2013 жылғы 7 маусымдағы № 584 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды асырап алуға беру қағидаларын бекіту туралы» 2012 жылғы 30 наурыздағы № 380 және «Бала асырап алуға тілек білдірген адамдарды есепке алу қағидаларын бекіту туралы» 2012 жылғы 30 наурыздағы № 386 қаулыларына
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) «Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды асырап алуға беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы № 380 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 40, 521-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды асырап алуға беру қағидаларында:
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын және балаларды асырап алуға тілек білдірген туыстары бала тұратын жердегі органға:
1) баланы асырап алуға тілек білдіргені туралы жазбаша өтінішті;
2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;
3) жақын туыстарының баланы асырап алуға жазбаша келісімін;
4) жиынтық табыстың мөлшері туралы анықтаманы;
5) отбасы жағдайы туралы анықтаманы;
6) азаматтардың және жақын туыстарының денсаулық жағдайы, оның ішінде психикалық саулығы, есірткіге (уытқұмарлыққа), алкогольге тәуелді еместігі туралы анықтаманы;
7) сотталмағандығы туралы анықтаманы;
8) тұрғын үй-жайға меншік құқығын немесе тұрғын үй-жайды пайдалану құқығын растайтын құжатты ұсынады.»;
9-тармақта:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын туыстары баланың тұратын жері бойынша облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың білім беруді басқару органына одан әрі жөнелту үшін Қазақст
Достарыңызбен бөлісу: |