2011 жылғы облыстық бюджеттің атқаруының негізгі қорытындылары



Дата29.02.2016
өлшемі52 Kb.
#31585


2011 жылғы облыстық бюджеттің атқаруының

негізгі қорытындылары

Бюджеттік заңнамаға сәйкес 2011 жылғы облыстық бюджеттің атқарылуы туралы есебі облыстық маслихатқа қарауға ұсынылып, 2012 жылдың 28 маусымында облыстық маслихаттың VI сессияның №59 шешімімен бекітілді.

Бюджетті атқарудың негізгі қорытындылары туралы қысқаша мәлімдеме.

2011 жылғы облыстық бюджет облыстық маслихаттың 2010 жылғы 13 желтоқсандағы ХХХ сессиясының №359 шешімімен 116 млрд. 918,8 млн.теңге көлемінде бекітілген.

Жыл бойына бюджеттің кіріс және шығыс бөлігіне өз тарапынан өзгерістерге әкеп соқтырған Қазақстан Республикасы заңнамалық және нормативтік құқықтық актілерін іске асыруда 6 нақтылау және 5 түзету жүргізілді.

1, 3 слайдтар. 2010-2011 жылдары облыстық бюджетке түскен түсімдердің құрылымы және серпіні

Облыстық бюджеттің түсімдерін нақтылау және түзету барысында 18 млрд. 666,6 млн. теңгеге немесе 16 %, соның ішінде трансферттер көлемі 12 млрд. 515,7 млн. теңгеге ұлғайған.

2010 жылмен салыстырғанда облыстық бюджетке түскен түсімдердің жалпы сомасы 13 млрд. 699,6 млн. теңгеге немесе 11,2 % ұлғайды.

2 слайд. 2010-2011 жылдары облыстық бюджетке түскен түсімдердің құрылымы және серпіні

Салықтық және салықтық емес түсімдер бойынша кірістер 32 млрд. 917,4 млн. теңгеге немесе жоспардың 101,4% (32 млрд. 453,7 млн.теңге) атқарылды. Жоспардан тыс 463,7 млн. теңге түсті.

4-слайд. 2011 жылы облыстық бюджетке төмен тұрған бюджеттерден алынған бюджеттік алулар

Қалалық бюджеттерден алынған алымдар түсімдері 2 млрд. 782,6 млн. теңгеге толық көлемде қамтамасыз етілді.

соның ішінде:

Жезқазған қаласы – 810,9 млн. теңге;

Теміртау қаласы – 1 млрд. 910,4 млн. теңге;

Ұлытау ауданы – 61,3 млн.теңге.

Аудандар мен қалалардың толық пайдаланылмаған және нысаналы мақсатқа сай пайдаланбаған нысаналы трансферттерді қайтаруы 97,1 млн. теңгені құрады.

5-слайд. 2010-2011 жылдары республикалық бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттер мен кредиттер түсімдерінің серпіні

Республикалық бюджеттен трансферттер жалпы сомасы 88 млрд. 119,7 млн. теңге көлемінде түсті, соның ішінде:

15 млрд. 160,1 млн. теңге – ағымдағы нысаналы трансферттер;

17 млрд. 21,7 млн. теңге – дамуға арналған нысаналы трансферттер;

55 млрд. 937,9 млн. теңге – субвенциялар.

Бюджеттік кредиттерді өтеу 100 % атқарылды.

Аудандардың (қалалардың) жергілікті атқарушы органдарына және қаржылық агенттіктерге бөлінген бюджеттік кредиттер 2011 жылы өтеу мерзімімен, облыстық бюджетке толық көлемде қайтарылды – 4 млрд. 913,2 млн. теңге.

1,6 млн.теңге көлеміндегі елді мекендердің мамандарын әлеуметтік қолдауға пайдаланылмаған бюджеттік кредиттер толық облыстық бюджетке қайтарылды.

Республикалық бюджеттен бөлінген заемдардың түсімі 7 млрд. 218,5 млн. теңгені құрады.

соның ішінде:

- 6 млрд. 565,5 млн.теңге – тұрғын үйді салу және (немесе) сатып алуға;

- 143 млн.теңге – мамандарды әлеуметтік қолдау шараларын іске асыруға;

- 510 млн.теңге – Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасының шеңберінде ауылда кәсіпкерлікті дамытуға қолдау жасау.

2011 жылғы облыстық бюджеттің түсімдері осындай.

6-слайд. 2010-2011 жылдарға облыстық бюджет шығыстарының серпіні

7-слайд. 2011 жылғы облыстық бюджет шығыстарының құрылымы

Облыстық бюджеттің шығыстары 136 млрд. 471,6 млн. теңгені немесе жылдық жоспардың 99,4 % (пайызын) құрады.

2010 жылмен салыстырғанда облыстық бюджет шығыстарының көлемі 15 млрд. 53,7 млн. теңгеге немесе 12,4 % өсті.

Мемлекеттік басқарудың өзге де деңгейлеріне трансферттер мен кредиттер түрінде 64 млрд. 725,5 млн.теңге аударылды немесе шығыстардың жалпы көлемінен 47,4%.

8-слайд. 2010-2011 жылдары облыстық бюджеттің әлеуметтік салаға арналған шығыстарының серпіні

Әлеуметтік салаға 51 млрд. 478,7 млн. теңге немесе бюджет шығыстарының жалпы көлемінен 37 % астамы бағытталды. Облыстық бюджеттің бағдарламалар әкімшілері бюджеттік қаржыларды игеру бөлігінде келесі нәтижелерге қол жеткізді.

9-слайд. Бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің 2010–2011 жылдардағы бюджеттік қаражаттарды игеру пайызы.

Бюджеттік кредиттер толық көлемде төмен тұрған бюджеттерге аударылды – 6 млрд. 708,5 млн. теңге, соның ішінде:

тұрғын үйді салу және (немесе) сатып алуға – 6 млрд. 565,5 млн.теңге;

соның ішінде:

Абай ауданы – 251,2 млн. теңге;

Ақтоғай ауданы – 39,2 млн. теңге;

Балқаш қ – 188,5 млн.теңге;

Бұқар жырау ауданы – 170,9 млн. теңге;

Жаңаарқа ауданы – 229,8 млн. теңге;

Жезқазған қ. – 308 млн.теңге;

Қарағанды қ. – 3 млрд. 548,6 млн.теңге;

Қаражал қ. – 52,5 млн.теңге;

Қарқаралы ауданы – 97,9 млн. теңге;

Нұра ауданы – 102,8 млн. теңге;

Осакаров ауданы – 133 млн.теңге;

Приозерск қ. – 62,2 млн.теңге;

Саран қ. – 223 млн.теңге;

Сәтбаев қ. – 273,2 млн.теңге;

Ұлытау ауданы – 34,3 млн. теңге;

Теміртау қ. – 455,2 млн.теңге;

Шахтинск қ. – 283,7 млн.теңге;

Шет ауданы - 115 млн. теңге.

мамандарды әлеуметтік қолдау шараларын іске асыруға – 143 млн. теңге;

соның ішінде:

Абай ауданы – 6,2 млн. теңге;

Ақтоғай ауданы – 16,2 млн. теңге;

Бұқар жырау ауданы – 28,7 млн. теңге;

Жаңаарқа ауданы – 16,1 млн. теңге;

Қарқаралы ауданы – 11,8 млн. теңге;

Нұра ауданы – 17,7 млн. теңге;

Осакаров ауданы – 24,3 млн.теңге;

Ұлытау ауданы – 6,6 млн. теңге;

Шет ауданы – 15,4 млн. теңге.

Сонымен қатар, Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасының аясында ауылда кәсіпкерлікті дамытуда қолдау көрсету үшін 510 млн.теңге көлемінде бюджеттік кредиттер жолданды.

«Қаржылық активтерді сатып алу» бөлімі бойынша «Сарыарқа» «Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының жарғылық капиталын ұлғайтуға 200 млн. теңге бағытталған.

Республикалық бюджет алдында 4 млрд. 736,5 млн.теңге сомасында қарыз өтелді.

Атқарылу кезінде бюджетте қарастырылған шығыстардың барлық түрін уақытылы қаржыландыру қамтамасыз етілді.

Облыстық бюджеттің тапшылық көлемін нақтылау есебімен 4 млрд. 128,2 млн. теңге көлемінде бекітілген.

Тапшылықты қаржыландыру республикалық бюджеттен заемдар түсімдерінің (7 млрд. 218,5 млн. теңге) және республикалық бюджет алдындағы (4 млрд. 738,2 млн. теңге) заемдарды өтеуді алып тастағанда 1 млрд. 647,9 млн. теңге көлемінде болжамданды.

Облыстық бюджетті атқару кезінде оның тапшылығы азайды және 2 млрд. 903,3 млн. теңге көлемінде қалыптасты.

10-слайд. 2012 жылғы 1 қаңтарға облыстық бюджеттің ҚБШ қалдықтың құрамы

2011 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша қолма-қол бақылау шотындағы қалдық 1 млрд. 225,1 млн.теңгені құрады.

2011 жылғы облыстық бюджетті атқарудың негізгі көрсеткіштері осындай.





Достарыңызбен бөлісу:




©www.dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет