4-дәріс. Өндіріс теориясы Өндіріс пен технология. Өндірістік функция



бет4/4
Дата27.09.2022
өлшемі86.99 Kb.
#461442
1   2   3   4
4-дәріс

Ауқым әсері – өндіріс факторлар шығын шамасының салыстырмалы өзгеруі мен шығару көлемінің салыстырмалы өзгеруінің ара қатысы.
Өндіріс факторларының N есе өзгеруі шығаруды да N есе өзгертеді, ол ауқымның тұрақты қайтарымын немесе ауқымның тұрақты әсерін білдіреді. Өндіріс факторларының N есе (өсуі) шығарудың N есе аздау өсуі ауқымның қайтарым кемушілігі немесе ауқымның теріс әсері болады. Егер өндіріс факторларының N есе өсуі шығарудың N еседен көп өсуіне әсер етсе, оны ауқымның өсу қайтарымы немесе ауқымның оң әсері деп айтады.
Изокванта картасын талдай келе, ұзақ мерзімді кезеңде ауқым әсерінің білінуін көруге болады. Егер шығару көлемі тең шамада өскенде изокванталар тақалса (25-а), ол ауқымның оң әсерін көрсетеді – шығарудың көбеюі факторлардың аз шығындарын талап етеді. Ал изокванталардың алшақтауы (25-в) ауқымның теріс әсерін көрсетеді – шығарудың көбеюі көптеген шығындарды талап етеді. Оған сәйкес, егер изокванталар сол калпында қалса (25-б), ауқым әсері тұрақты болады.



25 сурет. Изокванта картасындағы ауқым әсері

Шығару көлемінің өсуінде (ол фирманың өсуіне тең) ең алдымен ауқымның оң әсері орын алады, сонан соң ол ауқымның тұрақты әсерімен, соңында ауқымның теріс әсерімен ауысады. Тәжірибеде ұйымдастыру факторы ауқым әсерінің себебі болып келеді. Өсу қайтарымы барысында пайда болған шығындарды үнемдеу мүмкіндіктері мамандандыруды тереңдету, жаңа технологияларды пайдаланудың арқасында ұйымдастыру факторы өзін өнімділіктің өсуінде көрсетеді. Кемушілік қайтарымның барысында ол басқару мен үлестіруде, әкімшілік шығындарда көрінуі мүмкін. Бастапқы кезеңдерде фирманың оң сәттері көп, бірақ бір шекке жеткенде өсіп кеткен фирманы басқару қиындай түседі де, қайтарым теріс болады. Жоғарыда қаралған жиынтық, орташа және шекті өнімдердің көрсеткіштері факторлар санының өзгерістерін өлшеу мен талдау үшін керек. Олардың көмегімен шекті өнімділігінің кемушілік заңы әрекетін бағалауға болады. Бірақ олар абсолюттік көрсеткіштер болып келеді, сондықтан олардың қолдануы толық талдауға жеткіліксіз. Сол себептен салыстырмалы көрсеткіштер пайдаланады, көбінесе, өндіріс факторларының икемділігі. Өндіріс факторлары икемділігінің коэффициенті талданатын фактордың бір пайыздық өзгеруіне көлем әсерінің шамасын көрсетеді. Ол талданатын фактор шекті өнімнің орташа өніміне деген қатысына тең:


ЕL = MPL/AP
EK = MPK/APK

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет