2004 жылғы 10 наурыздағы №533-ii қазақстан Республикасының Заңы



Дата04.07.2016
өлшемі424.01 Kb.
#176281
Источник: ИС ПАРАГРАФ, 06.05.2013 11:55:35
Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы
2004 жылғы 10 наурыздағы № 533-II Қазақстан Республикасының Заңы

(2012.10.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)



 

2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен мәтіндегі «жергілікті атқарушы орган» деген сөздер «ауданның (қаланың) жергілікті атқарушы органын» деген сөздермен, «жергілікті атқарушы органның» деген сөздер «ауданның (қаланың) жергілікті атқарушы органының» деген сөздермен, «жергілікті атқарушы органға» деген сөздер «ауданның (қаланың) жергілікті атқарушы органына» деген сөздермен, «жергілікті атқарушы органы» деген сөздер «ауданның (қаланың) жергілікті атқарушы органы» деген сөздермен ауыстырылды (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)



 

2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен мәтін өзгертілді (бұр.ред.қара)

 

Осы Заң өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыру саласында туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейдi және оны жүргiзудiң құқықтық, қаржылық және ұйымдық негiздерiн белгiлейдi.



 

2006.07.07. № 179-III ҚР Заңымен 1-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен 1-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен 1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:

1) агент - жалғыз акционерi мемлекет болып табылатын, агроөнеркәсiптiк кешен саласындағы ұлттық холдингтiң құрамына кiретiн, Қазақстан Республикасы Үкіметінiң шешiмi бойынша құрылған акционерлік қоғам;

2) бағалаушы (тәуелсiз сарапшы) - бағалау қызметiн жүзеге асыруға арналған лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлға;

3) егiстiң толық жойылуы - егiске қолайсыз табиғат құбылыстары әсерiнiң салдары, өнiмдi одан әрi өсiруге және жинауға жұмсалатын шығындар өнiм алудан түсетiн болжамды кiрiстен асып түсетiн жағдай;

4) егiстiң iшiнара жойылуы - егiске қолайсыз табиғат құбылыстары әсерiнiң салдары, бiр гектардан өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң түрiн өндiрудегi бағалау кiрiсi немесе iс жүзіндегі кiрiс мiндеттi сақтандыру шартын жасасу кезiнде белгiленген бiр гектарға жұмсалатын өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң түрiн өндiру шығындары нормативiнiң мөлшерiнен кем болатын жағдай;

5) қолайсыз табиғат құбылысы - нәтижесiнде өсiмдiк шаруашылығының өнiмi жойылған немесе бүлiнген табиғат құбылысы (ұзақ мерзiмдi - құрғақшылық, үсiп кету, жылудың жетiспеуi, топырақтың шамадан артық ылғалдануы, ауаның шамадан тыс ылғалдануы, су тасқыны, су тапшылығы, аңызақ; қысқа мерзiмдi - бұршақ соғу, нөсер жаңбыр, үсiк шалу, қатты жел, сел);

6) қолайсыз табиғат құбылысының фактiсi бойынша зерттеу актiсi (бұдан әрi - зерттеу актiсi) - Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген нысан бойынша осы Заңда талаптар көзделген, егiстiң iшiнара немесе толық жойылуы мен қолайсыз табиғат құбылыстарының әсерi арасындағы себеп-салдарлық байланысты растайтын құжат;

7) өнiм алудан түсетiн болжамды кiрiс - өсiмдiк шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi орган бекiткен егiстiң жойылған алаңдарын айқындау әдiстемесiне сәйкес комиссия айқындайтын кiрiс;

8) өсiмдiк шаруашылығы - өсiмдiк шаруашылығы өнiмдерiн өндiрумен шұғылданатын ауыл шаруашылығы өнiмiн өндiрушiлердi - жеке және заңды тұлғаларды қамтитын ауыл шаруашылығы саласының өндiрiстер кешенi;

9) өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыру шарты (бұдан әрi - мiндеттi сақтандыру шарты) - осы Заңда белгiленетiн талаптар бойынша сақтандырушы мен сақтанушының арасында жасалатын шарт;

10) өсiмдiк шаруашылығындағы өзара сақтандыру қоғамы (бұдан әрi - қоғам) - өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыру саласында өз мүшелерiнiң мүлiктiк мүдделерiн өзара сақтандыруды жүзеге асыру мақсатында тұтыну кооперативiнiң ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған заңды тұлға;

11) өсiмдiк шаруашылығының өнiмдерi - ауыл шаруашылығы дақылдарын (дәндi, майлы дақылдар, қант қызылшасы, мақта) өңдеу процесiнде алынған өнiм;

12) өсiмдiк шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган - өсiмдiк шаруашылығын дамыту саласында мемлекеттік реттеудi жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын мемлекеттік орган;

13) сақтандыру жағдайы - басталуына орай мiндеттi сақтандыру шарты сақтандыру төлемiн жүзеге асыруды көздейтiн оқиға;

14) сақтандыру сомасы - мiндеттi сақтандыру объектiсi сақтандырылған және сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтандырушы жауапкершiлiгiнiң шектi көлемiн бiлдiретiн ақша сомасы;

15) сақтандыру сыйлықақысы - сақтандырушы мiндеттi сақтандыру шартында белгiленген мөлшерде сақтанушыға (пайда алушыға) сақтандыру төлемiн жасауға мiндеттемелер қабылдағаны үшiн сақтанушы сақтандырушыға төлеуге мiндеттi ақша сомасы;

16) сақтандыру төлемi - сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтандырушы сақтанушыға (пайда алушыға) сақтандыру сомасы шегiнде төлейтiн ақша сомасы;

17) сақтандырушы - Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыруды жүзеге асыру құқығына лицензия алған, сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтанушыға немесе өзiнiң пайдасына шартта белгiленген сома (сақтандыру сомасы) шегiнде шарт жасалған өзге тұлғаға (пайда алушыға) сақтандыру төлемiн жасауға мiндеттi заңды тұлға;

18) сақтанушы - өсiмдiк шаруашылығы өнiмiн өндiру жөніндегі қызметтi жүзеге асыратын және сақтандырушымен мiндеттi сақтандыру шартын жасасқан тұлға;

19) франшиза - сақтандырушыны белгiлi бiр мөлшерден аспайтын зиянды өтеуден босату;

20) шығындар нормативi - өсiмдiк шаруашылығының өнiм түрi өндiрiсiнiң бiр гектарына шаққанда жекелеген технологиялық процестер, жұмыс түрлерi және шығыстар баптары бойынша теңгемен көрсетiлген шығындар.

 

 

2-бап. Қазақстан Республикасының өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыру туралы заңдары



2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

1. Қазақстан Республикасының өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыру туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнен, "Сақтандыру қызметi туралы" Қазақстан Республикасының Заңынан, «Өзара сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңынан, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актілерінен тұрады.

2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.

3. Ауыл шаруашылығы мақсатына арналмаған жерлерде өсiмдiк шаруашылығы өнiмдерiн өсiру және өсiмдiк шаруашылығы өнiмдерiн сақтау жөніндегі қызметке осы Заңның күшi қолданылмайды.

 

2006.07.07. № 179-III ҚР Заңымен 3-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



3-бап. Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру

объектісi

Сақтандыру жағдайы басталған кездегі сақтанушының мөлшері өсті Заңға сәйкес белгіленетін залалдарын ішінара немесе толық өтеумен байланысты сақтанушының мүліктік мүдделері өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру объeктici болып табылады.

 

2006.07.07. № 179-III ҚР Заңымен 4-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



4-бап. Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандырудың

мақсаттары

Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандырудың мақсаттары:

1) өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндірушінің мүліктік мүдделерін осы Заңда көзделген жағдайларда, мөлшерде және тәртіппен сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру арқылы қолайсыз табиғат құбылыстарының зардаптарынан қорғауды қамтамасыз ету;

2) өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндірушілерге сақтандырылған егісті кепілге қою арқылы кредит беру үшін жағдай жасау;

3) өсімдік шаруашылығын мемлекеттік қолдау бағдарламаларының тиімділігін арттыруға жәрдемдесу болып табылады.

 

2006.07.07. № 179-III ҚР Заңымен 4-1-баппен толықтырлды



4-1-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыретi

Қазақстан Республикасының Үкіметі:

1) өсімдік шаруашылығы саласындағы мемлекеттік бағдарламаларды әзірлейді;

2) өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру шартының және сақтандыру төлемдерін ішінара өтеудің тәртібі мен талаптары туралы шарттың үлгі нысанын бекітеді;

3) міндетті сақтандыруға жататын өсімдік шаруашылығы өнімдерінің түрлерін өндіру үшін егістік алқаптың бір гектарына жұмсалатын шығындар нормативтерін бекітеді;

4) өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруды қолдау үшін бөлінетін ақшаны пайдалану тәртібін және агент көрсететін қызметтерге төленетін ақының мөлшерін бекітеді;

5) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган мен табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік органның ұсынуы бойынша қолайсыз табиғат құбылыстарын айқындаудың өлшемдері мен сипаттамаларын бекітеді;

2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)



6) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органының қолайсыз табиғат құбылысының әсеріне ұшыраған егістік алқаптар көлемін айқындау үшін комиссия құруының және оның жұмысын ұйымдастырудың тәртібін және зерттеу актісінің нысанын бекітеді;

7) гидрометеорология қызметі органының және (немесе) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның қолайсыз табиғат құбылысы фактісін растайтын анықтамасының үлгі нысанын бекітеді;

2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 8) тармақшамен толықтырылды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді)



8) өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындайды.

 

5-бап. Өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыру саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау



 2006.31.01. № 125-III  ҚР Заңымен   1 тармақ   толықтырылды

1. Өсiмдiк шаруашылығы өнiмдерiн өндiрушiлердiң осы Заңда белгiленген мiндеттi сақтандыру шартын жасасу жөніндегі мiндетiнiң орындалуына мемлекеттік бақылауды өсiмдiк шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган  мен оның аумақтық органдары жүзеге асырады.

2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

2. Өсімдік шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган:

1) өсімдік шаруашылығы саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асырады;

2) өсімдік шаруашылығы саласында мемлекеттік және өзге де бағдарламаларды әзірлейді және оларды іске асыруға қатысады;

3) Қазақстан Республикасының өсімдік шаруашылығы саласындағы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

4) өсімдік шаруашылығын дамыту үшін құқықтық және экономикалық жағдайларды жетілдіреді;

5) республикадағы және шетелдердегі өсімдік шаруашылығы саласындағы жай-күй ахуалын зерделейді;

2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)



6) агенттің қоғамның қызметін, Қазақстан Республикасының өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы заңнамасын олардың сақтауын бақылауды жүзеге асырады;

2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

7) сақтанушылардың мiндеттi сақтандыру шарттарын жасасудан жалтаруы туралы және қоғамның Қазақстан Республикасының өзара сақтандыру туралы заңнамасының және осы Заңның талаптарын сақтамауы туралы iстердi қарайды;

2006.07.07. № 179-III ҚР Заңымен 8) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен 8) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

8) өздерінің бақылау функцияларын жүзеге асыру үшін қажетті ақпарат пен құжаттарды сақтанушыдан, сақтандырушыдан, агенттен және қоғамнан сұратады және алады.

2006.07.07. № 179-III ҚР Заңымен 9) тармақшамен толықтырылды; 2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен 9) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

9) өздерінің бақылау функцияларын жүзеге асыру үшін қажетті ақпарат пен құжаттарды сақтанушының, сақтандырушының, агенттiң және қоғамның ұсыну нысаны мен мерзімдерін белгілейді;

2006.07.07. № 179-III ҚР Заңымен 10) тармақшамен толықтырылды

10) қойылған егіс алқаптарын айқындаудың әдістемесін әзірлейді және бекітеді.

2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 11) тармақшамен толықтырылды; 2010.19.03. № 258-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 11) тармақша өзгертілді; 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 11) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

11) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдерін, тексерулер жүргізудің жартыжылдық жоспарларын әзірлейді және бекітеді;

2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен 12) тармақшамен толықтырылды; 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 12) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

12) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне (бұдан әрі - Ұлттық Банк) қоғамдардың атауын және орналасқан жерiн көрсете отырып, оның тiзiлiмiн ұсынады;

2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 13) тармақшамен толықтырылды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді)

13) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)



3. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы:

1) шаруашылық жүргізуші субъектілерін міндетті сақтандыруды ұйымдастырады;

2006.07.07. № 179-III ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)



2) өздерінің бақылау функцияларын жүзеге асыру үшін қажетті ақпарат пен құжаттарды өсiмдiк шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган белгiлеген нысан бойынша сақтанушыдан, сақтандырушыдан және агенттен сұратады және алады.

2006.07.07. № 179-III ҚР Заңымен 3) тармақшамен толықтырылды

3) өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруға жататын өсімдік шаруашылығы өнімінің түрлері бойынша табиғи-климаттық аймақтар бөлігіндегі тиісті аумақта егіс жұмыстардың басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзімдерін белгілейді;

2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды

3-1) өсімдік шаруашылығы саласындағы уәкілетті мемлекеттік органға ағымдағы жылы сақтандырылуға тиіс өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндірушілердің тізбесін ұсынады;

2006.07.07. № 179-III ҚР Заңымен 4) тармақшамен толықтырылды

4) осы Заңның 9-бабына сәйкес комиссиялар құрады;



2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 5) тармақшамен толықтырылды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді)

5) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

4. Сақтандыру ұйымдарының қызметiне мемлекеттік қадағалауды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Ұлттық Банк жүзеге асырады.

 

2006.31.01. № 125-III  ҚР Заңымен  5-1-баппен  толықтырылды; 2006.07.07. № 179-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 5-1-бап өзгертілді



5-1-бап. Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру тәртібi

Өсімдік шаруашылығы саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның аумақтық органы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру мақсатында:

1) агенттен өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру шартын жасасқан сақтанушылардың тиісті аумақтағы сақтандырылған өсімдік шаруашылығы өнімдерінің түрлері көрсетілген тізбесін сұратады;

2) 2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)



3) 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

4) әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар жасайды және Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы заңнамасына сәйкес әкімшілік жаза қолданады;

Өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыру саласындағы мемлекеттік бақылау тексеру нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырылады.

Тексеру «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандары осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.

 

2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен 5-2-баппен толықтырылды



5-2-бап. Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруды

жүзеге асырудың ерекшеліктері

1. Осы Заңда қамтылған ережелер қоғамдарға олардың қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген ерекшеліктер ескеріле отырып қолданылады.

Қоғам мүшелерінің мүліктік мүдделерін сақтандыру өзара сақтандыру ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады.

2. Қоғам мүшелері болып табылатын өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндірушілер сақтандырушыда міндетті сақтандыруға жатпайды.

2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

3. Сақтандыру ұйымы ретiнде тiркелген заңды тұлғаның өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыруды жүзеге асыру құқығына лицензия алғанға дейiн астанада, республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар қалаларда филиалдарының және (немесе) сақтандыру агенттерiнiң болуы мiндеттi.

4. Бәсекелестікті шектеуге немесе жоюға, өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру шарттарын жасасу бойынша бір сақтандырушыға басқалары алдында негізсіз артықшылықтар беруге немесе алуға, сақтанушылардың құқықтары мен заңды мүдделеріне қысым жасалуына бағытталған қызметке жол берілмейді.

 

2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен 6-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)



6-бап. Өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыру кезіндегі сақтандыру жағдайларының түрлерi

Өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыру кезіндегі сақтандыру жағдайларына зерттеу актiсiнде тiркелген қолайсыз табиғат құбылыстарының немесе олардың жиынтығының салдарынан сақтанушыда залалдардың туындауына әкеп соққан өсiмдiк шаруашылығы өнiмдерiнiң жойылуы немесе бүлiнуi жатады.

 

2006.07.07. № 179-III ҚР Заңымен 7-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)



7-бап. Сақтандыру сомасының мөлшерін белгілеу және шығындар нормативтерінің түрлері

2006.07.07. № 179-III ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1. Сақтандыру сомасының мөлшері осы Заңда айқындалған міндетті сақтандыру ерекшеліктері ескеріле отырып жасалған шартта, сақтанушы өсімдік шаруашылығы өнімінің осы түрін өсіру жөнінде шығын жұмсаған барлық алқапқа көбейтіліп, бір гектарға жұмсалған шығындар нормативіне сәйкес өсімдік шаруашылығы өнімінің әрбір түрі бойынша жеке-жеке белгіленеді.

2. Сақтандыру сомасын есептеп шығару шығындар нормативінің мынадай түрлерінің бірі бойынша:

1) ғылыми негізделген агротехнология;

2) оңайлатылған агротехнология;

2006.07.07. № 179-III ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

3) шығындардың үш түрі бойынша:

жанар-жағар май материалдары;

тұқым;


жалақы арқылы жүзеге асырылады.

 

8-бап. Сақтандыру сыйлықақысының мөлшерiн белгiлеу және оны төлеудiң тәртібі



2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен 1 тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

1. Өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң әрбiр түрi бойынша сақтандыру сыйлықақысының мөлшерi мiндеттi сақтандыру шартымен белгiленедi, бiрақ ол осы Заңмен белгiленген сақтандыру тарифiнiң мөлшерiнен кем болмауға тиiс.

Сақтандыру төлемдерiн мемлекеттік субсидиялау ескерiле отырып, мiндеттi сақтандыру шартында белгiленген өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң түрi бойынша сақтандыру сомасынан процентпен есептелген мынадай ең төмен және ең жоғары мөлшердегi сақтандыру тарифтерi белгiленсiн:

2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен 1)-4) тармақшалар жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1) дәндi дақылдар (облыс топтары бойынша):

 

Рет



Облыстардың атауы

Сақтандыру тарифі %-пен

ең төменгі

ең жоғарғы

1.

Ақмола, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қостанай, Солтүстік Қазақстан

1,78

3,48

2.

Қарағанды, Қызылорда, Павлодар, Оңтүстік Қазақстан

3,17

5,83

3.

Ақтөбе, Батыс Қазақстан

5,21

9,15

 

2) майлы дақылдар (бүкiл республика бойынша) ең төмен - 2,01%, ең жоғары - 3,44%;

3) қант қызылшасы (бүкiл республика бойынша) ең төмен - 5,76%, ең жоғары - 8,39%;

4) мақта (бүкiл республика бойынша) ең төмен - 0,92%, ең жоғары - 1,33%.

2. Сақтандыру сыйлықақыларын төлеудi сақтанушы жүргiзедi және ол өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң сақтандырылған түрiнiң өзiндiк құнына жатқызылады.

2006.07.07. № 179-III ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)



3. Өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыру жөніндегі сақтандыру сыйлықақысын  сақтанушы  сақтандырушыға  бiр  мезгiлде  немесе сақтандырушының келісімі бойынша мiндеттi сақтандыру шартында белгiленетiн тәртiп пен мерзiмдерде мерзiмiн  ұзартып төлейдi.

Сақтанушы сақтандыру сыйлықақысын, оны мiндеттi сақтандыру  шартында белгiленген бiр мезгiлде төлеу шартымен төлемеген жағдайда, мiндеттi сақтандыру шарты жасалмады деп есептеледi.

Мiндеттi сақтандыру  шартында белгiленген  сақтандыру  сыйлықақысын мерзiмiн ұзартып төлеу жағдайларында  сақтандыру  сыйлықақысының  кезектi сомасын уақтылы төлемеген жағдайда сақтанушы Қазақстан  Республикасының азаматтық заңдарында белгiленген тәртiппен және мөлшерде сақтандырушыға тұрақсыздық айыбын төлеуге мiндеттi.

Егер сақтандыру жағдайы кезектi сақтандыру сыйлықақысы төленгенге дейiн не оның төлеу мерзiмi өтiп кеткенде басталса, сақтандырушы сақтандыру төлемiн азайта отырып,  төленбеген  сақтандыру  сыйлықақысының сомасын есепке алуға құқылы.

 

9-бап. Сақтандыру төлемiнiң мөлшерiн белгiлеу және оны жүзеге асырудың тәртібі

1. Сақтандыру төлемi франшизаны қолданбай-ақ, сақтандыру сомасы шегiнде сақтанушы залалының мөлшерiнде жүзеге асырылады.

Өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыру кезiнде сақтандырушының франшизаны (шартты немесе шартсыз) белгiлеуiне жол берiлмейдi, ал ол белгiленген жағдайда жарамсыз деп есептеледi.

2006.07.07. № 179-III (бұр.ред.қара); 2007.07.05. № 244-III (бұр.ред.қара); 2009.30.12. № 234-IV (бұр.ред.қара); 2010.19.03. № 258-ІV (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 2-тармақ өзгертілді

2. Залал көлемi мiндеттi сақтандыру шартын жасасу кезiнде белгiленген өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң түрiн өндiрудiң бiр гектарына жұмсалған шығындар нормативiнiң мөлшерi мен қолайсыз табиғат құбылыстарының әсерiне ұшыраған алқапта өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң түрiн өндiрудiң бiр гектарынан алынған, қолайсыз табиғат құбылыстары әсер еткен өнiмнiң осы түрiн өндiру алқабына көбейтiлген кiрiс арасындағы оң айырмашылық ретiнде белгiленедi.

Қолайсыз табиғат құбылыстарының әсерiне ұшыраған алқаптардың мөлшерiн сақтанушының өтiнiшi бойынша ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы құруға мiндеттi комиссия сақтанушының өтiнiшiн алған күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде белгiлейдi.

Комиссияның құрамына ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органының, өсімдік шаруашылығы саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның, агенттiң, сақтандырушының немесе қоғамның және сақтанушының өкiлдерi кiредi.

Комиссия сақтандырушы мәлiмдеген егiс алаңын өсiмдiк шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган бекiткен апатқа ұшыраған егiс алаңын анықтау әдiсi бойынша зерттейдi және зерттеу нәтижелерi бойынша өсiмдiк шаруашылығындағы өнiмнiң апатқа ұшырау деңгейiн анықтайды: толық немесе iшiнара.



Комиссия зерттеудің нәтижелері бойынша зерттеу жүргізілген күні, қолайсыз табиғат құбылысының әрбір фактісі немесе олардың жиынтығы және өсімдік шаруашылығы өнімінің түрі бойынша жеке-жеке зерттеу актiсiн үш дана етіп жасайды. Зерттеу актісіне барлық комиссия мүшелері қол қояды, содан кейін ол агенттің, сақтандырушының немесе қоғамның және сақтанушының өкілдеріне беріледі. Егер комиссия мүшелерінің бірі қабылданған шешіммен келіспесе және зерттеу актісіне қол қоймаса, ол комиссияға өзінің бас тартуының себептерін жазбаша түрде ұсынуға және оларды зерттеу актісіне қоса тіркеуге міндетті. Комиссия мүшелерiнiң үштен екi бөлiгiнiң қолдары болған кезде зерттеу актiсi қабылданған болып есептеледi.

Егістер ішінара жойылған жағдайда, қолайсыз табиғат құбылысының әсеріне ұшыраған алқаптардан жиналған өнімнің көлемі өнімді жинау кезінде міндетті түрде бағалануға тиіс. Егістер толық жойылған жағдайда, залал көлемі табиғат құбылысы әсер еткен өнімнің осы түрін өндіру алқабына көбейтілген, өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру шартын жасасу кезінде белгіленген өсімдік шаруашылығы өнімінің түрін өндірудің бір гектарына жұмсалған шығындар нормативінің мөлшері ретінде белгіленеді.

3. Кiрiс нақтылы, яғни оны алуға қолайсыз табиғат құбылыстары әсер еткен, өсiмдiк шаруашылығы өнiмi түрiнiң барлық көлемi сатылғаннан кейiн есептелiп шығарылатындай болуы мүмкiн.

2006.07.07. № 179-III ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

4. Кiрiс бағаланатындай, яғни оны алуға қолайсыз табиғат құбылыстары әсер еткен, өнiм жиналғаннан кейiн және өсiмдiк шаруашылығы өнiмi түрiнiң барлық көлемi сатылғанға дейiн есептелiп шығарылатындай болуы мүмкiн.

Бағалау кiрiсiн сақтандырушының немесе оның өкiлiнiң өтiнiшi бойынша сақтанушы айқындайды. Келісімге келмеген жағдайда бағалау кiрiсiн бағалаушы (тәуелсiз сарапшы) айқындайды. Тараптар бағалау нәтижелерiмен келiспеген жағдайда, өзгеше дәлелдеуге құқылы.

Егістер толық жойылған жағдайда сақтандырушы бағалау кірісін айқындауды жүргізбейді.

2006.07.07. № 179-III ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

5. Өсiмдiк шаруашылығының өнiмi iшiнара ысырап болған жағдайда сақтандыру төлемi өнiм жинау аяқталған күннен бастап кемiнде бiр айдан соң, бiрақ үш айдан кешiктiрiлмей жүзеге асырылады.

Бұл ретте кiрiс мынадай тәртiппен есептеледi:

1) егер алынған өнiм сатылса, осы баптың 3-тармағына сәйкес;

2) егер алынған өнiм сатылмаса, осы баптың 4-тармағына сәйкес;

3) егер алынған өнiм iшiнара сатылса, осы баптың 3-тармағына сәйкес, ал өнiмнiң сатылмаған бөлiгiне кiрiс осы баптың 4-тармағына сәйкес есептеледi.

2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен 6 тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

6. Егістер толық жойылған жағдайда, сақтандырушы осы Заңның 10-бабының 2-тармағында көзделген құжаттарды сақтандырушы алған кезден бастап он жұмыс күні ішінде сақтанушыға толық көлемде сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға міндетті.

7. 2006.07.07. № 179-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

 

10-бап. Сақтандыру төлемiн жүзеге асырудың жалпы шарттары



1. Сақтандырушыға сақтандыру төлемдерi туралы талапты сақтандырушы жазбаша нысанда сақтандыру төлемiн жүзеге асыру үшiн қажеттi құжаттармен қоса ұсынады.

2006.31.01. № 125-III  ҚР Заңымен  2 тармақ өзгертілді; 2006.07.07. № 179-III ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



2. Сақтандыру төлемі туралы өтінішке мынадай құжаттар:

міндетті сақтандыру шартының көшірмесі;

егістік жерлерді орналастыру картасының (схемасының) көшірмесі;

гидрометеорологиялық қызмет органы және (немесе) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның қолайсыз табиғат құбылысы фактісін растайтын анықтамасы, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органына қолайсыз табиғат құбылысының әсеріне ұшыраған алқаптарды белгілеу жөнінде комиссия құру туралы өтінішті қабылдау туралы белгісі бар, сақтанушы өтінішінің көшірмесі;

тізбесі міндетті сақтандыру шартында белгіленетін, нақты кірістің алынғанын растайтын құжаттар, ал олар болмаған жағдайда бағалаушының (тәуелсіз сарапшының) егістер ішінара жойылған кезде кірісті бағалау жөніндегі есебі қоса тіркеледі.

Сақтандырушының сақтанушыдан басқа да құжаттарды қосымша талап етуіне жол берілмейді.

2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен 3 тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

3. Құжаттарды қабылдаған сақтандырушы құжаттардың толық тiзбесiн және оларды қабылдаған күндi көрсете отырып, екi данада анықтама жасауға мiндеттi. Анықтаманың бiр данасы өтiнiш берушiге берiледi, өтiнiш берушiнiң оны алғаны туралы белгiсi бар екiншi данасы сақтандырушыда қалады.

 

 



11-бап. Сақтандырушыны сақтандыру төлемiн жүзеге асырудан босатудың негiздерi

1. Сақтандырушы, егер сақтандыру жағдайы:

қажеттi қорғаныс және аса қажеттiлiк жағдайында жасалған iс-әрекеттердi қоспағанда, сақтанушының сақтандыру жағдайының басталуына бағытталған не оның басталуына ықпал ететiн қасақана iс-әрекеттерi;

сақтанушының Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгiленген тәртiппен сақтандыру жағдайымен себептiк байланыстағы қасақана қылмыстар немесе әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар деп танылған iс-әрекеттерi салдарынан болса, сақтанушыға сақтандыру төлемiн толық немесе iшiнара төлеуден бас тартуға құқылы.

2. Сақтандырушының сақтандыру төлемiн жүзеге асырудан бас тартуы үшiн, сондай-ақ мыналар:

сақтанушының сақтандырушыға сақтандыру объектiсi, сақтандыру тәуекелi, сақтандыру жағдайы және оның салдары туралы көрiнеу жалған мәлiметтердi хабарлауы;

сақтанушының сақтандыру жағдайының залалдарын азайту жөніндегі шараларды қасақана қабылдамауы;

сақтанушының сақтандырушыға сақтандыру жағдайы басталуының мән-жайларын тексеруге және оған келтiрiлген залалдың мөлшерiн белгiлеуге кедергi жасауы;

егер сақтандырушы сақтандыру жағдайының басталғанын уақтылы бiлгенi не сақтандырушыда бұл туралы мәлiметтердiң болмауы оның сақтандыру төлемiн жүзеге асыру мiндетiне әсер етпегенi дәлелденбеген жағдайда, сақтандырушыға сақтандыру жағдайының басталғаны туралы хабарланбауы;

осы Заңның 15-бабы 2-тармағының алтыншы абзацында белгiленген мерзiмдердi бұза отырып, қолайсыз табиғат құбылысының әсерiне ұшыраған алқаптардың мөлшерiн анықтау жөніндегі комиссияны құру туралы ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органына өтiнiш беруi;

Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарында көзделген басқа да жағдайлар негiз болуы мүмкiн.

3. Сақтандыру төлемiнен бас тарту туралы шешiмдi сақтандырушы қабылдайды және осы Заңның 10-бабының 2-тармағында көзделген барлық құжаттар тапсырылған күннен бастап күнтiзбелiк жетi күн iшiнде сақтанушыға бас тарту себептерiн жазбаша нысанда дәлелдi негiздеме келтiре отырып, хабарлайды.

4. Сақтандырушының сақтандыру төлемiн жүргiзуден бас тартуына сақтанушы сотқа шағым жасауы мүмкiн.

2006.07.07. № 179-III ҚР Заңымен 12-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



12-бап. Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруды мемлекеттік қолдау

2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)



1. Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруды мемлекеттік қолдау сақтандырушыларға және қоғамдарға қолайсыз табиғат құбылыстарының салдарынан туындаған сақтандыру жағдайлары бойынша сақтандыру төлемдерінің елу процентін өтеу және агент көрсететін қызметтерге ақы төлеу үшін өсімдік шаруашылығы саласындағы уәкілетті мемлекеттік органға тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен белгіленетін бюджет қаражатын бөлу арқылы жүзеге асырылады.

Агент көрсететін қызметтерге ақы төлеуге көзделген қаражат өсімдік шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган мен агент арасында жасалатын шартқа сәйкес агенттің екінші деңгейдегі банктегі ағымдағы шотына аударылуы мүмкін.

2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді; 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



2. Агентке өсiмдiк шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган мен агент арасында жасалатын шарт негiзiнде өсiмдiк шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган беретін қаражатты басқаруды жүзеге асыру үшін Ұлттық Банкте ағымдағы шот ашылады.

Уақытша бос қаражат Ұлттық Банктегі ағымдағы шоттан Ұлттық Банктегі депозиттерге және мемлекеттік бағалы қағаздарға орналастырылуы мүмкін.

Ұлттық Банктегі ағымдағы шоттың табыс бөлiгi өсiмдiк шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган шарт негiзiнде беретін бюджет қаражаты және уақытша бос қаражатты Ұлттық Банктегі депозиттерге және мемлекеттік бағалы қағаздарға орналастырудан түсетін кiрiстер есебінен қалыптасады.

Ұлттық Банктегі ағымдағы шоттың шығыс бөлiгiне Ұлттық Банктегі депозиттерге және мемлекеттік бағалы қағаздарға орналастыру сомалары, сақтандырушыларға және қоғамдарға сақтандыру төлемiнiң бір бөлiгiн өтеу шығыстары кіреді.

Қаржы жылының соңына есептелетін Ұлттық Банктегі ағымдағы шоттағы қаражат қалдығы өсiмдiк шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік органға және тиiсiнше бюджетке қайтаруға жатпайды.

 

2006.07.07. № 179-III ҚР Заңымен 13-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



13-бап. Жүргізілген сақтандыру төлемінің бір бөлігін өтеу туралы талап қою тәртібi

2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен 1 тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)



1. Агентке жүргізілген сақтандыру төлемінің бір бөлігін өтеу туралы қойылатын талапты сақтандырушы немесе қоғам осы баптың 2-тармағында көзделген құжаттарды қоса тіркей отырып, жазбаша өтініш нысанында ұсынады.

2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

2. Жүргізілген сақтандыру төлемінің бір бөлігін өтеу туралы өтінішке мынадай құжаттар:

өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру шартының нотариат куәландырған көшірмесі;

жүргізілген сақтандыру төлемін растайтын құжаттар (төлемдік тапсырма - түпнұсқа, сақтандырушының немесе қоғамның мөрімен расталған шығыс ордерінің көшірмесі немесе инкассалық өкімнің түпнұсқасы);

сот шешімі бойынша сақтандыру төлемі жүзеге асырылған жағдайда соттың күшіне енген шешімінің көшірмесі;

егістер ішінара жойылған жағдайда сақтандырушы немесе қоғам растаған бағалау кірісін бағалау туралы құжаттың көшірмесі қоса тіркелуге тиіс.

Осы баптың 2-тармағының бірінші бөлігінде көзделген құжаттардың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі анықталған жағдайда, аталған құжаттар сақтандырушыға немесе қоғамға ескертпелерді жою үшін қайтарылады. Бұл ретте сақтандырушыға немесе қоғамға жүргізілген сақтандыру төлемінің бір бөлігін өтеу мерзімі құжаттарды қайта алған кезден бастап есептеледі, ол бірақ жеті жұмыс күнінен аспауға тиіс.

2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды

2-1. Агент жүргізілген сақтандыру төлемін өтеуді осы Заңға сәйкес сақтандырушымен жасалған сақтандыру төлемдерін ішінара өтеу тәртібі мен талаптары туралы шарт негізінде жүзеге асырады.

2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

3. Сақтандырушы агентке көрінеу жалған мәліметтерді хабарлаған және (немесе) берген жағдайда агенттің сақтандырушыға немесе қоғамға жүргізілген сақтандыру төлемінің бір бөлігін өтеуден бас тартуға құқығы бар.

2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

4. Сақтандырушы немесе қоғам сақтандыру төлемінің мөлшерін айқындаудың дұрыстығы үшін жауапты болады.

14-бап. Сақтандырушының құқықтары мен мiндеттерi

2006.07.07. № 179-III (бұр.ред.қара); 2007.07.05. № 244-III (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 1-тармақ өзгертілді

1. Сақтандырушы:

қолайсыз табиғат құбылысы басталған жағдайда сақтанушының өтiнiшi бойынша ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органын құрған комиссияның құрамына қолайсыз табиғат құбылыстарының әсерiне ұшыраған алқаптарды анықтау жөнiнде зерттеу жүргiзу үшiн өз өкiлiн жiберуге;

құзыреттi ұйымдардан сақтандыру жағдайының басталу фактiсiн растайтын құжаттарды сұратуға;

сақтандыру жағдайының басталуы нәтижесiнде сақтандыру төлемiнiң мөлшерiн анықтау үшiн қатыстырылған жағдайда бағалаушының (тәуелсiз сарапшының) есеп-қисаптарын пайдалануға;

агенттен сақтандыру төлемiнiң бiр бөлiгiнiң өтемiн бюджет қаражатынан алуға;

өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыруды жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар әзiрлеуге және оларды агентке енгiзуге;

бағалау кiрiсiн дербес немесе бағалаушыны (тәуелсiз сарапшыны) қатыстыра отырып айқындауға;



сақтанушы міндетті сақтандыру шартын жасасудың осы Заңның 17-бабының 3-тармағында көзделген мерзімін бұзған жағдайда, бұл шартты жасасудан бас тартуға құқылы.

2006.07.07. № 179-III (бұр.ред.қара); 2007.07.05. № 244-III (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 2-тармақ өзгертілді; 2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2010.19.03. № 258-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен  (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді

2. Сақтандырушы:

сақтанушы осы Заңның 10-бабының 2-тармағында көзделген құжаттарды табыс етпеген жағдайда, кiдiрiссiз, бiрақ үш жұмыс күнiнен кешiктiрмей оны жетiспейтiн құжаттар туралы жазбаша хабардар етуге;

салдары сақтанушыға залал келтiрудi туындатқан сақтандыру жағдайының басталуы кезiнде сақтанушы өндiретiн өсiмдiк шаруашылығы өнiмдерiнiң түрлерi бойынша осы Заңда және мiндеттi сақтандыру шартында белгiленген мөлшерде, тәртiп пен мерзiмдерде сақтандыру төлемiн жүргiзуге;

сақтанушымен осы Заңның 17-бабының 3-тармағында көзделген мерзімде міндетті сақтандыру шартын жасасқан жағдайда, қолайсыз табиғат құбылыстарының нәтижесiнде туындаған сақтандыру жағдайлары бойынша сақтандыру төлемдерiнiң бiр бөлiгiнiң өтемiн алу үшiн агентпен сақтандыру төлемдерiн iшiнара өтеу тәртібі, талаптары және мерзiмдерi туралы шарт жасасуға;

өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыруды өткізу жөніндегі деректерді жүргiзу мен жинақтауға және оны агентке оның талабы бойынша ұсынуға;

күшіне енген міндетті сақтандыру шарттары туралы ақпаратты мiндеттi сақтандыру шарты жасалған айдан кейiнгi айдың бесiншi күнiнен кешiктiрмей, сақтанушы мен агенттiң арасында жасалған үлгi шартта көзделген тәртiппен агентке ұсынуға;

сақтанушыны өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандырудың ережелерiмен таныстыруға;

сақтандыру құпиясын қамтамасыз етуге;

өзi қатыстырып отырған бағалаушы (тәуелсiз сарапшы) көрсеткен қызметтерге ақы төлеуге;



жүргізілген сақтандыру төлемі мен оның мөлшеріне қатысты барлық сот шешімдері және (немесе) ұйғарымдары туралы агентке солар шығарылған күннен бастап үш күн мерзімде хабарлауға;

қолайсыз табиғат құбылысы туындаған кезде сақтанушының өтініші бойынша қолайсыз табиғат құбылыстарының әсеріне ұшыраған алқаптарды айқындау жөнінде зерттеу жүргізу үшін ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы құрған комиссияның құрамына өз өкілін жіберуге міндетті.

2006.07.07. № 179-III ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толылықтырлды

2-1. Сақтандырушы ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеу агротехнологиясын сақтау жөнінде талаптар қоюға құқылы емес.

3. Сақтандырушының Қазақстан Республикасының заң актілерінде және мiндеттi сақтандыру шартында көзделген өзге құқықтары мен мiндеттерi де бар.

15-бап. Сақтанушының құқықтары мен мiндеттерi

1. Сақтанушы:

мiндеттi сақтандыру шартында белгiленген мерзiмдерде сақтандыру төлемiн алуға;

сақтандырушыдан мiндеттi сақтандыру шарты бойынша мiндеттi сақтандыру талаптарын, өзiнiң құқықтары мен мiндеттерiн түсiндiрудi талап етуге;

шеккен залал туралы жасалған бағалаудың нәтижелерiмен танысуға;

сақтандырушының сақтандыру төлемiн жүзеге асырудан бас тартуы немесе оның мөлшерiн азайтуы туралы шешiмiне Қазақстан Республикасының заңдарында және мiндеттi сақтандыру шартында көзделген тәртiппен дау айтуға;

қолайсыз табиғат құбылысына ұшыраған егiс алқабында өсiрiлген өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң әрбiр түрiнен алынған нақтылы немесе бағалау кiрiсiн бағалаудың нәтижесiмен келiспеген жағдайда, сотқа жүгiнуге;

мiндеттi сақтандыру шартын жасасқан кезде сақтандыру сомасын есептеп шығару үшiн осы Заңның 7-бабында көрсетiлген шығындар нормативi түрлерiнiң бiрiн таңдауға құқылы.

2006.07.07. № 179-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

2. Сақтанушы:

осы Заңның 17-бабының 3-тармағында белгiленген мерзiмдерде сақтандырушымен мiндеттi сақтандыру шартын жасасуға;

сақтандыру сыйлықақыларын мiндеттi сақтандыру шартында белгiленген мөлшерде, тәртiп пен мерзiмдерде төлеуге;

дереу, бірақ сақтандыру жағдайының басталуына әкеп соғуы мүмкін қолайсыз табиғат құбылысының болу фактісі туралы өзіне белгілі болғаннан бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей, сақтандырушыға бұл жөнінде қолжетімді тәсілмен (ауызша, жазбаша) хабарлауға міндетті.

Ауызша нысандағы хабарлама кейіннен (жетпіс екі сағат ішінде) жазбаша расталуға тиіс. Егер сақтанушының дәлелді себептермен аталған іс-әрекеттерді орындау мүмкіндігі болмаған жағдайда, ол мұны құжатпен растауға тиіс;

агенттiң, сақтандырушының және бағалаушының (тәуелсiз сарапшының) өкiлдерiне қолайсыз табиғат құбылысы болған аумақты қарау үшiн жағдай жасауға, олардың өнiмдi жинау жұмыстары аяқталғанға дейiн егiстiктер мен көшеттердiң жай-күйiне бақылау жасауына кедергi келтiрмеугe;



ауданның (облыстық маңызы бар қаланың} жергілікті атқарушы органына қолайсыз табиғат құбылысының әсеріне ұшыраған алқаптарды анықтау жөнінде комиссия құру туралы:

қысқа мерзімді табиғат құбылысы кезінде - ол басталған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде;

ұзақ мерзімді табиғат құбылысы кезінде - гидрометеорологиялық қызмет органының және (немесе) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның өз құзыреттеріне сәйкес осындай құбылыс фактісін растайтын анықтамасы болған жағдайда, оның егістерге әсері анықталғаннан кейін он жұмыс күні ішінде өтініш беруге;

әрбір жекелеген ауыспалы егіс жерлерінде өзінің мүліктік мүдделерін сақтандыруға;

сақтандыру жағдайынан болған залалдарды азайту шараларын қолдануға;

осы Заңның 10-бабының 2-тармағында аталған, сақтандыру төлемiн алу үшiн қажеттi құжаттарды сақтандырушыға ұсынуға мiндеттi.

3. Сақтанушының Қазақстан Республикасының заң актілерінде және мiндеттi сақтандыру шартында көзделген өзге де құқықтары мен мiндеттерi бар.

16-бап. Агенттiң құқықтары мен мiндеттерi

1. Агенттiң:

өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыруды жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар әзiрлеуге;

өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыруды жүргiзудiң тәжiрибесiн қорытуға;

өзiнің құқықтары мен өзiне жүктелген міндеттерді іске асыру үшiн мiндеттi сақтандыруға қатысушылардан қажеттi ақпаратты, соңын iшiнде сақтандыру құпиясы бар мәлiметтердi сұратуға құқығы бар.

2006.07.07. № 179-III (бұр.ред.қара); 2007.07.05. № 244-III (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 2-тармақ өзгертілді; 2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен 2 тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

2. Агент:

сақтандырушылар мен сақтанушыларға өсiмдiк шаруашылығы өнiмдерiнiң белгiлi бiр түрiн өндiруге арналған шығындардың бекітілген нормативтерi туралы ақпаратты жеткізуге;

қолайсыз табиғат құбылысы басталған жағдайда сақтанушының өтiнiшi бойынша ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органын құрған комиссияның құрамында қолайсыз табиғат құбылыстарының әсерiне ұшыраған өсiмдiк шаруашылығы өнiмдерi өндiрiлетiн алқаптардың мөлшерiн анықтау жөніндегі жұмысты жүргiзуге;

осы Заңның 13-бабының 2-тармағына сәйкес құжаттарды алған кезден бастап, он жұмыс күні ішінде өндiрiлген сақтандыру төлемiнiң бiр бөлiгiн сақтандырушыға, қоғамға осы Заңда белгiленген мөлшерде өтеуге;

қолайсыз табиғат құбылысының нәтижесiнде туындаған сақтандыру жағдайлары бойынша сақтандыру төлемдерiнiң бiр бөлiгiн өтеу үшiн үлгi нысанның негiзiнде сақтандыру төлемдерiн iшiнара өтеу тәртібі мен талаптары туралы сақтандырушымен, қоғаммен шарт жасасуға мiндеттi.

2006.07.07. № 179-III ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

3. Агенттiң Қазақстан Республикасының заңдарымен өзiне жүктелген өзге де мiндеттерi бар.

2006.07.07. № 179-III (бұр.ред.қара); 2007.07.05. № 244-III (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 4-тармақ өзгертілді

4. Агент сақтандырушыларға, қоғамдарға ақшаны осы баптың 2-тармағында белгіленген мерзімде, сақтандырушы, қоғам сақтандыру төлемi бойынша өз мiндеттемелерiн толық орындағаннан кейiн ғана сақтандырушының, қоғамның агентпен шартының талаптарын мiндеттi түрде сақтау шартымен бөледi.

5. Агенттiң қызметiн бақылауды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес уәкiлеттi мемлекеттік органдар жүзеге асырады.

 

2006.07.07. № 179-III ҚР Заңымен 16-1-баппен толықтырлды



16-1-бап. Гидрометеорологиялық қызмет органының және (немесе) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның құқықтары мен міндеттерi

1. Гидрометеорологиялық қызмет органының және (немесе) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның даулы мәселелер туындаған жағдайда қолайсыз табиғат құбылысы фактісін растайтын анықтаманы дайындау кезінде қолайсыз табиғат құбылысының әсеріне ұшырауы болжанып отырған жерге барып, зерттеу жүргізуге құқығы бар.



2. Гидрометеорологиялық қызмет органы және (немесе) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган қолайсыз табиғат құбылысының фактісін растайтын немесе растамайтын анықтаманы:

1) сақтанушыға - тегін, екі дана етіп, қысқа мерзімді құбылыс кезінде - күнтізбелік үш күн ішінде, ұзақ мерзімді құбылыс кезінде - күнтізбелік бес күн ішінде;

2) өзге де мүдделі тұлғаларға - белгіленген тәртіппен ресми жазбаша сұрау салу бойынша беруге міндетті.

 

17-бап. Мiндеттi сақтандыру шарты



1. Мiндеттi сақтандыру шартын жасасу өсiмдiк шаруашылығының өнiмiн өндiрушiлер мен сақтандырушылар үшiн мiндеттi болып табылады.

2006.07.07. № 179-III (бұр.ред.қара); 2007.07.05. № 244-III (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 2-тармақ жаңа редакцияда; 2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен  (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді



2. Міндетті сақтандыру шарты кемінде бес ай және он екі айдан аспайтын мерзімге екі дана етіп жазбаша нысанда жасалады.

Мазмұнына қойылатын талаптар Ұлттық Банктің нормативтiк құқықтық актiсiмен белгiленетiн сақтанушының өтiнiшi мiндеттi сақтандыру шартын жасасу үшiн негiз болып табылады.

2007.07.05. № 244-III ҚР Заңдарымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

3. Өсiмдiк шаруашылығы өнiмдерiнiң барлық түрлерi бойынша мiндеттi сақтандыру шартын жасасу мерзiмi осы Заңның 5-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына сәйкес ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы айқындаған егіс мерзімі аяқталғаннан кейін күнтізбелік он бес күннен кешiктiрiлмейдi.

4. Мiндеттi сақтандыру шарты мынадай жағдайларда:

1) шарт күшiнiң мерзiмi аяқталғанда;

2) шарттың қолданылу мерзiмi iшiнде орын алған барлық сақтандыру жағдайлары бойынша сақтандыру төлемi жүзеге асырылғанда, өзiнiң қолданылуын тоқтатады.

5. Мiндеттi сақтандыру шарты Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде белгiленген жағдайларда мерзiмiнен бұрын бұзылуы мүмкiн.

6. Сақтанушы немесе шарт өзiнiң пайдасына жасалған өзге тұлға өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыру шарты бойынша пайда алушы болып табылады.

18-бап. Дауларды қараудың тәртібі

Өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыру қатынастарынан туындайтын даулар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен қаралады.

19-бап. Қазақстан Республикасының өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыру туралы заңдарын бұзғаны үшiн жауаптылық

Қазақстан Республикасының өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыру туралы заңдарының бұзылуына кiнәлi тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.

20-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі

Осы Заң 2004 жылғы 1 сәуiрден бастап қолданысқа енгізiледi.



Қазақстан Республикасының

Президентi

 

 

 

 

 

 

Н. Назарбаев

 

Достарыңызбен бөлісу:




©www.dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет