1. Бактериялардың морофлогиялық негізгі топтары. Анықтамасы. Мысалдар. Сфера пішінді



бет1/38
Дата08.04.2023
өлшемі213.59 Kb.
#471916
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38
1. Áàêòåðèÿëàðäû? ìîðîôëîãèÿëû? íåã³çã³ òîïòàðû. Àíû?òàìàñû. Ìûñ


1. Бактериялардың морофлогиялық негізгі топтары. Анықтамасы. Мысалдар.
Сфера пішінді -коктар шар тәріздес бактериялар, олар бірін біріне қатысты орналасуы бойынша микрококтар, диплококтар, стрептококтар, тетракоктар, сарциналар және стафилококтар деп бөлінеді.
Таяқша тәріздес бактериялар мөлшері, жасуша пішіні және олардың ұштары, сондай-ақ орналасуы бойынша ерекшеленеді. Таяқшалар дұрыс (ішек таяқшалары) және дұрыс емес(коринебактериялар) пішінді, және бұтақталған (актиномицеттер) түрде бллуы мүмкін. Ең майда таяқша тәріздес бактерияларға риккетсиялар жатады. Таяқша ұштары олар: кесіп тастағандай, жұмырланған, үшкірленген, жуанданған болып келеді. Сәл майысып келген бактерияларды вибриондар деп атаймыз. Таяқша тәріздес бактериялардың көбі ретсіз орналасады, себебі бөлінгеннен кейін жасушалар шашырап кетеді. Патогендік түрлер таяқша тәрізді бактериялардың барлық аталған түрлеріне жатады.
Ирекше пішінділері – оларға спираль тәріздес бактериялар жатады. мысалы спириллалар, штопор тәрізді иректелген жасушалар. Иректелген бактерияларға жасушасының пішіні иілген шағала қанаты сияқты имегі бар кампилобактериялар мен хеликобактериялар жатады; бұларға спирохеталарды жатқыза аламыз . Спирохеталар - жіңішке, ұзын, иректелген бактериялар, спириллалардан жасушасының иілгіштігімен, қозғалғыштығымен ерекшеленеді. Спирохеталар цитоплазматикалық мембрана мен аксиальдық жіпшесі бар протоплазматикалық цилиндрді қоршап жатқан сыртқы мембранадан тұрады. Аксистиль жібі жасуша қабырғасының сыртқы мембранасының астында орналасып, спирохетаның протоплазматикалық цилиндрінің айналасында ширатылып жатады, сөйтіп оган бұранда пішінін береді .


2. Бактерия жасушасының негізгі және қосымша компоненттері. Функциялары мен орналасуы.
Бактерия жасушасы цитоплазматикалық мембрана және жасуша қабырғасынан тұрады. Қабықша астында нуклеотид деп аталатын қосындылар мен ядродан тұратын протоплазма жатады. Қосымша компоненттеріне шырыш, капсула, талшық, микрокапсула, жіпшелер жатады. Негізгі компоненттері: жасуша қабырғасы, цитоплазмалық мембрана, цитоплазма және нуклеоид жатады. Жасуша қабырғасы-бактерияларға белгілі пішін беретін берік серпінді құрылым және жасушадағы жоғары осмостық қысымды ұстап тұрады. Ол жасушаның бөліну процессі мен метаболиттердің тасымалына қатысады. Грам оң бактериялардың жасуша қабырғасы грам теріс бактериялармен салыстырғанда қалың, өлшемі 50нм-ге дейін және одан жоғары. Грам оң бактериялардың жасуша қабырғасында полисахаридтердің, липидтердің және ақуыздың аз мөлшері бар. Бұл бактериялардың негізгі 40-90 пайыз тейхой қышқылымен ковалентті байланысқан пептидогликан құрайды. Грам теріс бактериялардың жасуша қабырғасындағы пептидогликанның мөлшері 5-10 пайыз. Цитоплазмалық мембрана- үш қабатты құрылым болып табылады және бактерия цитоплазмасының сыртқы қабатын қоршап тұрады. Ол осмостық қысымды реттеуге, заттардың тасымалына және жасушаның энергиялық метаболизміне қатысады. Құрылымы:гликолипидтер, олигосахаридтер, интегральді ақуыздар, фосфолипидтер, перифериялық ақуыздар, интегральді ақуыздар. Цитоплазма- Бактериялардың цитоплазмасы жасушаның негізгі көлемін құрайды және ерігіш ақуыздардан тұрады. Цитоплазмада әртүрлі қосылыстар бар-полисахаридтер, поли-бетта-май қышқылы және полифосфаттар(волютин). Олар қоршаған ортада қоректік заттардың артық болуы кезінде жиналады және қоректену мен энергиялық қажеттіліктер үшін қордағы заттар рөлін атқарады.Нуклеоид-ядроға ұқсас құрылым. Бактериялар ядросының эквиваленті. Нуклеоид бактериялардың орталық аймағында екі жіпшелі ДНҚ түрінде, шеңберге тұйықталған және түйнек тәрізді тығыз орналасқан. Капсула- жасуша қабырғасымен тығыз байланысты шырышты түзіліс, сыртқы шекарасы анық белгіленген. Көбіне, капсула полисахаридтерден, кейде полипептидтен тұрады. Капсула гидрофильді бактериялардың фагоцитозына кедергі жасайды және кебуден сақтайды. Көптеген бактериялар микрокапсуланы түзеді- электронды микроскоппен анықталатын шырышты түзіліс. Бактериялардың талшықтары-Бактериялардың қозғалуын қамтамасыз етеді. Табиғаты флагеллин ақуызы. Талшықтар-цитоплазмалық мембранадан басталатын жіңішке жіпшелер. Олар орналасуы бойынша жіктеледі: 1.монотрих-бір шетінде бір талшық(тырысқақ вибрионында) 2.перитрих-бактериялардың периметрі бойынша орналасқын(ішек таяқшасы, протей) 3.лофотрих-жасушаның бір шетінде шоғырланып орналасқан. 4.амфитрихтар- жасушаның екі шетінде бір талшықтан немесе шоғырланып орналасқан. Фимбриялар және пилилер- Бұлар жіршелі түзілістер, пилин ақуызынан тұрады. Фимбриялардың әртүрлі типтерін бөледі: -адгезияға жауапты, бактериялардың жабысуын қамтамасыз етеді.
-қоректену, су-тұз алмасына жауапты.
-жыныстық немесе конъюгациялық пили.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38




©www.dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет