2013 жылғы жұмыс қорытындысы бойынша денсаулық сақтау басқармасы алқа кеңесінің кеңейтілген мәжілісін дайындау туралы



Дата21.06.2016
өлшемі26.1 Kb.

2013 жылғы жұмыс қорытындысы бойынша денсаулық сақтау

басқармасы алқа кеңесінің кеңейтілген мәжілісін дайындау туралы




2013 жылғы Алматы қаласы денсаулық сақтау жүйесінің қызметін уақытылы, толығымен талдау және бағалау, алқа кеңесінің қорытынды кеңейтілген мәжілісін сапалы дайындау және өткізу мақсатында БҰЙЫРАМЫН:


  1. 2013 жылғы Алматы қаласы медициналық мекемелері қызметінің қорытындысы бойынша Алқа кеңесі 2014 жылғы 20 ақпанда ОҚКА мәжіліс залында өткізілсін (күні нақтылануы мүмкін).

  2. Қорытынды алқа кеңесінің Регламенті бекітілсін (қосымшада).

  3. Алқа кеңесіне дайындық жүргізу және өткізу бойынша келесі құрамда жұмыс тобы құрылсын:

Мүшелері:

  • М.Е.Рамазанов– 2014 жылға денсаулық сақтау басқармасы алқа кеңесінің жұмыс жоспарын және қаулы жобасын дайындау;

  • К.Х.Базарбаева– денсаулық сақтау жүйесі қаржы-экономикалық қызмет бойынша анықтамалық және аналитикалық материалдарын дайындау;

  • Г.Ч. Әбдікәрімова, ДСДРО АҚФ директоры (келісімі бойынша) – БҰДСЖ жағдайындағы денсаулық сақтау мекмелерінің жұмысы туралы, тіркелім, мемтапсырысты орындау бойынша жиынтық ақпарат дайындау, негізгі баяндамаға презентация дайындау, алқа кеңесін демонстрациялық қамтамасыз етілуін ұйымдастыру;

  • И.К. Лаврентьева – 2013 жылғы медициналық мекемелер қызметі туралы аналитикалық материалдарды қорытындылау, алқа кеңесінің жүргізу тәртібі және негізгі мәселе бойынша анықтама дайындау;

  • Ж.А Мадеева, Г.А. Сырлыбаева, А.К.Бердіоңғаровамен бірге – «Саламатты Қазақстан» Мемлекеттік бағдарламасы, денсаулық сақтау басқармасының Стратегиялық жоспарын жүзеге асыру барысы туралы жиынтық материалдар, алқа кеңесінің анықтамалық материалдарын дайындау, алқа кеңесінің материалдарын жіберу;

  • Б.И.Әбдірасылова, Ш.Б.Дандыбаева, Р.М.Мұхамадиева, Н.А.Исабеков, Р.А.Құрамысова, ДСБ штаттан тыс бас мамандары - 2014 жылға медициналық мекемелердің инновациялық қызмет нәтижесі, денсаулық сақтау басқармасы алқа кеңесінің жоспарына ұсыныстар туралы, қызметтер бойынша аналитикалық материалдарын дайындау;

  • Л.А.Ким – денсаулық сақтау мекемелерін модернизациялау, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, мемсатып алу бойынша материалдарды дайындау;

  • Г.К.Жанқарашова – кадрларды әлеуметтік қорғау, мамандарды дипломнан кейінгі оқыту және кадр мәселесі бойынша материалдар дайындау;

  • Н.Н. Зординов– денсаулық сақтау нысандарының құрылысы және күрделі жөндеу жүргізу бойынша фото-материалдарды дайындасын;

  • М.Ш.Абдуллаев – мәжіліс залын, тіркеу орнын дайындап, дәлізді көркемдеп рәсімдеу;

  • Г.Р. Сүлейменова – ОҚКА дәлізінде алқа кеңесі басталғанша әлеуметтік маңызы бар аурулардың алдын алу және СӨС насихаттау бойынша бейне және фотоматериалдардың көрсетілуін ұйымдастыру.

  • Л.А. Кеңесбаева – пресс-релизді әзірлеу, БАҚ шақыру.

  • Г.Айжолова, А.Жаңабатырова – қатысушылар тізімін нақтылау, алқа кеңесінің материалдарын жіберу, құлақтандыру жұмысын ұйымдастырып, қатысушыларды тіркеу және залда орналастыру жұмыстары.

  1. Алқа кеңесі материалдарының дайындығы 2014 жылғы 10 ақпанға аяқталсын.

  2. Бұйрықтың орындалуын бақылауды өз құзырымда қалдырамын.



Басқарма басшысы Ж. Қасымжанова

Енгізуші :

Бөлім басшысы И. Лаврентьева
Келісілді:

Басқарма басшысының орынбасары Ә. Мұсабаева
Басқарма басшысының орынбасары М.Рамазанов
Басқарма басшысының орынбасары Қ.Базарбаева

Достарыңызбен бөлісу:




©www.dereksiz.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет