2015 жылы аудандық мәслихат қызметін ұйымдастыру жұмысының қорытындылары жөніндегі аудандық мәслихат хатшысы А. С. Досанованың есебі



Дата29.02.2016
өлшемі77.83 Kb.
2015 жылы аудандық мәслихат қызметін ұйымдастыру жұмысының қорытындылары жөніндегі аудандық мәслихат хатшысы А.С.Досанованың есебі

Бір жылды артқа тастап, шақырылымның соңғы баспалдағына аяқ бастық.

2015 жыл – еліміздің өмірінде айтулы жыл болды. Ұлттық тарихымызды ұлықтадық, жеткен жетістіктерімізді бағаладық. Жаһандық экономикалық дағдарыстың сынынан өту үшін топтаса түстік. Қаржы тұрақсыздығы, жұмыссыздықтың артуы жағдайында елдің көңіл күйінің құлдырап кетуіне жол берген жоқпыз. Керісінше дамыған мемлекеттердің отыздығына кіру үшін қоғам мен мемлекетті түбегейлі қайта өзгертуге негіз болатын «100 нақты қадам» атты бағдарлама жасақтап, елдің тұтастығы мен бірлігін, татулығы мен тыныштығын басты назарда ұстадық.

Елдің тыныштығына бірден –бір ұйытқы болатын мемлекеттік орган – мәслихаттар болып табылады. Аудандық мәслихат құрамы тұрғындар мүддесін қорғап қана қоймай, мемлекеттік тапсырмаларды іске асыруға көпті жұмылдыруда, жергілікті деңгейдегі заңдық базаны қалыптастыруда, қоғамды демократияландыруды тереңдету үшін жергілікті өзін-өзі басқару механизмдерін енгізуде бірқатар жұмыстар атқарды.

Жыл ішінде 10 депутатпен жұмыс істедік.

Аудандық мәслихат жұмысы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына және 2015 жылға арналған аудандық мәслихаттың жұмыс жоспарына  сәйкес жүргізілді. Барлық жоспарланған іс-шаралар мерзімінде орындалды.

Аудандық мәслихаттың 9 сессиясын өткіздік, оның бесеуі –кезекті, төртеуі –кезектен тыс.

Аудандық мәслихат сессияларында жалпы саны 63 мәселе қаралды.

Түпқараған ауданы әкімінің 2015 жылдың 1 жарты жылдығындағы ауданның әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы есебі тыңдалды.

2014 жылға арналған аудан бюджетінің орындалысы жөнінде есеп бекітілді. Облыстық тексеру комиссиясының аудандық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есебін тыңдалды.

2016-2018 жылдарға арналған аудан бюджетін қабылдадық.

Түпқараған ауданын дамытудың 2016-2020 жылдарға арналған бағдарламасын бекіттік.

Жыл ішінде аудандық бюджетке бір рет толықтыру, үш рет өзгерту енгізілді. Жыл басында аудандық бюджеттің шығыс жоспары 6 017 523 мың теңгені құрады. Толықтырулар мен өзгерістерден кейін 6 285 142 мың теңгеге тұрақтадық. Толықтырулар мен өзгерістер жасауда қаражат негізінен жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мекемелер мен мемлекеттік мекемелердің азаматтық жұмысшыларының жалақыларын өсіруге , аудандық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімін құруға, Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай бір жолдық төлемдерге, «Өрлеу» бағдарламасын іске асыруға, «Жұмыспен қамту» бағдарламасы шеңберінде ауылдық елді мекендерді абаттандыруға, әлеуметтік нысандарды жөндеуге, елді мекендердің жаңадан қоныстандырылған аумақтарын жолмен, газбен, сумен, жарықпен қамтуға, күзгі-қысқы дайындық жұмыстарына бағытталды. Бюджеттің шығыс жоспары 99,8 пайызға орындалды.

Үш жоспарлы мәселе қаралды. Атап айтқанда, «Аудандағы білім беру ісін инновациялау және дарынды балалармен жұмысты жақсарту туралы», «Аудан тұрғындары арасында туберкулез ауруының алдын алу және емдеу шараларын ұйымдастырудың жайы туралы», «Аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі мен Таушық ауылы әкімінің ауылды қолдау саласында 2015 жылы атқарған жұмыстары туралы » сұрақтар тыңдалды.

«Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекеленген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидасына » төрт рет өзгеріс жасадық. Мұнда негізінен Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, оларға теңестірілген азаматтарға берілетін бір жолғы әлеуметтік көмек мөлшерін арттырдық, ТМД аумағында қазақстандық жауынгерлердің ұрыс өткізген және жерленген орындарына , Батыр қалаларға барып келуіне шығындар қарадық, ауданның денсаулық сақтау, білім беру, ауыл шаруашылық кешені, әлеуметтік қамсыздандыру , мәдениет және спорт мекемелерінің қажеттіліктері бойынша әзірленіп жатқан мамандарға берілетін төлемдер нақтыланды.

«Отбасының (азаматтардың) белсенділігін арттыру үшін келісімшарт негізіндегі әлеуметтік көмек көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау Қағидасын» бекіттік.

Ауданға қарасты Ақшұқыр, Сайын ауылдарының шекараларын белгіледік.

Ауданда пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге белгіленген жер салығының мөлшерлемесін жоғарылату туралы шешім алдық.

Аудан бойынша бірқатар округтік және учаскелік сайлау комиссиялары құрамындағы бос орындар мен жаңадан құрылған учаскелік сайлау комиссияларының құрамына мүшелер сайладық.

Форт-Шевченко қаласы мен Таушық ауылының құрамдас бөліктеріне Ұлы Отан соғысының ардагерлері Мөріш Тышқанбаеваның , Айту Жолмағанбетовтің, Орынбай Бәлдековтің, Махмут Батыршиевтің есімдерін беру туралы ұсынысты мақұлдап, облыстық ономастика комиссиясына жолдадық.

Түпқараған ауданының Құрмет грамотасымен марапаттаудың Ережесін бекіттік. Жыл ішінде ауданның экономикасы мен әлеуметтік саласын дамытуға қосқан зор үлесі үшін 13 аудан азаматтарын «Құрмет грамотасымен» марапаттадық.

Екі азаматқа Түпқараған ауданының Құрметті азаматы атағы берілді.

Депутат А.Қосуақов өзінің депутаттық міндеттерін орындау жайы туралы есеп берді.

Аудан әкімдігі жанындағы тұрақты комиссиялар құрамдарына өзгерістер енгіздік. Қылмыстық жазаны және қылмыстық-құқықтық ықпал етудің өзге де шараларын атқаратын мекемелердің қызметіне жәрдемдесу және қылмыстық жазасын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмек ұйымдастыру жөніндегі консультативтік –кеңесші органды құрдық.

Жергілікті полиция қызметінің бастығы лауазымына Н.Қуанышбаевты тағайындауға келісім бердік.

Жыл ішінде мәслихат сессияларында 15 нормативтік-құқтық актілер қабылданды. Мәслихаттың әр кездерде қабылдаған шешімдеріне мониторинг жүргізу арқылы 5 шешімге өзгеріс жасалды.

Аудандық мәслихаттың бюджеттік және әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссияларының 9 рет біріккен мәжілісі өтті.

Тұрақты комиссияларда аудандық бюджетке толықтырулар мен өзгерістер беру, бюджет жоспарының орындалысы тыңдалды. Ауданның орта мектептерін ақпараттандыру құралдарымен қамтуға бөлінген бюджеттік қаражаттардың жұмсалуы және ақпараттандыру деңгейі туралы, мүмкіншілігі шектеулі азаматтарды қоғамға тарту саласында жасалған жұмыстар, қылмыстық жазасын өтеп келген азаматтарды жұмысқа орналастыру, аудандық бюджеттен көмек алып, 2015 жылы жоғары оқу орындарын бітірген жас мамандарды жұмысқа орналастыру жайы , мектеп оқушыларының жазғы демалысын ұйымдастыру туралы сұрақтар , Ұлы Жеңіске 70 жыл толуына арналған мәдени және әлеуметтік іс-шаралардың орындалу барысы қаралды. Аудандық жасөспірімдер ісі жөніндегі комиссия жастар мен жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу жұмыстарынан есеп берді.

№10 округтен депутат А.Шарипов ауданның орта мектептерін ақпараттандыру құралдарына қаралған бюджеттік қаражаттардың жұмсалуы туралы аудандық білім бөлімінің басшысы А.Өтесбаеваға, №8 округтен депутат О.Әбдірахманов мүмкіндігі шектеулі азаматтарды қоғамға тарту бағытында қандай жұмыстар атқарылып жатқандығы жөнінде аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы М.Дощановқа депутаттық сауалдар жолдады.

№1 округтен депутат А.Досанова «ҚР жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі 2013-2020 жылдарға арналған іс-шаралар жорспарын» орындауда мәслихаттардың жергілікті атқарушы органдарға қатысты бақылау функцияларын күшейту жөнінде, жеке және шаруа қожалықтарындағы мал шаруасының дамуына жәрдемдесу туралы аудан әкімдігіне қызметтік жазба түрінде ұсыныстар берді.

Аудандық мәслихат депутаттары 2014 жылдың қорытындылары бойынша өз округтерінде сайлаушылар алдында есепті кездесулер өткізді. Кездесуге 345 сайлаушы қатысып, ұсыныс-пікірлерін айтты.

Депутаттар Елбасы сайлауына қатысып, “Нұр Отан » партиясының аудандық штабында жұмыс істеді.

Аудандық мәслихат депутаттары Елбасының «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда : өсу, реформалар, даму » Қазақстан халқына Жолдауын өз округтерінде насихаттап келді.

Депутаттардың азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдауы кестеге сай жүргізілді. Жыл ішінде 21 сайлаушы аудандық мәслихатқа түрлі сауалдарымен, ауызша және жазбаша өтініштерімен шықты. Оның 7-уі орындалып, 14-і түсіндірілді.

«Қазақстан- Ақтау» телеарнасының «Депутат мінбері» рубрикасынан берілетін тікелей сұхбатқа он депутаттың сегізі – А.Досанова,М.Шырақбай, О.Әбдірахманов, А.Берішбаева, А.Нәбиев, Е.Жаңбырбаев, А.Қосуақов, А.Шарипов қатысып, эфир арқылы сайлаушылар сұрақтарына жауап берді.

Аудандық «Ақкетік арайы», облыстық «Маңғыстау» газеттерінде депутаттар О.Әбдірахманов «Сенің тағдырың – сенің болашағың», депутат А.Қосуақов «Қазақстанда бәрін жасауға болады», депутат С.Қойшыбаев «Елбасы Жолдауын қолдаймыз» тақырыптарында , «Маңғыстау мұғалімі» газетінде депутат А.Берішбаева «Мектеп кітапханасы – балаларды оқуға тартудың бастапқы буыны», М.Шырақбай «Егемен Қазақстан» газетінде «Елжандылық ірге тасы балабақшада қалыптасады» тақырыбында мақалалар жариялады.

Аудандық мәслихат депутаттары 2015 жылы «Қазақ хандығының 550 жылдығы», Ата заңымыз бен Қазақстан халықтары Ассамблеясының 20 жылдығы, Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған саяси-көпшілік шараларына, Ұлттық мерекелерге, партия конференциялары мен кеңестеріне, басқа да жалпы саны 54 шараға қатысты.

Депутаттар мәслихат аппаратынан бір сәтке қол үзген жоқ. Сессия, тұрақты комиссиялар материалдары, естелік құжаттар депутаттарға олардың электрондық поштылары арқылы және жазбаша жеткізіліп берілді. Депутаттарды заңдағы өзгерістермен тұрақты таныстырып отырамыз. Сонымен бірге, депутаттарды жұмысқа қажетті формалы қағаздармен, құрал-жабдықтармен материалдық қамтамасыз ету жалғасып келеді. Сессия құжаттарына қол қою депутаттардың электрондық қол үлгілері арқылы жүзеге асырылады.

Аудандық мәслихаттың интернет ресурстары істеп тұр, барлық сайлаушыларға арналған құжаттар «Ақкетік арайы» газетіне, «Әділет» электрондық газетіне уақтылы жарияланып отырады. Бұл мақсатқа аудандық мәслихат бюджетінен 411600 теңге жұмсалды. Мәслихат аппараты 297600 теңгенің 17 түрлі баспасөз-ақпарат құралдарына жазылды.

Жыл ішінде мәслихат аппаратының 3 қызметкері білім көтеру курстарынан өтті, мамандар 10 қызмет аясын кеңейту мен нақтылау туралы семинарларға қатысты.

Құрметті депутаттар! Бір-жар айдан кейін бесінші шақырылымның өқілеттілігі тоқтайды. 2016 жылдың 20 наурызында жергілікті мәслихаттардың сайлауы өтеді. Жаңа шақырылым жұмысын бастайды. Жаңа шақырылымда қазіргі құрамның да өкілдерін көретін болармыз. Аудандық мәслихат аппараты өкілетті мемлекеттік органның заңға сәйкес қызметін қамтамасыз ету, беделін көтеру , депутаттардың кәсіби деңгейін жақсарту бағытында қолдағы бар мүмкіндіктерді жасадық. Депутаттық корпустағы жұмыс азаматтардың көпшілікке танылуына, өздерінің білімдері мен іскерліктерін қоғамдық-саяси практикада шыңдауға қолайлы жағдайлар туғызды. Өткен уақыт олардың өміріне оң өзгерістер әкелді. Өткен жылы А.Шарипов «Қазақстан Республикасының Конституциясына 20 жыл» мерекелік медалімен, А.Нәбиев мен Е.Жаңбырбаев төс белгімен, А.Берішбаева ҚР Президентінің Алғысымен марапатталды. О.Әбдірахманов «Экология профессоры» атанды. «Қазақстан ұстазы» энциклопедиясына енді. М.Шырақбай Жапон еліне білім алмасу бағдарламасы бойынша оқуға барып, ҚР Білім және ғылым министрлігінің Алғыс хатымен марапатталды. А.Берішбаева ҰБТ қазақстан тарихы пәні бойынша 100 пайыздық сапа көрсетті. Е.Жаңбырбаев «Нұр Отан» партиясының МОФ саяси кеңес мүшесі болып сайланды. А.Қосуақов «Депутат – ел тірегі» республикалық энциклопедиясына енді.

Аудандық мәслихат аппараты атынан депутаттарға, аудан әкімдігіне , қоян-қолтық бірге жұмыс жасаған мемлекеттік органдарға, үкіметтік емес ұйымдар өкілдеріне алғысымызды айтамыз.

Бүгін ауданның Қоғамдық кеңесін құрып жатырмыз. Келешекте мәслихат бұл ұйымның одан әрі дамып кетуі үшін қорғаншылық жасайтын болады.



Еліміздің басы аман, жұртымыз тыныш, өміріміз өркенді болсын.
Каталог: user -> uploads -> files
files -> 12 селолық округ, 21 елді мекен бар
files -> «Келісемін» «Бекітілсін» «Нұр Отан» хдп аф төрағасының Аудандық мәслихат бірінші орынбасары хатшысы
files -> Жоба Түпқараған аудандық мәслихатының 2013 жылғы 11 желтоқсандағы №17/111 Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның
files -> Түпқараған ауданының Форт-Шевченко қаласы мен ауылдарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін қала, ауыл, көше
files -> Аудандық мәслихаттың 2012 жылғы 20 желтоқсандағы №10/70 «2013-2015 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
files -> Жоба Бесінші шақырылған Ақтау қалалық мәслихатының шешімі 2014 жыл 25 сәуір №
files -> Маңғыстау аудандық мәслихатының 2013 жылғы 12 желтоқсандағы №14/114
files -> Бейнеу аудандық мәслихатының 2012 жылғы 10 сәуірдегі №4/23 «Аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
files -> 10 желтоқсандағы №13/193 шешіміне өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы


Достарыңызбен бөлісу:




©www.dereksiz.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет