8-дәріс. Педагогтің педагогикалық қызметінің мәні мен құрылымы



бет2/3
Дата25.03.2024
өлшемі23.44 Kb.
#496421
1   2   3
ЖМП-8

Педагогикалық шеберлік мәні мен құрылымы. Педагогикада келесідей аксиома бар: интеллектіні интеллект шыңдайды, мінез-құлықты мінез-құлық тәрбиелейді, тұлғаны тұлға қалыптастырады. Педагогикалық еңбек шебері – ол педагогика және психология, өзінің кәсіби саласында жоғары құзыретті, өз кәсіби білімін, іскерліктері мен дағдыларын жоғары дәрежеде репродукциялай алатын (қайта жаңғырта алатын) маман. Педагогикалық іс-әрекеттің маңызды қорытынды нәтижесі тұлғаның, оның қабілеттерінің, білімдері мен дағдыларының дамуы. Педагогтің кәсіпқойлығының деңгейі оның құзыреттілігіне, кәсіби педагогикалық ойлауы дамуының дәрежесіне тәуелді. Педагогикалық шығармашылық кәсіби-педагогикалық құзыреттілікке негізделген жағдайда тиімді болады.
Ю.К. Бабанский оқыту әдістерін таңдауда алты негізгі өлшемдерді ескеруді ұсынады: оқытудың заңдылықтары мен қағидалары; оқытудың мақсаттары мен міндеттері; пәннің мазмұны; студенттердің оқу мүмкіндіктері; сыртқы жағдайлардың ерекшеліктері; оқытушының өз мүмкіндіктері. Дидактика оқытушыларға төрт сұраққа жауап беруге көмектеседі: кімді оқыту? не үшін оқыту? нені оқыту? қалай оқыту? Олардың ішінде ең күрделі сұрақ «Қалай оқыту?». Себебі, оқыту процесінің икемді мен қозғалмалы болуының, оқытудың негізгі құрамдас элементтері оқытушы мен білім алушының қайталанбастығы мен даралығының салдарынан оқыту процесін табысты және нәтижелі ұйымдастырудың дайын үлгісін ұсыну мүмкін емес. Жоғары мектеп оқытушысының өзін-өзі кәсіби дамытудың негізгі бағыттары: 1) қызметтік (мақсаты, міндеті, жұмыс мазмұны, формасы, әдістер және нәтижесі). 2) мазмұндық (әдістемелік, ғылыми-теориялық білімді практикада қолдана білуге жағдай туғызу). 3) басқарушылық (талдау, жоспарлау, ұйымдастыру, бақылау, танып-білу.)
Педагогикалық шеберліктің негізгі белгілері: кәсіптік білім, біліктілік, дағды, кәсіптік қабілет, педагогтік әдептілік, педагогикалық техника. Егер педагогикалық іс-әрекет ғылыми жұмыспен бекітілмесе, педагогикалық шеберлік тез бәсеңдейді. Оқытушының шығармашылық даралығы – бұл оның іс-әрекетінің жоғары сипаттамасы, және кез-келген шығармашылық сияқты ол оның тұлғасымен байланысты. Оқытушы мамандығы үш компоненттен құралады:

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет