2 хирургиялық аурулар, урология кафедрасы Е. М. Тұргынов, А. Б. Баширов, А. М. Балықбаева, Д. К. Калиева Хирургиялық стационарда ауру тарихын құрастырып толтыру туралы



бет1/3
Дата11.07.2016
өлшемі241.5 Kb.
#190789
  1   2   3


Қазақстан мемлекеттік денсаулықсақтау министірлігі

Карағанды мемлекеттік медицина университеті

2 хирургиялық аурулар, урология кафедрасы



Е.М. Тұргынов, А.Б. Баширов, А.М. Балықбаева, Д.К. Калиева Хирургиялық стационарда ауру тарихын құрастырып толтыру туралы

әдістемелік нұсқаулар

Карағанды, 2009
ӘОЖ 6 17-08 9

КБЖ 54.5 я 7

Х 48

Рецензенттер:



1. Цой О.Г. АҚ «Астана Медициналық Университеті»№2 хирургиялық аурулар кафедрасының, медицина ғылымдарының докторы, профессорі;

2. Цхай Б.В., ММКК «Облыстық клиникалық ауруханасы» директордын хирургия бойынша орыңбасары, медицина ғылымдарының докторы;

3. К.Т. Шакеев, ҚММУ ДОФ және ҮКЖ хирургия және онкология кафедрасының доценті, медицина ғылымдарының кандидаты

Х 48 Тұрғынов Е.М., Баширов А.Б., Балықбаева А.М., Калиева Д.К. «Хирургиялық стационарда ауру тарихын құрастырып толтыру туралы әдістемелік нұсқаулар» (Оқу-әдістемелік қурал) - Карағанды 2009 г. – 50б

Хирургиялық стационарда ауру тарихын қурастырып толтыру туралы әдістемелік кұсқауларда сабақ өту кезінде жазылатын ауру тарихының сызбасы келтірілген, ол науқастарды белгілі бір жоспар бойынша дәйекті зерттеуге, клиникалық диагнозды дұрыс қурастыруға және оны негіздеуге, емдеу әдістерін таңдап алуға және оны негіздеуге көмектеседі.

Әдістемелік нұсқаулар соңында негізгі лабораториялық көрсеткіштердің қалыптағы сандары, наукастармен санитарлық-азарту жүмысын жүргізу үшін дәрістер тақырыптары және мамандық бойынша өтетін практика кезінде үйренуге тиісті тәжрибелік дағдылардың тізімі келтірілген.

Әдістемелік нұсқаулар хирургиялық аурулар пәнін оқитын студенттерге арналған.

Әдістемелік нұсқаулар проф. С.В.Лохвицкий және доцент Я.М. Литвак құрастырған «Хирургиялық ауруларды зерттеу ерекшеліктері және ауру тарихын құрастырып толтыру туралы әдістемелік нұсқаулар» негізінде құрастырылды.

© Тұргынов Е.М, Баширов А.Б., Балықбаева А.М., Калиева Д.К, 2009 г.

Мазмұны

Қысқартулардың тізімі.....................................................................................4

Кіріспе ..............................................................................................................5

Айдарлық беттің үлгісі.....................................................................................8

Паспорттық бөлігі............................................................................................10

Науқастың шағымы..........................................................................................10

Аурудың даму тарихы........................................................ .............................11

Өмір тарихы.......................................................................................................11

Науқастың қазіргі жағдайы..............................................................................12

1-кезендегі сурыптау диагнозы........................................................................22

Алғашқы диагноз және оны негіздеу..............................................................23

Зерттеу жоспары................................................................................................23

Қосымша зерттеу (арнаулы) әдіс терінің нәтижелері....................................23

2-кезеңдегі сүрыптау диагнозы.......................................................................24

Клиникалық дигноз және оны негіздеу..........................................................24

Аурудың этиологиясы, патогенезі және патологиялың анатомиясы........................................................................................................24

Емдеу .................................................................................................................24

Күнделік.............................................................................................................26

Науқасты динамикалық бақылау беті.............................................................26

Науқасты шығару немесе кезеңдік эпикризі..................................................26

Әдебиет..............................................................................................................27

Ауру тарихын бағалау ережесі.........................................................................28

Лабораториялық көрсеткіштердің қалыптағы деңгейі..................................29

Санитарлық ағарту жұмысын жүргізуге арналған дәріс тақырыптары.......36

Тәжрибелік дағдылардың тізімі.......................................................................37

Тесттік тапсырмалар..........................................................................................39

Жауаптар үлгісі..................................................................................................47

Әдебиет............................................................................................................... 48


Қысқартулардың тізімі:

АКТГ – адренокортикотроптік гормон

АЛТ (АлАТ) – аланинаминотрансфераза

АСТ (АсАТ) – аспартатаминотрансфераза

АИВ – адамның иммунодефициттің вирусы

ГГТП – гамма–глютамилтрансфераза

ЖТҚСҚ – жалпы темірқосатын қаң сарысуының қабілеті

МСЭК – медико–санитарлық эксперттік комиссиясы

ПТИ – протромбинді индекс

УДЗ – ультродыбысы зерттеу

ТТГ – тиреотроптік гормон

Кіріспе

Студенттер «Хирургиялық аурулар» пәні бойынша бірінші рет жеке аурулар түрлерін оқуға кіріседі. Сондықтан аса маңызды міндет-хирургияны оқудың басынан бастап ауруларды клиникалық талқылауды бұлжымас ретпен және бірулгі бойынша жүрізуды игеру, өйткі оның үлкен білімділік және тәрбиелік маңызы бар. Науқастарды белгілі бір жоспармен дәйекті тексеру, оларды клиникалық талқылау, ауру тарихин дұрыс жазу дәрігерлік клиникалық ойлануды қалыптастырудың аса нәтижелі тәсілдері.

Мақсат – пропедевтикалық кафедраларда науқастарды зерттеуді оқып білу және ауру тарихын қурастыру негізінде хирургиялық ауруларды зерттеу ерекшеліктерін айқындау, студенттерді хирургиялық аурулар саласында аурулардың шағымдарының даму тарихының, клиникалық зерттеу, клиникалық ойлану ерекшеліктерін үйрету. Сұрыптау диагностикасын жүргізу негізінде клиникалық диагнозды дұрыс және ауқымды қылып құру, операциялық емге дәлел және қайшы көрсеткіштерді анықтау, тиімді хирургиялық ем тәсілін таңдау.

Науқасты зерттегенде және диагноз қойғанда студент жалпы хирургия, іш ауруларының пропедевтикасы және т.б курстардан алған білімдері мен дағдыларын толық қолданады. Ол өз бетімен дайындалғанда курацияға алған науқастың ауруының симптоматологиясын диагностикасын оқиды, ал келесі күні керекті симптомдарды анықтап диагнозды тұжырымдайды.

Жалпы клиникалық зерттеу әдістері негізгі болып есептеледі, дегенмен, хирургиялық ауруларда кейбір ерекшеліктері бар. Сонымен, операция жасып емдеу науқастың өміріне белсенді кірісумен байланысты, ол көңіл күйінің және жүйке жүйесінің бұзылуына жиі себеп болады. Анамнез жинаған кезде және зерттеу кезінде жауап бұлыңғыр, дәл болмауы мүмкін, олар диагностиканың қате болуына әкеліп соғады. Хирургиялық патологиясы бар науқастардың зардап шегуі әсіресе аурудың жедел түрі болғанда басқа ауруларға қарағанда өте айқын болады. Жедел ауруы бар науқастарда анамнез жинау және объективті зерттеу жағдайының салмақтылығына байланысты қиындау. Ал бұл аурулар диагнозды жылдам қойып тез арада медициналық көмек көрсетуді қажет етеді. Сондықтан негізгі шағымдарды және анамнезді жинау, ауруды болатын патологиялық өзгерістерді зерттеуге басты көңіл аудару керек. Сонымен қатар басқа органдар мен жүйелердің жағдайын анықтау керек өйткені олардың қызметі патологиялық өзгерісі бар ордандармен тығыз байланысты болады да диагностика мен емдеу шараларымен жүргізуге үлкен маңызы бар.

Зерттеудің барлық кезеңдерінде деонтология ережелерін қатаң сақтау керек. Коммуникациялық дағдыларды игеру пациенттің көңіл күйін есепке алу, пациентпен жақындасу, пациенттің сеніміне кіру– диагностика мен ем қолдануда ең маңызды факторлар болады.

Дәрігерлік құрудың, оның ішінде хирургияның негізінде дұрыс диагноз қою жатады. Ол симптомдар мен олардың өзгеруін білуді қажет етеді. Сондықтан зерттеу ретпен жүйелі болу керек. Лабораториялық, рентгенологиялық, инструментальдық зерттеулер диагностикаға өте маңызды, олар анамнез жинағанда және клиникалық зерттеген кезде дұрыс бағаланған мәліметтерді толықтырып және дәлелдеп отырулары керек.

Ауру тарихы аурудың дамуын және жүргізіліп жатқан емдерді айғақтайтын негізгі құжат, оның емдік, ғылыми және заңдық маңызы бар. Науқасты зерттеп оған ауру тарихын толтырғанда дәрігерде клиникалық ойлану үдерісі пайда бола бастайды және игеріледі, ретпен зерттеу, алған нәтижелерді сараптау және тұжырымдау, науқастағы аурудың ерекшелігі айқындалады. Дәрігер зерттеу кезінде алынған фактілерге сүйене отырып негізгі аурудың диагнозын қояды, оның асқынуларыын және қосымша ауруларды анықтайды, тиісті ем тағайындайды.

Ауру тарихы науқасты әрі қарай емдеуде диспансерлік бақылауда, еңбекке жарамдылығын анықтауда өте маңызды.

Анамнез жинау дәрігердің үлкен творчестволық жұмысы болып есептеледі. Мұнда дәрігер мен науқас бірімен бірі танысады, екеуі жақыңдасады. Еске ұстайтын жағдай науқасқа сұрақ күтіп жауап алған кезде үлкен төзімділік және әдептілік керек. Егер науқастың жағдайы салмақты және ессіз болса анамнездік мәліметтерді науқастың туысқандарынан немесе науқасты хирургиялық бөлімге жеткізген адамдардан жинау керек. Алынған мәліметтердің құндылығы және шындығы науқастың мәдениеттіліген, есіне ұстай алатындыған немесе ашықтығынын ғана болмайды ол ең алдымен дәрігердің мамандық біліктігіне байланысты болады.

Анамнез жинаған кезде дәрігер белгілі бір ретті ұстайды және әрбір келесі сұрақ аурудың немесе өмірдің кезеңін анықтап отыруға көмектесуі керек. Сұрақтарға алынған алғашқы жауаптардың өзі алғашқы диагностикалық қорытынды жасауға негіз бола алады. Әрі қарай сұқбаттасу керекті аурулардың симптомдарының бар жоғын білу жоспарында жүргізіледі, ол симптомдардың даму желісін анықтайды, бұл сұрыптау диагнозын жүргізуге, яғни клиникалық диагноз қоюға маңызы зор.

Ауру тарихының тараулады


  1. Айдарлық бет

1.Оқу орнының және кафедраның аты

2.Кафедра меңгерушісінің тегі, инициалдары

3.Оқытушының тегі, инициалдары

4.Факультеттің аты, топ нөмері, куратордың тегі, инициалдары

5.Науқастың (тегі және инициалдары)

6.Диагноз

7.Курация мерзімдері

8.Ауру тарихын тапсырған күні

Айдарлы беттің үлгісі

Қарағанды мемлекеттік медициналық университет

№2 хирургиялық аурулар, урология кафедрасы

Кафедра меңгерушісі

м.ғ.д. профессор тегі, аты, әкесінің аты

оқытушы:


лауазымы: Тегі, аты, әкесінің аты

Куратор: студент

______________топ

________факультеті

тегі, аты, әкесінің аты

Ауру тарихы

Курацияға алынған науқастың тегі, аты, әкесінің аты

Қорытынды клиникалық диагноз:


1.негізгі ауру

2.негізгі аурудың асқынулары

3.қосымша аурулары

Курация мерзімі ___________________


Қарағанды 200_ ж



II.Паспорттық бөлемі

Бұл тарауда науқас туралы жалпы мәліметтер жазылады, оған кіретіндері:

1.Науқастың тегі, аты, әкесінің аты

2. Науқастың жасы

3.Жынысы

4.Мамандығы

5.Мекен жайы

6.Жұмыс орыны

7.Лауазымы

8.Клиникаға түскен күні және сағаты

9.Аурухана бөлімі

10.Шығарылған күні

11.Қан тобы, резус-фактор

12.Жолдама берген мекеменің диагнозы

13.Алғашқы диагноз

14.Клиникалық диагноз

А.негізгі ауру

Б.негізгі аурудың асқынуы

В.қосымша аурулары

15.Операцияның аты, күні және сағаты, жансыздандыру түрі.


III.Науқастың шағымдары. Шағымдарының науқас ауруханаға түскен кезіндегісі жазылады. Науқастың хирургиялық бөлімге түскендегі ауруын сипаттайтын негізгі шағымдарын анықтайды. Шағымдарды ауру тарихынын толтырғанда оларды диагностикаға маңыздылығына қарай орналастырады. Негізгі шағымды жазып болған соң қысқаша қосалқы ауруларды сипаттайтын шағымдар еске алынады. Хирургиялық ауруы бар науқастардың көбінде негізгі шағымы-аурырсыну болып есептеледі. Сондықтан оның сипатын беру керек: жедел, сырқырап, тесіп, шаншып, кесіп, тұрақты, толғак, тәрізді, ауырсынудың орналасуы, басталған уақыты, ұзақтығы, таралуы, неге байланысты, немен қосарланады, және қандай қолданған шаралардан кейін басылды. Осыған сәйкес басқа шағамдарғада сипаттама беріледі.
IV. Шынайы аурудың тарихы (Anamnesis morbi)

Анамнездің бұл тарауы аурудың этиологиясымен патогенезінің кейбір жақтарын аша алады. Науқастың стационарға дейінгі алған емнің егжей тегжейін білудің маңызы өте зор. Сондықтан аурудың басталғанынан бастап стационарға түскенге дейінгі қалай дамығаны туралы мәліметтер жиналады. әсіресе аурудың басталуы кезін білу өте маңызды, оның себебі және алғашқы белгілері. Ауру симптомдарын хронологиялық ретпен жазады да олардың даму себебін қоса, аурудың әрбір қайталануы жазылады. Бұрын қандай зерттеу әдістері қолданылғаның, қандай диагноз қойылғанын, қандай ем шаралады қолданылғаны, олардың ұзақтығы және нәтижелігін білу қажет. Егер ауру қайталынып отырса оның жеңілдігін алғашқы қайталанған кездегі симптомдардын анықтау керек және осы белгілердін келесі қайталану кезіндегі өзгерістері, олардың ұзақтығы, пайда болу себептері, қолданған ем шаралары және олардың нәтижелігін анықтау керек. Әсіресе ақырғы науқастың ауруханаға жатуына себеп болған қайталануды егжей-тегжей сипаттап жазу керек. Ремиссия кезінде, ауру толастаған кезде шағым бар ма жоқпа. Егер науқасқа бұрын операция жасалса қандай операция жасалды, оның нәтижесі қандай, қай жерде жасалғаны анықталу керек.

Негізгі ауру туралы мәліметтер анықталғаннан кейін қосымша аурулар туралы және олардың негізгі ауруға қатысы бар жоғы анықталады.
V.Өмір тарихы(Anamnesis vitae). Бұл тарауға кіретін сұрақтар:

1.Науқаста бұрын болған аурулар-гепатит, туберкулез, мерез және т.б. Қазіргі кездегі қосымша аурулары (аурудың аты, қай жылдан бастап ауырады, алған ем шаралады)

2.Бұрынғы кезде жасалған операциялар (қашан, қайда, операция қандай ауру туралы жасалған, оның аты, қандай асқынулары болған).

3.Науқаста бұрын болған зақымдалу, жарақ аттар. От басылақ анамнез және тұқым қуалаушылық (жақын туыстарында ауру бар ма-мерез, туберкулез, қатерлі ісік, гемофилия, заталмасу жүйесінің ауруы және т.б. )

4.Зиянды әдеттер (темекі шегу, арақ ішу, нашақорлық)

5.Акушер-геникологиялық анамнез: қай жастан етек кірі басталды және оның сипаты-реттілігі, ұзақтығы, ауыратыны; қай жылдан тұрмыста, климакс және оның асқынуы, аборттар саны (өзбетімен, медициналық, криминальдық), әйел ауруларының болуы және оларды емдеу нәтижесі.

6.Аллергологиялық анамнез: дәрі дәрмектерді қабылдау мүмкіншілігі

7.Эксперттік анамнез: жұмысқа жарамсыздық қағазының ұзақтығы.

8.Әлеуметті-тұрмыстық анамнез: тұрмыс жағдайы, пәтерлік және санитарлық жағдайы, метериальды қамтамасыз етілуі, тамақтану жағдайы (уақытында, жеткілікті).

9.Еңбек анамнезі: қай жастан бастап жұмыс істейді, оның мамандығы, мамандық зияндылықтар және оның осы аурумен байланысы, қазіргі кездегі жұмыстағы жағдайы.


VI. Нақастың қазіргі жағдайы (Status praesens)

Науқасты зерттеу ретті болу керек, жалпы қараудан бастап біртіндеп пальпацияға, перкуссияға, аускультацияға, дене сегменттерін салыстыра зерттеуге кіріседі. Жазғанда да ретімен жүйелер, аймақтар және органдар болып жазылады. Барлық зерттеу түрлерін денені жалаңаштап ауырған жағы мен сау жағып салыстыра отырып жүргізеді:



А) Науқасты жалпы зерттеу. Мұнда айрықша атап көрсетілетін сұрақтар:

1.Науқастың жалпы жағдайын бағалау (жақсы, қанағаттанарлықтай, орта салмақты, ауыр, өте ауыр, агональды)

2.Есі: сақталған болуы мүмкін, есінен айрылған, маңайындағыларға үнсіз, терең патологиялық ұйқы жағдайында, дегенмен қатты айқайлап шақырсаң белгі береді, және жоғалған.

3. Дене қалыпы-белсенді, мәжбүрлі (отырған немесе аяқтарын түсіріп жату, жартылай отыру, шалқасынан, аяқтарын тізесінен бүгін шалқасынан және т.б.), сылбар (өте салмақты ауруда, агональды жағдайда және т.б.)

4.Бет пішіні (қалыптағыдай, күйзелісті, бейтарапты, қорқынышты, елірген, қамыққан және т.б.). жайылмалы перитонит кезінде жиі байқалатын «Гиппократ бетін » («Facies Hyppocrat») жеке атау керек. Мұндай аурулардың бет пішіні өткір, көздері үңірейген, еріндері құрғақ және көгерген, дем алуға танаулары қатысады.

5. Дене бітімі (астениқалық, нормостеникалық, гиперстеникалық дұрыс, дұрыс емес, туа немесе жүре келе пайда болған ақаулар-жырық ерін, қамыт аяқ және т.б.)

6.Дене қызуы

7. Бойы, салмағы



Б) Жүйелер бойынша зерттеу

1.Тері:

а) түсі-қалыптағыдай, қан азай ғанда бозамық, көкшіл, жергілікті және жалпы қан айналысы бұзылғанда мәрмәр түсті, уланудың ауыр түрінде сарғыш (механикалық, паренхиматоздық және гемолитикалық сарғаюда, тілмеде жалын тілдері тәріздес қызыл, лимфангоидте қызыл жолақ тәрізді, асқазан өкпе қатерлі ісігі болғанда күнгірт жер тәрізді, гангрена болғанда-қара; пигменттелген, бөртпелер, тыртықтардың түрі), қасымалар, кеңейген көктамырлар торы.

б)эластикалығы (созылғыштығы) –жақсы, төмендеген (теріні жиырып қоя бергенде ол баяу жазылады)

в)ылғалдығы (қалыптағыдай, жоғарылаған, төмендеген, құрғақ)



2.Көрінетін кілегей қабаттады:

а) түсі (қалыптағыдай, көкшіл, бозамық, сарғыш);

б)пигменттелген;

в)жараланған;

г) бөртпе шыққан
3.Тері астылық шел (май)

а) даму айқындығы (біртоға, шамадан тыс, нашар)

б) ісіну–көз аймағында (бүйрек ауруы негізінде), аяқтардың (жүрек жетіспеушілігі, тромбофлебиттерде, варикозды ауруа). Аяқ ісінуін анықтау ушін саусақпен балтырдың алдынан басады бұл кезде пайда болған ойшық баяу кетеді–«жұмсақ» ісінулер. «Тығыз» ісіну лимфа ағуының бұзылуында болады.

в)жараның болуы. Мұнда жараның орналасуын, көлемін жиектерінің сипатын (сүйелденген, сыртына шығып тұрған, тереңдеген, жапырақшаланған), түбі (жазық, шұңкыр тәрізді, бүртікті), грануляциялық түсі және сипаты, маңайын дағы терінің жағдайы, бөліністің сипаты мен мөлшері.



4.Лимфатикалық жүйе

Лимфа түйіндерінің орналасқан жерін анықтайды (иек астылық, жақастылық, мойын тамырларының бойында сол жақ бұғананың жоғарғы қыры мен төстік бұғана емізіктік бұлшық еттің сыртқы қыры арасында (асқазан қатерлі ісігі болғанда Вирхов метестазы), желкелік, бұғана астылық бұғана үстілік, қолтық астылық, шынтақтық, шаптық, сандық, тақым астылық іш пердесінің артындағы), олардың саны және көлемі, консистенциясы (тығыз, жұмсақ, флюктуация береді), аурсынады, жылжымалылығы (жылжымалы, бірбірімен және маңындағы тіндермен жабысқан). Әр жерде орналасқан көптеген үлкейген ауырмайтын лимфатүйіндері лимфаппаратының әртүрлі жүйелі ауруларының белгілері болуы мүмкін (лейкоз, лимфогранулематоз, туберкулезді лимфаденит және т.б.). Жеке кездесетін тығыз аурырмайтын лимфатүйіндер сол маңайдағы ағзалардағы қатерлі ісіктен тарағаннан пайда болады. Лимфа түйіндеріне инфекция тарағанда оларды ұстағанда науқас ауырсынады, жылжымайды, маңындағы тіндермен жабысып қалады.



5. Бұлшық ет жүйесі

Мұнда анықтайтыны:

а) бұлшық еттердің даму дәрежесі

б) бұлшық еттердің күші. Қол бұлшық еттерінің күшін объективті динамометрмен, субъективті дәрігердің қолын қысу арқылы бағалайды. Қысу күшінің айырмашылығанан қан қолдың күші аз екені анықталады. Иықтың бүгү және жазу бұлшық еттерін зерттеу үшін шынтақ буында бүгілген, одан соң жазылған қолды жазып бүгү керек. Сан бұлшық еттерінің күшін бағалау үшін науқаста шалқасынан жатқызып тізе буынында жазылған аяқты көтертеді де дәрігер балтырды басып қарсылық көрсетеді.

в) Сүйек–буын жүйесі

Анықтауға қажет болатыны:

а)сүйектің қысқаруы–онда қысқарған сегменттің ұзындығын өлшен сау жағымен салыстырады;

б) сүйек қаңқасында дөрекі өзгерістердің болуы (омыртқада–лордоз, кифоз, сколиоз, аяқта–genu (crus) varum, genu (crus) valgum және т.б.);

в)буындардың жағдайы, пішіні (конфигурациясы), пальпация кезінде ауырсыну, ісіну, қозғалған кезде немесе тыныш жағдайда ауырсыну, сықырлаудың болуы, флюктуация, тобықтың қозғалуы (баллоттануы), буынның жылжымалы болуы (активті, пассивті)

7. Мойын

Симметриялы екеніне назар аударылады, мойын тұсында бұлтиған құрылым бары, тамырлардың соғуы (тиреотоксикоз, аорта клапандарының жетіспеушілігі)

Қалқанша сіңірінің жоғарғы қырынан төмендеу бұлтиған немесе ісіну болса онда қалқанша безінде өзгеріс болғаны деп ойлауға болады. Оңы зерттегенде анықтайтыны:

а) көлемі (қалыптағадай, бездің өне бойы үлкейген, оң жақ немесе сол жақ бөлігі, мойыншағы үлкейген)

б) үлкею дәрежесі. Қалқанша безінің жоғарғы қыры пальпация жасағанда оңай білінеді. Ал төменгі қырын аңықтау үшін науқасты жұтындыру керек. Егер жұтынғанған кезде төменгі қыры білінбесе онда төс артылық жемсау болуы мүмкін.

в)бездің жұтынған кезде қозғалуы;

г) конституциясы (жұмсақ, орта тығыздылық, тығыз). Егер бездің өне бойы тығыз шекарасы айқын білінбесе ол көбіне бездің қатерлі ісігі болады.

д)бездін үсті (бір келкі, бүдірленген, мысалы қатерлі ісік болғанда)

е)пальпация кезінде ауырсыну–жедел тиреоидиттің (струмиттің) белгісі.

8.Кеуде (көкерік қуысы)

Кеудені зерттегенде анықтайтыны:

а)кеуденің пішінін (формасын) (қалыптағадай, конустәрізді, бөшкетәрізді, циллиндр тәрізді, варонка тәрізді)

б)деформация, пішіннің өзгеруі және ассиметрия болуы (бұлтию және ішке кіріп тұруы)

в)қабырғаларды пальпациялағанда ауырсыну не оның болмауы

г) кеуде жарақатының орналасқан жері және көлемі. Ол кеуде де өткізілетін шартты сызықтар көмегімен айқындалады



9. Дем алу жүйесі

Өкпені зерттегенде анықтауға қажет болатыны:

а)дем алу түрі (қабырғалық немесе іштік)

б)дем алу жиілігі

в) дем алудың тереңдігі және ырғағы (демікпе, патологиялық түрлері: Кусмауль, Чейн–Стокс дем алысы)

г)өкпеге перкуссия жүргізгенде салыстырмалы нәтиже (шекарасары, өкпе, қоробтәрізді, тимпаникалық дыбыстардың орналасқан жерлері)

д)өкпеге аускультация жасағанда салыстырмалы нәтиже (везикулярлық, қатты, бронхиальдық, амфорлық, аралас, бәсеңдеген, дем алыстың болмауы, құрғақ және ылғалды сырылдар, олардың орналасқан жері, плевраның үйкелу шуы). Тимпаникалық дыбыс және дем алыстың болмауы немесе өте бәсеңдеуі өкпенің тесіліп бейреттік немесе травмалық пневмоторакс пайда болғанын көрсетеді. Түйық дыбыс және дем алыстың болмауы плевра қуысында сұйық жиналғанын (плеврит, гематоракс) көрсетеді.

е)дыбыстық діріл (өзгермеген, бәсеңдеген, үздеген, оның орналасуы)



10. Жүрек–тамыр жүйесі

Науқасты зерттегенде келесі көрсеткіштірді анықтайды

а) тамыр соғу (пульстің) жағдайы (жиілігі, ырғағы, толуы және кернеуленуі). Көбіне тамыр соғуын кәрі жілік артериясынан, анықтайды. Кейбір жағдайда йық артериясынан, қолтық асты немесе жалпы үйқы артериясынан анықтауға тура келеді.

б)артериялық қысым сынап бағанасы бойынша мм мен

в)жүрек итерісі оның күші және жайылымы

г) жүрек тұйықтылығының абсолюттік және шартты шекаралады

д)жүрек аускультациясы–тондары (анық және көмескі, шапалақшалау, екіге айрылған, тондардың ажырауы, акценттері). Шулардың болуы: систолалық, диастолалық, пресистолалық, перикардтың үйкелу шуы.

е) перифириялық артериялардың жағдайы. Бунақ артериялярының соғуын анықтау (артқы үлкен жілік артериясы ішкі тобықтың артының төменгі бөлігінде, бунақтың сыртқы артериясы бірінші және екінші бақайшақ сүйектерінің арасы тұсынан), тақым артериясының (тақым ойығында науқас етбетінен жатқызылады да балтырын 900-қа бүгеді), сан артерияларын (мықын жалғамынан төмен ортаңы және ішкі үштен бірі тұсында), мықын артерияларын (мықын аймағында мықын жалғамынан жоғары оның ортаңғы және ішкі үштен бірі тұсынан ішке қарай)

ж)көк тамырлар жағдайы: мойын көк тамырларының кеңеюі (көкірек ортасындағы тамырлардың ісікпен басылып қалуы), кеуде және іш қабырғасының көк тамырларының кеңеюі (портальдық гипертензияда) аяқ көк тамырларының кеңеюі (варикоздық ауруда). Көк тамырлардың варикозды кеңеюі болғанда оны таралу деңгейін, қатайған жерлерін, тамыр бойынмен ауырсыну, кеңейген немесе тромбыланған веналар үстіндегі терінің жағдайын анықтау керек.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©www.dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет