1. Ген туралы түсінік. Гендердің жіктелуі, анықтама. Ген


-ші Метафазалық хроматида-



бет4/14
Дата09.12.2023
өлшемі0.63 Mb.
#486062
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
2-РК МБ

5-ші Метафазалық хроматида-Бұл диаметрі 600 нм дейін жететін тығыз ширатылған хроматида.

Эухроматин және гетерохроматин
Гетерохроматин – тығыз ширатылған және сондықтан хромосоманың функционалды активсіз аймақтары. Олар базофильді бояулармен анық боялады. (Транскрипция жүрмейді) (инфо сақталмайды)
Эухроматин – функционалды активті, әлсіз ширатылған және бояуды нашар сіңіретін хромосоманың аймақтары, олар гетерохроматиндердің арасында орналасады.
8)Адам кариотипі. Денвер классификациясы.
Адам кариотипі
Кариотип – бір түрге жататын организмнің сомалық жасушаларына тән хромосомалардың нақты санымен, құрылысымен және генетикалық құрамымен сипатталатын диплоидты жиынтық.
Хромосомаларды аутосомаларға (екі жыныста бірдей) және жыныс хромосомаларына бөледі. Мысалы, адам кариотипінде 22 жұп аутосома және екі жыныс хромосомалары – ХХ-әйелдерде және XY-ер адамдарда (сәйкесінше 44, ХУ және 44, XY) болады. Организмдердің сомалық жасушаларында хромосомалардың диплоидты (қосарланған) жиынтығы болады, ал гаметаларда – гаплоидты (бірегей) болады.
Денвер классификациясы ұсынылды. Бұл жіктелуге сәйкес мөлшері мен пішіні ұқсас адамның 23 жұп хромосомасын А мен G арасындағы 7 топқа бөлген. Жіктелуді жеңілдететін маңызды белгі қысқа иінің ұзындығын хромосоманың барлық ұзындығына қатынасын көрсететін - центромералық индекс болып табылады.
-кемшілік-гомологты хромосома көре алмаймыз; тек диаграммасын көре аламыз.
9)Париж классификациясы. Адам хромосомасының картасы.
1971 жылы Парижде адам хромосомаларының картасы жасалып, арнайы көрсеткіштері белгіленді. Хромосомаларды бояудың дифференциалды әдістері қолданылды (Q, G, R және С). Адам хромосомасының картасы бойынша хромосома иіндері – аудандарға, аудандар – сегменттерге бөлінеді. Аудандар мен сегменттерді белгілеу центромерадан теломераға қарай бағытталып жүргізіледі. Аудандар мен сегменттер араб цифрларымен белгіленеді.
Хромосома иіндерін латын әріптерімен белгілейді: ұзын иіні - q, қысқа иіні – р.
-Локус дегеніміз – хромосомадағы геннің орналасқан орны


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©www.dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет