2013 жылдың 1 қыркүйегіне Жаңақорған ауданы бойынша кәсіпкерлік және өнеркәсіп саласында атқарылған жұмыстар туралы мәлімет



Дата22.02.2016
өлшемі61.5 Kb.
#756
2013 жылдың 1 қыркүйегіне Жаңақорған ауданы бойынша кәсіпкерлік және өнеркәсіп саласында атқарылған жұмыстар туралы мәлімет
Елімізде қабылданған индустриялы-инновациялық даму бағдарламасы Ел экономикасының дамуын айқындайтын негізгі бағдарлама болып келеді. Бұл бағдарламаның іске асуына Елбасы ерекше назар аударуда. Бұл бағдарлама аясында облыста 22 жоба іске асырылса, оның 5 Жаңақорған ауданында іске асырылды. 1жоба Республикалық даму картасына енді, 5 жоба аймақтық даму картасына еніп отыр. Олардың жалпы құны 33 млрд 982 млн теңге. Ашылған жұмыс орындары 485. Даму картасынан тыс 3жоба іске асырылды. Олардың құны 14 млрд 295,5 млн теңге. Ашылған жұмыс орындары 502. Жалпы алғанда 2010-2013 жылдары өндіріс саласына 48млрд 277 млн теңгеден астам инвестиция салынды. Жаңадан 987 жаңа жұмыс орындары ашылды.

Аудан ауылшаруашылық ауданымен қатар өнеркәсіпті ауданға айналып келеді. Өнеркәсіп өндірісінің өсімін айтар болсақ 2009 жылы 5 млрд 68 млн теңге болса 2012 жылы 20 млрд 955 млн теңге болып 3 жылда 4 есе артты. Биылғы жылы өнеркәсіп өнімдерінің көлемі 24-25 млрд теңгеге жетіп облыстың аудандары арасында Жаңақорған ауданы алдыңғы орындарда болады деп күтудеміз.

Алдағы жылдары, индустриялы-инновациялық дамудың екінші бесжылдығында ауданда бірнеше инвестициялық жоба іске асырылуы жоспарлануда. Жоба бастамашыларымен жобаларды нақтылау жұмыстары жүргізілуде. Олар: «Шалқия ЦИНК ЛТД» ЖШС-кен байыту фабрикасы, «Сырцемент» ЖШС-нің қуаты жылына 700 мың тонна цемент өнімін шығаратын зауытының құрылысы, қуаты 50Мвт күн электр станциясы, полиэтилен трубалары зауыты, минералды тыңайтқыш зауыты және басқа жобаларды іске асыру жоспарлануда.

Ауданда өнеркәсіп өнімдерін өндіру 2012 жылдың 8 айында 11334 млн теңгені құраса, 2013 жылдың 8 айында 19218 млн. теңге болып өсім 169 пайызға жетті.

2012жылдың 8 айын 2013 жылдың 8 айымен салыстыру

Көрсеткіштер

өлшем

бірлігі


2012

жыл


2013

жыл


пайыз

Нақты көлемінің индексі, %

Барлық өндіріл. өнім

млн теңге

7122

19218

169

148,2

Оның ішінде заттай көлемде:

Сүт өнімдері

тонна

102

103

100,9




Қиыршық тас

мың куб

1183,6

1009,1

85,2




Күріш

тонна

5097

5112

100,3




Нан

тонна

2144

2144

100




Ауыз су

мың куб

555,2

643,2

115,8




Газет, бланка

мың дана

680

683

100,4




Күкірт қышқылы

мың тонна

12

222

10 есе



«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында «Тату Агро» шаруа қожалығының томат өндеу зауытын электр энергиясымен қамтамасыз ету үшін құны 331 млн теңге болатын жоба жасалып аймақтық үйлестіру кеңесінде мақұлданды. Бұл жоба тек қана зауыт мәселесін шешіп қоймайды, бұл жоба Бесарық, Кеңес және Манап ауылдарын электр қуатымен қамтамасыз етуді жақсартады. Сондықтан бұл әлеуметтік маңызы бар жобаны іске асыру аса қажет деп есептейміз.

Жалпы 2014-2016 жылдары ауданға 60 млрд жуық теңгенің инвестициясы тартылады деп күтілуде.

Аталып өткен ірі жобалардан басқа бірнеше орта және шағын өндіріс және қызмет көрсету орындары ашылып жұмыс жасауда. Көп жылдардан бері аудан орталығындағы базар мәселесі шешілмей келетін. Жүргізілген жұмыстар нәтижесінде жаңадан құны 170 млн теңге, сауда алаңы 1200 шаршы метр болатын «Нұрасыл» сауда үйі салынып пайдалануға берілді. «Тасболат и К» жшс-гі құны 30,0 млн теңге, тәулікті қуаты 60,0 тонна күріш ақтайтын зауытты іске қосты. Жаңадан 2 кондитер цехтары ашылды. Қабырғалық құрылыс блоктарын (шлакоблок) шығару қарқын алуда. Бірнеше цехтар жұмыс істеуде. Ауданда өнеркәсіп өнімдерінің өсу қарқыны өткен жылдардағыдан жоғары болады деп есептеп отырмыз.

Аудан орталығынан кіші кәсіпкерлікке арналған шағын индустриялдық аймақ құру бағытында жұмыстар қызу жүргізілуде. Бұл өз кезегінде шағын кәсіпкерліктің өндірістік саласын дамытуға ықпал етеді. Мұнда наубайханалар, кондитер цехтары, темір және ағаш өңдеу цехтарын, түрлі шеберханалар және басқа шағын өндіріс орындарын ашуға болады.

Еліміздегідей Жаңақорған ауданында да кәсіпкерлік күнделікті өмірімізден нық орын алып, көптеген азаматтардың тіршілік көзіне айналды. Әлеуметтік маңызы бар бұл салаға аудан әкімдігі тарапынан тұрақты қолдау көрсетіліп үздіксіз жұмыс атқарылуда.

Атап айтар болсақ, кәсіпкерлікті дамыту бағытындағы аймақтық бағдарламалардың орындалуын, кәсіпкерлердің құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету, кәсіпкерлікті қолдау туралы заңнама бойынша сұрақтар жөнінде ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу, қысқа мерзімдік оқыту жүргізу, басым жобаларға іріктеу жасап, олардың мониторингін жүргізу, кәсіпкерлік нысандармен шарт жасау барысында аймақ тұрғындарының әлеуметтік-экономикалық мүдделерін сақтауға байланысты сұрақтарды шешу.

Аудан халқын азық-түлікпен және тұрмыстық заттармен қамтамасыз ету және басқа түрлі қызметтер көрсетуді шағын кәсіпкерлік нысандары атқарып келеді.



2013 жылдың 8 айында тіркелген шағын кәсіпкерлік субъектілер саны 2501, оның 181 заңды тұлғалар, 579 шаруа қожалықтары, 1741 жеке кәсіпкерлер, олардағы жұмыспен қамтылғандар саны 5353 адамға жетіп, 4млрд 386 млн теңгенің өнімдері (оның 3млрд 998 млн теңгесі өнеркәсіп өнімдері) өндіріліп, түрлі қызметтерді көрсетті. Бюджетке түскен салық 58,6 млн теңгені құрады. 2013 жылдың алты айының қорытындысы бойынша кәсіпкерліктің сандық және сапалық даму деңгейі келесідей көрсеткіштермен сипатталады:




Көрсеткіш

2013 ж


2012ж


2012 ж 2013 ж салыстырғанда %

1

Кәсіпкерлік нысандарының саны, бірлік

2501

2411

103,7

2

шағын және орта кәсіпкерлік белсенді субъектілерінің саны, бірлік

2020

1988

101,6

3

Жұмыспен қамтылғандар саны, адам

5353

5340

100,2

4

Шығарылған өнім және көрсетілген қызмет,млн теңге

4386

3987

110,0

5

Бюджетке түскен салық, млн теңге

58,6

54,7

107,0



«Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасын түсіндіру мақсатында аудандық газетке мақалалар және кәсіпкерлерге кеңес беру, бизнес жоспар жасап беру т.б. қолдау көрсететін орталықтар жөнінде хабарландырулар жарияланды және кәсіпкерлікті дамыту, кәсіпкерлер құқықтарын қорғау бағытында ауданда бірнеше жиындар өткізілді. Оған осы салада жұмыс жасап жүрген компаниялар, мемлекеттік емес ұйымдар өкілдері тартылды. Кездесулерде кәсіпкерлікті қаржыландыру жайы кеңінен талқыланды. Сондай-ақ кәсіпкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында «Кәсіпкерлерге арналған ақпараттық анықтама», «Кәсіпкерлік саласына арналған жадынама», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы шағын кәсіпкерлік субъектілеріне арналған жадынама» кітапшалары кәсіпкерлерге таратылды. Күнделікті келген кәсіпкерлерге өздерінің ой-пікірі мен толғандырып жүрген мәселелеріне толық жауаптар мен ақыл кеңестер берілді. Кәсіпкерлер құқықтар қорғау мақсатын аудан орталығында құқық қорғау орындарының байланыс телефондары мен мекен жайлары жайлы мәліметтер жазылған бильбордтар ілінген.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет