1 Қымыздық қышқылының стандарт ертіндісін даярлау үшін жүргізілетін есептеулер



Дата22.09.2023
өлшемі33.63 Kb.
#478252
Жұмысты орындау реті




Жұмысты орындау реті



1 Қымыздық қышқылының стандарт ертіндісін даярлау үшін жүргізілетін есептеулер
Қымыздық қышқылының натрий гидроксидімен реакциясының теңдеуі:

Н2С2О4 + 2NаОН = Nа2С2О4 + 2Н2О


Бұл реакцияда қымыздық қышқылының эквиваленттік массасы тең:

Мэ = = г/моль


100 мл 0,1 н ертінді дайындау үшін қажет қымыздық қышқылының массасы:

m = Сн ∙Мэ ∙V = 0,1∙ 63 ∙ 0,1 = 0,63 г


Дәл есептелген массаны өлшеп алу қиынға соғады. Сондықтан осы есептелген цифраға жақын массаны дәл өлшеп алып өлшеуіш колбада ерітіп көлемін шекті белгіге дейін жеткізіп, кері есептеу жүргізу керек.


Мысалы, аналитикалық таразыда өлшеніп алынған қымыздық қышқылының массасы: m = 0,5785 г. Өлшеуіш колбаның көлемі: V = 100 мл. Сонда дайындалған стандарт ерітіндінің титрі тең болады:

Т Н2С2О4▪2Н2О =


Ал нормальдық концентрациясы тең:

Сн Н2С2О4▪2Н2О = = 0,092 н


2 Натрий гидроксидінің стандартталатын ертіндісін (титрантын) даярлау үшін жүргізілетін есептеулер


Натрий гидроксидінің эквиваленттік массасы 40 г/моль, сондықтан ерітінді дайындауға қажет натрий гидроксидінің массасы тең болады:

m = Сн ∙ Мэ ∙V = 0,1 ∙ 40 ∙ 0,25 = 1 г


Ертінді концентрлі натрий гидроксидінің ертіндісінен дайындалады. Әуелі концентрлі сілті ертіндісін цилиндрге құйып, ареометрмен тығыздығын өлшеңдер. Анықталған тығыздыққа сәйкес проценттік концентрацияны анықтамалықтан қарау керек (Қосымша Е). Анықталған тығыздық р = 1,247 г/м болса, онда NаОН-тың массалық үлесі 22% болады. Концентрлі сілті ерітіндісінің қандай массасында 1 г NаОН болатынын есептеу:

m 22%NaOH = = 4,5 г


Тығыздық мәнін пайдаланып сілтінің көлемін есептеу:


V22%NaOH = 3,6 мл


3,6 мл 22% NaOH ертіндісін градуирленген пробиркамен өлшеп алып қақпағы бар шыны склянкаға құйып, үстіне 250 мл-дей дистилденген су қосыңдар. Сонда жуық ~0,1 н NаОН ерітіндісі дайындалады, енді оны стандарттау (дәл концентрациясын анықтау) қажет.


3 Титрантты (натрий гидроксиді ертіндісін) стандарттау


Даярланған натрий гидроксидінің ертіндісін бюреткаға құяды. Титрлеуге арналған 250 мл-лік үш колбаға пипеткамен 10 мл қымыздық қышқылын құяды, оған 1-2 тамшы фенолфталеин қосады да бюреткадан NаОН ертіндісімен тамшылатып титрлейді.
Ертінді түсі қызыл-күлгін түске айналғанда титрлеуді тоқтатады. Ертінді түсі бір минуттай жойылмауы керек. Титрлеуді ең кемінде үш рет қайталап, орта көлемін тауып, натрий гидроксиді ертіндісінің нормальдағы мен титрін есептеледі. Эквиваленттік нүктеде мына теңдік орындалады:


Сн1 ·V1 = Сн2 ·V2
Н2С2О4 NаОН

Осыдан натрий гидроксидінің нормальдық концентрациясы мен титрі тең болады:


Cн NаОН =


ТNаОН =

Достарыңызбен бөлісу:




©www.dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет