22-наурыз Ұлыстың ұлы күніне орай өткізілетін мерекелік кештің жоспары Өткізген: Скакова А. С



Дата25.02.2016
өлшемі35.09 Kb.
#24705
22-наурыз -

Ұлыстың ұлы күніне

орай өткізілетін

мерекелік кештің

жоспары

Өткізген: Скакова А.С

«Путь Ленин»ОМ 2013 оқу жылы

Құрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушылар! Ұлыстың ұлы күні-Наурыз мерекелелерініз құтты болсын! Күлімдеген шуақты көктеммен бірге қазақ даласына жаңа жыл келді, әр адам келер жылдан үлкен үміт күтіп, оны ақ тілекпен, ақ ниетпен қарсы алады.Ұлы мерекелеріңізбен құттықтап, дендеріңізге саулық, жанұяларынызға бақыт,еңбектерінізге табыс тілейміз.Ұлы мереке сіздерге тек бақыт сыйласын!

Наурыз-өте көнеден келе жатқан мейрам.Наурыз сөзі парсы тілінің «Нау-жаңа, рыз-күн» деген сөзден шыққан,жылдың бірінші күнін білдірген.Қазақ тілінде «Наурыз» сөзі біріншіден-жыл басында тойланатын думанды халықтық мейрам, екіншіден- наурыз айы, үшіншіден-ұлыс күні жасалатын көжеге қатысты айтылады.Бұл күн-аспан денелері өздерінің ең бастапқы нүктелеріне келіп, күн мен түн теңеледі,жан-жануарлар төлдеп, адамдардың аузы аққа тиетін,жер үстіне шаттық орнаған күн.Қазақ елі осы күнді «Ұлыстың ұлы күні-ұлы күні» деп атаған.




1-жүргізуші: Армысыздар, құрметті халайық!

2-жүргізуші: Бармысыздар, халайық!

1-жүргізуші: Наурыз тойымызға қош келдіңіздер!

2-жүргізуші: Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!

1-жүргізуші: Наурыз мерекесі баршамызға құт-береке әкелсін!

2-жүргізуші: Енді ортаны баршамызға ашайық,

Көрерменге жырдан шашу шашайық!

Ән мен күйді жырыменен шалқытып,

Өнерімен інжу-маржан шашайық!

Ән «Тойға тілек» орындайтын Ускеленова Айым

1-жүргізуші: Наурыз қазақ халқында ертеден тойланып келе жатқан мейрам. Наурыз қазақша «жаңа күн» деген мағынаны білдіретін парсы сөзінен шыққан. Бұл күні жаңбыр жауса, басын жаңбырға тосып құдайдың нұрының да солай жауғанын тілеген.

2-жүргізуші: Ағайынмен қауышып

Аман, сәлемдесеміз

Енді отырған халайық

Кезекті әнге көшеміз

Ән «Ақ сәулем» Бейсембеков Ерханның орындауындағы әсем әнімен ортамызға шақырайық

1-жүргізуші: Халық Наурыз мерекесіне алдын-ала дайындалады. Киіз үй іші тазартылып, қос шырақ жағылады. Ыдыстар айранмен, сүтпен, бұлақ суымен толтырылады. Бұл тоқшылықтың белгісі.

2-жүргізуші: Ашық болсын күніміз

Ашылады нұрымыз

Бай тұлғалы өңірде

Ашылады жырымыз

Сахнада 5-қаз сыныбының қыздары «Ана» биі.

1-жүргізуші: Айналаға нұр төгіп,

Күй тербеген Наурызым!

Шаттық сәуле тұр күліп,

Би билеткен Наурызым!

Ән «Сарыжайлау» орындайтын Айым.

2-жүргізуші: Биыл міне, тағы да,

Аңсап көрген Наурызым!

Құстар қонған бағыма,

Ән сап келген Наурызым!



1-жүргізуші: Күнге тағзым еткеннен кейін ер адамдар қолдарына күрек алып, бұлақтарды тазартады. Бұлақ көрсең, көзін аш деген сөз осыдан қалған.

Келесі кезекте Аруна мен Әйгерімнің орындауында «Ана» әні.



2-жүргізуші: Аңыз бен ертегіден бізге жеткен

Құрметті қонақтарды қарсы алайық

Өнерпаз өрендерге тамсанайық

Шалқытып мерекеде ән салайық

Би 6-сынып оқушылары.

1-жүргізуші: Ақындарын жырлатқан,

Жаса, жайна, Наурызым!

Барлық халық тіл тапқан,

Демеуші, ұлы Наурызым!

4-сынып ұлдарының «Адай» биі

2-жүргізуші: Жарқыраған жас нұрлы

Жаса, Наурыз, дәстүрлі

Бақытыма шалқыдым,

Ашылады нұрымыз.

Осынау байтақ елімде,

Айтылады жырымыз.

Ерхан мен Нүрхаттын орындауында «Періште» әні.

1-жүргізуші: Наурыз мейрам жүректерге нұр сепкен,

Маңдайымнан сүйіп жатыр күн көктем,

Жарығыңмен, шуағыңмен Күн ана,

Алып келді жер бетіне гүл көктем.



2-жүргізуші: Тілекке тілек қосылып,

Қауышар күн Наурыз.

Сыбаға алып жосылып,

Жарысар күн Наурыз.



1-жүргізушімен 2-жүргізуші қосылып: Құтты болсын наурыз.

1-жүргізуші: Осымен мерекелік концертіміз аяқталды.

2-жүргізуші: Алтын уақыттарыңызды бөліп, келгендеріңізге көп рахмет.


Достарыңызбен бөлісу:




©www.dereksiz.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет