1. Ген туралы түсінік. Гендердің жіктелуі, анықтама. Ген


Элонгация Инициациядан кейін трансляцияның негізгі кезеңі басталады элонгация



бет7/14
Дата09.12.2023
өлшемі0.63 Mb.
#486062
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14
2-РК МБ

2.Элонгация
Инициациядан кейін трансляцияның негізгі кезеңі басталады элонгация процесі (пептидтік тізбектің ұзаруы). Ұзару бірінші пептидтік байланыс пайда болған сәттен бастап, соңғы аминқышқылының тіркесуіне дейінгі барлық реакцияларды қамтиды. Бұл циклдік қайталанатын үдеріс.
Элонгация циклінің 3 кезеңі бар:
а) аа-тРНҚ байланысы. Циклдің бірінші кезеңінде тағы бір аа-тРНҚ рибосоманың бос А-центрімен байланысады - актикодон А-центрінде орналасқан мРНҚ кодонымен комплементарлы болады.
Б)Пептидтік байланыстың тұйықталуы. Рибосомадациклдің біріншікезеңінен кейін пептидил-тРНҚ(П-орталықта) және аа-тРНҚ (А-орталықта) бір-бірініңжанында болады.Дегенмен олардың акцепторлықұштары және оларменбайланысқан амин қышқылдарының қалдықтары катализдік орталықта (ПТФ-орталықта) орналасады.
в) Транслокация.Циклді аяқтайтын кезең – аРНҚ-ның қайтадан түзілген пептидил-тРНҚ-менбіргерибосомаға қатысты бір кодонның ұзындығына орын ауыстыруы (транслокация). Немесе мұны рибосома аРНҚ-ғақатысты – оның үш шетіне бағытталып орын ауыстырады деуге болады.

3. Трансляция терминациясы
Трансляцияның аяқталуы туралы белгі- рибосомада а-РНҚ -ның «мағынасыз» (термнацияланатын немесе стоп кодондарының) бірі - УAA, УAГ немесе УГА пайда болғаннан саналады. Трансляция аяқталғаннан кейін пептидтік тізбек, тРНҚ және мРНҚ рибосомадан босатылады, ал рибосома суббірліктері бір- бірінен алшақтайды және енді келесі пептидтік тізбектің синтезін бастауға дайын.
12. аРНҚ-ның посттранскрипциялық модификациясы.
-басқаша процессинг немесе РНҚ-ның жетілуі - эукариот жасушаларындағы үдерістердің жиынтығы, яғни біріншілік транскрипттағы жетілген РНҚ-ның пісіп жетілуі. Транскрипция нәтижесінде пре-аРНҚ(«жетілмеген» аРНҚ)түзіледі. ДНҚ молекуласындағы эукариот гендердің құрамында нуклеотидтердің кодталмайтын учаскесі бар, сондықтан пре-аРНҚқұрамында осы кодталмайтын учаске болады, оны интрондар деп атайды. Кодталатын учаске экзондар деп аталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14




©www.dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет