8. Хетт патшалығы



бет1/29
Дата14.04.2023
өлшемі90.33 Kb.
#472268
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29
2 айналым 8-19


8. Хетт патшалығы

1 тапсырма. Тапсырманы түрлендіріп жаз:


1. Қазіргі Түркия жерінде ерте замандарда Хетт мемлекеті өмір сүрді. Анатолы немесе Кіші
Азия деп аталған бұл аймақты ежелден бұл аймақты үш теңіз қоршаған. Олар: солт. Қара
теңіз ,батысында Мәрмәр ,Эгей теңіздері және оңт-бат. Жерорта теңізі . Кіші Азия –
таулы үстірттер мен далалы өлке.
1.1.Қазіргі Түркия жерінде ерте замандарда өмір сүрді. Хетт мемлекеті
1.2.Кіші Азия тағы аталды. Анатолы
1.3. Кіші Азияны қоршаған теңіздер саны: 3
1.4. Кіші Азия өлкесі. Таулы үстірттер мен далалы өлке.
1.5. Кіші Азияны қоршаған теңіздер: солт. Қара теңіз ,батысында Мәрмәр ,Эгей теңіздері және оңт-бат. Жерорта теңізі .
1.6. Хетт мемлекеті өмір сүрді. Кіші Азияда, қазіргі Түркия жерінде.
2. Егістікке қолайлы кең алқапты жазықтар аз. Мұнда Ніл, Евфрат, Тигр сияқты суы мол
өзендер жоқ. Ең үлкені -ежелде Галис атанған, қазіргі Қызыл Ирмак өзені. Ол елдің
шығыс -солт. басталып, оңтүстік батысқа қарай ағып барып, Қара теңізге құяды. Оның суы
өте көп емес еді. Сондықтан кемемен жүзу онша қолайлы болмады. Шағын каналдар
қазылды. Дегенмен жер бедері ірі суландыру жүйелерін жасауға мүмкіндік бермеді.
Мұның бәрі өзендердің аздығы кең түрдегі жер шаруашылығымен айналысуға кері әсер
етті. Сол себепті мал шаруашылығы дамыды. Тауларда әртүрлі ағаштар мен өсімдіктер
өсті. Ежелгі заманда аңдар да көп болатын. Тау койнауларында күміс ,мыс, қорғасын, темір
сияқты металдар мол болды. Ол аймақты Күміс таулар деп атаған. Осындай аймақты
мекендеп, алғашқы ірі мемлекет құрған Каспий теңізі бойынан келген халықтар деп
есептеледі. Ол мемлекет Хетт патшалығы деп аталды.
1.1. Хетт мемлекетіндегі ең үлкен өзен. ежелде Галис атанған, қазіргі Қызыл Ирмак өзені.
1.2. Қызыл Ирмак өзені басталады. Шығыс -солтүстігінен. Ағады. оңтүстік батысқа
1.3. Қызыл Ирмак өзені құяды. Қара теңізге
1.4. Хетт мемлекетінде дамыған шаруашылық. Мал шаруашылығы
1.5. Тау койнауларында мол болды. Күміс, мыс, қорғасын, темір сияқты металдар
1.6. Алғашқы ірі мемлекет құрған есептеледі. Каспий теңізі бойынан келген халықтар деп
3. Б.з.б. III ғасырдың соңында хеттердегі ру-тайпалық құрылыс ыдырай бастады. Тайпа
одақтарының арасындағы күрестің барысында хеттердің бір орталыққа бағынуы басталды.
Басқаларға қарағанда Ниса қаласы мықты еді. Ниса каласының билеушілері Хетт
патшалығын құрады. Табарна атты билеуші б.з.б. II мыңж. ортасында Кіші Азияның
көптеген жерін бағындырды. Сөйтіп, Хетт мемлекеті кеңейе, күшейе түсті. Мемлекеттің
астанасы Хаттуса қаласына көшірілді. Хеттер Қосөзен бойына қарай жорықтар жасады.
Олар, тіпті Вавилонға дейін жетті, б.з.б. 1595жылы Вавилонды тонады
1.1.Хеттердегі ру-тайпалық құрылыс ыдырай бастады. Б.з.б. III ғасырдың соңында
1.2. Хетт мемлекетіндегі мықты, патшалық құрғагн қала. Ниса қаласы
1.3. Табарна б.з.б. II мыңж. ортасында бағындырды. Кіші Азияның көптеген жерін
1.4. Хетт мемлекетінің астанасы. Хаттуса
1.5. Хеттер жорықтар жасады. Қосөзен бойына қарай
1.6. Хеттер Вавилонды тонады. б.з.б. 1595 жылы
4. Бірақ Хетт билеушілерінің билігі өте мықты болмады.Олар ақсақалдар кеңесінің
шешімдерімен санасуы керек еді. Патша билігін мұралану тәртібі жоқ еді. Бұл жағдай
елдегі билік үшін күресті күшейтті. Патшаны өлтіріп, билік үшін күрес басталды. Ұзаққа
созылған тақ үшін талас мемлекетті әлсіретті. Нәтижесінде бағындырған жерлерінен
айырылды. Телепин патша елдегі жағдайды реттеуді қолға алды.Телепин, егер патша өлсе
оның орнына үлкен баласы, ол болмаса екінші ұлы отырсын.Ал егер балалары болмаса ең
үлкен күйеу баласы тақты иемденуге құқылы деген заң шығарды.Бұдан кейін елдің ішкі
жағдайы реттелді. Хетт патшаларының билігі тұрақтанды және қайтадан күшейді. Олар
елдің оңтүстігі Сирияға қарай жорықтар жасады.
1.1.Хетт билеушілерінің билігі өте мықты болмады.
1.2. Хетт мемлекетінде болмады. Патша билігін мұралану тәртібі
1.3. Патша билігін мұралану тәртібі енгізген патша. Телепин
1.4. Егер патша өлсе оның орнына үлкен баласы, ол болмаса екінші ұлы отырады.
1.5. Егер балалары болмаса тақты иемденуге құқылы. Ең үлкен күйеу баласы
1.6. Олар елдің оңтүстігіне қарай жорықтар жасады. Сирияға
5. Сирия жері, Жерорта теңізінің шығыс жағалауындағы елдер Египетке тәуелді екенін
білеміз. Египеттің ішкі жағдайының шиеленісун пайдаланып, хеттер Сирияны басып
алды. Қосөзеннің солт-батыс бөлігін өзіне қарата отырып, Вавилонға өктемдік жүргізуге
ұмтылды. Б.з.б. XIV ғ. соңына қарай Египеттің қайта өрлеуі Сирия жері үшін хеттер мен
египеттіктердің күресін қайта жандандырды.Бұл күрес шешуші нәтиже бермеді. Ұзаққа
созылды. Ақыры адамзат тарихында екі ел арасындағы бірінші бейбіт бітім шарты
дүниеге келді. Ол б.з.б. 1280 жылы Египет пен Хетт арасында жасалды. Ол шарт бойынша
Сирия екіге бөлінді. Солтүстігі Хеттерге, ал оңтүстігі Египетке берілді.
1.1. Египетке тәуелді елдер. Сирия жері, Жерорта теңізінің шығыс жағалауындағы елдер
1.2. Египеттің қайта өрлеуі болды. Б.з.б. XIV ғ. соңына қарай
1.3. Египеттің ішкі жағдайының шиеленісун пайдаланып, хеттер басып алды. Сирияны
1.4. Хеттіктер ұмтылды. Қосөзеннің солт-батыс бөлігін өзіне қарата отырып, Вавилонға өктемдік жүргізуге
1.5. Ақыры адамзат тарихында екі ел арасындағы бірінші бейбіт бітім шарты дүниеге келді. б.з.б. 1280 жылы
1.6. Бірінші бейбіт бітім шарты жасалды. Египет пен Хетт арасында
1.7. Бірінші бейбіт бітім шарт бойынша. Сирия 2ге бөлінді.
1.8. Сирияның солтүстігі берілді. Хеттерге, ал оңтүстігі берілді. Египетке
6. Екі мемлекет бір-бірімен достықта тұруға, өзара көмектесуге келісті . Хеттерді мұндай
келісім жасауға итермелеген шығысындағы Ассирия мемл-ң өрлеуі еді. Ақыры ұзаққа
созылған күрес барысында Ассирия Хетт патшалығын талқандады. Кіші Азияның табиғаты
мал бағуға ыңғайлы болды. Елдің басты байлығы мал, әсіресе көп өсірілетін қой еді. Оның
маңыздылығын заңдарынан байқауға болады. Мысалы, сиыр , жылқы немесе қой ұрлаған
адам оны 15 есе етіп қайтаруы керек болды. Келесі бір заңда, егер ұры ұрлаған малынан
айырылып қалса, оны оның иесі тауып алса, ұры ұрлаған малының құнын 7 есе етіп төлеуі
қажет. Қашып кеткен малды иемденіп алу ұрлықпен теңелді. Жылқы өсіруге хеттер үлкен
мән берген. Шағын өзендер бойындағы жазықтықтар егістік үшін пайдаланды. Әсіресе,
көкөніс, бау-бақша өсіру жақсырақ дамыды. Жеміс ағаштары заң бойынша қорғалды. Мысалы, оларды өртегендер иесіне үлкен төлем төлейтін.
1.1. Хетт мемлекетін талқандаған. Ассирия
1.2.Кіші Азияның табиғаты ыңғайлы болды. мал бағуға
1.3. Елдің басты байлығы . мал
1.4. Көп өсірілетін жануар. Қой
1.5. Заң бойынша. Сиыр , жылқы немесе қой ұрлаған адам оны 15 есе етіп қайтаруы керек болды. Егер ұры ұрлаған малынан айырылып қалса, оны оның иесі тауып алса, ұры ұрлаған малының құнын 7 есе етіп төлеуі қажет.
1.6. Хеттер үлкен мән берген. Жылқы өсіруге
7. Хетт жеріндегі тауларда металдар көп еді. Жоғарыда айтылғандай, әсіресе күміс жиі
кездесті. Мыс пен темірден құралдар жасалды. Б.з.б. II мыңжылдық ортасында хетт
патшалары темірді шет елдерге сатты. Хетт заңдарында, мыстан, қоладан және темірден
жасалған соқалар мен қару жарақтар туралы айтылады. Бұл хеттерде металл өндірісінің
қолөнердің дамығанын білдіреді. Мұнымен бірге қолөнердің әрбір кәсіп бойынша
жіктелгенін байқаймыз. Ежелгі хеттерде құмырашылар, ұсталар, ағаш шеберлері, етікшілер тігіншілер, тоқымашылар еңбек етті. Ауыл шаруашылығы мен қолөнердің дамуы сауданың да ертерек өрістеуіне әсер етті. Б.з.б. III мыңж. соңында Хетт жерінде ассириялықтардың сауда орындары мен саудагерлері пайда болған еді. Олар ұзақ уақыт Хетт жерінде саудада жетекші рөл атқарды. Ассириялықтар көбірек орналасқан мықты сауда орталықтарының бірі -Ганиш қаласы еді.
1.1. Хетт жеріндегі тауларда көп. металдар
1.2. Металдардан жиі кездесті. күміс
1.3.Хетт патшалары темірді шет елдерге сатты. Б.з.б. II мыңжылдық ортасында
1.4. Хетт жерінде ассириялықтардың сауда орындары мен саудагерлері пайда болды. Б.з.б. III мыңж. соңында
1.5. Хетт заңдарында айтылады. мыстан, қоладан және темірден жасалған соқалар мен қару жарақтар туралы
1.6. Сауда орталықтарының бірі - Ганиш қаласы
8. Хетт жерінде Вавилон саудагерлері де келіп жетті. Хетт заңдары малдың,
ауылшаруашылық өнімдерінің,терінің нақты бағасын белгіледі. Мұның өзі хеттердің
өмірінде сауданың үлкен орын алғанын дәлелдейді. Хетт коғамының негізін әкелер
үстемдік еткен отбасы құрды. Заңдарда отбасы мүшелері үшін ерлер жауап берді және
олардың құқы көрсетілді. Әйелді сатып алу, қатаң жазалау ерлердің құқы делінді.
Мұнымен қатар хеттерде рулық құрылыс белгілері ұзақ сақталды. Егер біреу қылмыс
жасаса, ол үшін бүкіл руы немесе қауымы тұтас жауап беретін болған. Хеттердің діни
түсініктері бейнелеу өнері де үлкен орын алды. Табиғаттың анасы- құнарлылық құдайы
сопақша бас киімді, ұзын көйлек киген ана ретінде бейнеленді. Ал тау шыңында өмір
кешетін найзағай мен бұлт құдайы ер адам ретінде суреттелді. Ол хеттерше Тешуб деп
аталды.Тешуб құдай кейіннен мемлекет пен патшаның қамқоршысы деп есептелінді.
Сөйтіп, оны қаһарман жауынгер, батыр ретінде бейнеледі. Оң қолында айбалта, сол қолына
найзағай ұстаған ол соғыс құдайы,беліне семсерін іліп , сарай қақпасын күзетіп тұрған
алып ретінде бейнеленген.
1.1. Хетт заңдары белгіледі. малдың, ауылшаруашылық өнімдерінің, терінің нақты бағасын
1.2 Заңдарда отбасы мүшелері үшін жауап берді және олардың құқы көрсетілді. ерлер
1.3. Ерлердің құқығы болды. Әйелді сатып алуға, қатаң жазалауға
1.4. Құнарлылық құдайы сопақша бас киімді, ұзын көйлек киген ана ретінде бейнеленді. Табиғаттың анасы
1.5. Бұлт құдайы ер адам ретінде суреттелді. Тешуб
1.6. Мемлекет пен патшаның қамқоршысы деп есептелінді. Тешуб
1.7. Тешубты бейнеледі. Қаһарман жауынгер, батыр ретінде
1.8. Тешуб бейнелінді. Оң қолында айбалта, сол қолына найзағай ұстаған ол соғыс құдайы,беліне семсерін іліп , сарай қақпасын күзетіп тұрған алып ретінде
2тапсырма. Көп нұсқалы тесттер:
1. Кіші Азияны қоршап жатқан теңіз(дер):
A. Қызыл теңіз


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29




©www.dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет