1. топтарды қҰРУ



Pdf көрінісі
бет1/10
Дата19.01.2024
өлшемі1.03 Mb.
#489435
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
24Лессон стади



~ 1 ~ 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


~ 3 ~ 
 
 
 
 
1.ТОПТАРДЫ ҚҰРУ 
Топтарды (командаларды) құру – жауапкершілікті талап 
ететін кезең, себебі сіздің мектебіңізде сабақты зерттеу 
үдерісінің тиімді, əрі ұзақ болуы осы кезеңге байланысты. 
Сабақты зерттеу бойынша топ, əдетте, өздерінің оқытулары 
мен оқушыларының оқуын жақсарту үшін ынтымақтастыққа 
жұмыс істеуді көздейтін бірнеше мұғалімдерден құралады.
Əр түрлі көзқарастың болуын қамтамасыз ету үшін топта 3-6 
мұғалім болуы керек. Құрамы алты қатысушыдан асатын топтар 
кездесулерді жоспарлаған кезде қиындықтарға тап болуы мүмкін.
Командалар құрамы мұғалімдер мен əкімшіліктің тілегі 
жəне сабақты зерттеу фокусына байланысты анықталуы тиіс. 
Əдетте бір пəн бойынша сабақ беретін қатысушылар бір-бірін 
жақсы түсінеді. Дегенмен бірнеше пəн мұғалімдер оқушылары 
үшін ортақ тəжірибе құруды (мысалы, бастауыш сыныптан кейін 
бірінші жылы сынып болып қалыптасу) немесе өздерінің 
сыныптарында ортақ оқу мақсатына жетуді көздеген кезде 
пəнаралық топтарды да құруға болады. Айталық, оқу 
жылына\тоқсанға жасалған талдау нəтижесінде қандай да бір 
сынып барлық параметрлер (оқу тəрбиелік) бойынша үлгермей 
жатқаны анықталды делік. Егер де осы сыныпта жұмыс істейтін 
мұғалімдер бір топқа біріксе, олардың күш-жігері міндетті түрде 
нəтиже береді. 
Мектеп басшысы үшін топтарды құрған кезде еріктілік 
қағидасын қолдану қолайлы болып табылады, себебі оның 
нəтижесінде бөлінген көшбасшылық жүзеге асады. Осылайша 
топ мүшелерін жəне зерттеу сұрағын таңдау туралы шешімді топ 
мүшелерінің өздері қабылдайды. Басшының міндеті – осы 
қадамдар орын алатын іс-шараны ұйымдастыру. Егер де басшы 
авторитарлы тəсілмен жүріп, топтарды жəне зерттеу сұрақтарын 
тағайындап, осыған қатысты бұйрық шығаратын болса, сəтсіздік 
орын алған жағдайда мұғалімдер барлығы əкімшілікті 
кінəлайтын 
болады. 
Ал 
еріктілік 
жағдайында 
олар 
жауапкершілікті өздерінің мойындарына алады. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©www.dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет