8 зертханалық жұмыс. Дербес компьютерді бағдарламалық қамсыздандыру Жұмыстың мазмұны



Pdf көрінісі
бет1/3
Дата02.02.2023
өлшемі0.79 Mb.
#469067
түріПрограмма
  1   2   3
эксел зертхана



8 зертханалық жұмыс. Дербес компьютерді бағдарламалық қамсыздандыру 
Жұмыстың мазмұны:  
Microsoft Excel электрондық кестесі математикалық амалдарды 
пайдалана отырып есептеулер жүргізуге, дайын функцияларды 
пайдалананып күрделі есептерді шешуді жеңілдетуге, түрлі 
диаграммалар тұрғызуға, мәліметтер қорын құрып, олармен жұмыс 
істеуге, сандық эксперимент жүргізуге болатын программа.
Excel мүмкіндіктерінің көпжақтылығы оны тек экономика 
саласында ғана емес, сондай-ақ, оқып-үйренуде, ғылыми-зерттеу 
істерінде, әкімшілік және жәй шаруашылық жұмыстарында да 
кеңінен пайдалануға мұрсат береді. 
Программаны іске қосу үшін төмендегідей әрекеттерді орындаңыз: 
Бастау => Бағдарламалар => Microsoft Office => Microsoft Excel 
(Пуск => Все программы => Microsoft Office => Microsoft Excel). 
Бағдарламаны іске қосқаннан кейін төмендігей терезе пайда 
болады: 
 
10.1 – сурет. MS Excel 2007 мәтіндік редакторының терезесі 
MS Excel 2007 электрондық кестесінің терезесінің сипаттамасы: 
1. Терезенің сол бұрышында “Office” 
 түймешесі орналасқан.
Бұл түймешеде жаңа кітап құру, кітап ашу, сақтау, баспаға жіберу 
және т.с.с командалар бар (10.2-сурет).


10.2-сурет. “Office” түймешесі
2. Терезенің келесі қатарында мәзір лентасы орналасқан. Әрбір 
мәзірде қызметіне қарай топтастырылған батырмалар бар. Оның 
қандай да бір пунктін таңдау арқылы біз таңбаша түрінде берілген 
қажетті құралдарды аламыз (10.3-сурет). 
10.3-сурет. Мәзір лентасы 
3. MS Office 2007-нің барлық қосымшаларында бас менюдің 
лентасы мен астарлы бетінен басқа жылдам қызмет панелі бар. Ол 
лентаның жоғарғы жағында "Office" түймешесінің жанында 
орналасқан. Онда жиі орындалатын операциялар бар (10.4-сурет). 


10.4-сурет.
4. Одан кейін формула қатары орналасқан. Формула 
қатарында ұяшыққа енгізілген мәліметтерді көруге болады (10.5-
сурет).
10.5-сурет. Формула қатары
5. Жұмыс алаңы бағаналар мен қатарлардан тұрады. Бағаналар 
латынның бас әріптерімен белгіленген. Мысалы, A, B, C,…, XFD. 
Қатарлар араб сандарымен белгіленген. Мысалы, 1,2,3, …, т.с.с. 
Бағана мен қатардың қилысқан жерін ұяшық дейміз. Әрбір 
ұяшықтың өзінің адресі бар. Мысалы, А1, В3 және т.б.
6. Ең соңғы қатар қалып күй қатары деп аталады (10.6-сурет).
10.6-сурет. Қалып –күй қатары 
 
Microsoft Excel электрондық кестесін іске қосқанда қалыпты 
жағдайда кітапта 3 бет болады. Кітапқа бет қосу үшін 
бет жанындағы жұлдызшасы бар Бет 
қою (Вставить лист) таңбашасына немесе Shift + F11 
батырмаларана басамыз. 
Microsoft Excel электрондық кестесіне мәліметтердің 3 типін 
енгузге болады. Олар: мәтін, сан және формула. Формула енгізу 


үшін міндетті түрде тең батырмасына (=) басамыз. Керек 
формуланы енгізіп, Enter батырмасына басамыз.
Бағананың енін өзгерту үшін бағана тақырыптарының ортасын 
тышқанның сол жақ батырмасын басып тұрып созып үлкейтеміз 
немесе керегімізше кішірейтеміз. Осылай қатарлардың ұзындығын 
өзгертеміз.
Ұяшықтың 3 түрлі адресі бар. Олар: салыстырмалы, абсолюттік 
және аралас.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©www.dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет