2.ҚАзақстан республикасындағЫ ҚОҒамдық бірлестіктердің конституциялық ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘртебесі


Қазақстан Республикасындағы қоғамдық бірлестіктерді құру аспектілері



бет3/7
Дата27.03.2023
өлшемі72.81 Kb.
#471198
1   2   3   4   5   6   7
Аметова.Н Конституциялық құқық курстық жұмыс

1.2 Қазақстан Республикасындағы қоғамдық бірлестіктерді құру аспектілері

Қоғамдық бірлестік кемінде он адамнан тұратын Қазақстан Республикасы азаматтары тобының бастамасы бойынша құрылады.


Азаматтардың қоғамдық бірлестіктер құру құқығы тікелей жеке тұлғалардың бірігуі арқылы, сондай-ақ саяси партияларды қоспағанда, заңды тұлғалар – қоғамдық бірлестіктер арқылы жүзеге асырылады.
Жарғыны қабылдайтын және басқару органдарын құратын, құрылтай съезін (конференциясын, жиналысын) шақыратын жеке тұлғаларды және (немесе) саяси партияларды қоспағанда, заңды тұлғалар - қоғамдық бірлестіктер қоғамдық бірлестіктердің құрылтайшылары болып табылады. Қоғамдық бірлестіктердің құрылтайшылары – жеке және (немесе) заңды тұлғалар тең құқықтарға ие және бірдей міндеттерді атқарады.
Кәсіподақ кәсіподақтың құрылтайшысы бола алады.
Қоғамдық бiрлестiктердiң заңды тұлға ретiнде құқық қабiлеттiлiгi Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде белгiленген тәртiппен тiркелген кезден бастап туындайды.Саяси партияларды – қоғамдық бірлестіктерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының азаматтары және (немесе) заңды тұлғалары қоғамдық бірлестіктердің мүшелері (қатысушылары) бола алады. Саяси партиялардан басқа қоғамдық бірлестіктердің жарғыларында шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың мүшелігі (қатысу) көзделуі мүмкін.
Кәсіподақтар кәсіподақтардың мүшелері (қатысушылары) бола алады.
Он алты жасқа толған азаматтар саяси партиялар жанындағы жастар қоғамдық бірлестіктеріне мүше (қатысушы) бола алады. Басқа қоғамдық жастар және балалар бірлестіктері мүшелерінің жасы олардың жарғыларымен (ережелерімен) белгіленеді.
Мүшелікке кіру және одан шығу ережелері мен тәртібі қоғамдық бірлестіктердің жарғыларында белгіленеді.
Әскери қызметкерлер, ұлттық қауіпсіздік қызметкерлері, құқық қорғау органдарының қызметкерлері және судьялар партияларға, кәсіподақтарға мүше болмауы және қандай да бір саяси партияны қолдамауы керек.
Қоғамдық бірлестіктің жарғысында мыналар көзделуге тиіс:
1) қоғамдық бірлестіктің атауы, қызметінің мәні және мақсаттары;
2) қоғамдық бірлестікке мүшелік (қатысу), мүшелікке кіру және одан шығу ережелері мен тәртібі, мүшелердің (қатысушылардың) құқықтары мен міндеттері;
3) қоғамдық бірлестіктің ұйымдық құрылымын, құрылымдық бөлімшелерінің (филиалдар мен өкілдіктердің) құқықтық мәртебесін және ол өз қызметін жүзеге асыратын аумақты;
4) басқару органдарын құру тәртібі, олардың құзыреті мен өкілеттік мерзімі, қоғамдық бірлестіктің тұрақты жұмыс істейтін басқару органының орналасқан жері;
5) қоғамдық бiрлестiктiң қаражатын және өзге де мүлкiн қалыптастыру көздерi, қоғамдық бiрлестiктiң және оның құрылымдық бөлiмшелерiнiң (филиалдары мен өкiлдiктерiнiң) мүлiктi басқару құқықтары;
6) қоғамдық бірлестіктің жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібін;
7) қоғамдық бірлестікті қайта ұйымдастыру және тарату тәртібі, қоғамдық бірлестік таратылған жағдайда оның мүлкінің тағдыры.
Жарғыда қоғамдық бірлестіктің қызметіне қатысты Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де ережелер көзделуі мүмкін.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет