10 кредит Информатика және дизайн кафедрасының аға оқытушысы Жумадилова Гульмира Байзаковна



бет1/34
Дата03.03.2024
өлшемі4.21 Mb.
#494099
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34
Қазақ тілі

10 кредит Информатика және дизайн кафедрасының аға оқытушысы Жумадилова Гульмира Байзаковна

Пәнді оқытудың мақсаты: қазақ тілін қатысымдық тұрғыда меңгерту, оқушыны өз ойын айқын, түсінікті жеткізуге үйрету; тілдік қабілеті дамыған дара тұлғаның дамуына мүмкіндік жасау.

Пәнді оқытудың міндеттері: студенттердің сөйлесім әрекетінің түрлерін әлеуметтік ортада қолдана білуге үйрету;

  • студенттердің тілдік дағдысы мен ойлау қабілетін дамыту;
  • қарым-қатынас әдебінің нормаларын меңгерту;
  • күнделікті өмір жағдаяттарында қазақ тілін орынды қолдана білуге дағдыландыру;
  • студенттерді қазақ халқының мәдениетімен, әдебиетімен, ұлттық салт-дәстүрімен таныстырып, мәдени ортада пайдалануға баулу;
  • студенттердің шығармашылық қабілетін дамытып, іскерлік дағдыларын жетілдіру;
  • студенттердің қазақ тіліне қызығушылығын дамыту, қазақ еліне, мемлекеттік тілге деген құрмет сезімін тәрбиелеу.

Апта

Тақырып

Тақырып мазмұны
  •  

Жеке тұлға

Жеке тұлғаның қоғамдағы орны. Азаматтығы, ұлты, білімі, оқу орны туралы мәлімет. "Мен Қазақстан азаматымын" тақырыбына монолог құрастыру.

2. 

Отбасы және дәстүр

Отбасы мүшелерінің өзара қарым-қатынасы, отбасы берекесі, отбасындағы салт-дәстүрлер, туыстық атаулар туралы ақпарат.

3. 

Мамандықтың бәрі жақсы

Оқу орны, мамандық таңдау, таңдаған мамандығының өз бейімділігі мен қабілетіне сәйкес келуі туралы ақпарат.
"Мен таңдаған мамандық" (ойталқы)

4. 

Қоғам және жастар

Жастардың қоғамдағы орны, іс-әрекеті. Қоғамның дамуына жастардың қосып жатқан үлесі туралы мәлімет. Қоғамдық орындардағы этика (пікірсайыс)

5. 

Бірінші байлық – денсаулық

Денсаулық сақтау, спорттың денсаулыққа пайдасы, дұрыс тамақтанудың денсаулық үшін маңыздылығы. Ұлттық сусынның пайдасы. Ұлттық сусын – қымыз. Қымыздың пайдасы туралы бейнебаян материалдарымен жұмыс.

6. 

Адам және экология

Табиғи таза өнімдер және оған сұраныс, табиғи өнімнің сапасы, таза өнімнің денсаулыққа пайдасы. Сапалы тағам – саламаттық өмір салтының бастауы

7. 

Саяхат және туризм

Туған жерге саяхаттау; туған өлке, оның байлығы, табиғат көріністері; еліміздің туризм саласы. "Қандай көркем –туған өлкем" тақырыбына эссе жазу.

8. 

Адам және табиғат

Табиғат құбылыстарының адам өміріне әсері. Күрт құбылмалы ауа райы туралы мәлімет. Табиғат құбылыстарынан келетін қиындықтар. (сауалнама дайындау)

9. 

Адам және уақыт

Уақыттың құндылығы, оны басқара білу. Уақытты тиімді пайдалану және оны үнемдеу тәсілдері туралы ақпарат.
Уақытыңды бағалай білесің бе? (ойталқы)

10. 

Мәдениет және өнер

Қазақтың тұңғыш драма театры мен киносы. Алғашқы кино және пьесалар. Қазақтың танымал өнер қайраткерлері. Өзіне ұнайтын туынды жайлы әңгімелеу, театрға саяхат. Өнер көкке жеткізер (жобалық жұмыс)

11. 

Мінез және келбет

Адамның жан дүниесі және сыртқы келбеті, олардың үйлесімділігі туралы мәлімет. Киіміне қарай қарсы ал, мінезіне қарап шығарып сал. (ойталқы)

12. 

Сән мен талғам

Киім үлгілері пішіндерінің алмасуы, стиль ерекшеліктері. Қазіргі заманғы киім үлгісі. Қазақстаннның қазіргі сәнгерлерінің киім үлгілері. Тренд қандай? Сән үрдістері мен тенденциялары (жобалық жұмыс)

13. 

Әдебиет және өнер

Қазақ халқының рухани, мәдени мұрасы, оның ерекшеліктері. Проза және поэзия жанры туралы мәлімет. Танымдық, ақпараттық мазмұндағы мәтіндерді бағалау және қорытындылау. Менің сүйікті жанрым (әңгімелеу)

14. 

Менің Отаным

Отан, туған жер ұғымы. Отанға деген сүйіспеншілік, елді, жерді құрметтеу, еліміздің рәміздерін қастерлеу жайлы ақпарат. Бай өлке (өлке жетістігі жайлы статистика)

15. 

Тұрғын үй және сәулет

Сәулет, қала құрылысы және тұрғын үй. Көппәтерлі тұрғын үйлердің сырт келбеті.Қазіргі заманауи үйлер, олардың ерекшеліктері туралы ақпарат.
Еліміздегі көрнекті сәулет туындылары (жобалық жұмыс)


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34




©www.dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет