15 сәуір. Махаббат туралы көркем ойлар Махаббат туралы қалам тербемеген ақын-жазушы жоқ шығар. Әркім бір-біріне ұқсамайтын әдемі ойлар айтады. Олай болса, сол кісілердің сөздеріне құлақ түріп көрелік



Дата24.02.2016
өлшемі360.5 Kb.
#14777
15 сәуір. Махаббат туралы көркем ойлар

Махаббат туралы қалам тербемеген ақын-жазушы жоқ шығар. Әркім бір-біріне ұқсамайтын әдемі ойлар айтады. Олай болса, сол кісілердің сөздеріне құлақ түріп көрелік.

♥ Ғашықтың тілі - тілсіз тіл,
   Көзбен көр де, ішпен біл. Абай

♥ Махаббатта бір-ақ формула бар, ол – тұрақтылық. Ә. Нұршайықов

♥ Менің дінім - махаббат. О. Сүлейменов

♥ Махаббат жоқ жерде болашақ та жоқ. І. Есенберлин

♥ Сайып келгенде әр адам – өз махаббатының бағбаны. Солып қалмауы үшін қай гүлге қашан су құю керектігін бұлжытпай білетін бағбан тәрізді адам өз махаббатының үнемі жайқалып тұруына тынбастан жағдай жасап тұруы тиіс. Ә. Нұршайықов

♥ Қайырымды, асқақ, күшті және жүрекке жылы нәрсе атаулының бәрін махаббат тудырады. Ф.Э.Дзержинский

♥ Сүйікті болу – бай болудан артық, өйткені сүйікті болу – бақытты болу деген сөз. К. Тилье

♥ Достық пен махаббат – екі ұлы сезім адамды мүлде өзгертіп жібереді. Жан Поль

♥ Адам аң да емес, періште де емес: айуанша да, қиялдап та емес, адамша сүюге тиіс. В.Г. Белинский

♥ Адамның ақылы жеткен асқан парасаттылық – әйелді сүйе біліп, оның жан сұлулығына табыну. Жер бетіндегі сұлулық атаулының бәрі әйелге деген сүйіспеншіліктен туған. М. Горький

♥ Махаббат дегеніміз – қажеттілік пен сезімнің ұласуы. О. Бальзак

♥ Жек көрудегі сияқты, махаббатта да азап, рақат, қуаныш, қайғы, қорқақтық пен батылдық, тіпті, ыза мен өшпенділік секілді әр алуан сезімдер ұштасып жатады. К. Д. Ушинский



♥ Адам қалауының үш қайнары бар, олар: жан, сана және тән. Жан қалауынан достық, сана қалауынан сыйлау, тән қалауынан құмарлық туады. Осы үшеуінің қосылуынан махаббат пайда болады. («Шабдал бұтақтары» кітабынан)

♥ Біз біреуге сүйікті болу жолында күресеміз, оның себебі өзімізді сүюдің тағы бір себепкерін табу. Дени Дидро

♥ Өзін-өзі ұстай білу, өзін-өзі тәртіпке сала білу – құлдық емес, олар махаббатқа да қажет. В.И. Ленин

♥ Махаббат құдіреті – жер жүзіндегі күллі ізгілік, тазалық, риясыздық атаулының қайнар көзі. Ж. Сталь

♥ Махаббат – адам жанын бағындыру үшін керек бірден-бір құрал. К. Д. Ушинский

♥ Махаббатта да майдандағыдай әркімнің өз тағдыры бар. Т. Драйзер

♥ Азап пен мехнатты адал махаббат жеңеді. Ф. Шиллер

♥ Махаббат жалғыз да, ал оның жалған түрі мыңдап саналады. Ф. Ларошфуко

♥ Махаббаттың құдіреттілігі соншалық, ол біздің өмірімізді де қайта жасай алады. Ф. М. Достоевский

♥ Махаббатқа жетпейді өлең-жырдың өресі,

   Махаббаттың өзі ғой өлеңдердің төресі. А. С. Пушкин



♥ Махаббат атаулының қай-қайсысы да баста емес, жүректе болғанда ғана – ақиқат әрі тамаша. В.Г. Белинский

♥ Жүректің өз заңдары бар, бірақ, олар толық жүйелі кодекс құрастыра қоятындай заңдар емес. В.Г. Белинский

♥ Өлім үрейінен сүйіспеншілік күштірек. У. Шекспир

♥ Жек көре білмеген сүйе де білмейді. М. Горький

♥ Қорқақ махаббатқа қабілетсіз, махаббат – ер жүректің үрдісі. М. Ганди



♥ Махаббатта қорқыныш жоқ, толысқан махаббат үшін қорқыныш түк емес. А.А. Блок

♥ Ешқашан достық та, махаббат та іздемеген адам сол екеуін де жоғалтқан адамнан гөрі мың есе сорлы. Жан Поль
Каталог: images -> stories -> kazfil -> vinegret
vinegret -> «Махаббат – қысқа ертегі» немесе махаббат тек бір жарымнан үш жылға дейін созылады
vinegret -> Жауап та күттіріп жатпады
vinegret -> Сіз бір кезек қолыңызға қалам алып, сүйіктіңізге хат жазу туралы ойлап көрдіңіз бе? Әлде бүгінгі әлеуметтік желілер қарқын алған заманда бұлай жасау әбестік деп ойлайсыз ба? Мүмкін, расымен де, бұл туралы ойланып көрмеген шығарсыз
vinegret -> Ерлердің білдіретін көп ишаратының бірі «Бесті әкел!» («Дай пять!») деп аталады. Бұл әрекет жас, статус, жыныс талғамайды, тіпті көшедегі бұзақылар мен ірі компанияның директорлары да «бесті әкел!» деп жатса, таңғалмаймыз
vinegret -> 15 сәуір Ғашықтар күні қарсаңында махаббат хикаясының тілге тиегі әйгілі жазушы Әзілхан Нұршайықов пен оның сүйікті жары Халима Өзақанова жайлы болмақ. «Махаббат, қызық мол жылдар» романы
vinegret -> «Қозы көрпеш пен Баян сұлу» «әулие Валентинге» төтеп бере ала ма?
vinegret -> Махаббат ұлтқа бөлінбейді. Ол ешқандай шекарамен өлшенбейді. Сол себепті, әлемдегі көптеген елде аралас некеге рұқсат етілген. Бүгін біз сіздерге әр мемлекеттегі қыз бен жігіттің махаббаты
vinegret -> Өз кейіпкеріне ұқсайтын әртістер
vinegret -> Мәмбет келеке ететін есім емес! Қазақты жамандама қазақ бала!


Достарыңызбен бөлісу:




©www.dereksiz.org 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет