2 ДӘріс дәрісті тыңдап, жазуға әдістемелік нұсқаулар



бет1/22
Дата26.03.2023
өлшемі387 Kb.
#471117
түріНұсқаулар
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22
карым катынас психологиясы


2 ДӘРІС
Дәрісті тыңдап, жазуға әдістемелік нұсқаулар
Мақсаты: курс бойынша тиісті теориялық біліммен қаруландыру.
Міндеттері:
- әр тақырыпты меңгерту мақсатымен жүйелі білім беру;
- әр тақырып бойынша негізгі түсініктермен таныстыру және меңгерту;
- пәнге қызығушылығын тудыру және ары қарай өздігінен жұмыс істей білуге үйрету;
- курс бойынша тиісті білімді меңгеру үшін қажетті жағдайлармен қамтамасыз ету.
Жоғары оқу орындарында оқытуды ұйымдастырудың негізгі формаларының бірі – дәріс болып табылады. Ол студенттерге олар үшін күрделі және жаңа ақпараттарды беруге тиімді. Дәріс пәнге қызығушылық тудырады, алынған білімді практикалық міндеттерді шешуде қолдануға көмектеседі, тақырыптың және қарастырылып отырған материалдың теориялық жақтарын ашып көрсетеді.
Сіздің курс бойынша жан-жақты білім алуыңыз дәріс сабақтарын толық тыңдауыңызға байланысты екенін еш ұмытпаңыз. Сондықтан бағдарлама мазмұнында берілген дәріс сабақтарын алдын-ала қарастырып жүріңіз. Сіздің білімініңізің деңгейі тек өзіңіздің жауапкершілігіңіз және өздігіңізден жұмыс жасау қабілетіңізге тікелей байланысты болады.
Дәріс сабағын тыңдау және жазуға даярлық: сабаққа кешікпеңіз; дәріс дәптеріңіз және қаламыңызды ұмытпаңыз; дәріс барысында мәтінді қалмай жазып отыруға талпыныңыз, ол тәжірибелік сабақтарға, өздік жұмыстарға даярлануда негіз болады.


Дәріс сабақтарының тақырыптары және қысқаша мазмұны

Модуль 1. Байланыс және тұлғааралық қарым-қатынастың теориялық негіздері. Тұлға аралық қатынас педагогикалық – психологиялық проблема ретінде


Жоспар:
Қарым – қатынас, қатынас түсінігін анықтау . Қарым – қатынас түрлері және мазмұны. Қарым – қатынас процесіндегі әсер ету механизмдері. Қарым – қатынас стилі. Қарым – қатынастың психологиялық және педагогикалық аспектілері.
1. Қарым – қатынас, қатынас түсінігін анықтау. Қарым – қатынас мазмұны.
Қазіргі кезде Қазақстан Республикасының қоғам өмірі саласында жүріп жатқан демократиялық өзгерістерге байланысты белгілі бір әлеуметтік жағдайларды ескере отырып, жеке тұлғаны қалыптастыруды көздеген білім беру жүйесіне қойылған талаптар арта түсуде. Соңғы жылдары қабылданған мәні зор құжаттар бар. Бұл құжаттарда жас жеткіншектрге қарым- қатынас арқылы шәкірттердің бойына ізгілік, адамгершілік, зиялылық қасиеттерді қалыптастыру мәселесі негізінде еңбек ету делінген. Қарым- қатынас мәселесі ересек адамға ғана тән қасиет емес, ол жасөспірімдер мен ұстаздар арасындағы өзара қарым- қатынас жасау мәселесі педагогика және психология ғылымында тәлім- тәрбие ісіндегі әрі маңызды, әрі күрделі мәселелердің қатарына жатады.
Қарым-қатынас мәселесін қарастырған ғалымдар С.М. Елеусізова, Қ.Ж. Қарақұлов, С.И. Қалиева, Д.Ж. Намазбаева, В.К. Шабальников, Н.Д. Хмель т.б. Олар ересектер мен оқушылардың қарым- қатынасын, олардың психикасының жан- жақты дамып, қалыптасуында үлкен маңызы бар фактор екендігі анықтаған. Ұстаз бен оқушылардың қарым- қатынасы оқу – тәрбие үрдісінде ұйымдастыру жөнінде көптеген маңызды зерттеулер бар.
Ресей ғалымдары: В.А.Кан-Калик, А.В.Мудрик, А.В.Запорожец, М.И. Лисина, А.В. Петровский т.б. қарастырған. Сонымен қатар қарым- қатынас мәселесімен бірге отбасы ішілік қарым- қатынастар ерекшеліктерін А.И.Захаров, А.С.Спиваковская, А.Я.Варга, Э.Г. Эйдемиллер, Ю.Гипнрейтер, М.Буянов, З.Матейчек, Г.Холкентаускас, А. Фромм, Р.Снайдер және басқалар зерттеген. Балалар мен ата- аналар арасындағы қарым- қатынастарды зерттеуге А.С. Макаренко көп үлес қосты. «Ата- аналарға» деген кітабында Макаренко отбасының алғашқы ұжым екенін көрсетеді, мұндағылардың барлығы толық құқықты мүшелер болып келген, олардың әрқайсысының өзіндік жұмыстары бар, оларға баланың да кіретінін көрсеткен. Э.Арутунянның еңбектері де қызықтырады, мұнда тәрбие мен бала ата-аналар арасындағы қарым-қатынастар отбасының құрылымның талдауымен байланыстырады. Ол отбасының түрлерін бөліп көрсетті: дәстүрлік, ерлі-зайыптылық және достық. А.Е.Личко отбасы ішілік қатынастардың мәселелерін зерттей келе, отбасындағы жайсыз жағдайларды бөліп көрсетті (бақылаусыздық, отбасында «кумирдің» пайда болуы және т.б. жағдайлар). Жалпы балалар мен ата – аналар арасындағы қарым- қатынастар бала жеке басының дамуына әсер ететіндігін көптеген ғалымдар зерттеп, оны жан-жақты қарастырады. Бұл мәселе оқушылар мен ересектер арасындағы өзара қарым- қатынас психологиясына теориялық және практикалық тұрғыда зерттелінген жұмыстар өте көп. Олардың әрқайсысы іс- әрекет барысында тиімді әрі жүйелі түрде қолданылуда.
2. Қарым – қатынас процесіндегі әсер ету механизмдері. Қарым – қатынас стилі. Қарым – қатынастың психологиялық және педагогикалық аспектілері.
Адам қоғамда өзiн қоршаған адамдар тобында өмiр сүредi және дамиды, оның талаптарына сәйкес өз ойлары мен мiнез-құлқын өзгертедi, топтың басқа мүшелерiмен өзара әрекеттесу арқылы әртүрлi байланысты сезiнедi.
Қарым-қатынас психологиясы мынандай құбылыстарды зерттейдi; адамдардың бiр-бiрiн қабылдауы және түсiнуi, елiктеу, сендiру және нандыру, ұйымшылдық немесе жанжалдық, бiрiккен iс-әрекет және тұлғааралық қатынастар. Осы психологиялық құбылыстың әр түрлiлiгiнде, олардың пайда болуының негiзгi қайнар көзi болып адамдар арасындағы қарым-қатынас аймағы болып табылады. Егер қарым-қатынас болмаса, бiздiң рухани, материалды даму деңгейiмiздiң қандай дәрежеге көтерiлгенiн бiлмес едiк. Бiздiң әрқайсымыз өзiмiздiң негiзгi қырларымызды жеке қарым-қатынас тәжiрбиелерiмiз арқылы жанұядағы, мектептегi, жұмыстағы, көшедегi тiкелей қатынастар арқылы игеремiз.
Қарым-қатынас тарихи алғашқы форма болып табылады оның негiзiнде өркениет дамуының кейiнгi кезеңдерiнде қарым-қатынастың басқа түрлерi пайда болды. Мысалы; жазбаша қарм-қатынас жазбашалықтың құралуынан кейiн ғана пайда бола бастады. Бiздiң әрқайсымыз адамдар арасында өмiр сүрiп және жұмыс iстегендiктен кез-келген жағдайда өз тiлектерiмiзге тәуелсiз түрде адамдармен қарым-қатынасқа түсемiз. Егер бiз өз өмiрiмiздi бақыласақ онда мынаны байқаймыз: басқа адамдармен өзара әрекеттесiп оларды қабылдаймыз және бағалаймыз; жиi түрлi естiгендерiмiздi қызығушылықпен қабылдаймыз; таныстарымызбен немесе кездейсоқ адамдармен өмiрлiк тәжiрбиелерiмiзбен алмасамыз; басқа адамдардың әсерiн сезiнiп оларға елiктеп өз мiнез-құлқымызды өзгертемiз; шешiм қабылдағанда көп жағдайда қасыңдағы адамдардың пiкiрiн есепке аламыз.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©www.dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет