9 мамыр Жеңіс күні Қымбатты соғыс және еңбек ардагерлері ! Құрметті аудан тұрғындары!



Дата04.03.2016
өлшемі12.81 Kb.
9 мамыр - Жеңіс күні

Қымбатты соғыс және еңбек ардагерлері !

Құрметті аудан тұрғындары!

Қаһарлы үні, қанды ізі бүгінге дейін сезіліп тұрған, халық есінде мәңгілікке сақталып қалған Ұлы Отан соғысының біздің әділет сүйгіш, бірлікшіл, ержүрек халқымыз үшін Ұлы Жеңіспен аяқталғанына да, міне, 66 жыл толды.

Отан үшін от кешіп, ұлы сүргіннің қақ ортасында болған, соғыстың барлық қасірет-қайғысы мен қорқынышын көзбен көріп, бастан кешкен адамдар арамыздан жыл санап сиреп келеді. Бұл жауынгер – еңбекші ардагерлер – қаһарлы жылдарда қаһармандық үлгісін көрсетіп, қиындық-қасірет атаулыны қажырлылықпен жеңіп шыққан батыр аға ұрпақтың соңғы өкілдері. Сол үшін бұл адамдарды көздің қарашығындай сақтауымыз керек. Олардың денсаулықтары, әлеуметтік тұрмыс-жағдайлары аудан басшылығының назарынан тыс қалып көрген емес.

9 мамыр – Жеңіс күні мерекесіне орай да бірқатар арнайы іс-шаралар топтамасы ұйымдастырылып жатыр. Мұндағы басты мақсат – аға ұрпақтың ерлік істерін жастарға үлгі-өнеге ету, отты жылдарда Отан үшін қаза тапқан боздақтардың аруақтарына, ерліктеріне тағзым ету, ҰОС ардагерлеріне тұрғын үй-тұрмыстық мәселелер бойынша көмектер көрсету, тағы басқалар.



Құрметті ардагерлер!

Сіздердің ерліктеріңіз, сіздердің патриотизмдеріңіз бүгінгі күні Республиканы өркендету жолында тарихи міндеттер атқарып жатқандар үшін үлгі-өнеге болып табылады.



Ауданның барлық тұрғындары атынан сіздерге ерліктеріңіз үшін шын жүректен алғыс айтамыз. Сіздерге бақыт, зор денсаулық, молшылық және бейбітшілік, ашық аспан тілейміз. Жеңіс күні құтты болсын!
Арман Бекбосынов, аудан әкімі.

Дүйсен Бралинов, аудандық мәслихаттың хатшысы.
Каталог: files
files -> Мазмұны мамандық бойынша түсу емтиханының мақсаттары мен міндеттері
files -> І бөлім. Кәсіпкерліктің мәні, мазмұны
files -> Програмаллау технологиясының көмегімен Internet дүкен құру
files -> Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты «Сот кабинеті»
files -> Интернет арқылы сот ісі бойынша ақпаратты қалай алуға болады?
files -> 6М070600 –«Геология және пайдалы қазба кенорындарын барлау» 1 «Пайдалы қазба кенорындарын іздеу және барлау»
files -> Оқулық. қамсыздандыру: Жұмыс дәптері
files -> «2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-жасөспірімдік-разрядты спортшы, 2-жасөспірімдік-разрядты спортшы, 3-жасөспірімдік-разрядты спортшы спорттық разрядтарын және біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы
files -> Регламенті Негізгі ұғымдар Осы «Спорт құрылыстарына санаттар беру»
files -> Спорттық разрядтар мен санаттар беру: спорт шеберлігіне үміткер, бірінші спорттық разряд, біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі бірінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты нұсқаушы-спортшы


Достарыңызбен бөлісу:




©www.dereksiz.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет