28 Жел алқабының уақыт бойынша өзгеруін анықтау негізінде атмосферадағы ауа қозғалысына әсер ететін күштердің ықпалын бағалау



бет1/10
Дата24.07.2022
өлшемі30.74 Kb.
#459772
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
28-41 ГОСна100


Мемлекеттік емтихан 100 баллға
Сұрақтар: 28-41

28) Жел алқабының уақыт бойынша өзгеруін анықтау негізінде атмосферадағы ауа қозғалысына әсер ететін күштердің ықпалын бағалау
Жел деп ауаның жер бетімен салыстырмалы түрде горизонтальді қозғалысын айтады. Жел атмосфераның әр жерінде қысымның біркелкі болмауынан туады. Жел жылдамдығымен ж/е бағытымен сипатталады.Ал Жел алқабы д/з – желдің бағыты мен жылд сипаттайтын векторлық алқап. Желдің бағыты ретінде көкжиектің жел соғып тұрған жағы есептелінеді. Метеорологияда желдің бағыты румбамен –горизонттың 16 нүктесі н/се азимутпен белгіленеді. Желдің жылдамдығы м/с,км/сағ-пен есептелінеді.Теңізшілер жел жылдамдығын көз мөлшермен анықтағанда Бофорт шкаласын қолданып балмен есептейді.
Атмосфераның қалың қабатын алып үлкен кеністікте соғатын желдерді ауа ағыны деп атайды, яғни ауа ағыны дегеніміз уақыт бойынша белгілі бір тұрақтылығы бар желдер жүйесі.
Градиенттік күш. Бірлік қашықтықтағы ауа қысымының айырмашылығын горизонтальді қысым градиенті дейді. Қысым градиентінің күші ауа массасын қозғалтатын күш болып табылады, яғни жел тудырады. Атмосферадағы ауа қозғалысына градиенттік күштен басқа тағы 3 күш ықпал жасайды:
а)Жердің айналуының ауытқыту күші
б)үйкеліс күші;
в)ортадан тебу күші; Кариолис күші деп аталады.
Кариолис күші ауа қозғалысына тік бұрышпен, солтүстік шарда-оң жаққа,оңтүстік шарда-сол жаққа бағытталады.Сондықтан ол ауа қозғалысын үдетпейді де, тежемейді де,т ек оны бағытын өзгертеді.
Үйкеліс күші ауа қозғалысын тежейді.Ол жер бетімен байланысты- сыртқы үйкеліс күші ж/е ауадағы молекулалық ж/е турбуленттік араласуға бай/ты-ішкі үйкеліс күшінен құралады. Сыртқы үйкеліс күші жер бедерінің бүдірлігіне бай/ты болады ж/е желге қарама-қарсы бағытталғандықтан оның жылдамдығын азайтады. Ішкі үйкеліс күші,оның белгілі қатаң бағыты болмайды.


29). Тұрақталған ауа қозғалыстарын түсіндіру негізінде геострофикалық және геоциклострофикалық желдердің орналасу принциптерін салыстыру




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©www.dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет