2006 жылғы ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары туралы Анықтама



Дата23.02.2016
өлшемі98.14 Kb.
#2829
2006 жылғы ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары туралы Анықтама

Ауданның әлеуметтік сала және экономикасының жалпы көрсеткіштерінің өсу қарқыны жақсы. Өнеркәсіп өндірісі 2005 жылға қарағанда 4,1 пайызға, салықтардың және басқа міндетті төлемдердің жергілікті бюджетке түсімі 4,4 пайызға өсті. Осының бәрі халықтың әлеуметтік жағдайына жақсы әсер етті, нәтижесінде жұмыссыздар саны жылдың басына қарағанда 23,5 пайызға төмендеді, орта айлық жалақы 11,2 пайызға өсті, жарлылық деңгейінен төмен тұратын адамдар саны 23,6 пайызға азайды.



Өнеркәсіп
Өнеркәсіп өнімінің көлемі 2006 жылы қолданылып жүрген бағаларда 3527,6 млн. теңгені құрады, бұл 4,1 пайызға 2005 жылдың деңгейінен жоғары.

Ауыл шарушылығы
Ауылшаруашылық мал және құстардың барлық түрлерінің басы көбейді. Ірі қара мал саны 46,2 мың бас немесе 0,1 пайызға өсті, қой және қозы – 83,7 мың бас 15 пайызға, жылқы 9,4 мың бас 7,8 пайызға, шошқа 9,4 мың бас 7,9 пайызға, құс – 1081,9 мың бас 4 пайызға.
Сонымен қатар мал шаруашылығы өнімдері өндірісінің төмендеуі байқалады: ет өндірісі көлемі 22,1 мың тоннаны құрады (2005 жылдың деңгейіне 98,8 пайыз), жұмыртқа – 20760 мың дана (93,2 пайыз). Сүт - 0,3 пайызға, жүн өндірісі 1,3 пайызға мөлшерлі өсуі белгіленді.
Жалпы айтқанда ауылшаруашылық өнімдерін өндіру статистика қызметінің жедел мәліметтері бойынша 6 040 588,7 мың теңгені құрады немесе 2005 жылдың деңгейіне 98,3 пайыз.
690,6 га алаңнан 9668 тонна картоп жиналды, бір гектардан 162 центнер. орташа өнімділігі гектарынан 150 центнерден 282,6 гектардан көкөніс дақылдарының барлық жиыны 1858,5 тоннаны құрады.

2006-2007 жылдардың қыстауына ауданда 150 мың тонна шөп дайындалды. Орташа өнімділігі гектарынан 173 центнерден 1850 гектардан 35,9 мың тонна жүгері сүрлемі жиналды. Жалпы бір шартты басқа 20,4 центнер азық бірлігі қыстауға дайындалды.


«2006-2010 жылдарға арналған агроөнеркәсіп кешенінің тұрақты дамуы туралы» бағдарламаны орындалуына 2006 жылы техниканы жанартуға бағдарламада қарастырылған 18,0 млн. тенгенің орынына 196,6 млн. тенге болінді және игерілді.
Лизингке ауыл шаруашылық техникасын алуда ауыл шаруашылық өнімдерің өңдірушілерге өте көп көмек көрсетілді. 2006 жылы «КазАгро Финанс» АҚ арқылы барлық сомасы 182,0 млн. теңге 39 дана техника алынды, оның ішінде 1 канадада жасалған егіс комплескі, 3 неміс фирмасынын «Класс» комбайны, 4 трактор «МТЗ 1221», 6 «МТЗ 82», 4 «Нива СК 5» комбайны, 8 «СЗП 3,6 А» сеялкасы. Аудан бойынша өткен 2006 жылы барлығы 239,0 млн. теңгеге ауыл шаруашылық техникасы алынды. Жаңа жоғары өнімді техникалардын алынуы, өсімдік шаруашылығында өндіріске қор жинау және нольдік технологияларды енгізуге мумкіншілік жасады, олар «Багратион ВВГ» ЖШС, «Изумруд» ЖШС, «Калантаевского» және «Агро-Бам» ШҚ ендірілді.
2006 жылға 15,0 млн. теңгеге шошқа етін өңдеу жабдықтарын алуға «ВК Бекон» ЖШС несие бөлінген. 2006 жылға ауыл шаруашылық өнімдерін өңдеу қәсіпорындарына қайта жабдықтауға 198,2 млн. теңгеге несие беру қаралған, оның ішіде 182,7 миллион тенге «Өскемен құс фабрикасы» АҚ құс сою цехіне Данияда жасалған жабдықтауға бөлінді. Және құны 152,0 млн. теңге тұратын Нидерландылық «Йорк» жабдықтарға алуға несие бөлінді.
Республика бюджетінен жанар жағар майға 48,0 млн. теңге субсидия бөлінді және игерілді. Және «Азық түлік корпорация» АҚ арқылы 23,4 млн. тенгеге жеңілдік несиелер берілді, оның ішінде 7,4 млн. теңге 2006 жылдың астығымен қайтарылады.
«Тұқым» бағдарламасы бойынша ауданның үш шаруашылығы 3,45 млн. теңгенің бидай тұқымдарын сатып алды 7146 тонна дәнді дақылдар тұқымы тексерілді, оның ішінде: 3294 тонна бірінші класс, 3442 тонна екінші класс, 410 тонна үшінші класс болды.
2006 жылдың желтоқсанында «Сағынқұмаров» ШҚ «Байыс» тұқымды қойларын өсіруші асыл тұқымды шаруашылық мәртебесі берілді.
Төрт мал өнімдерің даярлап-өткізу кооперативтерін, құны 207,0 млн. теңгені кұрайтын кұжаттар жіберілді.
Ауданда ауылдық несие серіктестігі жұмыс iстейтді оның кредиттік портфелі 72,8 млн. теңгеге жеткізілді, оның ішінді 2006 жылда 24,3 млн. теңгесі игерілді, 27,5 млн. теңгеге бизнес-жоспарлар даярлануда.
Одан басқа «Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы ауыл тұрғындарына шағын несиелер 9,1 млн. тенгеге бөлінді.
Жалпы айтқанда 2006 жылы аталған бағдарлама бойынша 795,4 миллион тенгені игеру қарастырылған, негізінде игерілгені 933,9 млн. теңге немесе 117,4 пайыз. Оның ішінде республикалық бюджеттен игерілгені 819,7 млн. теңге, облыстық бюджеттен 26,7 млн. теңге, аудандық бюджеттен 0,3 млн. теңге, басқа каржат көздерінен 87,2 млн. теңге.

Бюджет
Аудан бюджеті 2006 жылы жалпы кірістер бойынша 101,7 пайызға немесе болжанған 882236,0 мың теңгенің орнына 897294,0 мың теңгеге орындалды.
Аудан бюджеті 2006 жылы меншік кірістер бойынша 104,4 пайызға орындалды, немесе, 339398 мың теңге болжамда 354477,0 мың теңге сомасында салықтар және басқа міндетті төлемдердің түсімі жергілікті бюджеттің кірістеріне қамтамасыз етіліп 15079,0 мың теңгеге асыра орындалды. Осының ішінде жетілдірілген кіріс көздерінің 35 түрінен болжамның орындалуы қамтамасыз етілді.
2007 жылдың 1 қаңтарына салықтар және басқа міндетті төлемдерден берешек болған жоқ.
2006 жылы аудан бюджетінің шығыс бөлігі 98 пайызға орындалды, жоспардағы 897294,0 мың теңге 880086,0 мың теңгеге орындалды.
2007 жылдың 1 қаңтарына бюджеттік қаражаттың қалдығы жергілікті бюджеттің шотында 17985,6 мың теңгені құрды, соның ішінде:
- меншікті кірістердің 15079,0 мың теңге сомасына асыра орындалуы;
- 1012,0 мың теңге «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою үшін ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органының төтенше резерві» бағдарлама бойынша қаражат ұсталынбаған;
- 600,0 мың теңге республикалық бюджеттен, 52,0 мың теңге облыстық бюджеттен нысаналы тарнсферттер игерілмеген;
- есепті жылы 1242,0 мың теңге бюджеттік қаражаттар игерілмеген.
2007 жылдың 1 қаңтарына кредиторлық берешек 29893,0 мың теңгені құрады, бұл берешек төлем мерзімі толмаған және оларға шарттар құрастырылмайтын міндеттер бойынша. Уақыты өткен кредиторлық берешек жоқ.
Жалпы маңыздағы ағымдағы трансферттер толық игерілген.

Кәсіпкерлік
Жедел мәліметтер бойынша ауданда шағын кәсіпкерлік субъектілерінің өсуі белгіленді. Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің саны 1880 немесе 19 пайызға өсті, соның ішінде 88 заңды тұлғалар 7,3 пайызға, 1113 шаруа қожалығы 14,1 пайызға, 679 жеке кәсіпкер 30 пайызға. Сәйкесінше кәсіпкерлікте жұмыс істейтін адамдардың саны 401 кәсіпкерге көбейіп 4547 адамды құрды, немесе 2005 жылға 130 пайыз.
Есепті жылы ауданда 2006 жылы ауданда кәсіпкерлік қызметінің 26 жаңа объектілері ашылды, соның ішінде 12 дүкен, 2 дүңгершек, 4 қоғамдық тамақтану нысаны, 1 ЖҚС, 2 қызмет көрсету саласындағы объект, пластикалық терезелерді жасау цехі, жиһаздарды қайта тарту және жөндеу цехі, 2 сүт қабылдау орындары болып табылады.
«Шағын бизнес саласындағы жылдың үздік кәсіпкері» сайысы өткізілді 8 номинация бойынша, аудан әкімінің дипломдары мен естелік кубоктары жүлдегердерге табыс етілді. Кәсіпкерлер облыстық сайысқа да қатысып, «Иртыш» ЖШС-ның директоры А. Б. Барков, С. А. Кучерин және С. С. Чуембаев жеке кәсіпкерлер жүлдегерлері атанды.
Есеп кезеңінде шағын кәсіпкерлік субъектілерінен жалпы сомасы 105632,0 мың теңге салық және басқа міндетті төлемдері түсті немесе 2005 жылмен салыстырғанда өсіп 71,2 пайызды құрады.

Автомобиль жолдары
Ауданда автомобиль жолдарының ұзындығы 463 шақырым және елді мекендердің көшелері – 149 шақырым. 2006 жылы жергілікті маңыздағы автомобиль жолдарын ағымды жөндеу және ұстауға 22000 мың теңге бөлінді, оның ішінде қысқы мерзімде ұстауға - 10000 мың теңге, ағымды жөндеуге – 12000 мың теңге.
Есепті жылы автомобиль жолдарының шұңқырларын жабу көлемі 2643,4 шаршы метр бағасы 5385,2 мың теңгеге орындалды, «Таврия - Ақтобе», «Азовое ауылының кірме жолы», «Отрадное ауылының кірме жолы» автомобиль жолдарында жалпы бағасы 5323,5 мың теңгеге су өткізгіш құбырлар жөнделіп қалпына келтірілді. «Жаңа Азовое - Бетқұдық», «Бозанбай - Екатериновка» тас жабынды автомобиль жолдарында жалпы бағасы 730,9 мың теңгеге тегістеп жөндеу және жолдардың шетінің шөбін шабу 560,0 мың теңгеге өткізілді.
Сонымен қатар, ауданның елді мекендерінде бағасы 840,0 мың теңгеге 78 жол белгілері ауыстырылып, орнатылды.

Сумен қамтамасыз ету
«2003-2010 жылдарға арналған Ауыз су» Аймақтық бағдарламасына сәйкес 2006 жылы Таврия ауылының су құбырлар жүйесі мен имараттарын қайта жаңартуға жобалық-сметалық құжаттар дайындалды, ол үшін облыстық бюджеттен 2445,0 мың теңге бөлінді, және осы объект бойынша қайта жаңарту ағымды 2007 жылы жоспарланған.
2006 жылы аудандық бюджеттен Таврия ауылындағы су құбырларын жөндеуге, Алмасай ауылындағы скважиналарды тазарту және ағымды жөндеуге, және де Привольное ауылындағы су құбырлар жүйесін ағымды жөндеуге 2,0 млн. теңге бөлінді. Сонымен қатар облыстық бюджеттің қаражаты есебінен Молодежный кентіндегі су құбырлар жүйесін ағымды жөндеуге 3,0 млн. теңге бөлінді.
Тұрғын үй құрылысы
2006 жылы ауданда жалпы көлемі 10,9 шаршы метр жалпы сомасы 141,0 млн. теңгеге халықтың өз қаржы есебінен 162 тұрғын үй қолдануға берілді.
2007 жылдың 1 қаңтарына аудан бойынша пәтер алуға және тұрғын үй жағдайын жақсартуға 124 өтініш тіркелген. Молодежный кентінің бас жоспары аяқталды оған бюджеттен 4,7 млн. теңге ақша бөлінді.
Сібе өзені демалыс зонасының аумағына құрылыс салу жобасы жалғастырылуда.
2006 жылы ауданның елді мекндерін көріктендіруге, санитарлық тазалауға және көшелерді жарықтандыруға бюджеттен 2853,0 мың теңге бөлінді.
2006 жылдың 1 қаңтарына 212 апаттық ғимараттардың, өткен жылы 96-сы бұзылды, 9 ауылдық округтерде жеке кәсіпкерлердің есебінен 31 ғимарат пен құрылыстың асты тегістеліп қалпына келтірілді.

Әлеуметтік сала, жұмыспен қамту
Әлеуметтік саланың басымдығы жұмыспен қамту саясатын белсенді іске асыруына, халықтың өмірлік деңгейінің жақсаруына, аз қамтылған және еңбекке жарамсыз азаматтардың әлеуметтік қамсыздандыруына жолданған.
2006 жылдың қаңтар-қарашасының орташа айлық атаулы жалақы 2005 жылдың қаңтар-қарашасына 11,2 пайыз өсуімен 24949 теңге деңгейінде құрылды.
2006 жылы Ұлан ауданы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарлама бөліміне 880 адам өтініш білдірді. 2007 жылдың 1 қаңтарына 286 адам ресми түрде жұмыссыз деп танылды, бұл былтырғы жылдың осы уақытына қарағанда 88 жұмыссызға аз.
Жұмыссыздар деңгейі 2007 жылдың 1 қаңтарына 1,2 пайызды көрсетті немесе облыстық көрсеткіштен 0,1 пайызға және былтырғы жылдың деңгейінен 0,4 пайызға төмен.
Жұмыссыз халықтың кәсіби оқытуына 1622,0 мың теңге бөлініп, 70 жымыссызды оқытуға толық жұмсалды.
Бағдарлама бойынша 2006 жылы ақылы қоғамдық жұмыстарға 631 адам қатысты, 12174,0 мың теңге игерілді.
704 жаңа жұмыс орыны құрылды немесе жұмыссыздық бағдарламасына 139,4 пайыз.
2005 жылдың көрсеткіштеріне 20,6 пайыз немесе жылдық тапсырмаға 2,5 есе өсіп, 1092 азамат жұмысқа орналастырылды.
2006 жылы 755 жанұяға сомасы 19068,2 мың теңге атаулы әлеуметтік көмек төленді. Және 18 жасқа дейінгі балалары бар жанұяларға сомасы 19300,0 мың теңге 2567 балаға мемлекеттік жәрдемақы төленді. Үйден тәрбиеленіп оқытылатын мүгедек балаларға сомасы 2675,0 мың теңге 39 балаға жәрдемақы, 495 жанұяға 573 алушыға 3825,8 мың теңге тұрғынүйлік жәрдемақы төленді.
Ауданда мүгедектер жөнінде аудандық кеңес жұмыс істейді. 2006 жылы мүгедектерге 8 арбашалар бөлінді, 1 топтағы нашар көретін мүгедектерге арналған 15 қол сағаты берілді, нашар еститін мүгедектерге арналған 29 ұялы телефон және нашар көретіндерге 18 таяқша бөлінді. «Уба» санаториясына 10 мүгедек санаториялық-курорттық емделуге жіберілді. Алматы облысында орналасқан арнайы демалыс үйіне нашар көретін 1 мүгедек жіберілді. Өтініштері бойынша 4 мүгедек облыстық қарттар мен мүгедектер үйіне орналастырылды. 5737 адамға 9177 мың теңге сомасында қайырылымдық көмек көрсетілді.

Білім беру
Орта жалпы білім беру ұйымдарының жүйесі 2006-2007 оқу жылының басына өзгеріссіз қалады.
2006-2007 оқу жылы басына бұрынғысынша оқушылар контингентінің жалпы аудан бойынша 341 адамға азаю бейімділігі сақталады, 2007 жылдың 1 қаңтарына оқушылар саны 5637 адамды құрады.
Білім беруді қаржыландыруының өсу бейімділігін сақтайды, білім берудің бюджет көлемі 2005 жылға қарағанда 27,1 пайызға өсіп 597288,0 мың теңгені құрады.
2006 жылы ауданның 7 орта мектебінің күрделі жөндеуіне жергілікті бюджеттен 11236,0 мың теңге игерілді және 13 мектептің ағымды жөндеуіне 2678,0 мың теңге бөлінді.
Мектептердің материалдық-техникалық базасын нығайту үшін 29423,0 мың теңге игерілді.
3160,0 мың теңге жалпы сомаға, 2 орта мектепке жергілікті бюджеттің есебінен, балаларды тасымалдау үшін автобустар сатып алынды.
Жаппай оқу қорына жергілікті бюджеттен 4035,0 мың теңге бөлінді, ол ыстық тамаққа, аз қамтылған жанұялардың балаларын нысанды киімдеріне жұмсалды.
2006 жылы Бозанбай ауылында 25 орынға «Әйгөлек» балабақшасы ашылды оған бюджеттен 1340,0 мың тенге игерілді. Үстіміздегі 2007 жылы Привольное аулында 50 орындық бала бақша ашу жоспарланып, оған 2006 жылы жергілікті бюджеттен 1600,0 мың тенге бөлінсе 2007 жылы 500,0 мың тенге бөлінеді.

Мәдениет
Мәдениет және тілдердің дамуына 2006 жылы жергілікті бюджеттен 25412,0 мың теңге болінді, соның ішінде клуб мекемелерінің ұстауына 17414,0 мың теңге, кітапханалардың жұмыс істеуіне 5020,0 мың теңге.
Аудан халқының демалысын ойдағыдай ұйымдастыру мақсатында жыл ішінде 790 мәдени шаралар өткізіліп, оған 22100 көрермендер қатысты. Клуб мекемелерінің жұмысшыларымен 600,0 мың теңге сомасында халыққа ақылы қызмет көрсетілді.
Есепті жылда 97912 адам ауданның 9 кітапханасының қызметін пайдаланды. 2006 жылы ауданның кітапхана қорына 3114 жаңа әдебиеттермен қатар ғылыми-техникалық басылымдар жаңадан алынды. Жыл аяғында кітаптар қоры 147567 кітапты құрады.
Жергілікті бюджеттің есебінен есепті жылы ауданның Мәдениет үйлерінде Бозанбай ауылында шатырының, Завидное, Таврия ауылдарында жылу жүйесінің ағымды жөндеуі өткізілді. Жаңа Қанай ауылының ауылдық клубының ағымды жөндеуі ақылы қызмет есебінен өткізілді.
Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне автокөлік бөлінді.

Спорт
Аудан бойынша дене шынықтыру және спортпен айналысатын адам саны 2006 жылы 1020 адамға өсті, бүгінгі күні 8490 адамды құрайды, дене тәрбиесінің штаттық қызметкерлері 73 адамға көбейді.Сонымен қатар 20 қоғамдық бапкер, 30 спорт төрешілері, ІІ, ІІІ разрядты 80, І жастық разрядты 21 спортсмен дайындалды.
Привольный, Митрофановка ауылдарында 2 хоккей ойнау алаңы, Айтықов ауылында бокс және күрес залдары жұмыс жүргізуге берілді. Привольный ауылында 2 залдан тұратын спорт кешені аяқталуға жақын, Асубұлақ кентінде спорт кешені қайта іске қосылды.
Бозанбай, Васильевка ауылдарындағы, Молодежный кентіндегі орта мектептерінің спорт залдары күрделі жөндеуден өтті.
Ауданның құрама командасы Х халықтық ойындарында ең жоғары ұпай санын жинап бірінші орынды иеленді. Шығыс Қазақстан облысының Х халықтық ойындарында Ұлан ауданы командасы спорттың 19 түрінен қатысты.
Денешынықтыру және спорт дамуына ауданның жергілікті бюджетінен 2006 жылы 4,0 млн. теңге бөлінді бұл 2005 жылмен салыстырғанда 25 пайызға көп.
Денсаулық сақтау
Ауданның емдеу алдын-алу жүйесі үш мекемеден тұрады - Таврия ауылындағы орталық аудандық аурухана және жалпы саны 100 төсек орын Асубулак кентіндегі, Бозанбай ауылындағы учаскелік ауруханалар, 8 отбасылық емдеу амбулаториялары, 7 фелшерлік-акушерлік, 17 фелшерлік пункттер.
Амбулаторлық тегін емделетін аурулар тізімі кеңейтілген. 2006 жылы қосымша стационарлық 7 төсек орын, отбасылық емдеу амбулаторияларында 28 төсек орыны ашылған.
Завидный ауылындағы ОДА мен Жоғарғы Тайынты ауылындағы ФАП, Бозанбай ауылындағы, Асубулақ кентіндегі учаскелік ауруханалар күрделі жөндеуден өтті.
Есеп беру жылы ауданда алдын-алу тексеруден 15 жастан 49 жас аралығындағы 8586 әйел адамдар және 18 жасқа дейінгі 8433 балалар, ал 3886 адам флюрографиялық тексеруден өтті.
14510,9 мың теңгеге медициналық жабдықтар орнатылды, Молодежный кентінде жедел медициналық жәрдем пункті ашылып, автокөлік сатылып алынды.

Қоғамдық саяси ахуал
Ауданда аймақтың серпінді әлеуметтік-экономикалық дамуына, партиялармен және қоғамдық бірлестіктермен өзара іс-әрекет жасауға ықпал етіп отырған тұрақты қоғамдық-саяси ахуал қалыптасқан.
Ауданның Тәуелсіздік жылдарындағы әлеуметтік-экономикалық жетістіктері туралы «Ұлан ауданының 15 жылдағы жолы» атты бейнефильм түсірілді. Бұл фильм 2006 жылы 15 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 15 жылдығына арналған салтанатты жиналыста көрсетілді.
Облыстық «Рудный Алтай» газетінде «Уланский район: уверенное движение вперед» деген тақарыппен арнайы бет шығарылды.
2006 жылыдың 5 сәуірінде мемлекет Басшысы Жолдауының басымдықтарын ауданда жүзеге асырудың негізгі бағыттарын айқындауға арналған аудандық идеологиялық актив өткізілді.
Аудандағы атқарушы билік органдары мен азаматтық қоғам институттарының өзара қарым-қатынасын нығайтуға, даму-барысына оңды баға беруге, қоғамдық-саяси жағдайдың тұрақтануына ықпал ететін бірқатар қоғамдық-саяси және мәдени-бұқаралық шаралар өткізілді.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет