2008 жылғы ауданның әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және 2009 жылғы міндеттері туралы анықтыма



Дата23.02.2016
өлшемі125.05 Kb.
#10044
2008 жылғы ауданның  әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және 2009 жылғы міндеттері туралы анықтыма

Өткен жылы аудан экономикасының дамуында  ауыл шаруашылығын дамытуға, ірі де мықты шаруашылықтардың құрылуына, шаруа қожалықтарын, азаматтарды, жеке аулаларды  несиелеуге тиімді көмек көрсетуге  көп көңіл бөлінді.


Өңірлік бағдарламаға сәйкес агроөнеркәсіп кешені қарқынды дамуда. Жыл басынан бері аудан шаруашылықтарының  машина-трактор паркін жаңалу үшін лизинг арқылы  149,7 млн. теңгеге 29 бірлік әр-түрлі ауылшаруашылық техникалары сатып алынды, оның шінде: 9 трактор, 7 комбайн және 13 бірлік басқа да  ауылшаруашылық техникалары сатып алынды. Шаруа қожалықтарының  өз қаражаттары есебінен 56,6 млн. теңгеге 19 бірлік ауылшаруашылық техникалары сатып алынды, оның шінде: 7 трактор, 1 комбайн және 1 бірлік басқа да ауыл шаруашылық техникалары.
Ағымдағы жылы 138 млн. теңгенің 25 бірлік ауыл шаруашылық техникаларын сатып алуды жоспарлануда.
2008 жылы көктемгі дала егістік жұмыстарын жүргізуге және орақ науқанына қажетті арзандатылған жанар-жағар май және басқа да материалдық-техникалық құндылықтарға 84,8 млн. теңге субсидия бөлінді, оның ішінде дәнді дақылдарды себуге 17,9 млн. теңге, күнбағысқа – 51,8 млн. теңге, мал азығы дақылдарына - 14,8 млн. теңге бөлінді. Осының барлығы көктемдік себу мен жинау науқанының жұмысы мен мерзіміне тиімділігін тигізді.
Шағын шаруа қожалықтарына қызмет көрсету  үшін 4 шағын МТС-тер құрылған, олар 15 млн. теңгенің қызметін көрсетті.
Ұсақ шаруа қожалықтарын ірілендіру бағытындағы жұмыстар жүргізіліп, 151 ұсақ шаруа қожалықтары 19 ірі ауылшаруашылық құрылымдарына біріктірілді.
«Катонқарағай» несиелік серіктестігінің  қорынан 28 шаруа қожалығы 55 млн. теңгенің, «Мұзтау-Несие» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінен 124 адам 30 млн. теңгенің, облыс әкімінің тікелей қолдауымен «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» Акционерлік Қоғамы арқылы 16 млн. теңгенің  шағын  несиесі берілді.
2008 жылдың қорытындысы бойынша ауданда ауылшаруашылық өнімдерінің негізгі түрлерін өндіру көлемі 4230,7 млн. теңгені құрады немесе 2007 жылдың деңгейінің 80 пайызы, оның ішінде мал шаруашылығы 3520,9 млн. теңге және егін шаруашылығы 709,8 млн. теңге.
2008 жылы 11591,8 тонна ет өндірілді, сүт – 39804,1 тонна, жұмыртқа – 8443,5 мың дана, жүн - 181,6 тонна. 2007 жылмен салыстырғанда ет 100,1  пайызға, сүт – 100,9 пайызға, жүн – 100,1 пайызға, жұмыртқа – 100 пайызға өндірілді.
2009 жылдың 1 қаңтарына шошқадан басқа ауыл шаруашылық мал басының саны 2007 жылдың деңгейінде сақталды. Ірі-қара мал басы - 35672, жылқы  - 19511, қой мен ешкі - 78175, марал мен теңбіл бұғы 7051 бас, шошқа – 3790, құс 68561 басты құрады.
Биылғы жылы алға қойылған басты мақсат - жыл сайын мал басын 5-7 пайызға арттыру. 
Ауданның шаруашылықтарында 7 мал бордақылау алаңдары құрылды, атап айтқанда «Надежда» шаруа қожалығы базасында  (ірі-қарамен шошқаны  бордақылау алаңдары), «Жас қанат» шаруа қожалығында (ірі қара мен қойды бордақылау алаңдары), «Адал», «Еңбек», «Хорс»  шаруа қожалықтарында ұйымдастырылды, онда 105 тонна ет өндіріліп, 12 млн. 800 жүз мың теңгенің субсидиясы игерілді.
Биылғы жылы Катонқарағай ауылдық округінде «Құрмет» шаруа қожалығы, Большенарым ауылдық округінде «Аяганов» шаруа қожалығы, Новохайрузовка ауылдық округінде «Арман» шаруа қожалығы, Солдатово  ауылдық округінде «Калинина» жауапкершілік шектеулі серіктестігі, Белқарағай ауылдық округінде «Топқайың» шаруа қожалығы бордақылау алаңдарын ашуды жоспарлап отыр.
Агроөнеркәсіп кешенін дамыту бағдарламасына сәйкес Новоберезовка, Белое, Солдатово, Коробиха, Өрел және Жамбыл ауылдық округтерінде мүйізді ірі қара малын қолдан ұрықтандыру пункттері құрылды.
2009 жылы Черновая, Коробиха (Печи), Большенарым, Малонарым, Новохайрузовка ауылдарында қолдан ұрықтандыру пункттерін ашу жоспарлануда.
«Хайрузовка астық компаниясы» ЖШС  Новохайрузовка ауылында қасапхана, шұжық цехын ашу үшін 19 млн. теңгенің несиесіне жабдықтар алып, құрылыс жұмыстарын жүргізуде. Ауыл шаруашылық шикізаттарын өңдеуді дамыту мақсатында «Атамекен» ШҚ-ның басшысы Т.Ш.Бакимбаев бұрынғы аудан орталықтарын дамыту бағдарламасына  сай 15 млн. теңгенің несиесін игеріп, Катонқарағай ауылында ет өңдейтін цех ашты. «Импульс» ЖШС-і 12 омартаны біріктіріп, арашылар ассоциациясын құрды және 10 млн теңгенің несиесін игеріп бал құю цехын ашты.
2008 жылы аудан бойынша жалпы егістік көлемі 58919,8 гектар алқапқа жүргізілді. Оның ішінде 22041 гектар дәнді дақылдар, күнбағыс 17965,4  гектар, жем – шөп дақылдарының егіс алқабы 17633,4 гектар, картоп 1089 гектар, көкөніс 139,8 гектарды құрады. Өткен жылғы құрғақшылықтың әсерінен 8116 гектар егістік  шығынға ұшырады, оның ішінде 5756 гектар дәнді дақылдар, 2360 гектар күнбағыс  алқаптары есептен шығарылды.
Аудан бойынша 16271 га алқаптың астығы орылып, 6241 тонна астық қамбаға түсті, орташа өнімділігі гектарынан 3,9 центнерді құрады. Картоп өнімінің жалпы жиыны 8225,3 тонна болып, орташа өнімділігі гектарынан 75,5 центнерден айналды, 3584,7 тонна көкөніс алынып, орташа өнімділігі гектарынан 254,2 центнерді құрады. Күнбағыс толығымен жиналып, жалпы жиыны 3901,2 тонна болып, орташа өнімділігі гектарынан 2,7 центнерден ғана айналды.
2008 жылы мемлекет ресурстары мен облыстық тұрақтандыру қорына жоспарланған 1740 тонна астықтың  1580 тоннасы тапсырылып, жоспар 90,8 пайызға орындалды.
Ауданда малды қыстан шығынсыз алып шығу үшін, бүгінгі күні аудан тұрғындарымен 130 мың тонна шөп дайындалды, 1,25 мың тонна пішендеме, 10 мың тонна сабан, 3 мың тонна сүрлем  дайындалды.
Ауданда ауылшаруашылық өнімдерін қайта өңдеумен 109 шағын цехтар айналысады, оны: 23 наубайхана, 27 май өндіру орны, 15 диірмен, 2 пантокрин және гематоген шығаратын цехтар құрайды.
2008 жылы өндірген  өнеркәсіптік өнім мөлшері 290 млн. 545 мың теңгені құрады  немесе 2007 жылмен салыстырғанда 103,2 пайызды құрады.
2008 жылы  ауданды қаржыландырудың барлық көздері есебінен негізгі капиталға тартылған инвестициялардың жалпы көлемі 1016,4 млн. теңгені құрады. Оның ішінде республикалық бюджет есебінен – 734,9 млн. теңге, облыстық және жергілікті бюджеттен – 123 млн. теңге, кәсіпорындар мен ұйымдардың меншік қаржы есебінен – 90,9 млн. теңге, несие қаржы есебінен  – 67,6 млн. теңге   инвестиция тартылды.
2009 жылдың 1-ші қаңтардағы мәлімет бойынша  бюджеттің кіріс бөлігі 100,3 пайызға орындалды. Ауданның бюджетіне жоспарланған болжамдағы 1619183 мың теңгенің орнына, 1623634 мың теңге түсті, оның ішінде  болжанған    291534 мың теңгенің орнына, өзіндік кірістер 295985 мың теңгеге орындалды немесе орындалуы 101,5 пайызды құрады.
Аудан бюджетінің шығыс бөлігі 1624,7 млн. теңгеге орындалып, қаржыландырудың жиынтық жоспарының 99,9 пайызын құрады.              
Ауданда орташа айлық еңбекақы төлемі 31613 теңгеге жетті немесе 2007 жылмен салыстырғанда 112 пайызы. Осы кезең ішінде еңбекақы төлеу қоры 10,8 пайызға өсті.
«Субвенциясыз жұмысқа көшу жөніндегі шаралар туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2007 жылғы 25 наурыздағы №58 қаулысын орындау мақсатында, басты  назар  экономиканың нақты секторын дамытуға аударылып, осының негізінде салық базасын  және аудан бюджетіне түсетін салықтар мен басқа да түсімдердің  көлемін ұлғайту көзделді. Осы мақсатта 2008 жылы субвенциясыз жұмысқа көшу жөніндегі іс шаралар жоспарын жүзеге асыру нәтижесінде аудан бюджетіне қосымша 29,5 млн теңгенің түсімдері түсті.           
Ауданда 2157 шағын және орта бизнес субъектілері тіркелген. Оның ішінде 111 заңды тұлға, 1456 шаруа қожалықтары, 190 патент бойынша жұмыс істейтін кәсіпкерлер, жалпы тәртіп бойынша жұмыс істейтін кәсіпкерлер - 17, оңтайландырылған декларация бойынша жұмыс істейтін кәсіпкерлер – 273. Шағын бизнес саласында 4337 адам жұмыспен қамтылған, бұл 2007 жылмен салыстырғанда 103,4 пайызды құрайды.
2008 жылы шағын кәсіпкерліктен 55 млн. 387 мың теңге салықтық түсімдер түсті, немесе 2007 жылмен салыстырғанда 108,8 пайыз, ол жергілікті бюджетке түскен салықтың жалпы көлемінің 18,7 пайыздық үлесін құрады.
Ауданда 246 дүкен, 3 базар, 25 дәмхана, 14 жанармай құю станциялары, 21 дәріхана,  19 қызмет көрсету орындары жұмыс істейді. 2008 жылы Катонқарағай ауылында «Тұлпар» шаруа қожалығында қымыз және минералды табиғи су құю цехы ашылды. Большенарым ауылындағы бұрынғы бала бақша ғимараты сенімді басқаруға беріліп, жиһаздар және пластикалық әйнектер шығаратын цех ашылды.  Өрел ауылында  тәулігіне 300 бөлке нан шығаратын наубайхана, Берель, Өрел, Жамбыл ауылдарында ағаш өңдейтін цехтар іске қосылды. Белқарағай ауылында «Екі Дос» ЖШС шлакоблок шығаратын цех ашты. Аудан аймағында 9 пантымен емдеу-сауықтыру демалу орындары жұмыс істеп тұр. Катонқарағай ауылында «Ақпараттық және кеңес беру» маркетингтік орталығы ашылып, кәсіпкерлерге қызмет көрсетуде.
Ауданда туризмді өркендетуге және оның белсенділігін арттыруға барлық жағдайлар жасалынуда. Катонқарағай ауылында 20 орындық «Аққайың» емдеу-сауықтыру туристік кешені ашылып, мұнда демалушылар үшін пантымен, терапия, массаж арқылы емдеу, фитоемдеу, салт атпен серуендету, балық аулау, спортпен айналысу сияқты шаралар қарастырылған.  Ақмарал ауылының маңынан бір кезеңде 150 адам қабылдайтын «Катонқарағай» сауықтыру-туристік кешенінің құрылысы жүргізілуде. 
«Екі Дос» ЖШС Топқайың ауылының жанында 20 үйден тұратын 150 орындық сауықтыру-туристік кешенін және Белқарағай ауылында еуростандартқа сай жиһаз шығаратын фабриканы іске қоспақшы, оларға 125 адам жұмысқа қабылданбақ.
«Агро-Нарын» ЖШС, өнімділігі жылына 3 млн. кірпіш шығаратын кірпіш зауытын сатып әкеліп аудан орталығына орнатуда, ол ағымдағы жылы іске қосылып, оған 35 адам жұмысқа қабылданатын болады.
Сондай-ақ Приморск және Свинчатка ауылдарында  демалу базаларының құрылыстары басталды.
Ауданда құрылыс индустриясы аяғынан тік тұрып келеді. Аудан аймағында көптеген жылдар бойы жеке тұрғын үй құрылыстары жеке құрылысшылардың өз қаржы есебінен жүрізіліп келді.
2008 жылы жалпы көлемі 3742 шаршы метр 53  тұрғын үй қолданысқа берілді. Үйлер құрылысшылардың  жеке қаржы есебінен салынды. Жаңа-Үлгі ауылында орталау мектеп қолданысқа берілді. 2008 жылы Берел ауылындағы тарихи-мәдени қорықтың құрылысына республикалық бюджеттен 51,0 мың теңге бөлініп игерілді. Катонқарағай ауылында жалпы құны 1 млрд. 949 млн. теңге тұратын 75 орындық аурухананың құрылысы басталды. 2008 жылы оның 429,3 млн. теңге қаржысы игерілді. Республикалық бюджет есебінен 823 млн. теңгені құрайтын 320 орынға арналған Өрел орта мектебінің құрылысы басталды. 2008 жылы оның 199,5 млн. теңгесі игерілді. Облыстық бюджет есебінен 2 млн. теңгені құрайтын Рахман қайнары аймағын кеңейтудің бірінші кезеңдік бас жоспары түзілді. Большенарым ауылында құны 20 млн. теңгелік аудандық салық комитетінің қосымша ғимаратының құрылысы аяқталды. Катонқарағай ауылындағы бұрынғы балалар бақшасының ғимаратын қалпына келтіруге 45,2 млн. теңге қаржы бөлініп игерілді.
Катонқарағай ауданында сенімді басқаруға берілген көп пәтерлі екі тұрғын үйге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Аудан орталығында осындай бір ғимарат пайдалануға беріліп, онда саз мектебі, аудандық оқу бөлімі мекемелері орналастырылды.
«Жасыл ел» Өңірлік бағдарамасын жүзеге асыру барысында 15073 жас талдар мен көшеттер отырғызылды. Бюджеттік мекемелер мен мектептердің маңына гүл көшеттері  жасалды.
Жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының  ағымдағы жөндеу жұмыстарына және  оларды ұстап тұруға 72 млн. 960 мың теңге игерілді. «Жаңаүлгі – Жамбыл - Берел» бағытындағы тас жолдың 11 км-не, «Солоновка - Новополяковка - Ульяновка» бағытындағы тас жолдың 16 км-не, сондай-ақ «Новохайрузовка - Парамоновка» бағытындағы тас жолдың 6 км-не 17897 мың теңге қаржы бөлініп игерілді. Республикалық трассадан Солдатова ауылына дейінгі және Көктерек ауылына кіре беріс жолдарды асфальттап жөндеу үшін 14581 мың теңге қаржы бөлінді. Сондай-ақ «Новохайрузовка – Шірікқайың» бағыттарындағы жолға республикалық бюджеттен 295 млн. теңге қаржы бөлініп жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сметалық құны 120 млн теңгенің  «Сөгір - Печи»  автокөлік жолдарынның 3-27 км-не орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Республикалық бюджеттен 120 млн. теңге бөлініп, Большенарым - Күршім бағытындағы 3,6 км жолға қара жамылғы төселді. Аудан орталығында Первомай, Огнева, Пушкин, Абай көшелеріне асфальт төселді.
Ағымдағы жылы «Солоновка - Новополяковка», «Печи-Белое»  автожолдарына орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу, Большенарым – Күршім автожолдарын  күрделі жөндеуден өткізу үшін  облыс бюджеттен 385 млн. теңге қаражат бөлінеді деп жоспарлануда.
Жергілікті маңыздағы жолдарды қысқы және жазғы айларда ұстап тұруға ағымдағы жөндеу жұмыстарына аудандық бюджеттен 64318 мың теңге бөлінді.
2008 жылы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтың көрсеткен қызметі 41759 мың теңгені құрады, оның 39367,2 мың теңгесі жылумен, 2391,8 мың теңге сумен қамтудан түсті. Тұрғындарға 3977,9 мың теңгенің қызметі көрсетіліп, оның ішінде жылудан 2604,9 мың теңге, сумен қамтудан 1373,0 мың теңге түсті.
«Ауыз су» өңірлік бағдарламасын  жүзеге асыру барысында ағымдағы жылдың есеп беру кезеңінде  Большенарым,  Катонқарағай  ауылдарына 52 млн. 050 мың теңге жұмсалып, 4,643 км су құбыры тартылды.
2009 жылы Новоберезовка және Малонарымка ауылдарының су жүйелері құбырларын жөндеу мен қайта ауыстыруға республикалық бюджеттен қаражат қарастырылатын болады. Сонымен бірге, аудандық бюджеттен Большенарым және Катонқарағай ауылдарындағы су жүйелеріне күрделі жөндеу жұмыстарын жалғастыру үшін қосымша 41,8 млн. теңге  бөлінеді, қолданыстағы су жүйелерін күтіп,  ұстауға  2,0 млн. теңге бөлу қарастырылған.
2008 жылы көшелерді жарықтандыруға  6 млн. 732 мың теңге бөлініп игерілді және қосымша 195 жарық шамдар орнатылды. Іс жүзінде барлық ауылдық округтердің орталықтары мен үлкен елді мекендері толығымен жарықтандырылды.
Облыстық бюджеттен Катонқарағай ауылындағы орталық бу қазандыққа және жылу жүйелерінің күрделі жөндеу жұмыстарына 20 млн. теңге бөлінді, қазіргі уақытта бөлінген қаржы толығымен игерілді.
Ауданның көлік жүйесінің жетекші орнын автокөліктер алып отыр, олар ауданда барлық халық-шаруашылық жүктерін тасымалдауды жүзеге асыруда. 2008 жылғы 467,3 мың тонна көлемінде әр түрлі жүктер тасымалданды, жүк айналымы 1642,7 мың тонна/км-ді құрады.
Ауданда ұялы телефон байланысы қызмет етеді, Қазақтелеком тарапынан Большенарым және Катонқарағай ауылдарына сандық  АТС орнатылды, SDMA-450 BLL жүйесі негізінде ауылдарға 992 радиотелефон қойылды. Қарайрық және Усть-Язовая ауылдарына спутниктік телефон жүйелері орнатылды.
Аудандағы ең басты қол жеткізген нәтижелердің бірі аудан тұрғындарының тұрмысы мен әл-ауқатының жақсаруы болып табылады. Ең негізгі атқарылған істердің бірі кедейлік пен жұмыссыздықтың азаюы. 2008 жылы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен тұратын адамдардың  саны аудан бойынша 2135 адамды құрады, немесе 2007 жылмен салыстырғанда 186 адамға азайды.
Аудан экономикасын нығайту, жаңа кәсіпорындар ашу, шаруа қожалықтарын дамыту шараларын қабылдаудың нәтижесінде өңірлерде халықты жұмыспен қамтудың өсуіне, кедейшілік пен жұмыссыздар санының деңгейін төмендетуге қол жеткізілді. 
2008 жылы жұмыска орналасу мәселелері бойынша 258 адам өтініш жасады, олардың ішінен 222 адам жұмысқа орналастырылды немесе 86 пайызы. Өткен жылғы 165 адам жұмыссыз деп ресми түрде тіркелді, 2007 жылмен салыстырғанда 18,3 пайызға қысқарды.
008 жылдың басынан 1116 жаңа жұмыс орындары ашылды, ол жылдық жоспардың 214,6 пайызын құрайды. Үстіміздегі жылы 1124 жаңа жұмыс орындары ашылуы жоспарланған, оның ішінде 510 тұрақты жұмыс орны.
Қоғамдық жұмыстарға тұрақты түрде 234  жұмыссыз қамтылды.
Жұмыссыздарды кәсіби оқыту, қайта оқыту және біліктілігін арттыру мақсатында 30 адам оқуларға жіберілді. Кәсіптік оқытулар бойынша бағдарлама толығымен орындалды.
Аз қамтыған адамдарға қолдау көсетудің нәтижелі түрлерінің бірі – мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсету ауданда табысты іске асуда.
2008 жылы 1859 адамға 37048 мың теңге көлемінде мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек, 2450 балаға 25930 мың теңге мөлшерінде балаларға арналған жәрдемақы, 485 отбасына 5500 мың теңге мөлшерінде тұрғын үй көмегі төленді. Мүгедектерді оңалтудың өңірлік бағдарламасына орай 40 мүгедек балаға 3456,9 мың теңге мөлшерінде материалдық көмектер көрсетілді.
Ағымдағы жылы мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек 22372 мың. теңге, балаларға арналған жәрдемақы 21180 мың теңге, тұрғын үй көмегі 7601 мың теңге көлемінде жоспарланған.
Ауылдық денсаулық сақтау саласына белгілі бір мақсатқа бөлінетін қаражат көлемінің артқанын байқауға болады. Дәрігерлік мекемелерге 2 жедел-жәрдем автокөлігі бөлініп, 7 дана ЭКГ аппараттарын сатып алуға  2523 мың теңгенің қаржысы жұмсалды.
2008 жылы 405 бала дүниеге келді, 2007 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 18 балаға артық. 419 адам қайтыс болды, 2007 жылы 409 адам қайтыс болған.
АҚТҚ - жұқпалы ауруының (адамның қорғаныш тапшылығының қоздырғышы) алдын-алу бойынша барлық алдын-алу және емдік шаралар жоспарға сәйкес жүргізіледі. Ауданда АҚТҚ жұқпалы ауруы бойынша эпидемиологиялық жағдай бірқалыпты, қазіргі уақытта АҚТҚ жұқпалы ауруымен науқастанғандар жоқ.
Қазіргі күні ауданның атқарушы билігінің назары  мемлекеттік білімнің потенциалын сақтауға бағытталған. Білім мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайту, сапалы білім беру үшін барлық қолдан келген жағдайларды  жасау негізгі мәселелер болып отыр.
Бүгінгі күні 54 жалпы білім беретін мектепте 5982 оқушы оқиды,  оның   29 - орта, 18 - орталау, 7- бастауыш мектептер. Мектеп жанынан  ашылған 3 интернат жұмыс істейді. Олар: Катонқарағай ауылындағы Ленин атындағы орта мектеп жанындағы 60 орындық, Жамбыл орта мектебінің жанындағы 40 орындық және  Ақсу орта мектебінің жанындағы 20 орындық интернаттар.
Ауданда қазіргі уақытта 4 мектеп жасына дейінгі мекеме жұмыс істейді, оларда 9 топта 213 бала тәрбиеленуде. Малонарым ауылындағы 2009 жылы ашылатын балалар бақшасының ғимаратының төбесін жабуға қаражат бөлініп шатырланды.
Даму мүмкіндігі шектеулі балаларды  қолдау үшін  психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті жұмыс істейді.
Барлық мектептер компьютерлендірілген, 65 компьютер сыныбы және 14 мультимедия кабинеті жұмыс істейді. Мектептердегі барлық компьютерлердің саны - 760 данаға жетті.
Аудан мұғалімдері жүйелі түрде өздерінің кәсіптік деңгейін көтеріп отырады, білім берудің сапасы артуда. Бұл өзінің оңды нәтижелерін көрсетіп, Бірыңғай Ұлттық тестілеудің нәтижесі бойынша ауданымыз облыс бойынша бірінші орынды иеленді. Аудан бойынша орташа көрсеткіш 78,6 балды құрады. 477 мектеп түлектерінің 316-сы жоғары оқу орындарына, 96 оқушы колледждерге түсті, 283 оқушы грант иегерлері атанды.
Жыл сайын білім беру саласын дамытуға қыруар қаржы жұмсалуда, өткен жылы білім беру саласына аудан бюджетінен 1 млрд. 107 млн.  467 мың теңге қаржы бөлінді. Оның ішінде мектептердің материалдық-техникалық базасын нығайтуға 61542 мың теңге, күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге 20452 мың теңге жұмсалды. Білім беру ғимараттарын күрделі жөндеу арқылы қалпына келтіруге төтенше жағдайлар қорынан 11943 мың теңге бөлінді. Бұл қаржыларға 8 мектептің шатырына күрделі жөндеу жүргізілді, 5 мектептің шатырларына күрделі жөндеу үшін жобалық сметалық құжаттар жасалынды. Аудан бюджетінен бөлінген қаржыға 4 мектеп, республикалық трансферт арқылы бөлінген қаржыға 9 мектеп мультимедиялық, физика және химия кабинеттерімен жабдықталды. Оқулықтар сатып алып, жеткізу үшін 17600 мың теңге қаржы бөлініп игерілді. Большенарым, Катонқарағай және Бесүй ауылдарының оқушыларын тасымалдау үшін 3 автобус алынып, қызмет көрсетуде. Сонымен қатар, 10 мектеп электрмен жылыту жүйесіне көшірілді.
Аудандағы 54 мектептің 38-де ыстық тамақ ұйымдастырылып, 5580 оқушы қамтылды. Жергілікті бюджеттен ыстық тамақты ұйымдастыру үшін 6 млн. 087 мың теңге бөлінді.
Жазғы демалыста «Лотошное» демалу-сауықтыру лагерінде 195 бала  кезекпен дем алды.
Ауданда жыл сайын спорттық-бұқаралық жұмыстар нығайып даму үстінде. Өткен жылы ауданда спорттық жарыстарды  аудандық және облыстық деңгейде өткізуге аудан бюджетінен 2 млн. 926 мың теңге бөлініп және толығымен игерілді. 2008 жылы ауданда 20 ірі спорттық жарыстар өткізілді. Облыс әкімінің жүлдесіне арналған XII  халықтық спорттық ойындарда ауданымыз бірінші рет бесінші орынды иемденді.
Топқайың ауылында шағын-футбол алаңы, аудан орталығында хоккей қорабы салынды. Аудан орталығында спорт мектебі, Катонқарағай, Өрел, Солдатово, Солоновка орта мектептерінде филиалдары жұмыс істеуде.
Экономикалық мәселелерді шешумен қатар аудан тұрғындарының рухани байлығын дамытатын мәдениеттің маңыздылығы, тарихи-мәдениеттілік мұраны  дамыту және сақтау, орталық  мәдени ақпараттық кеңестікті құру мәселелері  ең маңыздылардың бірі болып табылады. Бұл аталған мәселелер «Мәдени мұра» өңірлік бағдарламаны жүзеге асыру шеңберінде шешілуде.
Жыл сайын  мәдениет саласын қаржыландыру көлемі ұлғаюда. 2008 жылы  мәдениет мекемесінің  бюджеті 36,4 млн. теңгені құрады.
Ауылдарды мәдениет мекемелерімен қамтамасыз ету бойынша 7 клуб иелерімен меморандумдар жасалып, аталған нысандар тегін коммуналдық меншікке қайтарылды, сонымен қатар 800 мың теңгеге Өрел ауылына клуб ғимараты сатып алынды.
Ауданда  қылмысқа қарсы күрес бойынша бағдарламаны жүзеге асыру жалғасуда. Алдын-ала қолданылған іс-шаралардың нәтижесінде айтарлықтай оңды нәтижелерге қол жеткізілді.
Аудандағы қылмыстық жағдайды талдау қорытындысы бойынша қылмыстық істердің санының төмендегені дәлелденіп отыр. 2008 жылы 2007 жылмен салыстырғанда қылмыс 19,6 пайызға азайған. Қылмыстың ашылуы 91 пайызды құрап отыр.
Тәртіп  бұзудағы алдын-алу шаралары жөніндегі сұрақтар  қоғамның, атқарушы биліктің тұрақты қадағалауына алынған. Қылмыстық жағдайлар аудандық әкімдіктің отырыстарында жүйелі түрде қаралады және ауылдық округтерде алдын-алу іс-шаралары үнемі  жүргізіледі.

Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің бастығы М. Нұрғалиев

Достарыңызбен бөлісу:




©www.dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет