А. М. МҰхаметжанов, Е. Н. МӘліков атыс дайындығЫ



бет1/8
Дата11.07.2016
өлшемі0.73 Mb.
#190243
  1   2   3   4   5   6   7   8


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ


ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

А.М.МҰХАМЕТЖАНОВ, Е.Н.МӘЛІКОВ

АТЫС ДАЙЫНДЫҒЫ


Оқу-әдістемелік құралы

Қарағанды 2011

ӘОЖ 355.233/.237(02)

КБЖ 68.49(2)3я7

М 82

ПІКІР БЕРУШІЛЕР:



Ж.А.Урозбаев – полковник, «Астана» өңірлік қолбасшылық әскерлері қолбасшысының (қару-жарақ жөніндегі) орынбасары;

А.М.Тайбеков – аға лейтенант, Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің әскери кафедрасының аға оқытушысы;

М.Қ.Әбдіхалықов – отставкадағы м/қ майоры, Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің әскери кафедрасының аға оқытушысы;

Б.С.Асқаров – м/қ майоры, Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің әскери кафедрасының аға оқытушысы.

М 82 Мұхаметжанов А.М., Мәліков Е.Н. – Атыс дайындығы. – Оқу-әдістемелік құралы. – Қарағанды. – 2011.- 82 б.
ISBN
Оқу-әдістемелік құралы ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары бекіткен және ҚР ҚК Бас әскери-медициналық басқармасының бастығы, Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігінің Әскери білім және ғылым Департаментінің бастығы, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің білім және ғылым, кадрлық ресурстарының директорымен келісілген 03.06.2009 ж. жоғары медициналық оқу орындарында оқитын студенттер мен қордағы офицерлер дайындау бағдарламасын есепке ала отырып даярланып, құрастырылды.

Онда сабақ жүргізуді және атыс қаруынан атуды ұйымдастыру тәжірибесі мен әдістемесі, сондай-ақ оларды оқып білу әдістемесі жалпыланған. Мұнда атыс дайындығының жалпы негізгі әдістемелері берілген, оқытушы соларды жетекшілікке ала отырып, студенттерді шығармашылық тұрғыда оқытады және тәрбиелейді.


Оқу-әдістемелік құралы ҚММУ Әдістемелік кеңесінің отырысында талқыланған және мақұлданған.

«____» ___________ 2011 ж. №____ хаттама


Оқу-әдістемелік құрал ҚММУ Оқу кеңесінің отырысында талқыланған және мақұлданған.

«____» ___________ 2011 ж. №____ хаттама


Қысқарған сөздер тізбесі


АОЖ



Атыс оқу жаттығулары

БТР



Бронетранспортер

ЖӘҰМ



Жаяу әскерлер ұрыс машинасы

КА



Калашников автоматы

КҚП



Калашников қол пулеметі

КП



Калашников пулеметі

КуҚГ



Кумулятивтік қол гранатасы

ҚГЖБТ



Қол гранатасының жаңғыртылған біркелкіленген тұтандырғышы

ҚҚГ



Қорғаныстық қол гранатасы

МТ



Макаров тапаншасы

ТТС



Тактика-техникалық сипаттама

ШҚГ



Шабуылдық қол гранатасы

ЯШҚ



Ядролық шабуыл құралдары


МАЗМҰНЫ


Кіріспе

6

1 тарау. Атыс дайындығы әдістемесінің жалпы негіздері......................

9

1.1. Оқыту үрдісінің мәні...........................................................................

9

1.2. Атыс дайындығы сабақтарында оқыту қағидаттарын қолдану.......

10

1.3. Оқу әдістері



1.4. Атыс дайындығы сабақтарына қойылатын ұйымдастырушылық нысандар мен жалпы талаптар..................................................................

15


1.5. Сабақ өткізуге дайындық....................................................................

15

2 тарау. Қару мен жарықшақты және танкіге қарсы гранаталардың материалдық бөлігін оқып-білу......................................................

16


2.1. Атыс дайындығының «Атыс қаруының (КА-74, МТ) материалдық бөлігі» бөлімінің мазмұны және оны оқып-білу реті.........................

16


2.1.1. Сабаққа дайындық............................................................................

17

2.1.2. «Атыс қаруының (КА-74, МТ) материалдық бөлігі» тақырыбы бойынша сабақты ұйымдастыру және оны жүргізу әдістемесі.........

18


2.2. Қарудың бөлшектері мен механизмдерінің мақсатты арналуы мен оның құрылғысын оқып-білу әдістемесі............................................

19


2.3. Қарудың бөлшектері мен механизмдерінің жұмысын оқып-білу әдістемесі..............................................................................................

21

2.4. Атыс кезіндегі кідірістер және оларды жою тәсілдері.......................

23

2.5. Қаруды тазалау мен майлауды үйрету әдістемесі..............................

25

2.6. Жарықшақты және танкіге қарсы қол гранаталардың материалдық бөліктерін оқып-білу әдістемесі........................................................

26


2.7. Лақтыру тәсілдері мен ережелерін меңгеру әдістемесі.................

29

3 тарау. Атыс қаруынан ату негіздері бойынша қысқаша мәлімет................................................................................................

30


3.1. Атыс дайындығының «Атыс негіздері» тарауын оқу мазмұны мен реті.......................................................................................................

30


3.2. Нысананы таңдау………………………………………….……………

33

3.3. Көздеуіш пен көздеу нүктесін таңдау................................................

34

3.4. Нысанаға дейінгі қашықтықтарды анықтау әдістері. Қашықтықтарды бұрыштық шамалардың көмегімен анықтау......................................

39


3.5. Атыстың шоғырлануы мен дәлдігі......................................................

46

4 тарау. Қозғалатын және қозғалмайтын нысаналарға күндіз автомат және тапаншадан атыс жүргізу........................................

51


4.1. Атыс қаруынан атыс жүргізу тәсілдері мен ережелерін меңгерудің әдістемелік реттілігі...........................................................................

51


4.1.1. Қаруды оқтау және оғын алуды үйрету..........................................

51

4.1.2. Оқжатарды жарақтау және одан патрондарды алуды үйрету.......

52

4.2. Жатып ату жағдайында атысқа дайындалуды үйрету.......................

57

4.2.1. Атыс жүргізуге үйрету………………………………………………..

58

4.2.2. Атыс орнын таңдау, оған орналасу және оны жабдықтау..............

64

4.3. Атыс ережелерін меңгеру……………………………………………….

67

4.4. Автоматтан атудың бастапқы жаттығулары мен тапаншадан 1-ші АОЖ орындау тәртібінің шарттарын оқып білу..............................

68


4.5. КА-74-тен бастапқы жаттығулар мен МТ-нан 1-ші АОЖ орындау..............................................................................................

69


4.6. Атыс кезіндегі қауіпсіздік шаралары..................................................

70

Қорытынды…………………………………………………………………...

73

Тест тапсырмалары.....................................................................................

74

Жауап үлгілері………………………………………………………………..

80

Әдебиет........................................................................................................

81


Кіріспе
Атыс дайындығының міндеті студенттерді заманауи атыстың күрделі жағдайларында аз уақыт шығындаумен әртүрлі нысаналарды жою үшін атыс қаруларының жоғары ату мүмкіншіліктерін шебер және толық пайдалануға үйретуден тұрады. Заманауи атыс әрекеттер әскери техниканы жалпылай қолдану, қысқа уақытта нысанның пайда болуы және олардың айтарлықтай қозғалысымен нысаналарды жақсылап жасырумен сипатталады. Осыған байланысты атыста шебер маневрмен үйлескен дәл түскен, күшті атыс жауынгерлік міндетті сәтті орындаудың бірден бір шарты болып табылады.

Осыған байланысты атыс дайындығы үрдісінде студенттерді саналы түрде атуға, нысанаға өз бетімен, дәл және тез тигізуге үйрету қажет. Атыс дайындығы сабақтарында студенттер жауынгерліктің әртүрлі жағдай-ларында білім алып, дәл атуда ептілікке үйреніп, дағдыланады.

Медициналық ЖОО-ның әскери кафедрасында оқу пәні ретінде Атыс дайындығы келесі бөлімдерден тұрады: атыс қаруының (КА-74, МТ) материалды бөлігі; қол жарықшақты және танкіге қарсы гранаталар; атыс қаруларынан ату негіздері бойынша қысқаша мәлімет; қозғалмайтын және күндіз пайда болатын нысаналарға автомат және тапаншалармен ату. «Қозғалмайтын және күндіз пайда болатын нысаналарға автомат және тапаншалармен оқ ату» бөлімі негізгі және айтарлықтай маңызды бөлімдердің бірі болып табылады. Қалған бөлімдер атыс дайындығының басты міндеттерін шешуде дайындық (қосалқы) рөліне ие, және оларды оқып білу студенттердің ату тәсілдері мен ережелерін сәтті және саналы түрде меңгеруіне бағытталған. Бөлімнің негізгі міндеті әртүрлі жерлерде, сондай-ақ кез-келген бір ауа-райында және жыл мезгілдерінде КА-74 автоматынан «Жатып қолмен және тіреуден», МТ «Тұрып қолмен» қалпында ату мергендігіне дағдыландыру болып табылады.

Атыс қарулары (КА-74, МТ) мен қол жарықшақты және танкіге қарсы гранаталардың материалдық бөліктері бұл атыс дайынды-ғының қарудың атыс қасиетін, мақсатын, қондырғысын зерделеу және қаруды дұрыс қолдануды дағдылану, әртүрлі жағдайларда пайдаланған кезде оның сақталуы мен тоқтаусыз жұмыс істеуін қамтудан тұратын бөлім.

«Атыс қаруынан ату негіздері бойынша қысқаша мәлімет» тарауын білу оқытушыларға ату ережесін тереңінен түсініп, негіздеуге, ал ату негіздері бойынша қысқаша мәлімет берілетін студенттерге ату ережесін саналы түрде оқып білуге мүмкіндік береді. Бұл тарау келесі бөлімдерден тұрады: нысананы таңдау; Орнынан тұрып атуда көздеуіш пен көздеу нүктесін таңдау, атысты түзеу; нысанаға дейінгі қашықтықтарды анықтау әдістері; қашықтықтарды бұрыштық шамалардың көмегімен анықтау; атудың шоғырлығы мен дәлдігі. Ұрыс алаңын бақылау және қашықтықты анықтау сұрақтарына Бағдарламада оқу мақсатында жеке бөлімге бөлінген, өйткені бақылау жүргізуге машықтанбай және қашықтықты дәл анықтауға үйренбей ұрыс алаңында қысқа мерзімде өздігімен ұрыс міндетін орындау мүмкін емес. Әскери кафедрадағы атыс дайындығының деңгейі көбіне оқытушылық құрамды даярлау және оның әдістемелік шеберлігі деңгейіне тәуелді. Студенттерді оқыту мен тәрбиелеуді айтарлықтай шебер меңгеру үшін оқытушылар тек тәжірибе алып қана қоймай, сонымен бірге аталмыш істі теориялық жағынан да меңгеруі қажет. Теория тәжірибеге жол ашады және де оған дұрыс бағыт береді.

Атыс дайындығының жалпы әскери дайындықтың барлық өзге пәндері сияқты өзінің оқу әдістемесі бар.

Атыс дайындығының әдістемесі келесі принциптерге негізделеді: оқу-дағы идеялық және ғылыми; әрқашанда ұрысқа дайын болу; үйренуші-лердің оқудағы саналылығы және белсенділігі; оқудағы көрнекілік; оқуда-ғы жүйелілік және тізбектілік; оқуға қол жетімділік; үйренушілердің жеке-жеке бабын табу; алатын білім, ептілік және дағдының нақтылығы.

Оқытушы өзінің тәжірибесі, оқу сұрақтары, үйренушілердің ерекшелік-тері және өзге талаптарға сәйкес сабаққа дайындала отырып, үйренушілерді мықты дайындайтын әдістер мен әдістемелік тәсілдерді таңдауы тиіс. Атыс ісіне шебер оқытудың соңғы шарты сабақтарды жоғары деңгейде және олар-дың көпшілігін дала жағдайларында өткізу болып табылады. Ату тәсілдері мен ережесі, қашықтықтарды бақылау және оны анықтау сабақтары үйрену-шілердің барлық күшін салумен, максималды түрде нақты ұрысқа келтірілген жағдайларда далада өткізілуі керек. Атыс дайындығы бойынша әр сабақта қаруды бөлшектеу және жинауда, оны атуға дайындауда, ату кезінде мүмкін болатын кідірістерді жоюда және әртүрлі ату міндеттерін өздігімен шешуде үйренушілерді дағдыландыруға әсер ететін сұрақтар болуы керек.

Осы әдістемелік құралдың негізгі міндетін былайша беруге болады: атыс дайындығының барлық тараулары бойынша оқудың жалпы теориялық негіз-дерін беру, солардың негізінде сабақты жүргізуші оқудағы жеке сұрақтарды шығармашылық тұрғыда шешіп, нақты мысалдармен бағдарламаға айтарлықтай тән негізгі тақырыптар бойынша сабақтар ұйымдастыру мен жүргізудің ерекшеліктерін көрсете алар еді. Осы мақсатпен құралда атыс дайындығы сұрақтары бойынша студенттерді оқыту тізбектілігі баяндалып, жетекшінің студенттерді қалай оқытуға тиіс екендігі жөнінде ұсыныстар берілген. Сонымен қатар, оқу жиындарында АОЖ орындауда бөлімше, взвод және ротада жеке құрамды дайындау бойынша сабақтарды ұйымдастыру және оны жүргізу әдістемелері жетік қарастырылған.

Оқытушы-офицер, бастамашылық пен шығармашылық рухты таныта отырып, барлық әдістемелік құралдар мен ұсыныстарды пайдаланып, атыс дайындығы және жергілікті жағдайларда сабақты ұйымдастыру мен оны жүргізуді жақсартуға тиіс. Ол әр сабақтың алдыңғыға ұқсас болмауына, әрбір үйренушінің жетістіктерін белгілеп, әскери кафедрада оқитын курстағы барлық студенттердің ойына қондыратындай етіп жүргізуге тырысуы керек.

Сабақты ұйымдастыратын оқытушы-офицер сабақтарда және атыс кезінде жұмсақтық көрсету, жеңілдету және қамқорлық жасау бастамашыл және жеке дара мерген тәрбиелеуге септігін тигізбейтінін және оқытушы-офицер беделіне зиян келтіретінін әрқашанда есте сақтауы керек.



1 ТАРАУ. АТЫС ДАЙЫНДЫҒЫ ӘДІСТЕМЕСІНІҢ ЖАЛПЫ НЕГІЗДЕРІ


    1. Оқыту үдерісінің мәні

Оқыту үдерісі дегеніміз белгілі бір білім алуға, ептілік пен дағды алуға, сондай-ақ жоғары моральды-ұрыстық қасиеттерді қалыптастыруға бағытталған оқытушы қызметі және білім алушы қызметі. Бұл үдерісте оқытушы басқару рөліне ие. Оқу мақсатты және нақты болуы үшін оқытушы атыс дайындығы сұрақтарына қатысты білім, ептілік пен дағдының нені білдіретінін нақты анықтап алуы тиіс.



Білімді меңгеру – оқытушы берген материал мазмұнын жадында сақтап қалып қоймай, оның мәнін түсініп, қорытынды жасап, тәжірибелік тұжырым шығаруды білдіреді. Қаруды (автомат, тапанша) білу бөлшектері мен механизмдерінің атауын ғана біліп қана қоймай, олардың мақсаты мен ату кезіндегі атқаратын жұмысын түсінуді білдіреді. Ату ережесін білу – бұл оларды есте сақтап қана қоймай, басқасы емес дәл осындай ереженің қабылдануын түсіну.

Ептілік – тиісті білімді пайдалана отырып, яғни өзінің практикадағы білімін қолданып, қандай да бір практикалық әрекеттерді саналы түрде орындауды білдіреді. Егер білімін тәжірибеде қолдана алмаса, онда ол пайдасыз жүк болады. Сондықтан студент қарудың құрылғылары бойынша алған білімінің негізінде қаруды атуға дұрыс дайындай білуі және ату тәсілдерін орындауы тиіс.

Дағдылану – бар білетінін практикалық әрекеттерді орындау кезінде әдетке айналатындай етіп жетілдіруді білдіреді, яғни осы әрекеттерге негіз болатын білімді әр кез еске алуды керек етпейтіндей. Атыс дайындығында дағдылану маңызы зор. Дағдылану ату тәсілдерін орындау кезінде қарумен жұмыс жасауда ғана қажет емес, сондай-ақ нысананы, оған дейінгі қашық-тықты анықтап, метеорологиялық жағдайларды және нысананың қозғалу сипатын ескере отырып, көздеу мен көздеу нүктесін таңдауда да қажет.

Оқу үдерісі үйренушілердің оқитын пәндер мен құбылыстарды қабылдауынан басталуы тиіс; білім алумен қатар және одан кейін де алынған білімді дағдымен бекітіп, ату жаттығуларын жүргізу кезінде тәжірибеде қолдану қажет. Атыс дайындығының көптеген бөлімдері үшін оқытудың мұндай жолы айтарлықтай пайдалы. Сонымен, мысалы, қаруды оқып білуді ұрыс қасиеттерін бейнефильмдерден көруден бастаған жөн. Автоматтан (тапанша) ату тәсілдеріне үйренуді бастамас бұрын жетекші білім алушыларға аталмыш тәсілдердің орындалу тәртібін өзі үлгілі түрде көрсетуі керек. Үйренушілер қабылдаудан әсер алғаннан кейін бақылау негізінде алған білімдерін қандай да бір деңгейде меңгеріп, пысықтайды. Сөйтіп, ойлаумен қатар белгілі бір ұғымдар ойға қонып, есте сақталады. Есте сақтау қабілеті білім алушыға аталмыш ұғымды оқып білу мақсаты қаншалықты нақты болуы және оның пайдасын түсінуіне айтарлықтай тәуелді. Сонымен қатар алған білімін бекіту кезінде есте сақтаудың беріктігі материалды оқып-білу үдерісінде, сонымен бірге атыс жаттығуларында қамтамасыз етіледі.

Берік білім алу мен дағдылануға үйренушілердің сабақтарға қызығушылық танытуы, жетекшінің барлық тапсырмаларды ұқыпты, дәл және уақытылы орындауын талап етуі, жетекшінің жақсы үлгілік әрекеті, сабақты терең оймен ұйымдастыру және әр үйренушінің нәтижелерін үнемі көрсету әсер етеді.
1.2 Атыс дайындығы сабақтарында оқу қағидаттарын қолдану
Оқу қағидаттары оқу үдерісінің маңызды заңдылықтары мен мақсаттарын көрсететін жалпы ережені білдіреді және сабақты ұйымдастыру мен оны жүргізу кезінде оқытушы қызметінде бастапқы деректер қызметін атқарады. Жоғарыда айтылғандай, әскери дайындық пен тәрбиелеу негізіне келесі қағидаттар алынған: оқудағы идеялық және ғылымдылық; ұрысқа үнемі дайын болуды қамту; оқудағы саналылық және белсенділік; оқудағы көрнекілік; оқудағы жүйелілік және тізбектілік; оқуға қол жетімділік; үйренушілердің бабын табу; алған білімі, ептілігі мен дағдысының беріктілігі.

Атыс дайындығына қолданылатын әр қағидаттың мәнін қарастырайық.



Оқудағы идеялық және ғылымилық. Бұл қағидат тәрбиелеу мен оқытудың тұтастығын, оқу материалын диалектикалық материализм тұрғысынан баяндауды, үйренушілерді патриотизм және өз Отанына шексіз берілу рухында тәрбиелеуді қажет етеді.

Атыс дайындығы сабақтарында үйренушілерді жоғары материалды-ұрыс сапаларына тәрбиелеуге олардың нақты білім алуы, дала жағдайларына қарай қарумен әрекет етудегі білгендері мен дағдысы әсер етеді. Қарудың материалдық бөліктерін, оны қолданудың тәсілдері мен ережелерін оқып білу кезінде жетекші біздің қарудың ұрыстық күштілігін түсіндіріп, оларды қаруға ұқыпты қарауға тәрбиелейді.

Үйренушілерді тәрбиелеуде сабақты дұрыс ұйымдастыру да өте маңызды. Оқу уақытын нақты жоспарлау, оқыту әдістемесін, өздігімен жұ-мыс жасауда тапсырмаларды таңдау және олардың орындалуын тексеру, білімін бағалау және т.б. – бұның бәрі Үйренушілерді оларға тәртіптілік, ұйымшылдық пен жауапкершілік сезімін ұялата отырып тәрбиелейді. Сабақтарда әртүрлі жұмсақтық көрсету, жеңілдіктер жасау мен «шала дайындау», керісінше, білім алуға, сондай-ақ тәрбиелеуге зиян келтіреді.

Үнемі ұрысқа дайын болуды қамту. Жеке құрам ату тәсілдерін меңгеріп, оның ережелерін білуі қажет. Сабақтарда алған білімдері мен дағдыларын заманауи ұрыстың күрделі жағдайларында қолдана білетіндей болуға тиіс.

Білім алудағы саналылық пен үйренушілердің белсенділігі. Қазақс-тан Әскерінің күші біріншіден жауынгерлердің саналылығында. Аталмыш қағидатты жүзеге асыру үйренушілердің бағдарламаны жетік меңгеру қажет-тілігіне нақты көз жеткізуін болжайды. Бұған тәрбие жұмыстарымен қол жеткізіледі. Сонымен қатар, білім алудағы саналылық үйренушілердің алған білімдері мен дағдыларын тәжірибеде дұрыс қолдануды үйренумен бағдар-ламаның барлық бөлімдерін саналы түрде ойға тоқуларын талап етеді. Білім алудағы саналылық студенттердің оқу үдерісіне белсенді қатысуы кезінде ғана мүмкін. Үйренушілер әрекетсіз тыңдаушы мен бақылаушы болмауы керек. Сабақтарды үйренушілер материалды ойға тоқып, қорытындылап, дұрыс тұжырымға өздері келетіндей етіп ұйымдастыру қажет.

Үйренушілердің сабақтағы белсенді қызығушылығын тудыруды, сабақ мазмұнына қатысты емес, өзге сырт тәсілдермен арттыруға да болады. Алайда ең бастысы оқытушының үйренушілерді ойлауға, дұрыс жауап іздеуге және бір әрекеттерді саналы түрде қайталауға, алға қойылған мақсаттарға жетуге баулуында. Сабақтарда жоғары нәтижеге жетуде студенттер, бөлімшелер, взводтар арасында сайыс жүргізу, жаңа әдістемелік тәсілдер қолдану, сабақ барысында қандай да бір сұрақты айтарлықтай нәтижелі меңгерген студенттер аты-жөнін атау да үйренушілердің белсенділігін жоғарылатуға септігін тигізеді.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©www.dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет