8 Дәріс. Электрлік бақылау шиттеріне қойылатын негізгі талаптар



Дата03.01.2022
өлшемі22.57 Kb.
#450660
8 Дәріс.Электрлік бақылау шиттеріне қойылатын негізгі талаптар

8 Дәріс.Электрлік бақылау шиттеріне қойылатын негізгі талаптар

Электрлік жетекті қолданудың негізгі мақсаты – жұмыстық машинаның технологиялық үрдісті берілген тапсырмалық өнімділікке, сапалық көрсеткішке сәйкес жоғары экономикалық және энергетикалық тиімділікпен орындауын қамтамасыз ету. Электрлік жетек берілген функцияларды келісілген шартпен анықталған уақыт аралығында орындау қажет. Егер ол орындалмаса, онда оның барлық басқа сапасы қажетсіз болады, сондықтан сенімділік талабын бірінші қарастырамыз. Екінші жалпы көрсеткіш дәлдік деп аталады. Ол қозғалысты басқару сапасын сипаттайды, сондықтан электр жетегінің негізгі функциясы болып саналады. Жетек қандайда бір қозғалыстың көрсеткішінің берілген мәннен өзгеше болмауын және берілген мәннен аспауын қажетті дәлдікпен орындауы керек. Мысалы, лифт кабинасын тоқтатудың дәлсіздігі ± 1 мм аспауы керек. Электр жетегі сымның немесе жіптің оралуы кезіндегі тартылу күшіне тәуелсіз жағдайда транспортер лентасының қозғалысын берілген жылдамдық деңгейінде ұстап тұру қажет, сонымен қатар жылдамдықтың ауытқуы рұхсат етілген ауытқудан аспауы керек. Үшінші көрсеткіш әртүрлі сыртқы әсерлердің әрекетіне байланысты электрлік жетек жүйесінің қимылдау (әрекет ету) шапшаңдығы, бұл көрсеткіш екінші көрсеткішпен тығыз байланысты. Мысалы, радиотелескоп антенасының электрлік жетегі желдің әсерінен белгіленген орынжағдайдан ауытқуды өте тез түзетуі керек. Шапшаңдық пен дәлдіктің арасындағы байланысты мына мысалмен көрсетуге болады: егер белгілі бір параметр өте тез өзгерсе, онда жетек оның өзгерісін тез қабылдап, ӛңдеп, тиісті әрекетті тез жасауы керек, әйтпесе берілгенмен мән мен нақты мән арасындағы айырмашылық көбейіп кетеді және рұқсат етілген аумақтан шығады. Шапшаң әрекет ететін жүйеде динамикалық үрдістер уақыт тәуелді түрде өтетін өзгерістермен байланысты. Бұл байланыс төртінші көрсеткіштің – динамикалық үрдістердің сапасын анықтайды. Бұл кӛрсеткіш динамикалық үрдістердің уақыт бойынша өтуін сипаттайтын заңдылықпен ӛрнектеледі. Мысалы, лифтіде жақсы жұмыс жасайтын жетек болғанда қозғалыстың үдеуі мен тоқтауы сезілмейді, егер нашар жұмыс жасайтын жетек болса,онда динамикалық үрдістер кезінде қолайсыз жағдайлар орын алады. Қазіргі уақытта ең маңызды саналатын бесінші кӛрсеткіш энергетикалық тиімділік деп аталады. Энергияны беру және түрлендірудің кез келген үрдістері кезінде шығындар болатындықтан, осы шығындардың басым бӛлігі қандай екендігін білу қажет. Электр жетектері үшін бұл көрсеткіш электр энергиясының шығынымен анықталады. Мысалы, станоктың электр жетегінің энергетикалық тиімділік анықтау үшін 1 тонналық дайын өнімдер үшін қанша электр энергия шығындалатындығын білу қажет. Энергетикалық тиімділікті ПӘК бағалайды. ПӘК пайдалы шығындалған 12 энергияның үрдісті орындауға берілген энергияның толық шығынына қатынасы арқылы анықталады. Үлкен шығындар дегеніміз - электрлік ресурстар мен адамдардың еңбектерінің босқа шығындалуы және қоршаған ортаға зиян тигізу. Алтыншы көрсеткіш – электрлік жетектің электрмен қамтамасыз ету жүйесімен және өте жоғары деңгейлі ақпараттық жүйемен сәйкестігі. Сәйкестік мәселесі соңғы кездері электр жетегінің құрамына қоректендіру желісіне және электронды басқару құрылғысына кері әсерін тигізетін жоғары гармоникаларды түзететін жартылай өткізгішті түрлендіргіштердің енуіне байланысты қарастырыла бастады. Жетінші көрсеткіш жұмсалған ресурс мөлшері (ресурстық сыйымдылық) деп аталады. Оған өнім шығару үшін жұмсалған материал мен энергия мөлшері, сонымен қатар дайындау, монтаждау, тасымалдау және жөндеу үшін жұмсалған еңбек мӛлшері жатады. Бұл к Ет және басқа да мал шаруашылығы өнімдерін тасымалдау кезіндегі қойылатын ветеринарлық- санитарлық талаптар мен жүргізілетін шаралар және осы кезеңдердегі ветеринарлық-санитарлық бақылау

Көрсеткіш өте күрделі және ауқымды, қолданылған технологияның деңгейімен, экономикалық жағдайлармен және көптеген басқа факторлармен байланысты. Мысалы, электр жетегінің негізгі элементі болып саналатын, қуаты 1-10 кВт қысқа тұйықталған роторлы асинхронды қозғалтқыштардың салмағының Ет және басқа да мал шаруашылығы өнімдерін тасымалдау кезіндегі қойылатын ветеринарлық- санитарлық талаптар мен жүргізілетін шаралар және осы кезеңдердегі ветеринарлық-санитарлық бақылау



Өзгеруін қарастырайық. Табиғи ресурстары аз, бірақ технологиялық деңгейі жоғары Жапонияда 1950 жылдан 1986 жылға дейінгі аралықта қолданылатын материалдарының қасиеттерінің жақсаруы мен оларды өңдеу сапасының жоғарлауы, тиімді қонструкциялық шешімдерді қолдану нәтижесінде мұндай қозғалтқыштардың салмағы орташа есеппен 2,5 есе тӛмендеді. Қазіргі кезде энергияның бағасы жоғарлағандықтан және материалдың бағасы көтерілгендіктен энергияны үнемдейтін қозғалтқыштарының өндірісі қарқын алды, сондықтан олардың үлесі 40-50% дейін көтерілді. Қойылатын талаптарды толық қанағаттандыратын электрлік жетекті ойлап құрастыру, жобалау кезінде электрлік қозғалтқыш пен басқару құрылғысының қасиеттері мен мүмкіндіктері жұмыстық машинаның жетектік сипаттамаларымен өзара сәйкестендірілуі қажет. Жетектік сипаттамалар деп өндірістік үрдістің және машинаның жұмыс режимдерін барлық ерекшеліктерін қамтитын сипаттамалар тобын айтады. Оларға технологиялық, кинематикалық, энергетикалық, механикалық, жүктемелік және инерциялық сипаттамалар жатады. Электрлік жетектердің міндеттері қатарына жұмыстық машиналардың атқарушы органдарын қажетті қозғалыс түрімен (айналмалы, ілгерлемелі, кері-ілгерлемелі) қамтамасыз ету, оның жылдамдығын және үдеуін реттеу (тұрақтандыру), сонымен қатар, технологиялық үрдістерді орындауға қатысатын құрылғылардың жұмыстық режимдерін (жүргізіп жіберу, реверстеу, тежеу, жылдамдықты реттеу, апаттық жағдайлардан қорғау және блокировка) автоматтандыруды қамтамасыз ету жатады. Электрлік жетектерінің өзіндік ерекшеліктерін атап ӛтейік: 1) Электр қозғалтқыштарын әртүрлі қуатқа және жылдамдыққа арнап жасау мүмкіндігі. Қазіргі кезде электрлік жетектердің қуаттарының диапазоны 13 ваттың жүздеген бӛлігінен ондаған мың киловатқа дейінгі аралықта, ал айналу жылдамдығының диапазоны өте кең ауқымды қамтиды. 2) Әртүрлі жағдайда жұмыс істей алатын электрлік жетек жасау мүмкіндігі: агресивті сұйық пен газы бар ортада, космостық кеңістік жағдайында, тӛменгі және жоғарғы температураларда және т.б. 3) Қарапайым әдістердің кӛмегімен жұмыстық машиналардың орындаушы мүшелерінде әртүрлі және күрделі қозғалыс түрлерін іске асыру, сондай-ақ қозғалыс бағытын және жылдамдықты, үдеуді өзгерту мүмкіндігі. 4) Өндірістік және технологиялық үрдістерді автоматтандырудың жеңілдігі, электр жетегін өндірісті басқаратын автоматтандырылған ортақ жүйеге қосудың қарапайымдылығы. 5) Электрлік жетектің ПӘК жоғары болуы, жұмыс істеу сенімділігі, қолдануға қолайлы болуы, қоршаған ортаны ластамауы.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.dereksiz.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет