1. Болмыстың әр түрлі қырлары тең өмір сүретіндігін сынаңыз



бет1/11
Дата06.01.2023
өлшемі32.52 Kb.
#468176
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
онтолгия


1.Болмыстың әр түрлі қырлары тең өмір сүретіндігін сынаңыз
.Болмыстың қырлары – юолмыс сипатын ашудың метафизикалық негіздері, оны айқындаудың іргелі сауалдары. Болмыстың әр түрлі қырлары тең өмір сүреді. Барша тіршілік ететіндер органикалық еместер организмдер, мегаәлем т.б Барлығы бар болу құқы бойынша жалпы алғанда өзара тең. Бұл теңдік дүниедегінің барлығының – қалыптасып пайда болып,одан соң білгілі бір уақыт бойынша өмір сүріп, кейіннен мүмкіндіктерін сарыққан соң жойылтындығы арқылы анық көрінеді. Олардың тең құқықтығы антропоцентристік емес – онтологиялық мәнде – бәрі де осы дүние элементтері өмір сүру қуқын тең дәрежеде иеленген.
4.Өзге болмысты түсіндіріп беріңіз
Өзгеше болмыс - болмыстың даму сәтін белгілейтін Гегель философиясының категориясы: салыстырмалы аяқталған болмыс басқа (кейде «ақиқат емес», «өздік емес» мағынасында), яғни алдынғы, өз формасында бейнеленетін түрде болады. Мысалы Платонның обьективті идеализмндегі идеяның мәңгілі мен тұрақтылығы оны шынай болмыс ретінде көруге мүмкіндік берді. Платон оны Эйдостар әдемі деп түйндеген болатын. Ал, Готфрид Лейбниц өзге болмыс ретінде монадаларды көрген болатын. Лейбництің пікірінше, бар құбылыстардың, немесе құбылыстардың негіздері жай субстанциялар немесе монадалар (грек тілінен аударғанда monados – бірлік) . Барлық монадалар қарапайым және бөліктерін қамтымайды. Олардың шексіз саны бар. Монадалардың бір монаданы екіншісінен айыратын қасиеттері бар, екі абсолютті бірдей монада болмайды. Бұл құбылыстар әлемінің шексіз алуан түрлілігін қамтамасыз етеді. Дүниеде абсолютті ұқсас монадалардың немесе екі абсолютті бірдей нәрселердің жоқтығы туралы идеяны Лейбниц «әмбебап айырмашылық» принципі ретінде және бір мезгілде «айырғысыз» деген тұлға ретінде тұжырымдады, осылайша терең диалектикалық идеяны алға тартты.. Лейбництің ойынша, өзіндік сана арқылы өзінің барлық мазмұнын өздігінен кеңейтетін монадалар барлық материалдық заттарды қозғалыс жағдайына келтіретін тәуелсіз және өзіндік белсенді күштер болып табылады . Лейбниц бойынша, монадалар түсінікті дүниені құрайды, оның туындысы феноменальды әлем (физикалық ғарыш) болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©www.dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет