табуы қажет9. Сәйкес мемлекеттік саясат қоғамдағы кәсіпкерлік климатты өзгерте алады ма деген? Бұл сұраққа жауап оң болады. Тек бұл үшін, мемлекет жаңа кәсіпорындар ашуды ынталандыратын, кәсіпкерлікті қолдау саясатын жүргізуі тиіс. Және де бұл көп қырлы қолдау кәсіпорынның даму жағдайы мен кезеңіне байланысты әр түрлі сипатта болуы қажет. Себебі, қай құрылған және тоқырау алдында тұрған кәсіпорындар қолдаудың әр түрлі тәсілдерін қажет етеді.

 

1.3. Нарықтық экономикасы бар елдердің шағын және орта бизнесті дамытудағы тәжірибесі
Көптеген шетел мемлекттерінің тәжірибесі көрсетіп отырғандай, шағын бизнеске байланысты мемлекеттік саясат маңызды өз бетінше жүйелік бағыт болып табылады. Ұйымдық құрылымдарды және шағын кәсіпкерлікті қолдау механизмдерін басқа мемлекеттерде зерттеу қандай да болмасын ұлттық ерекшеліктерге қарамастан барлық сипаттамаларға анықтауға мүмкіндік береді.

  Үлестерден көріп отырғанымыздай шағын бизнесті дамыту үшін Қазақстан шағын бизнесті басқару процесін жетілдіруге көп күш жұмсау қажет. Шетелдік мамандардың айтуы бойынша қазіргі бизнес ішкі және сыртқы факторлардың әсеріне тәуелді.

Бизнестің ішкі және сыртқы ортасын сараптаудан екі факторды есепке алған жөн: ішкі және сыртқы ықпалдардың көлемі және ортаның өзгеру деңгейі. Кәсіпкерлікке барлық сыртқы ықпалдарды өз кезегінде макроэкономикалық және салалық деп бөлуге болады.

Ішкі немесе бақыланатын факторларға кәсіпорын қызметіне байланысты факторларды жатқызады. Енді әртүрлі тәжірибесіне келейік.

 

АҚШ – ғы шағын бизнес

Әдетте америкалық фирмалардың көлемі жұмысшылардың санымен бағаланады: өте ұсақ фирмалар – 20 адамға дейін жұмысшылары бар, шағын 20-дан 99 адамға дейін, орташа 100-ден 499-ға дейін, ірі 500 адамнан көп (2 сурет). Көрсеткіштерді салалар бойынша құрады: бөлшек саудада 100 жұмысшысы бар, өңдеу саласында 500-ге дейін жұмысшылары бар фирмалар шағынға жатады. Шағын кәсіпорындардың жаппай ликвидациясы кәсіпкерлерге кері әсерін тигізбейді. Жұмысшы күшінің және капиталдың территориялық және саналық ағымы жақсарады, тұтынушы сұранысының және жоғары өндіріс шағындарының өзгеруіне өндіріс қимылының жеделдігі жоғарылайды. Бір шағын кәсіпорындар жабылса, екінші біреулері ашылады.

Қазіргі уақытта АҚШ халқының 53 % шағын және орта бизнес саласында жұмыс істейді11. АҚШ тәжірибесі шағын бизнес ірі өндірістің өзгерістерге, жаңа міндеттемелерге бейімделуін және икемділігін көтеретіндігін көрсетіп отыр.

Енді АҚШ-та шағын кәсіпорындарға мемлекет тарапынан көмекке келейік. Шағын кәсіпорындардың қызметі арнайы ұйымының – 1953ж АҚШ Конгресі құрған шағын бизнес әкімшілігінің құзырына кіреді. Сол жеке сектордың құқықтық негізгі болып табылатын шағын бизнес туралы Заң қабылданды. 1953ж Эйзенхаур президент болған кезде елде жұмыссыздық және инфляция болатын. Экономиканы жандандыру үшін – шағын бизнес әкімшілігін (ШБӘ) құрды. Ол өз қызметтерін дұрыс атқарды. Қазіргі уақытта АҚШ-та шағын бизнесте 22 млн кәсіпорын бар, онда елдегі барлық жұмысбастылардың 54 %  қызмет етеді. Шағын бизнес кәсіпорындарының өндіріс және сату көлемі жалпы мемлекеттегі сату көлемінің 52 % құрайды, және 99,7 % кәсіпкерлер – бұл шағын бизнес басшылары. Шағын бизнесәкімшілігі - шағын кәсіпорындарға қаржылық және кеңестік көмек көрсетеді. Басты міндеті – шағын кәсіпкерлікті ұйымдастыру, қолдау және өмір сүруін қамтамасыз ету. ШБӘ өз қызметін басқа агенттіктер мен комитеттер, соның ішінде қаржы, білім, кәсіби ассоциациялар мен бірігіп отырып жүзеге асырады. Мемлекет өнімнің ірі тұтынушыларының бірі болғандықтан шағын бизнесәкімшілігі шағын кәсіпорындарға мемлекетпен мәміле орнатуға көмектеседі. Әйел, мүгедек, ардагер – кәсіпкерлерге ерекше назар аударады. шағын бизнесәкімшілігі 5 мың адам жұмыс істейді, оның 4 мыңы Вашингтоннан тыс жерлерде. Ұйымның 10 аймақтық орталығы және 66 территориялық бөлімшелері бар. Олардың арасындағы байлаиыс аудан – аймақ – орталық тізбегі бойынша жүзеге асады. АҚШ-ғы шағын бизнес қоғамдағы ресми белсенділікті сақтау үшін маңызды болып табылады.

Америкалық тәжірибе көрсетіп отырғанындай кәсіпкерлік еркіндігін шектейтін кез келген үкіметтік немесе басқа да шектеулер ресми белсенділікті төмендетеді. Сондықтан шағын бизнестің барлық мүдделері АҚШ конгресінің бақылауында. Сонда да ерекше ролді шағын бизнесәкімшілігі шеңберіндегі жобалар ойнайды. Мысалы, шағын бизнеспен айналысқысы келетіндер үшін арнайы қызмет қарастырылған, олар тегін кеңестер береді, конференциялар ұйымдастырады, кездесу және семинарлар өткізеді. Оның үстіне, шағынбизнес бизнес - инкубатордың     бастауымен ақпарат беру, кәсіпкерлерді оқыту және оларға әр түрлі сұрақтар бойынша кеңес берумен айналысатын орталықтар ұйымдастырылған.

Бұдан басқа, 1976 ж. арнайы шағын бизнес мүдделер қорғайтын Адвокаттық кеңсе құрылды, ол тікелей Президент пен Сенатқа бағынады. Адвокаттық кеңсе негізгі міндеттері:

-                       мемлекеттік заңдардың, жобалардың, ережелер мен салықтардың шағын бизнестің дамуына әсерін зерттеу.

-                       Шағын бизнеске әсер ететін факторларға экономикалық және статистикалық зерттеулер жүргізу, шағын бизнес потенциалын бағалау, шағын бизнес мәселелері мен қажеттіліктерін зерттеу т.б.

Қазақстандық тәжірибеде шағын бизнеске көмектесудің «инкубаторлық» жобасын қолданған жөн. «Инкубатор» термині алғаш кәсіпкерлікпен айналысушыларға көмек көрсету мақсатында университет, ұйымдар, кампаниялар, федералдық үкімет органдары жандарына ашылған ұйымдарға қолданылады. «Инкубатордың» басты міндеті – шағын, әсіресе иннновациялық бизнесті алғашқы қолдау. Инкубаторлар жанынан құрылған кәсіпорындар тәжірибе жинайды, одан ары даму үшін көмек алады, нарықтағы өз орындарын бекітеді. Дамудың белгілі бір деңгейіне жеткеннен соң, әдетте үш жылдан соң, фирмалар бизнес – инкубаторлардан шығып өз бетінше қызмет етеді. Ал босаған орындарға бизнесті нөлден бастап жатқан жаңа фирмалар келеді.

Әдетте бизнес - инкубаторлар бірнеше жаңа бастаушы орналасқан арнайы ғимараттарда орналасқан. Олар ғимарттар мен құрал – жабдықтарды бірігіп қолданып ғана қоймайды, сонымен бірге бизнес-инкубатор көрсететін барлық қызметтерге, бизнес кеңестерге қол жеткізе алады. Кейбір қызмет түрі, аренда құнына қосылған, көрсетілетін қызметтердің басқа түрлерінің бағасы төменірек.

Бизнес – инкубатордың негізгі ресурстарына келесілер жатады:

а) бизнес- инкубаторлар персоналы, соның ішінде кеңес берушілер;

б) құрал – жабдықтар, соның ішінде ұйымдастыру техникалары (көшірме машиналары, факс, компьютерлер т.б.);

в) бір жылға жалданатын ғимарттар мен жиһаздар;

Бизнес – инкубатордың басындағы тұлға – директор немесе атқарушы директор.

Америка Құрама Штаттарындағы бизнес – инкубаторлардың 90% жуығы – бұл коммерциялық емес ұйымдар, олардың басты мақсаттары жаңа кәсіпорындар құру және дамыту. Қазақстан экономикалық дамуының қазіргі кезеңінде бизнес – инкубаторлардың құрылуын әлі ертерек дейді. Өйткені бизнес – инкубаторлар коммерциялық ұйымдар ретінде мемлекеттік және мемлекеттік емес демеушілер есебінен қаржыландырылады. Біздер үшін ең қиын қаржы көздерін табу. Соған қарамастан, АҚШ тәжірибесі көрсетіп отырғандай, бизнес – инкубаторлардың клиенті – 90 % жуығы жоғары эффективті кәсіпорындар болып табылады. Бұл факт Қазақстанда бизнес – инкубаторларды құруда маңызды болып табылады. Инкубаторлар мақсаты және қаржыландыру көздеріне қарай фирмалық, мемлекеттік, университеттік және жеке деп бөлінеді. Қазір бүкіл әлемде бизнес бизнес – инкубаторлар шағын кәсіпкерлікті қолдаудың тартымды әдісі болды.



Ұлыбританиядағы шағын бизнес

  Ұлыбритания тәжірибес көрсетіп отырғандай, шағын бизнес, өндіріс көлемін ұлғайтуда, тауарлар мен қызметтер ассортиментін кеңейтуде, өнім сапасын көтеруде маңызды рол ойнайды. Шағын бизнес адамдарға өзінің творчествалық мүкіндіктерін көрсетуге мүмкіндік береді. Ұлыбританияда шағын кәіспкерліктің дамуына консервативті үкімет саясаты – қаржылық жеңілдіктер, кеңес беру қызметтері мен бизнес техникасын оқытатын курстардың болуы ықпал етті.

Ұлыбританияда шағын кәсіпкерліктің дамуының үш үлгісі бар: қызмет масштабын кеңінен статус – квосын сақтай отырып консервациялау; ресми белсенділікті ақырын кеңейту; шағын кәсіпорындарды орташаға, сосын ірі компанияларға өзгерту. Көптеген зерттеулер көрсетіп отырғандай, шағын кәсіпорындар иелерін біраз бөлігі одан әрі өсуге тырыспайды. Олардың ең басты мақсаты – тұрақтылықты қамтамасыз ету.

Үкімет шағын бизнес саласына жалпы кәсіпкерлік қызметтің әлеуметтік – экономикалық шарттарын қамтамасыз ету арқылы ықпал етеді (салық салу, жекешелендіру, еңбек заңдары саласындағы шаралар), сонымен бірге әр түрлі экономикалық, ұйымдық, құқықтық нормалар мен әдістерді қолданды. 1991 ж. Ұлыбританияда ұсақ кәсіпорындарға оларды басқару мәселелері бойынша көмек беруге мамандандырылған фирмалардың қызметінен зерттеу жүргізілді. Шағын кәсіпорындардағы мәселелермен кеңес берушілер танысып, кеңес берумен ғана шектеліп қоймайды, сонымен бірге өз ұсыныстарының фирманың жүзеге асуына ат салысады. Бұл көмектің болуы және орта және шағын бизнестің даму стратегиясының болуы бұл саланың Ұлыбританияда гүлденуіне әкеледі.

 

2. Тарау. ҚР – дағы шағын  және  орта  бизнестің

даму  тенденциялары.

2.1. ҚР – дағы  шағын  және  орта  бизнестің  жағдайы.

Бұл  сұрақта Қазақстандық  кіші  және  орта  кәсіпкерліктің  қазіргі  кезедегі  мен  соңғы  жылдардағы  жағдайы  қарастырылады.

Қазақстан Республикасы Статистика агенттігігің деректері бойынша 2012 жылғы 1 маусымдағы, белсенді жұмыс істейтін субъектілерінің саны және өнім шығарылымы (салыстырмалы бағаларда) сияқты Қазақстандағы шағын және орта бизнестің жай-күйін сипаттайтын негізгі индикаторлардың өсуі байқалды.

Тіркелген ШОК субъектілерінің саны осы күнге 1 495 976 бірлікті құрады, оның ішінде 234 538 - шағын және орта кәсіпкерліктегі заңды тұлғалар (жалпы санның 15,7%), 1 064 519 жеке кәсіпкерлер (71,2%) және 196 919 - шаруа (фермер) қожалықтары (13,1%).

ШОК белсенді жұмыс істейтін субъектілерінің саны республикада өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 23,6% ұлғайғанын және 839 345 бірлікті құрағанын көрсетті, оның ішінде 62 207 - шағын кәсіпкерліктегі заңды тұлғалар (жалпы санның 7,4%) және 7 613 - орта кәсіпкерліктегі заңды тұлғалар (0,9%), 589 640 жеке кәсіпкерлер (70,3%) және 179 885 - шаруа (фермер) қожалықтары (21,4%) (1-кесте, 6-кесте).

Тіркелген ШОК субъектілерінің жалпы санындағы ШОК белсенді субъектілерінің үлесі – 56,1% құрайды (2-кесте).

ҚМ СК деректері бойынша белсенді жұмыс істейтін жеке кәсіпкерлердің ең көп саны Оңтүстік Қазақстанда – 63 076 (10,7%), Шығыс Қазақстан облысында – 55 122 (9,3%), Алматы облысында – 56 288 (9,5%), Алматы қаласында – 78 232 (13,3%) шоғырланған.

Белсенді жұмыс істейтін шаруа (фермер) қожалықтарының едәуір бөлігі Оңтүстік Қазақстанда – 66 640 (36,9%), Алматы облысында – 51 805 (28,2%), Жамбыл облысында – 15 496 (8,6%), Шығыс Қазақстан облысында – 15 217 (8,3%) белгіленген.

Республиканың барлық өңірлерінде ШОК белсенді субъектілер санының ұлғайғаны байқалды. Мұндай жағдай облыстар бөлінісінде былайша көрсетіледі: Атырау облысында олардың саны 21,0% өсті, Маңғыстау облысында – 20,0%, Қызылорда облысында – 28,9%, Батыс Қазақстан облысында – 20,0%, Ақтөбе облысында – 30,5%, Солтүстік Қазақстан облысында – 23,6%, Павлодар облысында – 24,6%, Жамбыл облысында – 25,5%, Қостанай облысында – 24,2%, Алматы облысында – 21,0%, Оңтүстік Қазақстан облысында – 19,4%, Шығыс Қазақстан облысында – 25,2%, Қарағанды облысында – 24,0%, Ақмола облысында – 21,9%. Астана және Алматы қалаларында – 32,9% және 25,5% өскені байқалды (1-кесте, 3-кесте).

Талданатын кезең бойынша ШОК жұмыспен қамтылғандардың саны өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 6,5% ұлғайды және 2650,6 мың адамды құрады, оның ішінде 739 034 - шағын кәсіпкерліктегі заңды тұлғалар (жалпы саннан 27,9%) және 652 825 орта кәсіпкерліктегі заңды тұлғалар (24,6%), 877 448 жеке кәсіпкерлер (33,1%) және 381 298 - шаруа (фермер) қожалықтары (14,4%) (1-кесте, 6-кесте).

Мұндай жағдай облыстар бойынша былайша көрсетіледі: ШОК жұмыспен қамтылғандар санының ұлғаюы Жамбыл облысында (2,2%), Ақмола облысында (4,5%), Алматы облысында (1,3%), Қарағанды облысында (5,8%), Қостанай облысында (9,3%), Қызылорда облысында (9,0%), Оңтүстік Қазақстан облысында (6,6%), Солтүстік Қазақстан облысында (9,9%), Шығыс Қазақстан облысында (9,6%), Маңғыстау облысында (3,1%), Павлодар облысында (5,3%), Атырау облысында (4,4%), Батыс Қазақстан облысында (4,9%) және Ақтөбе облысында (7,5%) және Астана қаласында (9,2%) және Алматы қаласында (9,5%) байқалды (1-кесте, 4-кесте).

ШОК субъектілерінің өнім шығарылымы (салыстырмалы бағаларда) өткен жылмен салыстырғанда 2012 жылғы қаңтар-мамырдағы жедел мәлімет бойынша 2,9% ұлғайды және 2270,2 млрд.теңгені құрады, оның ішінде 617,6 млрд. теңге (27,2%) - шағын кәсіпкерліктегі заңды тұлғалар және 13,08,3 млрд.теңге (57,6%) орта кәсіпкерліктегі заңды тұлғалар, 307,8 млрд.теңге (13,6%) жеке кәсіпкерлер және 36,3 млрд.теңге (1,6%) - шаруа (фермер) қожалықтары (1-кесте, 6-кесте).

Көрсетілген кезеңде ШОК субъектілерінің өнім шығарылымының (салыстырмалы бағаларда) ұлғаюы барлық облыстарда байқалды: Атырау облысында (2,0%), Алматы облысында (1,6%), Қарағанды облысы (1,9%), Қостанай облысында (1,7%), Ақтөбе облысында (2,9%), Шығыс Қазақстан облысында (3,5%), Қызылорда облысында (2,1%), Павлодар облысында (2,7%), Оңтүстік Қазақстан облысында (3,1%), Ақмола облысында (2,8%), Батыс Қазақстан облысында (2,0%), Солтүстік Қазақстан облысында (3,2%), Жамбыл облысында (1,9%), Маңғыстау облысында (1,1%) және Астана қаласында (3,5%) және Алматы қаласында (4,0%) (1-кесте, 5-кесте).

Салалық бөліністе 2012 жылғы қаңтар-мамыр ШОК субъектілері шығарған өнімдердің жалпы көлеміндегі үлесін бөлу келесі нұсқада көрсетіледі: өнеркәсіпке – 23,1%, көтерме және бөлшек саудаға, автокөліктер мен мотоцикл-дерді жөндеуге – 23,6%, құрылысқа – 17,0%, ауыл, орман және балық шаруашы-лығына – 4,9%, жылжымайтын мүлікпен операцияларға – 3,6% және басқа салаларға – 27,8% .

1-таблицада көрсетілген деректер 2006-2010 жылдары Қазақстан Республикасындағы жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ) 40%-ға өскенін (2006ж. – 10 214 млрд.теңге, 2011 ж.– 27 334 млрд.теңге.), сонымен бірге шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің өнім шығарылымы 4 есеге өскенін көрсетті.


1-таблица


 

2006ж

2007ж

2008ж

2009ж

2010ж

2011ж.

Жалпы ішкі өнім, млрд.тг

10 214

12 850

16 053

17 008

21 816

27 334

ШОК субъектілерінің өнім шығарылымы, млрд.тг

1 930

2 525

4 873

5 367

7 276

8 105

2012 жылғы 1 тоқсанда өндірілген Жалпы ішкі өнімнің көлемі (жедел деректер бойынша) 5 838 280,5 млн. теңгені құрап, 2011 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда (5 162 325,0 млн.теңге) нақты көлемінің өзгеру қарқыны 5,6% ұлғайды.



2-таблица





2012ж.

1 тоқсан


млн.теңге

Пайызбен

өткен жылдың тиісті кезеңіне

қорытындыға

нақты көлем индексі

дефлятор

2012ж.

1 тоқсаны



Жалпы ішкі өнім

5 976 722,5

105,6

106,7

100,0

Тауарлар өндіру

2 358 163,5

102,1

105,2

39,4




Ауыл, орман және балық

шаруашылығы



133 624,0

95,0

113,5

2,2




Өнеркәсіп

1 967 596,5

103,0

104,9

32,9




Кен өндіру өнеркәсібі және

карьерлерді қазу



1 143 503,3

99,6

104,5

19,2




Өңдеу өнеркәсібі

650 928,0

108,8

104,7

10,8




Электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптау

152 777,3

107,5

108,2

2,6




Сумен жабдықтау; кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және

таратылуын бақылау



20 387,9

92,6

106,9

0,3




Құрылыс

256 943,0

99,3

103,8

4,3




Қызметтер өндіру

3 177 112,8

107,8

109,5

53,2




Көтерме және бөлшек сауда;

автомобильдерді және



мотоциклдерді жөндеу

771 368,3

113,7

101,1

12,9




Көлік және қоймалау

413 005,0

107,0

105,9

6,8




Тұру және тамақтану бойынша қызметтер

63 853,0

107,6

104,8

1,0




Ақпарат және байланыс

140 205,5

113,9

89,3

2,4




Қаржы және сақтандыру қызметі

149 167,2

101,4

108,6

2,6




Жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар

551 021,9

101,8

118,5

9,3




Кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет

342 016,7

115,4

106,2

5,8




Әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызмет

125 496,9

107,4

100,4

2,1




Мемлекеттік басқару және қорғаныс; міндетті әлеуметтік қамтамасыз ету

138 276,2

101,6

137,6

2,3




Білім беру

251 556,6

104,0

125,3

4,2




Денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер

143 333,2

105,1

125,7

2,4




Өнер, ойын-сауық және демалыс

38 027,3

107,8

116,6

0,6




Өзге де қызметтер түрлерін ұсыну

45 679,1

113,3

104,2

0,7




Үй қызметшісін жалдайтын және өзі тұтыну үшін тауарлар мен қызметтер өндіретін үй шаруашылықтары қызметі

4 105,9

64,3

128,7

0,1




Жалпы қосылған құн*

5 535 276,3

105,3

107,6

92,6




Азық-түлікке және импортқа

салынатын салықтар



441 446,2

109,7

95,9

7,4



Тауарлар өндірісі мен қызмет көрсетулер өндірісінің 2012 жылғы қаңтар-наурызда ЖІӨ-гі үлестері тиісінше 39,9% және 55,0% құрады. ЖІӨ-нің өндірісіндегі негізгі үлесті өнеркәсіп – 33,5% құрайды.

2012 жылғы қаңтар-мамырдағы өнеркәсіп өнімінің нақты көлем индексі 2011 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 102,3% құрады. Өндірістің өсуі республиканың 10 өңірінде байқалды. Төмендеу Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Маңғыстау облыстарында және Астана қаласында тіркелді.

Өңірлер бойынша өнеркәсіп өнімі көлемдерінің өзгеруі


1-кесте

өткен жылғы тиісті кезеңге %-бен

Шығыс Қазақстан облысында 2012 жылғы қаңтар-мамырдағы өнеркәсіп өнімінің нақты көлем индексі 123,9%-ды құрады. Мыс және қорғасын-мырыш кендерін өндіру артты, тазартылған алтын және күміс, жеңіл автомобильдер, тиындар мен медальдар, құнбағыс майының шығарылымы артты.

Алматы қаласында құнбағыс майы, сыра, шай, шоколад, жылу энергиясы және өнеркәсіптік сипаттағы қызметтердің шығарылымы артты (114,3%).

Ақтөбе облысында мұнай, мыс кендері мен қойыртпалары, пропан және бутан өндірісі артты (107,9%).

Оңтүстік Қазақстан облысында нақты көлем индексі  107,4% құрады. Уран және оның қосылыстары, бензин, керосин, газойльдер, ұн, кардо және тарақпен түтілген мақта өндірісі өсті.

Солтүстік Қазақстан облысында ұн, тазартылмаған құнбағыс майы, сүт, макарон, локомотивтерге арналған индикаторлы панельдер, жылу энергия өндірісі артты (107,4%).

Алматы облысында шылым, алкогольсіз сусындар, сыра, сүт және электр энергиясы шығарылымы артты (105,7%).

Павлодар облысында бензин, газойльдер, оттық мазут, ферросиликохром және электр энергия өндірісі артты (103,4%).

Негізінен мұнай және ілеспе газ өндіру артуы есебінен Қызылорда облысында нақты көлем индексі 102,9%-ды құрады.

Жамбыл облысында цемент, газойльдер, фосфорлы тыңайтқыштар, электр энергия, ферросиликомарганец және оттық мазут шығарылымы артты (102,3%).

Нақты көлем индексі Қостанай облысында 101,6%-ды құрады. Теміркенді қойыртпалар, құрамында алтыны бар кендер өндіру, жеңіл автомобильдер, Доре қорытпасындағы алтын және ұн өндірісі артты.

Атырау облысында өнім көлемі (99,4%) мұнай өндіру мен пропан және бутан өндірісінің азайуынан төмендеді.

Ақмола облысында нақты көлем индексі 99%-ды құрады. Құрамында алтыны бар кендер өндіру мен тазартылмаған алтын, бетоннан жасалған құрылыс конструкциялары, пластмассадан жасалған құбырлар, түтіктер өндірісі төмендеді.

Батыс Қазақстан облысында газ конденсатын өндіру және газойльдер өндірісі төмендеу есебінен нақты көлем индексі 98,7%-ды құрады.

Маңғыстау облысында мұнай және газ конденсатын өндірудің төмендеуі есебінен нақты көлем индексі 96,7%-ды құрады.

Қарағанды облысында тазартылған мыс, легірленбеген болат, жазық илек, тазартылған күміс өндірісі төмендеуінен нақты көлем индексі 95,1%-ды құрады.

Локомотивтер, қара металдан жасалған конструкциялар, бетон өндірудің төмендеу есебінен Астана қаласында нақты көлем индексі 92,2%-ды құрады.

Шағын және орта кәсіпкерліктің (ШОК) дамуын сипаттайтын негізгі

индикаторлардың ұлғаюы (азаюы)



2-кесте

өткен жылғы тиісті кезеңге пайызбен


Тіркелген ШОК субъектілерінің жалпы санындағы

ШОК белсенді субъектілерінің үлесі



3-кесте

Шағын және орта кәсіпкерліктің (ШОК) дамуын сипаттайтын

негізгі индикаторлардың ұлғаюы (төмендеуі) (облыстар бөлінісінде)

4-кесте

өткен жылғы тиісті кезеңге пайызбен



5-кесте

өткен жылғы тиісті кезеңге пайызбен


6-кесте

өткен жылғы тиісті кезеңге пайызбен

2012 жылғы 1 маусымдағы ШОБ қызметіндегі құрылым көрсеткіштері


7-кесте

пайызбен

«БИЗНЕСТІҢ ЖОЛ КАРТАСЫ 2020» БАҒДАРЛАМАСЫН ІСКЕ АСЫРУ


«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) төрт бағыт бойынша жүзеге асырылады: жаңа бизнес-бастамаларды қолдау; кәсіпкерлік секторды сауықтыру; кәсіпкерлердің валюталық тәуекелдерін төмендету; кәсіпкерлік әлеуетті күшейту.

Жалпы, қазіргі уақытта «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының қолдау шараларымен шамамен 30 мың кәсіпкерлер қамтылды.


I Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін қаржылық қолдау шаралары
2012 жылғы 2 шілдедегі жағдайы бойынша Бағдарламаның барлық 3 бағыты бойынша субсидиялауға жалпы кредит құны 503,06 млрд. теңге болатын 1603 жоба мақұлданды.

- 1-ші бағыт бойынша жалпы кредит құны 248,38 млрд. теңге болатын 1277 кәсіпорын мақұлданды, 994 субсидиялау шартына қол қойылды;

- 2-ші бағыт бойынша жалпы кредит құны 167,497 млрд. теңге болатын 203 кәсіпорын мақұлданды, 162 субсидиялау шартына қол қойылды;

- 3-ші бағыт бойынша жалпы кредит құны 87,19 млрд. теңге болатын 123 кәсіпорын мақұлданды, 99 субсидиялау шартына қол қойылды;


Өңірлер бөлінісінде субсидиялау
8-кесте

Бағдарламаның үш бағыты шеңберінде субсидиялауда мақұлданған жобалардың ең көбін мына облыстарға жатқызуға болады: Павлодар, Қарағанды, Ақтөбе, облыстары және Алматы қаласы, оларға шамамен 37,9 % (608 жоба) жобалардың үлесі келеді.

Мақұлданған жобалардың ең азы Қызылорда (56 жоба) және Маңғыстау (48 жоба) облыстарына келеді.

Кредитттер бойынша кепілдік беру үшін жалпы құны 14,32 млрд. теңге болатын 56 өтінім мақұлданды. Жалпы кредит құны 10,71 млрд. теңге болатын 40 жоба бойынша кепілдік шартына (бұдан әрі – КШ) қол қойылды.

Қол қойылған КШ ең көбі Ақтөбе, Оңтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарына келеді.

Салалар бойынша Бағдарламаның жобалар құрылымы

9-кесте


Салалық бөліністе жобалардың ең көбі өңдеуші өнеркәсіпте (48,7%) іске асырылады. Денсаулық сақтау мен әлеуметтік қызметке - 17,9%, көлік және қоймаға жинауға - 12,8%, ауыл, орман және балық шаруашылығына - 10,3%, білім беруге және тұру және тамақтандыру қызметтеріне - 5,1% келеді.
2010-2012 жылдардағы жұмыс орындардың саны

10-кесте

Бағдарламаны іске асырудың әлеуметтік-экономикалық тиімділігі қазіргі уақытқа қолданыстағы 132 мың жұмыс орнының сақталғаны, 35 мыңнан астам жұмыс орнының құрылғаны болып табылады.

Қазіргі уақытта инвестицияларын жалпы сомасы 49,01 млрд. теңге болатын 263 кәсіпорындар үшін құрылыс және өндірістік инфрақұрылымды қайта құру жүзеге асырылуды, атап айтқанда, қайта құрылған жолдар – 48,5 шақырым, салынған жолдар – 81,83 шақырым, темір жолдар – 16,5 шақырым, жүргізілген электр желілері – 364 шақырым, қайта құрылған электр желілері – 10,4 шақырым, жеткізілген су құбырлары – 70,53 шақырым, кәріздер – 54,45 шақырым, газ құбырлары – 41,9 шақырым, жарықтандырулар – 23,4 шақырым, телефонданды-рулар – 35,49 шақырым, жылу желілер – 9,65 шақырым, орнатылған трансформа-торлық кіші станциялар – 26 бірлік.

Алматы және Оңтүстік Қазақстан облыстарында бұрын жұмыс істеген ірі кәсіпорындар және өнеркәсіптік аймақтар базасында индустриалдық аймақтар ұйымдастыру бойынша жұмыстар басталды.


Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне қаржылық емес қолдау шаралары

2011 жылдан бастап «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының «Кәсіпкерлік әлеуетті күшейту» деген төртінші бағытын іске асыру басталды.

Бағдарлама шеңберінде шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау мынадай болады: ісін жаңа бастаған (старт-ап жобалары) кәсiпкерлердi қолдау; қолданыстағы кәсiпкерлiктi сервистік қолдау; шағын және орта бизнестің топ-менеджментін оқыту; «Іскерлiк байланыс» жобасын іске асыру болады.

Ісін жаңа бастаған кәсiпкерлердi қолдау щеңберінде «Бизнес-кеңесші» кәсіпкерлік негізін оқыту бойынша екі күндік жедел-курстар ұйымдастырылады. Қолдау кәсіпкерлік бастамасы бар халыққа және қызметтегі кәсіпкерлерге беріледі.

2011 жылы «Бизнес-кеңесші» курстарымен 219 аудан қамтылды, онда сертификат алған тыңдаушылардың саны 15 654 адамды құрады, оның ішінде 74% жеке кәсіпкерлер, 10% ЖШС, 13% шаруа қожалықтар, 3% кәсіпкерлік қызметімен айналыспайтын жеке тұлғалар.

Қазіргі уақытта оқыту 5 өңірде басталды: Алматы, Ақтөбе, Павлодар және Оңтүстік Қазақстан облыстарында және Алматы қаласында.


Өңірлер бойынша қатысушыларды бөлу



11-кесте


«Арнайы сервистік қызмет көрсету» құрамдауымен іске асыру әкімдіктерге жүктелген. Оның шеңберінде шағын бизнес өкілдеріне бугалтерлік және статистикалық есептерді құруға, салық есептерін тапсыруға қызметтер көрсетілетін болады. Бұл үшін қаржы республикалық бюджетте қарастырылған.

Жалпы, республика бойынша ағымдағы жылғы 2 шілдедегі жағдай бойынша 10 000-нан астам кәсіпкерге 20 000 жоғары сервистік қызметтер көрсетілді.

2012 жылдың жартыжылдығында Алматы, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Ақмола және Оңтүстік Қазақстан облыстарында сервистік компаниялар анықталды және қызмет беру үдерістері басталды. Басқа өңірлерде сервистік қызметтерді берушіні анықтайтын конкурс өткізілуде.

Өңірлер бөлінісінде көрсетілген сервистік қызметтердің саны




12-кесте


«ШОБ топ-менеджментіне оқыту» бағдарламасы «Назарбаев Университеті» АҚ-ға жүктелген. Оның шеңберінде шағын және орта бизнес кәсіпорындарының жоғарғы және орта буын басшылары үшін ұйымдастырылған.

«Назарбаев Университеті» АҚ-мы Дьюк Университетімен (АҚШ) бірге 2011 жылғы қыркүйекке дейін 210 жоғарғы және орта буын басшыларына қашықтықтан оқытуды жүргізді. Бағдарламаны аяқтағаны туралы сертификатты беру ағымдағы жылғы қазанда жоспарланып отыр.


Өңірлер бойынша қатысушылар оқуының квотасын бөлу

13-кесте

«Іскерлік байланыстар» жобасы шетелдік әріптестермен бірге екі кезеңде іске асырылады. Бұлар, ең алдымен Германия (ГИЗ) және АҚШ (ЮСАИД).



2010 жылдан бастап Жоба Германиямен (ГИЗ) бірлесіп іске асырылды, сонымен бірге 2012 жылдан бастап АҚШ-пен (ЮСАИД) іске асырылуда. 2011 жылы Жобаның бірінші кезеңінде қатысушылардың жалпы саны 501 адамды құрады. 2012 жылы оқуды 210 адам аяқтады.

14-кесте

Қатысушылардың ең көбі мынадай салалардағы кәсіпкерлерден құрылған топтардан болады: ақпарат және байланыс; денсаулық сақтау; металл өңдеу, өндіріс және машина жөндеу және жабдық.


15-кесте

«Іскерлік байланыстар» жобасының екінші кезеңі шеңберінде осы уақытта тағылымдамадан Германияда 58 адам, ал АҚШ-та 10 адам өтті.

2012 жылдан бастап «Үлкен сеньерлар», «Бизнес-Насихат» құрамдауыштары енгізілетін және екінші деңгейдегі банктердің және әкімдіктердің қызметкерлерін оқыту.

«Үлкен сеньерлар» құрамдауышын іске асыру Қазақстан аумағындағы «Іскерлік байланыстар» жобасының бірінші кезеңіндегі бизнес-тренингтер өткізу үдерісінде де, сонымен қатар басқарудың жаңа әдістерін, өндіріс технологиялары мен жабдықтарды және персоналдарды оқытуды енгізу бойынша тікелей кәсіпорындарда Бағдарламаға қатысушыларға кеңес беру үшін де табысты жұмыс тәжірибесі бар біліктілігі жоғары шетел мамандарын тартуға бағытталған.

«Бизнес-Насихат» құрамдауышы Бағдарлама шеңберінде кәсіпкерлердің табысты мысалдарын және табысты жобаларды танымал етуде ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын өткізуге, кәсіпкерлер идеяларын насихаттауда кәсіпкерлер саласында заңнаманы түсіндіруге және реттеуге, ақпараттық шаралар өткізуге және т.б. бағытталған.

«Екінші деңгейдегі банктердің және әкімдіктердің қызметкерлерін оқыту» құрамдауыштары бойынша «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасын іске асыру шарттары бойынша тренингтер және жобалардың қаржылық талдамаларына тәжірибелік дағды өткізілетін болады.

Оқыту Астана және Алматы қалаларында өтетін болады. Екінші деңгейдегі банк қызметкерлері үшін қарыз алушаның төлем қабілеттілігін бағалау, бизнес-жоспарларды талдау бойынша курстар, сонымен бірге жобаларды талдау, «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасын іске асыру шарттары және рәсімдері және т.б. бойынша тәжірибелік кейстер қарастырылған. Әкімдіктер қызметкерлері үшін куртар «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасын іске асыру рәсімдерін зерттеуді болжамдайды.

Сондай-ақ, 2012 жылдан бастап «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы шеңберінде жаңа қаржылық құралдар іске асырылуда:

- кәсіпкерлердің ЕДБ-дің кредиттік ресурстарына қол жетімділігін жақсарту мақсатында әзірленген кредиттерді кепілдендірудің жаңа жүйесі.



Кепілдік берудің келесі түрлері қарастырылады:

  • қызметтегі кәсіпкерлер үшін жеке кепілдіктер 50%-ға дейінгі мөлшерде кредит сомасы бойынша 60 млн. тенгеден 750 млн. тенгеге дейін;

  • қызметтегі кәсіпкерлер үшін жедел кепілдіктер 50%-ға дейінгі мөлшерде кредит сомасы 60 млн. тенгеге дейін;

  • қызметтегі кәсіпкерлер үшін жедел кепілдіктер 70%-ға дейінгі мөлшерде кредит сомасы 70 млн. тенгеге дейін.

Бағдарламаның іске асырылуының ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында кәсіпкерлер мен қоғамдық бақылау үшін апта сайын www.dkb2020.kz сайтында жобаларды қарастырудың жай-күйі туралы ақпарат жарияланады.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет