2009 жылғы сәуірдегі Қазақстан Республикасындағы инфляция деңгейі



Дата25.02.2016
өлшемі18.46 Kb.
#22086


2009 жылғы сәуірдегі

Қазақстан Республикасындағы инфляция деңгейі
Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің деректері бойынша 2009 жылғы сәуірде инфляция деңгейі 2008 жылдың желтоқсанына қарағанда 2,8%-ды құрады, бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңінен 0,4%-ға (3,4%) төмен.

ТБИ (тұтыну бағалар индексі) құрылымында 2009 жылдың сәуір қорытындысы бойынша баға өсімінің көш басында 2008 жылғы желтоқсанына 3,8%-ға қымбаттаған азық-түлік емес тауарлары болды (өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,4%). Ақылы қызметтер 2,3%-ды құрады (2,4%). Азық-түлік тауарлары бағасының өсуі 2,4%-ды құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңінен 2,3%-ға төмен (4,7%).


2009 жылғы сәуірдегі инфляция деңгейі өткен жылдың желтоқсанына қарағанда және тұтыну бағалары индексін құрайтын бағаның өсуі пайызбен

Ағымдағы жылдың сәуірінде наурызға қарағанда азық-түлік тауарларында қант – 6,6%, жемістер мен көкіністер – 3,3%, темекі өнімдері – 2,8%, алкогольсіз сусындар – 2,6%, балық және теңіз өнімдері – 1,5%, кондитерлік өнімдер – 1,1%, балық және теңіз өнімдері – 0,8% бағасында едәуір өсуі байқалды. Күнбағыс майы – 4,7%, май және тоң май – 1,8%, ұн – 1,7%, жұмыртқа – 1,2%, жаңа сауылған сүт – 1,1% бағасында төмендеуі орын алды.

Азық-түлік емес тауарлары тобында едәуір деңгейде жеке гигиена тауарлары – 2,1%-ға, жуатын-тазалайтын құралдары – 1,9%-ға, дәрі-дәрмектер – 1,9%-ға. Дизелдік отын – 1,6%-ға, сұйытылған газ – 4,6%-ға, бензин – 0,6%-ға төмендеген.

Ақылы қызметтер құрамында теміржол көлік қызметтері – 2,3%-ға, демалыс, ойын-сауық және мәдениет саласындағы қызметтер – 0,9%-ға, тұрғын үйді күтіп ұстау – 0,5%-ға, білім – 0,2%-ға, құқықтық қызметтер – 0,1%-ға бағасы едәуір деңгейде өскен. Қонақ үйлер және мейрамханалар қызметтері – 0,8%-ға, шаштараздар мен жеке қызмет көрсету орындарының қызметі – 1,5%-ға, мединциналық қызмет көрсету – 2,9%-ға қымбаттаған.


2007-2008 жылдардағы инфляция деңгейі өткен айға қарағанда, %

2009 жылғы қаңтар-сәуірде инфляция деңгейінің орташажылдық көрсеткіші өткен жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 2008 жылғы қаңтар-сәуірге 8,8%-бен салыстырғанда 18,8%-ды құрады.


Тұтыну тауарлары мен қызметтерге баға өзгеруі,

өткен жылдың тиісті кезеңіне пайызбен, өсуі



Өңірлік бөлігінде 2009 жылғы сәуірде 2008 жылдың желтоқсанына қарағанда инфляцияның едәуір деңгейі көтерілген көрсеткіші Оңтүстік Қазақстан (3,4%), Атырау (3,1%), Павлодар (2,9%) облыстарында және Алматы (3,7%) мен Астана (3,2%) қалаларында қалыптасты.
2008 жылдың желтоқсанына қарағанда

2009 жылғы сәуірдегі өңірлер бөлігінде инфляция деңгейі
------- – орташареспубликалық деңгей – 2,8%



Достарыңызбен бөлісу:




©www.dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет