5-тақырып. Кәсіпкерлік шарттар: түрлері, мазмұны және жасасу тәртібі



Pdf көрінісі
бет1/3
Дата22.10.2022
өлшемі283.96 Kb.
#463230
  1   2   3
5 дәріс



5-тақырып. Кәсіпкерлік шарттар: түрлері, мазмұны және жасасу 
тәртібі
Жоспар: 
1. Кәсіпкерлік келісім шарт түсінігі 
2. Коммерциялық мәмілелерді жүзеге асыруды ұйымдастыру 
(технологиясы) мен келісім шарт мазмұны 
1. Кәсіпкерлік келісім шарт түсінігі 
Келісім-шарт (контракт, келісім) - серіктестік қатынастардың бекіту 
формасы (көбінесежазбаша, құжаттық). Келісім - шартта келісу заты, 
серіктердің екіжақты құқықтары мен міндеттері және келісімнің бұзылған 
жағдайындағы салдар. Келісім-шарттың жазбаша түрі қойылатын 
сұрақтардың қайта қарау негізі. Келісім-шарттарды талқылайтын, өзін-өзі 
басқаратын субъектілердің экономикалық қызығушылықтарын орындау 
барысында пайда болатын қатынастарды реттейтін құқықтың ерекше саласы 
- келісім құқығы болып табылады. 
Кәсіпкерлікте мекемелік келісім мен кәсіпкерлік немесе шаруашылық 
келісімді ажырата білу керек.Мекемелік келісім- ол белгілі бір кәсіпкерлік 
идеяны жүзеге асырудағы жаңа ұйымдық-құқықтық құрылымның пайда 
болуы туралы жеке және заңды тұлғалардың куәлендірілген жазбаша 
құжаты. 
1992ж. бастап республикада кооперативтер,шағын және орта мекемелер 
жұмыс істеді.Мемлекет бұл кәсіпорындардың формаларының дамуына көмек 
көрсетті. Бірақ,ол біркелкі мемлекеттік реттеу жүйесін қалыптастыра 
алмады.Ол жүйе бірнеше элементтерден тұрады және оның негізгі 
элементтерінің бір түрі ол-салық салу жүйесі. 
Республикада мемлекеттік реттеу жүйесі мен кәсіпкерліктің дамуына 
қолдау көрсету жүзеге асырылып жатыр.Кәсіпкерліктерге салық салу 
механизмі бұл жүйеде басты орын алады. Бұл республиканың экономикалық 
механизмінің дамуының элементі сын көзбен қаралады. Қазіргі салық салу 
жүйесінің қызметкерлерінің айтуы бойынша, іске асырылып отырған салық 
салу дамуы әсерлі емес және жаңа нарықтық жағдайға сәйкес емес.Ең 
алдымен ол экономикалық өсуге әсерін тигізбейді, өзінің қызметін 
атқармайды,көбінесе басқаратын субъектілер мен халықтың қаражаттық 
ресурстарының әсерлі түзілуіне, халықты әлеуметтік қорғауға арналған 
мемлекеттік қормен қамтамасыз етпейді, республикада шағын және орта 
кәсіпкерліктің дамуына қолдау көрсетпейді. Нарықтың ерекше секторы 
болып саналатын кәсіпкерліктерге ерекше кері әсер етеді. Ал, Қазақстан 
Республикасында шағын және орта кәсіпорындардың бар болуы экономика 
саласында басты рольді атқарады.Сондықтан,батыс елдеріндегі сияқты 
шағын және орта кәсіпкерлікті белсенді, кешенді қолдау керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©www.dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет