1. Нарықтық экономика жағдайында шағын кәсіпорындар қызметінің теориялық негіздері


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ШАҒЫН КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ



бет4/5
Дата17.07.2016
өлшемі0.55 Mb.
1   2   3   4   5

3. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ШАҒЫН КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ

3.1 Шағын кәсіпорындардың тиімділігін арттырудың шетелдік озық

тәжірибелері

Әлемдік тәжірибеде шаруашылық жүргізуші субъектілерді шағын және орта кәсіпкерлікке жатқызудың жалпы критериилері ретінде персоналдар саны, жарғылық капиталының мөлшері, активтерінің шамасы, айналым көлемі және басқаларын айтуға болады. Алайда айтарлықтай жиі қолданылатын критериилерге келесілерді жатқызуға болады: кәсіпорындағы жұмыскерлердің орташа жылдық саны, кәсіпорынның жылдық айналымы және активтерінің мөлшері. Ал, дамыған елдердің барлығында дерлік негізгі критерии жұмысшылар саны болып табылады. Мысалы, құрамына дамыған елдер кіретін экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының анықтауы бойынша кәсіпорындағы персоналдар саны 19 адамға дейін «өте шағын», 100 адамға дейін «шағын», 100-ден – 499 адамға дейін «орта» және 500-ден жоғары «ірі» кәсіпорындар ретінде анықталған.

Жаңа жұмыс орындарын құру мен экономиканың тұрақты дамуын қамтамасыз ету басымдығы тұрғысынан шетелдерде шағын кәсіпкерліктің дамуына үлкен мән беріледі. Біріккен Ұлттар Ұйымының даму бағдарламасы бойынша шағын кәсіпорындардың саны барлық кәсіпорындардың жалпы санынан 95 % - ға артық. Әлемдік экономикада мұндай кәсіпорындардың үлесіне жұмыспен қамтылғандардың 60 %-дан астамы келеді, ал олардың жалпы ішкі өнімдегі үлесі 50 %-ға жетеді.

Нарықтық қатынастардың қалыптасуы кезінде әсіресе шағын кәсіпорындардың дамуы мен тиімділігіне мемлекеттік қолдау шамасы айтарлықтай ықпал ететіндігіне, ал кәсіпкерлер мұндай қолдауға мұқтаж болатындығына әлемдік тәжірибе куә. Бұл ретте, бизнесті бәсекеден қорғауға немесе ол үшін ерекше «жұмсақ» жағдайлар құруға емес, технологиялық жетілдірудің генерациясы фирмаішілік үрдісті үнемі ынталандыратын және фирманың бәсеке қабілеттілігін арттыру үшін оқытатын жағдайларды қамтамасыз етуге әкелуге тиіс шағын кәсіпкерлікті қолдаудың мемлекеттік саясатының нысаны мен мақсаты шешуші мәнге ие. Мұны соңғы уақытта экономикада ілгерілік жасаған көптеген елдердің тәжірибесі көрсетеді.

Шағын кәсіпорынды қолдау шаралары:


  • жаңа технологияларға (технологиялар мен экономикалық ақпараттар ұсыну, кеңес беру және оқыту) қол жетімділікті жеңілдетуге;

  • нарық капиталына (салық жеңілдіктері, амортизацияның ерекше нормалары, мемлекеттік субсидиялар, нарықтық және жеңілдікті несиелі ставкалар арасындағы айырмашылықты қаржыландыру түріндегі жеңілдікпен несие беру) қол жетімділікті жеңілдету;

  • кәсіпкерліктің инфрақұрылымын дамытуға жәрдемдесетін кластерлік-желілік ұстанымды енгізу арқылы шағын компаниялар мәселелері бойынша туындайтын проблемаларды шешуге бағытталған.

Кластерлік-желілік ұстаным негізінде шағын кәсіпорынды қолдау бағдарламасы іске асырылған елдер – бұл Италия, АҚШ, Жапония, Германия, Корея, Дания, Ұлыбритания,Франция, Мексика, Чили, Бразилия. Бірқатар дамыған және дамушы елдерде кластерлік-желілік ұстанымға негізделген шағын кәсіпорынды қолдау бағдарламасын іске асыруды мысалға келтіреміз ().

Италия. Бірінші рет кластерлік – желілік ұстаным Италияда 70 жылдары қолданылған. Шағын және орта бизнеске кластерлік – желілік ұстаным тұрғысынан осы ұстанымның дамуы бастау алтын «үшінші Италия» деген атқа ие болған Италияның тәжірибесі қызық. 70 жылдардың соңында «бірінші» және «екінші» Италия экономикалық дағдарысты басынан өткізді, елдің солтүстік – шығыс бөлігі және орталық бөлігі экономикалық өсуідің жоғары түрін көрсетті. Негізінен шағын және орта кәсіпорындар әрекет ететін (тоқым өндірісі және былғары өндірісі, аяқ киім, керамика және жиһаз өндірісі) бірқатар салаларда қалыптасқан кластерлер шеңберінде шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері тек қана жаңа жұмыс орындарын ғана құрып қана қоймай, экспорт нарығына да шыға алды. Сол уақытта Германия мен Ұлыбританияның ірі кәсіпорындары құлдырауды басынан өткізіп жатты, «үшінші Италияның » шағын және орта кәсіпкерлік кластері өндіріс пен экспортты арттырды. Бұдан басқа, шағын және орта кәсіпкерлік кластерлері өндірістік инновацияларды енгізуге қабілетті болып шықты.

АҚШ. ЖҰӨ-нің 50 %-нан астамы, инновациялардың жартысынан астамы, ұлттық жұмыс күшінің 2/3 астамы шағын кәсіпкерлікке тартылған. АҚШ-та шағын кәсіпкерлік ел экономикасын оңалтуда шешуші рөл атқарды. Бұл үшін АҚШ-та аталған сектордың дамуына көмек беретін құрылым – АҚШ шағын бизнес әкімшілігі (1953 жылы құрылған) бар. Сапалы, клиентке бағытталған кең ауқымды бағдарламалар қалыптастыру және кәсіпкерлер қоғамдастығын барлық жаңалықтар туралы уақтылы хабардар ету – қызметтің мәні. Осы әкімшілік арқылы шағын кәсіпорындарға кепілдендірілген қарыздар беру арқылы үлкен қаржылық қолдау көрсетіп келеді. Атап айтсақ, бұл ұйым 155000 АҚШ долларынан аспайтын қарыз соммасына 90% ал, 750000АҚШ долларына дейінгі үлкен көлемдегі қарыз соммасына 75% кепілдік бере алады. Ол дегеніміз, егер қарыз алушы берілген қарызды қайтара алмаған жағдайда шағын бизнес істері жөніндегі әкімшілік қарыз соммасын қайтаруға міндеттенеді. Жапония. Шағын және орта кәсіпкерліктің барлық компаниялар санының 99,6 %-ын, ЖІӨ-нің 55 %-ын және өнеркәсіпке жұмыспен қамтылғандардың 80 %-ын құрайды. Шағын кәсіпорындарға қатысты мемлекеттік саясатты іске асыру үшін шағын және орта кәсіпкерлікке қатысты мемлекеттік саясатты іске асыратын мамандандырылған органдар желісі құрылды. Жапония тәжірибесіне сүйенсек, жаңа жұмыс орындарын құру мен жаңа технологияларды дамытуда маңызды рол атқаратын жаңа кәсіпорындарды ынталандыруға ерекше мән беріледі. Осы мақсатта бекітілген шаралардың ішінен 10 млн. иенге дейін арнайы төмен пайыздық кредиттер мемлекет кепілдігімен беріледі.

Жапонияда шағын және орта кәсіпкерлікті қолдаудың негізгі шаралары:



  • шағын және орта бизнесті жаңғырту үшін несиелер мен жеңілдікті несиелерге кепілдік беру және сақтандыру жүйесі арқылы қаржыландыру қол жетімділікті жеңілдету (20 жылға, 1,05 %-дық ставкамен);

  • бизнес-инкубаторлар құру, салық салу мен менеджмент, персоналды басқару және нарықтағы ахуал туралы ақпарат, сондай-ақ оқыту бағдарламаларын ұсыну мәселелері бойынша қысқа мерзімді негізде мамандарды ұсынумен инвестициялық жобаларды бағалау арқылы бизнесті қолдау жүйесін құру;

  • техникалық көмек, қаржылық және заңнамалық қолдау арқылы жаңа және венчурлық бизнес құруды ынталандыру;

  • жаңа әзірлемелерді коммерциялизациялауды қолдау мен ғылыми орта, бизнес және үкмет арасындағы ынтымақтастықты ынталандыру арқылы технологиялардың дамуын қолдау;

  • пайыздық төмен ставкалар бойынша субсидиялау және несие беру арқылы бизнесте инновацияларды қолдау, венчурлық жобаларға мемлекеттің қатысуы және зерттеу кәсіпорындары үшін патенттік төлемдерді төмендету;

Жапонияда зертеулерді дамыту деңгейі бойынша жетекші рөлді технопарктер алады. 70 % шамасында жапондық технопарктер өңірлердегі шағын кәсіпкерлік кәсіпорындарын қолдау үшін құрылды, бұл ретте, 58 %-ы жоғары технологиялы өнімдер өндіруге бағытталған.

Германия. Германдық кластерлік-желілік ұстанымды қолдаудың негізгі қағидаттары – бұл мынандай нарықтық тетіктерге:



  • мемлекеттік қолдауға емес, шағын және орта кәсіпкерліктің дербестігіне басымдыққа;

  • тиімсіз кәсіпорындар нарықтан кетуі керек;

  • шағын және орта кәсіпкерлікке мемлекеттің қаржылай көмек беруі үшін негізгі талап – несиеге қабілеттілікке тірек болады;

Корея. Барлық компаниялардың 99,5 % - ын құрайтын 3 млн. шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері бар. Соның ішінде шағын компаниялардың үлесі 97 % құрйды. Оңтүстік Кореяда шағын компаниялар хұмысқа орналастырудың маңызды көзі болып табылады, өйткені онда елдің экономикалық белсенді халықтың 87 %-ы жұмыспен қамтылған (10 млн.-нан астам). Шағын және орта кәсіпорындардың үлесіне елдің ЖІӨ-нің жартысы және оңтүстіккореялық экспорттың 43 % тиесілі.

Израиль. Қолдау нфрақұрылымының объектілері құрылған, олардың көпшілігі мемлекеттік. Кәсіпорындарды қаржыландыруға көмек беретін мемлекеттік және бірнеше жеке қорлар бар, ал мемлекеттік субсидия бизнесті жүргізу үшін қажетті қаражаттың ¾-ін құрайды, ¼-кәсіпкердің салған қаражаты.

Бизнес-инкубаторларды қолдайтын венчурлық қорлар бар, оларда алдымен жаңа инновациялық жобалар жасалады.

Осылайша, технопарктер мен бизнес-инкубаторлар мемлекет ғылыми-техникалық салалардың дамуын қолдайтын және мұндай саясаттың алдына шаруашылық жүйені оңтайландыру мен ғылыми-техникалық прогресс жетістіктеріне бейімдеу міндеті қойылған елдерде жақсы дамыған.

Ғылыми-өнеркәсіптік парктер болашақтағы технополистердің – озық технологиялар, ғылыми зерттеулер мен жобалау – құрастыру әзірлемелері қазіргі үлгілері болып табылады. Өтпелі экономикалы көптеген дамушы мемлекеттер мен елдер үшін ғылыми-өнеркәсіптік парктерді дамыту басымдығының стратегиясы – бұл жоғары технологиялық деңгейдің өңірлік орталықтар желісін дамыту, барлық ұлттық шаруашылықты зияткерлендіру негізінде қызметтің жаңа салаларында ілгерілеу.

Технополистерде ғылым, жоғары технологиялар, дәстүрлі ұлттық мәдениет үйлесім тапқан және шығармашыл, жан-жақты дамыған адамдардың жаңа қоғамы құрылады.

Дамыған елдердің көпшілігінде экономикалық өсудің шешуші бір факторы шағын бизнесті жан-жақты дамыту болып табылады. Олардағы кәсіпорындардың жалпы санының ішінде шағын және орта фирмалардың үлесі 80-нен 90 %-ға дейінгі мөлшерді қамтып, елдің жалпы ұлттық өнімінің 50%-ға жуығын өндіруді қамтамасыз етіп отыр. Шағын кәсіпорындардың шаруашылықты жүргізуге икемділігі – ғылыми-техникалық прогресстің негізгі бір қозғаушы күшіне айналған. Мысалы, жапондық мамандардың есептеуінше екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі кезеңде бұл елдің әлемдегі ең бай елдер қатарына қосылуына бірден-бір себепші болған нәрсе – шағын кәсіпорындарды дамыту. 1980 жылдардың 2-жартысында Жапонияның тек өңдеуші өнеркәсібінде ғана 6,5 млн. шағын және орта кәсіпорын қызмет еткен немесе бұл олардың жалпы санының 99 %-ға дейінгі бөлігін қамтиды деген сөз. Оларда 40 млн. адам жұмыс істейді, яғни бұл осы салада жұмыскерлердің 81%-ы болып табылады.

Концерндер мен басқа да ірі кәсіпорындар Жапония экономикасы «аисбергінің шыңы» ғана деп айтуға болады. Бұл жерде ірі және шағын бизнес өзара бәсекеге түсіп қана қоймай, сонымен қатар қызмет ету саласын бөлісу негізінде бірін-бірі толықтырып отырады. Жапонияда бірқатар салаларда, атап айтқанда, аяқ киім, тігін және гелантерия өндірісінде, дәрі-дәрмек, құрастырушы бұйымдар мен конструкциялар өндіруде, бөлшек саудада, қызмет көрсету саласында өндірістік және тұрмыстық техникаларды жинап, жөндеп, қалпына келтіруде шағын бизнес басым орын алды.

Әсіресе соңғы кезеңдерде АҚШ-та да шағын бизнес кеңінен дамып отыр. Ол жұмыскерлер саны 50 адамға дейінгі шағын және орта фирмалардың жиынтығы болып табылады. Бұл фирмалар американдық барлық фирмалардың 99%-ын құрайды. Бұлардың негізгі бөлігі ұсақ, көбінесе жанұялық немесе жеке кәсіпорындар. Мұндай фирмалардың 84%-ы саны жиырмадан аспайтын, ал 80 %-да оннан аспайтын адам жұмыс істеді. АҚШ-та шағын фирмалардың өсуі сандық және сапалық жағынан да ерекше байқалады. Мысалы, тек 1998 жылдың өзінде ғана 1 млн. шағын кәсіпорын пайда болса, ал 1999 жылы 1,3 млн. шағын фирмалар құрылды. Мұның алдындағы жылдары жыл сайын 600 мыңға жаңа кәсіпорын өмірге келіп отырған.

АҚШ-та шағын және орта фирмалар ЖҰӨ-нің 40%-ын өндіреді, өның ішінде өңдеуші өнеркәсіпте - 21%, құрылыста 80%, көтерме саудада - 86 %, қызмет көрсету - 81%.

АҚШ экономикасында олар ғылыми-техникалық прогресс саласына жататын барлық жаңалықтарды жасаудың, игерудің және өндіріске енгізудің тең жатысына жуығын қамтамасыз етеді.

Германияда шағын және орта кәсіпкерліктің басты сипаттамасы – ең алдымен меншік құқы мен кәсіпорынды тікелей басқарудың бірлігі болып табылады. Екінші сипаттама – кәсіпорын қызметінің айшықтылығы, оның көлемінің шектеулілігі, қожайын мен жұмыскер арасындағы өзіндік ерекше қатынас сипатын білдіріп, өндірістің түпкі нәтижесі үшін екі жақтың да бірдей мүдделілігін, ынталығын тудырады. Үшіншіден, кәсіпорын өмірінде басқарушы рөлдің ерекше маңыздылығы: ол шарушылықтың нәтижелігіне тек қана мүлік иесі болғандықтан ғана емес, сонымен бірге оның озінің де өндіріспен тікелей айналысып, оны ұйымдастыруға барлық жағынан қатысуынан көрінеді. Төртіншіден, істі жанұялық негізде жүргізу, яғни кәсіпорын қызметін нәтижелі ұйымдастыруға, жүргізуге атадан балаға мұра ретінде машықтану. Бесіншіден, шағын кәсіпкерліктің тағы бір сипатты белгісі ретінде кәсіпорынды қаржыландыру мәселесін айтуға болады. Егер алыптар қажетті ресурстарды негізінен капитал нарығы (қор биржалары) арқылы алатын болса, ал шағын және орта кәсіпорындар банктердің аздаған несиелеріне арқа сүйейді, сондықтан да олар үшін қаржыландыру мәселесі басты проблема болып табылады.

Шағын кәсіпкерліктің жоғарыда аталғандай сапалық жақтарымен бірге сандық жағынан да сипаттамалары бар. Олар екі көсеткішке негізделеді: жылдық айналым соммасы мен еңбекпен қамтылғандар саны. Германияда қабылданған есептеу әдістемесіне сәйкес халық шаруашылығының бұл секторына мыналар жатқызылады:


  1. белгілі бір жағдайда өзіндік фирма түріндегі барлық жеке еркін мамандық иелері (дәрәгерлер, нотариустар, салық пен жарнама бойынша консультанттар, аудиторлар, өз бетінше дербес әрекет ететін инженерлер, педогогтар, баспасөз, өнер қызметкерлері және т.б.);

  2. жұмыс істейтіндер саны 1ден 49 адамға дейінгі және жылдық айналымы 1 млн. маркаға дейінгі ұсақ кәсіпорындар;

  3. жұмыс істейтіндер саны 50 ден 499 адамға дейінгі және жылдық айналымы 1 млн.-нан 100 млн.-ға дейінгі марка болатын орта кәсіпорындар;

Германияда жоғарыда көрсетілген статистикалық есептеу тәртібіне байланысты 1,9 млн. шағын және орта кәсіпорын жұмыс істеп, олар халық шаруашылығының салалары бойынша мынандай негізде бөлінеді: қол өнерінде -537 мың, саудада -255 мың, өнеркәсіпте-108 мың, қызмет көрсету саласында – 665000 мың, еркін мамандық секторы – 360 мың .

Елдегі шағын және орта бизнестің экономикалық маңызы – біріншіден, барлық еңбекке жарамды адамның 2/3 – бөлігін қамтып отырған; екіншіден, елдің ЖІӨ-нің жартысына жуығын берген; үшіншіден, барлық инвестициялар мен тіркелген патенттердің жартысынан артығын өндіріске енгізуге септігін тигізген; төртіншіден, Германиядағы барлық өндірісті оқу орындарының 85 % -ын қамтитын кадрларды даярлау көзі ретіндегі рөлмен анықталады.

Шағын кәсіпкерліктің барлық кешенді ішкі және сыртқы проблемалары олардың өз күшімен шешілуі мүмкін емес. Қазіргі кезде Германияда бірқатар жағдайлар шағын және орта бизнеске мемлекеттік қолдау жүйесінің қажеттігін көрсетіп отыр. Олардың ішінде:


  • Еуропалық қауымдастық шеңберінде 1993 жылдың басынан бастап бәсеке жағдайын шегіне жеткізе шиеленістіретін тауарлар, қызметтер, жұмысшы күші және капитал қозғалысы жолындағы барлық кедергілерді алып тастау;

  • технология мен табиғатты қорғау шараларына байланысты заңдық нормалардың қатаңдатылуы, оларға жұмсалатын күрделе қаржыны одан әрі қысқарту және оны пайдаланудың тиімділігін арттыру;

Германияда шағын бизнесті мемлекеттік қолдау жүйесінің негізінде жатқан басты қағида - өздігінен, мүмкіндігінше өз бетінше дамуды барынша ынталандыратын көмек беру болып табылады. Бағдарламаның мақсты – шағын және орта бизнестің тиімділігі мен бәсеке қабілеттілігін арттыру. Осыған байланысты мынандай шараларды атап өтуге болды:

Германияның федералды үкіметі құрылымдық-саяси шараларды іс жүзіне асырып отыр. Олар шағын фирмалар үшін қалыпты бәсеке жағдайын қамтамасыз етуге бағытталған. Бұл жердегі басты бағыт – 1957 жылы заңды түрде бекітілген, шағын және орта фирмалардың ұстанымдарын нығайтуға бірнеше рет қайта қаралған – картельді құқық. Картель қызметін қадағалаушы ведомство, біріншіден, ірі фирманың бір –біріне қосылып кетуін қатаң бақылап отырады; екіншіден, орынсыз тыйым салуларды алып тастап, шағын және орта кәсіпорындардың кооперациялануына жеңілдік жасайды.

Шағын кәсіпорынға қолдау жасаудағы құрылымдық-саяси шаралардың екінші бір құрамды бөлігі – мемлекеттік тапсырмаларды бөлуге қатысудағы олардың құқықтық жағынан олардың теңдігін қамтамасыз ету. 1976 жылдан бастап мемлекеттік тапсырыстарды бөлуге шағын және орта фирмалардың да міндетті түрде қатысуын реттейтін ерекше ереже бар. Егер белглі бір жағдайларға байланысты өздеріне қысым көрсетілген болса, онда шағын фирмалар осындай мәселелерді заңды түрде ретке келтіру үшін тиісті орындарға шағым жасауына болады.

Салық салудағы жеңілдіктер.

Германияның жаңа аймақтарында қазіргі кезде кеңінен пайдаланып жүрген жұмыстың үш түрі бар:


  1. амортизациалық аударымдардың арнайы нормалары;

  2. пайданың салық салынбайтын резервтерін жасау;

  3. салық ведомстволары төлейтін инвестициялық үстемелер;

Амортизациялық аударымдардың арнайы нормалары балық инвестицияларға қолданылып, жаңа жұмыс орнын ашуға, қоршаған ортаны қорғауға, техникалық жағынан алдыңғы қатарлы өнім өндіруге, сыртқа тауар шығаруға бағытталады. Жұмсалған қаражаттар үш жыл ішінде есептен шығарылады, бірінші жылы жұмсалған капиталдың 50 % амортизацияланады, екінші жылы 30 % және үшінші жылы 20%.

Салықтан босатылған пайда резервтерін жасауға қолөнері өндірісінде, саудада, өнеркәсіпте, еркін мамандық секторында, сондай-ақ мүліктерді жалдау мен жалға беру қызметі саласында қолдануға рұқсат етілген. Резерв 1 жыл ішінде түскен пайданың 20 %-ға дейінгі мөлшерін құрауы мүмкін.

Қаржы жағынан қолдау. Федералды үкімет тарапынан берілетін салыстырмалы түрде пайыз ставкасы төмен және жағдайын пайдалана отырып, ақшаны қайтаруға мүмкіндік тудыратын несиелер шағын кәсіпорындар үшін айтарлықтай қамқорлық болып табылады. Қазіргі кезде бизнестің бұл түрін қаржыландырудың негізгі көзі федералдық бюджет, оның кадрлары «Кредитани – тольт фюр Видерауфбау», «Дойче аусглейхс банк» және «Берлинер Индустрибанк» сияқты арнайы үш банк арқылы бөлінеді. Шағын және орта фирмаларға несиелер тікелей емес, ақшаның дер кезінде қайтарылуына кепілдік беретін олардың өздерінің банктері негізінде іс жүзінде асырылады. Сонымен қатар, шағын және орта фирмалар федералды және жергілікті үкіметтің кепілдіктерін де пайдалана алады.

Жаңа жұмыс орындарын ашу мен экономиканың аймақтық құрлымын жақсартуға ынталандыратын арнайы несиелерді жергілікті үкіметтер береді.

Инновациялық салаға көмек. Бұл мақсатқа федералды үкімет 1990 жылдың басында бір жыл ішінде 750 млн. маркаға дейінгі мөлшерде қаржы бөліп отырды. Бұл көмектің ұйымдық нысандары әралуан: индустриялды және ғылыми парктер, жұмыс бабына қарай бөлмелер бере алатын, ақпараттық банктерге енуге, капиталдарға қатысуға рұқсат беретін мүмкіндіктері бар инновациялық орталықтар. Шағын және орта бизнес саласында инновацияны мемлекеттік қолдау олардың ғылыми мекемелерін бірлесіп жұмыс істеуіне көмектесу, қажетті ақпараттық және еңес берушілік инфрақұрылымды жасау, технологияны алуды жеңілдету, ғылыми қызметкерлерді даярлауға жәрдемдесу жұмыстары арқылы іс жүзіне асырылады.

Сонымен жоғарыда аталған шетелдік озық тәжірибелердің ұтымды жақтарын Қазақстан жағдайында пайдалану шағын кәсіпорындардың дамуы мен қызмет тиімділігіне оң ықпал етеді деп есептеуге болады.



3.2 Шағын кәсіпорындар қызметінің экономикалық тиімділігін арттыру жолдары

Қазіргі кездегі жаһандану жағдайында кез-келген мемлекеттің негізін бәсекеге қабілетті экономика мен табысты кәсіпкерлік құрайды. бұл мәселелерге Елбасының өзі ерекше назар аударып отыр. Соның нәтижиесінде айтарлықтай жақсы жетістіктерге қол жеткіздік, атап айтқанда:



  • соңғы 4-5жылдың ішінде жалпы ішкі өсімнің өсімі жылына 9-10% құрады;

  • еліміз халықаралық рейтингтік агенттіктердің инвестициялық рейтинг бойынша жоғары бағасын алды;

  • барлық макроэкономикалық көрсеткіштер бойынша қолайлы динамика байқалады;

  • кәсіпкерлік сектордың, әсіресе, шағын және орта кәсіпорындардың жоғары белсенділігі байқалады;

  • әртүрлі даму институттары құрылып, табысты қызмет етуге және жоғары нәтижеге жетуге ынталық танытып отыр;

Қазақстанда шағын кәсіпорындардың даму перспективасына және қызмет тиімділігіне оң әсер ету үшін келесі шараларды жүзеге асыру қажет:

  1. нормативтік-құқықтық актілерді қабылдау кезінде кәсіпкерлер мен мемлекеттік органдардың өзара әрекеттестігінің заңнамамен белгіленген механизмін енгізу;

  2. шағын кәсіпорындарды қолдаудың айқын және нақты жүйелерін жүзеге асыру;

  3. мемлекеттік органдардың шағын кәсіпорындар қызметіне рұқсат ету және қадағалау-бақылау функциялары арқылы әкімшілік қысым жасауын төмендету;

  4. инновациялық жобаларды енгізу мен дамытуды ынталандыру үшін ұйымдастырушылық және заңнамалық деңгейлерде жағдай жасау;

  5. шикізаттық экспортқа тәуелділікті төмендету, өңдеуші өндірістің үлесін арттыру үшін мемлекеттік инвестициялық саясатты жүзеге асыру механизмін әзірлеу.

Шағын кәсіпорындардың басты айырмашылығы өз бизнесінің масштабына байланысты әрқашан да кәсіби бухгалтерлер, заңгерлер, экономистер, техника қауіпсіздігі, еңбекті қорғау т.б. бойынша мамандар ұстай алмайды. Сонымен қатар, өндірілетін өнімнің қауіпсіздігіне қатысты қойылатын талаптар да кәсіпорындағы жұмыс істейтін адамдардың санына байланысты емес. Олар техникалық регламенттермен белгіленеді және шағын кәсіпорындар үшін де ірі кәсіпорындар үшін де бірдей. Осы тұрғыдан алған, шағын кәсіпорындарды қолдаудың мамандандырылған инфрақұрылымын құру мемлекеттің негізгі міндеттерінің бірі болып табылады.

Қазақстан Республикасының «Жеке кәсіпкерлік» туралы заңында шағын кәсіпкерлікті қолдау мен дамыту мәселесіне бір тарау (4-тарау) арналған және мұнда индустриялық аймақтар құру, шағын кәсіпкерлікті қолдау орталықтары, шағын кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың мемлекеттік, салалық және өңірлік бағдарламалары жөнінде айтылған.

Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау мыналарды:


  • шағын кәсіпкерлік субъектілерінің мемлекеттік қаржылық, статистикалық, материалдық-техникалық және ақпараттық ресурстарды, сондай-ақ ғылыми техникалық әзірлемелер мен технологияларды пайдалануы үшін жағдайлар жасауды;

  • шағын кәсіпкерлікті дамытудың мемлекеттік, салалық және өңірлік бағдарламаларын әзрлеуді;

  • шағын кәсіпкерлік субъектілерін мемлекеттік тіркеудің және таратудың оңайлатылған тәртібін белгілеуді;

  • оңтайлы салық режимін белгілеуді;

  • шағын кәсіпкерлікке кредит берудің бағдарламаларын қабылдауды;

  • шағын кәсіпкерлікті қолдау мен дамыту үшін инвестицияларды, оның ішінде шет елдік инвестицияларды тарту мен пайдалану жүйесін жасауды;

  • мемлекеттік мұқтаждықтар үшін тауарларды сатып алудың кепілдендірілген көлемін қамтамасыз етуді;

  • жұмыс істеп тұрған оқу және зерттеу орталықтарын, консалтингтік ұйымдар мен шағын кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың ақпараттық жүйелерін дамыту және жаңаларын құру жолымен кадрларды даярлауды, қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыру бойынша жүзеге асырылады.

Шағын кәсіпорындар қызметінің тиімділігін арттыруда даму институттарының да маңыздылығы жоғары. Мемлекеттік даму институттары Қазақстан Республикасында жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қалыптасуы мен экономикалық өсуін ынталандыру, сондай-ақ елдегі жалпы инновациялық және инвестициялық белсенділікті арттыру, оның ішінде жоғары технологиялық, ғылымды қажетсінетін өндірістерді, өндірістік инфрақұрылымды және өңдеуші өнеркәсіпті дамытуға жәрдемдесу, ел экономикасына ішкі және сыртқы инвестицияларды тартуға жәрдемдесу мақсатында құрылады.

Сонымен қатар кәсіпкерлік қызметті дамыту мақсатында елімізде индустриялық аймақтар құру көзделіп отыр. Индустриялық аймақтардың міндеттері:



  1. өнеркәсіп саласындағы жеке кәсіпкерлікті жедел дамытуға жәрдемдесу;

  2. жаңа өндірістер инфрақұрылымын құруға және дамытуға арналған шығындарды оңтайландыру;

  3. өндіріс тиімділігін арттыру;

  4. халықтың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету болып табылады.

Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау мен дамыту келесі жолдармен жүзеге асырылады:

  • қаржылық қолдау көрсету;

  • шағын кәсіпкерлікті қолдау орталықтарының желісін ұйымдастыру;

  • бір жылдан астам пайдаланылмаған мемлекеттік меншік объектілерін шағын кәсіпкерлік субъектілеріне сенімгерлікпен басқаруға немесе жалға беру.

Алдыңғы бөлімде айтып өткеніміздей қазіргі кезде шағын кәсіпорындардың қызмет ету жолында кездесетін басты кедергілердің бірі - қаржының жеткіліксіздігі болып табылады. Сондықтан шағын кәсіпкерлік субъектілерін қаржылық қолдау мәселесін бөліп көрсетуді дұрыс деп санаймыз. Олар:

  • мемлекеттік мұқтаждықтар үшін тауарлардың кепілдендірілген көлемін сатып алу;

  • екінші деңгейлі банктер арқылы несие беруді ұйымдастыру;

  • экономика салаларында әлеуметтік маңызы бар жобаларды ұйымдастыру және іске асыру үшін мемлекеттік гранттар бөлу;

  • арнайы инвестициялық бағдарламаларды іске асыру;

  • бюджет қаражаты есебінен қарыздар беру жолымен жүзеге асырылады.

Еліміздегі шағын кәсіпорындарды қолдауды шағын кәсіпкерлікті қолдау орталықтары нығайта түседі. Шағын кәсіпкерлікті қолдау орталықтары – оқытуды, ақпараттық қамтамасыз етуді, кеңес берушілік және маркетингтік қызметтер көрсетуді, шағын кәсіпорындар жобаларына құқықтық, экономикалық және технологиялық сараптама жасауды жүзеге асыратын заңды тұлғалар.Шағын кәсіпкерлікті қолдау орталықтарының міндеттері:

  • кәсіпкерлік ахуалды, отандық және халақаралық нарықтарды, экономиканың салалары мен секторларын талдау;

  • маркетинг және менеджмент саласында қызметтер кешенін көрсету;

  • инвестициялық және бизнес –жобаларды әзірлеу жөніндегі қызметтерді, кеңес берушілік және басқа да қызметтер көрсету;

  • шағын кәсіпкерлік субъектілерінің инновациялық белсенділігін арттыруға жәрдемдесу;

  • шағын кәсіпкерлік субъектілерінің кәсіби өсуіне жәрдемдесу;

  • ақпараттық және сараптамалық ресурстарға қолжетімділікті қамтамасыз ету;

  • семинарлар, тренингтер өткізу;

  • шағын кәсіпкерлік субъектілерінің деректер базасын қалыптастыру;

  • шағын кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ақпаратты және оны дамытудың проблемалық мәселелерін талдау мен қорыту болып табылады;

Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау мемлекеттік, салалық және өңірлік бағдарламалар негізінде жүзеге асырылады және ол шағын кәсіпкерлікті дамыту мен қолдауға бағытталған шаралар кешенін білдіреді,

Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау мен дамытудың мемлекеттік, салалық және өңірлік бағдарламалары өндірісті бәсекеге қабілетті өнімдермен қамтамасыз ету, сондай-ақ инновациялық, білім беру қызметі, қаржылық және құқықтық консалтинг саласындағы шағын кәсіпкерлік субъектілеріне қаржылық, оқу-әдістемелік көмек көрсету үшін әзірленеді.



Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау мен дамытудың мемлекеттік, салалық және өңірлік бағдарламаларына:

  • нормативтік құқықтық базаны жетілдіру жөніндегі ұсыныстар;

  • шағын кәсіпкерлік қызметінің басым түрлері;

  • шағын кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымын қалыптастыру жөніндегі шаралар;

  • шағын кәсіпкерлікті кредиттік-қаржылық және мүліктік қолдау жөніндегі шаралар;

  • жеке кәсіпкерлікке халықтың әлеуметтік қорғалмаған жіктерін тартуға бағытталған шаралар;

  • ірі өнеркәсіп ұйымдарының бизнестің бір бөлігін шағын кәсіпкерлік субъектілеріне беруін ынталандыруға, сондай-ақ олардың салалық емес жанама қызмет түрлерін сатып алуға бағытталған шаралар;

  • шағын кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі мемлекеттік саясатты насихаттау жөніндегі шаралар;

  • шағын кәсіпкерлікті қолдау, дамыту және қорғау жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асырумен байланысты басқа да шаралар кіреді.

Шағын кәсіпорындар қызметінің тиімділігін арттыруда кәсіпкерлік қолдау инфрақұрылымының маңыздылығы жоғары. Кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымы – бұл субъектілердің дамуына жәрдемдесетін, оларға кәсіпкерліктің дамуы үшін қажетті қызмет көрсететін және кәсіпкерлік ортаның тыныс – тіршілігіне орта мен жағдайды қамтамасыз ететін ұйымдар мен бірлестіктер жиынтығы. Институттардың құрылымының функционалдық бағытына байланысты инфрақұрылымдар былай айқындалады:

  1. қаржы институттары;

  2. қоғамдық ұйымдар, салалық қауымдастықтар;

  3. бизнес-инкубаторлар, индустриялық және технологиялық парктер;

  4. ақпараттық-талдамалық, маркетингтік, консалтингтік, оқыту орталықтары;

  5. халықаралық институттар.

Сонымен, еліміздегі шағын кәсіпорындардың даму перспективалары мен тиімділігін арттыру мәселелері жөнінде айта келіп, біздің зерттеу жүргізген және шаруашылық қызметіне жан-жақты талдау жасалған «Алмака» ЖШС қызметінің тиімділігін арттыру бойынша келесідей жағдайларды айтып өтуге болады.

  1. Талдау мәліметтері көрсеткендей, «Алмака» ЖШС өзінің шағын кәсіпорын ретіндегі артықшылығымен қатар бірқатар кешіліктері де бар. Бұл бағытта ең алдымен кәсіпорында өндірілетін өнім сапасын және ұқсас тауарлармен салыстырғанда айқын бәсеке қабілеттілігін қалыптастыру мен арттыру бойынша жұмыстар жасалуы тиіс. Ол үшін өнім өндіру үшін пайдаланатын шикізаттардың жоғары сапасын ұтымды бағаға табу мүмкіншілігін қарастыру және өндіріске жаңа техникалар мен технологияларды енгізу жұмыстары жүргізілгені дұрыс;

  2. Кәсіпорынның қаржылық жағдайына жасалған талдаудан байқағанымыздай, қаржы ресурстарына деген қажеттілігі өте жоғары. Бұл мақсатта несие алғандығын да айтқан болатынбыз. Бірақ, қазіргі таңда несиенің пайыздық ставкасының жоғары болуы кәсіпорын қызметінің тиімділігіне кері әсер етеді. Сондықтан несие алу бұл ең ұтымды нұсқа емес. Кәсіпорынға алдағы уақытта даму институттарынан, әртүрлі халықаралық ұйымдардан бөлінетін қаражаттарды жеңіп алу үшін ашық байқауларға қатысу, ең болмағанда төмен пайызды несие алу жолдарын қарастыру қажет;

  3. Кәсіпорынның қаржылық қиындықтары жоғары болған жағдайда жаңа техникалар мен технологиялар сатып алу және өндіріске енгізу қиын болады. Сондықтан, еліміздегі лизингтік қатынастардың даму жағдайына сараптама жасай отырып, құрал-жабдықтарды лизингке алу анағұрлым тиімді болады;

  4. Нарықтағы қалыптасқан жағдайды зерттей отырып, өндірілетін өнім ассортименттерін кеңейту, жаңа өнім түрлерін шығару және өткізу нарықтарын ұлғайту керек. Мәселен, 2004 жылы өндіріске жаңа өнім түрін (түшпара) енгізу арқылы өндіріс көлемін 10,3%, өнімді өткізуден түскен табыс 11,3 % артқан.

  5. «Алмака» ЖШС-нің негізгі кешіліктерінің бірі қызметкерлерінің біліктілігін арттыру мәселесіне көңіл бөлмеуі. Біздің ойымызша, персоналды басқару, мамандардың біліктілігін арттыру белгілі – бір дәрежеде кәсіпорын қызметінің тиімділігіне ықпал ете алады. Сол себепті, бұл бағытта қызметкерлердің біліктілігін арттыру жоспары жасалып, нақты іс-шаралар жүзеге асырылуы тиіс.

Сонымен шағын кәсіпорындар қызметінің экономикалық тиімділігін талдау және арттыру жөнінде жасалған ұсыныстар кәсіпорынның нарықтағы өз ұстанымын нығайту, бәсеке қабілеттілігін арттыру және жоғары нәтижелерге жетуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар шағын кәсіпорындар қызметінің табысты болуы еліміздің экономикалық даму деңгейіне ғана емес халықтың әлеуметтік жағдайына да оң ықпал етеді.
Каталог: wp-content -> uploads -> 2013
2013 -> 5 1 Құқықтық норманың түсінігі, мазмұны, құндылығы мен негізгі сипаттары
2013 -> Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңесінің
2013 -> Кіріспе Жұмыстың тақырыбана жалпы сипаттама
2013 -> 1 «Алаш» партиясының құрылуы
2013 -> Шымкент институты
2013 -> Информационные материалы
2013 -> 2012 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарының іске асырылуы туралы оперативтік есепке талдамалық жазбахат


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.dereksiz.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет