Қағидалары 1-бөлім. Жалпы ережелер


-бөлім. Қазақстан Республикасы аумағында ғарыш зымыран кешендерін құру тәртібі



бет2/4
Дата08.07.2016
өлшемі372 Kb.
#185523
1   2   3   4

2-бөлім. Қазақстан Республикасы аумағында ғарыш зымыран кешендерін құру тәртібі
1. Алғыжобаны (техникалық ұсынысты) әзірлеу тәртібі
27. «Алғыжоба (техникалық ұсыныс)» кезеңіне дейін ҒЗК (ҒЗК бұйымдарын) құру орындылығын негіздеу, олардың конструкциясына және ғылым мен техниканың инновациялық жетістіктерінің сызбасын енгізу жолдарын анықтау бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізіледі.

28. ҒЗК-ға алғыжобаны (техникалық ұсынысты) әзірлеу тапсырыс берушінің ТТТ немесе ТТ бойынша шартқа (келісімшартқа) сәйкес жүргізіледі.

29. Алғыжобаны (техникалық ұсынысты) әзірлеу конкурс негізінде бірнеше ҒЗК бас әзірлеуші ұйым бірлесіп орындаушылармен бірге жүргізеді.

30. Тапсырыс беруші шарт (келісімшарт) жасасқанға дейін ҒЗК бас әзірлеуші ұйымдарға алғыжобаны (техникалық ұсынысты) әзірлеуге ТТТ (ТТ) немесе ҒЗК-ге ТТТ (ТТ) береді, сондай-ақ тапсырыс берушінің бас ғылыми-зерттеу институтына (бұдан әрі – ҒЗИ), тапсырыс беруші шартта (келісімшартта) немесе ТТТ, ТТ-да көрсетілген басқа ұйымдарға жібереді.

ҒЗК бас әзірлеуші ұйым ТТТ (ТТ) алғаннан кейін екі айдан аспайтын мерзімде бірлесіп орындаушы ұйымдарға ҒЗК бұйымдарына, сондай-ақ, қажет болған кезде монтаждау-технологиялық құжаттаманы әзірлеуге, бағдарламалық-математикалық қамтамасыз етуді әзірлеуге және сынауға ТТ береді. ТТ-ны ҒЗК бас әзірлеуші ұйым бекітер алдында бірлесіп орындаушы ұйымдармен келісілуге жатады.

Бірлесіп орындаушы ұйымдар отыз күннен аспайтын мерзімде ТТ жобасын қарап және ТТ берген ұйымдарға ТТ-ның қабылданғаны немесе осы келіспеушіліктерді негіздей отырып, келіспеушіліктердің бар-жоғы туралы жазбаша хабарлайды. Келіспеушіліктер ҒЗК бас әзірлеуші ұйымдардың қатысуымен ұйымның бірлескен кеңесінде қаралады. Бірлесіп қарау процесінде шешілмеген мәселелер бойынша шешімді ҒЗК-нің бас әзірлеуші ұйым қабылдайды.

Мүдделі ұйымдардың бірлескен шешімі бойынша келісілген мерзімде бастапқы деректерді (ТТ-ға қосымша) әзірлеуге жол беріледі.

31. ҒЗК-ге алғыжобаны (техникалық ұсынысты) бас әзірлеуші ұйым тапсырыс берушімен келісім бойынша ҒЗК бұйымдарына (құрамдас бөліктерге, негізгі жүйелерге, агрегаттарға, құралдарға) алғыжобаларды (техникалық ұсыныстарды) бас әзірлеуші ұйымдарды айқындайды, осы Қағидалардың 30-тармағына сәйкес оларға ТТ береді және олармен шарттар (келісімшарттар) жасасады.

32. ҒЗК-ге алғыжобаны (техникалық ұсынысты) бас әзірлеуші ұйым бас бірлесіп орындаушы ұйымдармен бірге, ҒЗК бұйымдарына алғыжобаны (техникалық ұсынысты) әзірлеудің кесте-жоспарын екі айлық мерзімде дайындайды, бас бірлесіп орындаушы ұйымдармен келіседі және оны тапсырыс берушінің бекітуіне ұсынады.

Бұл ретте ҒЗК-ге алғыжобаны (техникалық ұсынысты) бас әзірлеуші ұйым бас бірлесіп орындаушы ұйымдардың ҒЗК-ға алғыжобаны (техникалық ұсынысты) әзірлеуінің және олармен келісудің тиісті кесте-жоспарларын, оларды әзірлеудің және олармен келісудің мерзімін айқындайды. Осы кесте-жоспарлар оның құрамдас бөліктері (қосымша) ретінде ҒЗК-ға кесте-жоспармен бір уақытта бекітіледі.

33. ҒЗК-ға алғыжоба (техникалық ұсыныс) ҒЗК құрудың мүмкіндіктерін пысықтаудың жеткілікті тереңдігін қамтамасыз ету мақсатында мыналарды:

1) нысаналы пайдалану мәселелерін пысықтау, негізгі тактикалық-техникалық сипаттамаларды айқындауды (оның ішінде берілгендермен салыстыру бойынша сипаттамалардың мәндерін арттыру мүмкіндігін айқындау) және ҒЗК (оның негізгі бұйымдарын) қолданудан күтілетін тиімділігін бағалауды, ҒЗК радио электрондық құралдарды (бұдан әрі – РЭҚ) жиілік қамтамасыз ету мәселелерін пысықтауды және олардың халықаралық-құқықтық қорғау мүмкіндігін бағалауды, ҰС жүргізуге шектеулердің қолданылу жағдайларында сынақтар өткізуді алдын ала негіздеуді, халықаралық, әлеуметтік-экономикалық және ғылыми қолдану мүддесінде ақпаратты пайдаланудың мүмкіндігі мәселелерін пысықтауды, сондай-ақ коммерциялық негізде жобалар үшін алдын ала бизнес-жоспарды қоса алғанда, басқа тапсырыс берушілердің мүддесінде және халықаралық ғарыш нарығында пайдалану мүмкіндігін бағалауды;

2) ҒЗК бөлу сызбасы бойынша қысқаша техникалық сипаттама және ұсыныстар, ҒЗК жұмыс істеуі мен оны пайдалану ерекшеліктері, негізгі тактикалық-техникалық және пайдалану сипаттамаларын алуды қамтамасыз ететін ҒЗК мен оның бұйымдарының негізгі техникалық шешімдері мен жұмыс істеу қағидаттарын негіздеуді;

3) ҒЗК ықтимал нұсқаларын, туындаған техникалық және технологиялық проблемалар мен мәселелерді пысықтауды, тұтастай алғанда ҒЗК және оның бұйымдарының алдын ала энергетикалық, бұқаралық және габариттік сипаттамаларын пысықтауды; ҒМЗ іске қосу мен ұшыруға дайындаудың технологиясы тұрғысынан ҒЗК жиынтықтау нұсқасының оңтайлысын (ең үздігін) таңдауды негіздеуді, сенімділікті қамтамасыз етуді, қауіпсіздікті, эксперименттік және өндірістік базаның мүмкіндіктерінен, ҒЗК техникалық-экономикалық көрсеткіштерін рұқсатсыз іске қосудан қорғауды қамтамасыз етуді, сондай-ақ ҒЗК мен ҒЗК бұйымдарын пайдаланудың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі негізгі сызба-конструктивтік және ұйымдық-техникалық шешімдерді пысықтауды;

4) ТТТ орындау толықтығын (мүмкіндіктерін) талдауды, ҒЗК жобасының іске асырылуын бағалауды, сондай-ақ ҒЗК-ге ТТ жобасы бойынша ұсыныстарды;

5) құрылатын ҒЗК мен оның бұйымдарының техникалық деңгейінің ғылым мен техниканың озық жетістіктеріне сәйкестігін талдауды, ҒЗК негізгі техникалық және пайдалану сипаттамалары және техникалық-экономикалық көрсеткіштері бойынша әлемдік ғарыш нарығындағы бәсекеге қабілеттілікті бағалай отырып, үздік қолданыстағы және әзірленетін ұқсас кешендермен салыстыруды;

6) ҒЗК бұйымдарын шығарудың қажетті технологиялық, өндірістік және ұйымдық-техникалық шарттарын алдын ала пысықтауды және айқындауды;

7) ҒЗК сенімділігінің нақты қолжетімді деңгейінің негіздемесін қамтитын сенімділікті қамтамасыз етудің алдын ала бағдарламасы, ҒЗК сенімділігінің осындай деңгейіне қол жеткізу мен оны растау үшін қажетті жұмыстар мен іс-шаралар тізбесін алдын ала негіздеуді, осы жұмыстар мен іс-шараларға қойылатын талаптарды, ҒЗК мен оның негізгі бұйымдарының сенімділігін қамтамасыз етудің ұйымдастыру-техникалық қағидаттары және оларды іске асыру тәртібін;

8) ҒЗК техника-экономикалық көрсеткіштерін алдын ала бағалау, өндірісті технологиялық қамтамасыз ету мен дайындауға, күрделі құрылысқа, ҒЗК құрудың алдын ала бас кестесін негіздеуге арналған шығындарды, сондай-ақ орындаушылардың тізбесін;

9) ТТТ-да айқындалған ішкі және сыртқы ықпал етуші факторларынан негізгі бөліктердің, негізгі жүйелердің, агрегаттардың (құралдардың) тұтастай алғанда болжамды істен шығулары пайда болған жағдайда ҒЗК ықтимал авариялық жағдайларын айқындау мақсатында сызбалық және конструктивтік шешімдерді алдын ала талдауды;

10) ҒЗК пайдалану қауіпсіздігін қамтамасыз етудің алдын ала бағдарламасын (экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді қоса алғанда);

11) ҒЗК рұқсатсыз қолданудан қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды жүргізудің алдын ала бағдарламасын;

12) ҒЗК және ҒЗК нақты бұйымдарын және тұтастай алғанда ҒЗК құруды қамтамасыз ету үшін нобайлық жобалау кезінде орындауға жататын ғылыми зерттеулердің (оның ішінде технологиялық проблемалар мен мәселелер бойынша) тізбесі және осы зерттеулерді орындаушыларының құрамы бойынша ұсыныстарды;

13) алдын ала директивалық технологиялық құжаттарды;

14) нобайлық жобаны әзірлеу кезінде және ҒЗК мен оның бұйымдарын құрудың басқа кезеңдерінде, оның ішінде оларды жерүстінде сынау үшін орындалатын есептеу-теориялық және эксперименттік жұмыстар, макеттеу, математикалық және жартылай натуралық модельдеу жұмыстары бойынша тізбесі мен көлемін;

15) қоршаған ортаға әсерін бағалау, ҒЗК мен оның бұйымдарын құру, шығару және пайдалану кезінде, оның ішінде авариялық жағдайлар туындаған кезде де қоршаған ортаны қорғау мәселелерін пысықтауды;

16) экологиялық қауіпсіздігін есепке ала отырып, ҒЗК мен оның бұйымдарын құруды қамтамасыз ету мақсатында жабдықтардың, стендтердің, ғимараттар мен сынақ базаларының тізбесін көрсетуді, оның ішінде құру, жаңғырту, сатып алу немесе жалға алу қажет өндірістік және эксперименттік (сынау) базаларының мүмкіндіктері мен тұтынылатын қуаттылығын бағалауды;

17) қолданыстағы және әзірленетін бұйымдарды біріздендіру, стандарттау және пайдалану мүмкіндіктерін алдын ала талдауды;

18) нобайлық жобалар әзірленуі тиіс бұйымдардың тізбесін;

19) ҒЗК пайдалану (оның ішінде әзірлеуші ұйымдар және бас ҒЗИ ұсынған басқа да мақсаттар мен міндеттер үшін), оны жетілдіру перспективаларын талдау және ҒЗК бұйымдарын кейінгі әзірлемелерде қолдану мүмкіндігін айқындауды;

20) ҒЗК мен оның бұйымдарын шығару, сынау және пайдалану процесінде метрологиялық және эргономикалық қамтамасыз етуді алдын ала әзірлеу нәтижелерін;

21) ҒЗК мен оның бұйымдарына ҰС бастау үшін қажетті сенімділік деңгейін азайтпастан, оны құруға арналған шығыстарды қысқарту мақсатында ҒЗК бұйымдарын эксперименттік сынау процесінде физикалық сынауды математикалық сынаумен (модельдеумен) алмастыру мүмкіндіктерін алдын ала сынауды қамтуы тиіс.

Алғыжобаны (техникалық ұсынысты) әзірлеу процесінде мыналар:

22) басқарушы ақпараттық-есептеу кешенін математикалық және ақпараттық қамтамасыз ету, ұшуды және деректерді ҒМЗ жіберуге дайындау құралдарын (ұшу тапсырмасын және т.б.) жасаушы ұйымдарда және пайдаланушы ұйымдарда, тасымалдағыш зымырандарды сынауды және мақсатына сай қолдануға дайындауды бақылауды басқару жүйелері (оның ішінде автоматтандырылған) мәселелерін алдын ала пысықтау;

23) алдын ала баллистикалық негіздеу (ғарыш аппаратының шығарылу дәлдігін, орбитаның параметрлерін немесе ұшу траекториясын, ғарыш аппараттарын қондыру полигондарын және бөлініп шығатын бөліктері құлайтын аудандарды және т.б.);

24) жалғаспалы жоспарлаудың, ҒЗК құрудың алдын ала жұмыс құжаттарын (алдын ала бас кесте (кесте-жоспар), ҒЗК бұйымдарын құрудың алдын ала кестелерін немесе кесте-жоспарларын, ҒЗК (ҒЗК бұйымдарын) құруды қамтамасыз ету үшін жерүсті объектілерін, стендтерді, ғимараттарды күрделі салудың, құрудың (қайта жаңарту, толық жабдықтау) алдын ала жоспарларын әзірлеу;

25) технологиялық қамтамасыз етуді және шығаруға дайындауды қоса алғанда, ҒЗК мен оның бұйымдарын құрудың сметалық құнын алдын ала калькуляциялауды әзірлеу;

26) бұйымды технологиялық бөлуді және жинақтауды қамтамасыз ету үшін конструкторлық-технологиялық шешімдердің нұсқаларын талдауды қамтитын технологиялық қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстар және осы кезең үшін оңтайлысын таңдау, сондай-ақ материалтану, технология, метрология және оларды шешу жолдары жөніндегі проблемалық мәселелерді анықтау жүргізіледі.

ҒЗК-ге арналған алғыжобаның (техникалық ұсыныстың) құрамдас бөліктері оның құрамдас бөліктеріне, негізгі жүйелеріне, агрегаттарына (құралдарына), ТТ берілген басқа бұйымдарға арналған алғыжобалар (техникалық ұсыныстар) болып табылады. Олар ТТ талаптарының сенімділігін, орындалуын талдауды қамтамасыз етудің алдын ала бағдарламаларын, алдын ала техникалық-экономикалық көрсеткіштерді, ТТ-ның және басқа талаптары жөніндегі материалдар қамтуы тиіс.

34. ҒЗК бұйымдарына алғыжобаларды (техникалық ұсыныстарды) бас әзірлеуші ұйымдар ҒЗК арналған алғыжобаны (техникалық ұсынысты) әзірлеудің кесте-жоспарында көзделген мерзімде ҒЗК арналған алғыжобаны (техникалық ұсынысты) бас әзірлеушінің қарауына тиісті алғыжобаларды (техникалық ұсынысты) ұсынады және ҒЗК арналған алғыжоба (техникалық ұсыныс) бекітілгенге дейін олардың алдында оларды қорғауды жүргізеді.

Бас әзірлеуші ұйым бірлесіп орындаушы ұйымдармен бірге, бір айдан кешіктірмей, ҒЗК арналған алғыжобаны (техникалық ұсынысты) тапсырыс берушіге, тапсырыс берушінің бас ҒЗИ-ге, тапсырыс беруші шартта (келісімшартта) немесе ТТТ, ТТ көрсетілген басқа ұйымдарға қарауына және сараптауына береді.

Тапсырыс берушінің және (немесе) конкурстық комиссияның, бас әзірлеуші ұйымның (ҒЗК бұйымдары бөлігінде) шешімі бойынша алғыжоба (техникалық ұсынысты) немесе оның жеке бөліктері ғарыш қызметімен айналысатын басқа да ұйымдарға қорытынды беру үшін қарауға жіберіледі.

Жалғаспалы жоспарлаудың алдын ала жұмыс құжаттарды бір уақытта алғыжобамен (техникалық ұсыныспен) жіберіледі.

35. Алғыжобаға (техникалық ұсынысқа) арналған қорытындыларды (ҒЗК мен оның бұйымдарының техникалық мәселелері, мемлекеттік экологиялық сараптамасы, оларды біріздендіру және стандарттау бойынша қорытындыларды қоса алғанда) келісуді жүргізетін ұйымдар қорытындысын тапсырыс берушіге, ҒЗК бас әзірлеушіге, конкурстық комиссияға және тапсырыс берушінің бас ҒЗИ-ге, сондай-ақ олардың шешімі бойына оларға қатысты бөлігінде басқа да ұйымдарға береді.

Тапсырыс берушінің бас ҒЗИ қорытындыларды дайындау процесінде алғыжобаға (техникалық ұсынысқа) ТТТ-ның немесе ҒЗК арналған ТТ-ның орындалуына талдау, үздік ұқсастықтармен ұсынылатын техникалық шешімдері мен ҒЗК негізгі сипаттамаларын алдын ала салыстыру мен бағалауды жүргізеді, нысаналы пайдалану мәселелерін пысықтайды және ҒЗК қолданудың күтілетін тиімділігіне алдын ала баға және тиімділік өлшемдері мен құны бойынша ҒЗК алдын ала баға, сондай-ақ әлемдік ғарыштық нарықта олардың бәсекеге қабілеттілігіне алдын ала баға береді. Көрсетілген жұмыстардың алынған нәтижелері бас ҒЗИ қорытындыларына енгізіледі.

Бұдан басқа, бас ҒЗИ қорытындыларында осы Қағидаларда, алғыжобаны (техникалық ұсынысты) әзірлеу және ҒЗК арналған ТТ жобасы бойынша ҒЗК бұйымдарын әзірлеуші ұйымдар ұсыныстарының негізділігі дәрежесі бойынша ТТТ-да (ТТ-да) көрсетілген осы нормативтік техникалық құжаттамалар (бұдан әрі – НТҚ) талаптарының орындалуын бағалау, алғыжобаның (техникалық ұсыныстың) әр бөлімін қарау нәтижелері, ҒЗК бұйымдарын әзірлеуші ұйымдар ұсынатын ТТТ-ға нақтылаулар мен толықтыруларды есе ала отырып, ТТТ-да берілген сипаттамалармен ҒЗК немесе оның бұйымдарын құру жөніндегі жұмыстарды жалғастырудың орындылығы мен мүмкіндігі туралы тұжырымдар келтірілуі тиіс.

Технология мен материалтану бағыттары бойынша бас ҒЗИ-дің қорытындылары түсіндірме жазбаның технологиялық бөлігінде жазылған технология және материалтану мәселелерін пысықтаудың техникалық деңгейін, толықтығы мен жеткіліктілігін бағалауды, технологиялық көрсеткіштерін базалық мәндерін есе ала отырып, бұйымның технологиялылығы мен метрологиялық қамтамасыз етуді ұсынылатын конструкторлық-технологиялық шешімдердің іске асырылуын алдын ала бағалауды қамтиды.

36. Алғыжобаны (техникалық ұсынысты) әзірлеу конкурстық негіздерде бірнеше ҒЗК бас әзірлеуші ұйымға тапсырылған болса, онда қорытынды шығару үшін тапсырыс берушінің бас ҒЗИ-дің қатысуымен ғарыштық ақпаратты (өнімді) тұтынушылардың (тапсырыс берушілердің) қатысуымен ҒЗК тапсырыс берушісінің шешімімен бекітілетін конкурстық сараптама комиссиясы құрылады.

Конкурстық сараптама комиссиясының жұмыс істеу тәртібі мен мерзімі ҒЗК құру мәселелері бойынша шешім қабылдайтын ұйымның шешімімен анықталады.

Конкурстық сараптама комиссиясы ұсынылған алғыжобаларды (техникалық ұсыныстарды) және оларға қорытындыларды қарағаннан кейін мыналарды:

1) одан әрі әзірлеу үшін ұсынылатын алғыжобаны (техникалық ұсынысты);

2) одан әрі әзірлеу кезінде алғыжобаға (техникалық ұсынысқа) өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажеттілігін айқындайды.

37. Конкурстық сараптама комиссиясының қорытындысы өз шешімімен (егер мұндай болса) конкурсты тағайындаған тапсырыс берушіге, сараптама жүргізген ұйымдарға (тұтастай немесе ішінара оларға қатысты бөлігінде), алғыжобаларды (техникалық ұсыныстарды) бас әзірлеушілерге ұсынылады.

38. ҒЗК арналған алғыжоба (техникалық ұсыныс) ҒЗК-дағы әзірлеуші бас ұйым (техникалық ұсыныс) оны ұсынғаннан кейін үш айдан аспайтын мерзімде тапсырыс берушінің қарауына жатады. Алғыжобаны (техникалық ұсынысты) қарау сараптамалық қорытындылар, оның ішінде тапсырыс беруші бас ҒЗИ-дің, конкурстық сараптама комиссиясының (егер конкурс өткізілсе) қорытындылары болған кезде ғана жүзеге асырылады. Қарау нәтижелері бойынша тапсырыс беруші алғыжобаға (техникалық ұсынысқа) қорытынды береді.

Оң қорытынды ҒЗК арналған түпкілікті ТТТ (ТТ) әзірлеу (нақтылау) және белгіленген тәртіппен ҒЗК (ҒЗК бұйымдарын) құру жөніндегі жұмыстарды одан әрі жүргізу туралы шешім қабылдау үшін негіз болып табылады.

39. Алғыжобаны (техникалық ұсынысты) әзірлеуші бас ұйым бірлесіп орындаушы ұйымдармен бірге, алғыжобаға (техникалық ұсынысқа) тапсырыс берушінің қорытындысын алғаннан кейін екі айдан кешіктірмей, қажет болған кезде, ҒЗК арналған алғыжобаға (техникалық ұсынысқа), оның ішінде жалғаспалы жоспарлаудың алдын ала жұмыс құжаттарына өзгерістер (толықтырулар) енгізеді.

Пысықталған алғыжоба (техникалық ұсыныс) бойынша қорытындыны қарау және беру алғыжоба (техникалық ұсыныс) бойынша берілетін тәртіппен жүзеге асырылады.

40. Алғыжобаны (техникалық ұсынысты) қарау нәтижелері әзірленген немесе нақтыланған ҒЗК арналған ТТТ (ТТ) жобасы ҒЗК әзірлеуші бас ұйыммен оның түсу сәтінен бастап бір ай мерзімде келісіледі.

ҒЗК (ҒЗК бұйымдарына) арналған келісілген ТТТ (ТТ) ҒЗК тапсырыс беруші бекітеді, жұмыстарды одан әрі жүргізу туралы шешім қабылданған сәттен бастап үш айдан кешіктірмей, кешенді әзірлеуші бас ұйымға береді.

Тапсырыс беруші бекіткен ТТТ ҒЗК құруға қатысатын барлық ұйымдардың орындауы үшін міндетті және одан әрі ТКЖ жүргізуге арналған шартты (келісімшартты) жасасу үшін техникалық негіздеме болып табылады.

ТТТ-ны нобайлық жобалау процесінде оны келіскен немесе бекіткен ұйымдардың бірлескен шешімі бойынша түзетілуі мүмкін.
2. Нобайлық жобаны әзірлеу және оны қарау тәртібі
41. «Нобайлық жоба» кезеңіндегі жұмыстардың мақсаты:

1) ТТТ (ТТ) орындауды қамтамасыз ету үшін тұтастай алғанда ҒЗК, оның жекелеген құрамдас бөліктерін, жүйелерін, агрегаттарды (құралдарды), бейстандарттық өлшеу және бақылау құралдарын, оқу-жаттығу құралдарын және ҒЗК басқа да бұйымдарын құру жөніндегі негізгі сипаттамаларды, техникалық және технологиялық шешімдерді кешенді (теориялық және эксперименттік) негіздеу, сондай-ақ ҒЗК мен оның бұйымдарының техникалық-экономикалық көрсеткіштерін негіздеу;

2) шығаруға дайындау үшін, жерүсті ғарыш инфрақұрылымының қажетті объектілері мен ғимараттарын салу үшін тұтастай алғанда ҒЗК және оның бұйымдарына жұмыс конструкторлық және технологиялық құжаттаманы жобалау және шығару мақсатында бірлесіп орындаушы ұйымдармен бастапқы деректерді әзірлеу және келісу болып табылады.

42. ҒЗК және оның бұйымдарын нобайлық жобалауды ҒЗК және ҒЗК бұйымдарын бас әзірлеуші ұйымдары ҒЗК арналған ТТТ, ҒЗК бұйымына арналған ТТ бойынша ұйымдар тапсырыс берушімен жасалған шартта (келісімшартта) айқындалған мерзімде және нобайлық жобаны әзірлеудің кесте-жоспарына сәйкес жүргізеді.

ҒЗК арналған нобайлық жоба әзірлеудің кесте-жоспарын ҒЗК әзірлеуші бас ұйым бірлесіп орындаушы бас ұйымдармен бірге, ҒЗК құрудың алдын ала бас кестесі (кесте-жоспары) және «Алғыжоба (Техникалық ұсыныс)» кезеңінде жүргізілген жұмыстардың нәтижелері негізінде, егер осы құжатта өзгеше мерзім белгіленбесе, тапсырыс берушімен келісімшарт (шарт) жасалғаннан кейін екі айдан кешіктірмей дайындайды. ҒЗК әзірлеуші бас ұйым әзірлеуші бас ұйымдармен кесте-жоспарды, оларға ПТ-ны келіседі және тапсырыс берушіге бекітуге ұсынады.

Бұл ретте ҒЗК әзірлеуші бас ұйым бірлесіп орындаушы бас ұйымдардың ҒЗК бұйымына нобайлық жобалар әзірлеудің тиісті кесте-жоспарларын әзірлеудің, келісудің және оған бекітуге ұсынудың қажеттілігін айқындайды. Осы кесте-жоспарлар ҒЗК әзірлеуші бас ұйыммен келісілгеннен кейін оның құрамдас бөліктері (қосымшалары) сияқты ҒЗК арналған нобайлық жоба әзірлеудің кесте-жоспарын бір уақытта отырып бекітіледі.

43. Тапсырыс беруші берген ТТТ негізінде ҒЗК және ҒЗК бұйымдарын бас әзірлеуші ұйымдары ҒЗК арналған ТТТ алғаннан кейін екі айдан аспайтын мерзімде олармен, ҒЗК негізгі бұйымдарын әзірлеуге, монтаждау-технологиялық құжаттаманы әзірлеуге және басқа да ҒЗК жағадан құрылатын бұйымдарына, құралдарын әзірлеуге, алғыжобаны (техникалық ұсынысты) әзірлеу кезінде қажеттілігі анықталған нобайлық жобалау кезіндегі ғылыми (теориялық және эксперименттік) зерттеулер жүргізуге арналған ТТ тапсырыс берушімен (немесе оның нұсқауы бойынша тапсырыс берушінің ұйымымен) келісілген, бірлесіп орындаушы ұйымдарға береді (бұрын берілгендерін нақтылайды). Ғылыми зерттеулер жүргізуге арналған ТТ тапсырыс берушінің бас ҒЗИ-мен келісілуге жатады.

ТТ-да ҒЗК бұйымдарына нобайлық жобалардың мазмұнына қойылатын талаптар келтірілген.

Бірлесіп орындаушы ұйымдар алған сәттен он бес күннен аспайтын мерзімде ТТ жобасын қарап және ТТ берген ұйымдарға ТТ-ның келісілгені немесе осы келіспеушіліктерді негіздеумен келіспеушіліктердің бар-жоғы туралы жазбаша хабарлайды.

Бас әзірлеуші ұйымдар ТТ берген ҒЗК бұйымдарын әзірлеуші ұйымдар көрсетілген ТТ бекітілгеннен кейін бір айдан кешіктірмей осы тармақтың бірінші және екінші бөлігіндегі тәртіппен өздерінің бірлесіп орындаушыларына ҒЗК көрсетілген бұйымдарына кіретін бұйымдарды әзірлеуге арналған ТТ береді.

Бас әзірлеуші ұйымдар тапсырыс берушімен (немесе оның нұсқауы бойынша тапсырыс берушінің ұйымымен) келісуге жататын ТТ тізбесін жасайды және тапсырыс берушімен келіседі.

Нобайлық жобалау процесінде ТТ оған қол қойған ұйымдардың бірлескен шешімі бойынша түзетілуі мүмкін.

Мүдделі ұйымдардың бірлескен шешімі және ТТ талаптарын дамыту мен нақтылау үшін олар келісілген мерзімде келісілетін, бекітілетін және берілетін бастапқы деректерді (ТТ-ға толықтырулар) әзірлеуге жол беріледі.

44. Нобайлық жобалау кезінде ғылыми-теориялық және эксперименттік зерттеулер нобайлық жобалардың шығуына дейін аяқталады және олардың нәтижелері нобайлық жобаларға енгізіледі.

ҒЗК нақты бұйымдарын және тұтастай алғанда ҒЗК нобайлық жобалау кезіндегі ғылыми зерттеулердің нәтижелері мыналар:

1) ұшу сызбасын, пайдалы жүктемелерін (пайдалы жүкті), ҒЗК бұйымдарының жұмыс істеуінің оңтайлы шарттарын (режимдерін) таңдау жөніндегі ұсыныстар;

2) ҒЗК бұйымдарының және конструкциялық материалдарының оңтайлы сипаттамаларын таңдау жөніндегі ұсыныстар;

3) ҒЗК бұйымдарын жерүсті сынау үшін эксперименттік және сынақ базаларының жұмыс істеп тұрғандарын пайдалану және жаңаларын құруды дайындау жөніндегі ұсынымдар;

4) ҒЗК, оған кіретін объектілерді, бұйымдар мен ғимараттарды ықтимал бір ізге түсіру жөніндегі ұсынымдар;

5) жерүсті сынақтары мен ҰС жүргізу бағдарламаларының жобалары мен әдістері жөніндегі ұсынымдар;

6) ҒЗК, оның құрамдас бөліктерінің, жүйелерінің, агрегаттарының (құралдарының), бағдарламалық бұйымдарының сенімділігін қамтамасыз ету мен бақылау әдістемелерін әзірлеу (үлгілік әдістемелер базасында);

7) ҒЗК РЭС жиілігін қамтамасыз ету және оларды халықаралық-құқықтық қорғау жөніндегі ұсынымдар;

8) ҒЗК, оның құрамдас бөліктері мен жүйелерін және осы қауіпсіздікті айқындау мен бақылау әдістемесін қамтамасыз ету жөніндегі ұсынымдар;

9) ҒЗК рұқсатсыз іске қосудан қорғалуын тексеру мен бағалау бағдарламаларын әзірлеу жөніндегі ұсынымдар;

10) жаңадан әзірленетін (жаңғыртылатын, пысықталатын) ҒЗК (оның бұйымдарын) құру, шығару, пайдалану (тасымалдауды және сақтауды қоса алғанда) процесінде, оның ішінде авариялық жағдайлар туындаған кезде қоршаған ортаны қорғау шаралары бойынша ұсынымдар;

11) қоршаған ортаға әсерін бағалау әдістемесін және ҒЗК бұйымдарын сынау, пайдалану және кәдеге жарату кезіндегі экологиялық қатерді қоса алғанда, аумақтардың экологиялық мониторингілеу әдіснамасын әзірлеу;

12) ҒЗК мен оның бұйымдарын шығару және сынау процесінде метрологиялық қамтамасыз ету жөніндегі, оның ішінде автоматтандырылған құралдарды қоса алғанда, өлшеу мен бақылау әдістері мен құралдары жөніндегі ұсынымдар;

13) арнайы сынаулар жүргізу жөніндегі ұсынымдар;

14) ҒЗК мен оның құрамдас бөліктерін эргономикалық қамтамасыз ету жөніндегі ұсынымдар;

15) Конструкцияларды, материалтануды және бұйымдар технологиясын дамыту мен біріздендіруді кешенді жобалау, сондай-ақ жаңа материалдар мен жабдықтарды шығару үшін өнеркәсіптік базаларды жасау мерзімін жобалау;

16) ҒЗК құру және ғылыми-техникалық жетістіктер барысында алынған ноу-хауды экономиканың басқа салаларына енгізу жөніндегі ұсынымдар;

17) ғарыш қызметтерін әлемдік нарыққа жылжыту жөніндегі ұсынымдар;

18) жаңа технологиялық процестер мен шешімдер жөніндегі ұсынымдар, бұйымдардың перспективалық элементтерінің үлгілерін дайындай отырып, арнайы технологиялық жабдықтарды және жарақтандыру құралдарын құру, сынау және жолға қою;

19) ҒЗК бұйымдарын дайындау үшін өндірістік базаны құру немесе жетілдіру, оны қосымша жабдықпен және аппаратурамен жарақтандыру жөніндегі ұсынымдар.

Ғылыми зерттеулердің нәтижелері осы бұйымдарға ТТ берген ұйымдармен және осы ТТ келіскен тапсырыс берушінің бас ҒЗИ келісілетін есептермен ресімделеді.

45. ҒЗК (тапсырыс берушінің ТТТ бойынша құрылатын ҒЗК жекелеген құрамдас бөліктеріне) арналған нобайлық жоба мыналарды:

1) тізбелері алғыжобаны (техникалық ұсынысты) әзірлеу кезінде тізбелері айқындалған және қажет болған кезде толықтырылған есептеу-теориялық, эксперименттік және басқа да жұмыстар нәтижелері бойынша ТТТ-да (ТТ-да) берілген ҒЗК айқындалатын негізгі сипаттамаларын орындаудың негіздемесін;

2) нұсқалардың салыстырмалы бағасын (оның ішінде олардың технологиялылығын есепке ала отырып) және құрамдас бөліктердің, агрегаттардың (құралдардың) құрамы мен параметрлерін және олардың кешенді сызбадағы байланысын негіздеуді;

3) ҒЗК мен оның бұйымдарының таңдап алынған нұсқасын техникалық сипаттауды, ТТТ-ға сәйкес ҒЗК және ТТ-ға сәйкес оның бұйымдарын құру жөнінде қабылданған техникалық шешімдерді, таңдап алынған материалдарды, конструкцияны, жабындарды және отынның қабылданған құрамдастарын негіздеуді;

4) ҒЗК мен оның бұйымдарының жұмыс істеу, пайдалану ерекшеліктері, сақтау мерзімі мен шарттары, тасымалдау шарттары, регламенттік тексеру (техникалық қызмет көрсету) жөніндегі негізгі деректер, сондай-ақ пайдалану қауіпсіздігін қамтамасыз ету, пайдаланудан алу мен кәдеге жарату жөніндегі сызбалық-конструктивтік және ұйымдастыру-техникалық шешімдерді;

5) қоршаған ортаға әсерін бағалау, ҒЗК (оның бұйымдарын) құру, шығару, пайдалану (тасымалдау және сақтау) процесінде, оның ішінде авариялық жағдайлар туындаған кезде қоршаған ортаны қорғау жөніндегі шараларды;

6) өнеркәсіптік және экологиялық қауіпсіздікті қоса алғанда, ҒЗК ПҚҚБ-ын;

7) ҒЗК мен оның құрамдас бөліктерін эргономикалық қамтамасыз ету бағдарламасын;

8) қорғалатын мәліметтердің, оларды қорғау әдістері мен құралдарының тізбесін іске асыру жөніндегі іс-шараларды негіздеуді;

9) рұқсатсыз қолданудан ҒЗК-ні пайдалану қауіпсіздігі мен қорғалуын тексеруді айқындау және бақылау әдістемелерінің тізбесін;

10) есептеу-теориялық және (немесе) эксперименттік жұмыстардың нәтижелері негізінде ҒЗК (оның бұйымдарының) сенімділігіне қойылатын талаптардың орындалуын бағалауды, оның құрамдас бөліктерінің, жүйелерінің, негізгі агрегаттарының (құралдарының), бағдарламалық бұйымдарының сенімділігін нормалауды, сондай-ақ авариялық жағдайларды табу құралдарының құрамын негіздеуді;

11) полигондық өлшеу құралдарының құрамын және оларға қойылатын талаптарды негіздеуді;

12) ҒЗК мен оның бұйымдарының техникалық-экономикалық көрсеткіштерінің нақтыланған бағасын, бұйымдарды шығаруды технологиялық қамтамасыз етуге және дайындауға, күрделі құрылыс салуға арналған шығындарды, ҒЗК құрудың нақтыланған бас желілік кестесін негіздеуді және орындаушыларды кооперациялауды;

13) ішкі және сыртқы әсер етуші факторлардан ҒЗК құрамдас бөліктерінің, жүйелерінің, негізгі агрегаттарының (құралдарының) істен болжалды шығуы пайда болған жағдайда тұтастай алғанда, ҒЗК авариялық жағдайларын анықтау мақсатында сызбалық және конструктивтік шешімдерді кешенді талдау нәтижелерін, бұйымдарды көрсете отырып, авариялық жағдайлардың тізбесін, олардың ықтимал істен шығуын және авариялық жағдайлардан шығудың ықтимал жолдарын, сондай-ақ ҒЗК бұйымдарының қауырт элементтерінің тізбесі бойынша және қауырт технологиялық процестері мен операциялардың тізбелері бойынша ұсыныстарды;

14) ҒЗК мен оның құрамдас бөліктерін бөлудің нақтыланған сызбаларын;

15) жерүсті және ҰС жүргізу әдістерінің және олардың нәтижелерін бағалау әдістерінің, оның ішінде расталатын сипаттамалардың сәйкестігін бағалау әдістерінің тізбесін;

16)ҒЗК негізгі бұйымдарын біріздендіру мен стандарттаудың қажетті деңгейін қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды орындау туралы деректерді;

17) пайдалану құжаттамасының тізбесін;

18) арнайы сынаулар тізбесін;

19) қажетті эксперименттік, сынау және өндірістік базалардың нақтыланған құрамын, сипаттамасын, қажетті қуаттарын және олар тиесілі ұйымды көрсете отырып, олардың жеткіліктілігін негіздеуді, сондай-ақ олардың қысқаша техникалық сипаттамаларымен және нысаналы мақсатымен жаңадан құрылатын (сатып алынатын) эксперименттік, есептеу, өлшеу және өндірістік құралдарының тізбесін;

20) ТТТ-ға (ТТ-ға) сәйкес осы ҒЗК үшін құрылатын оқу-жаттығу құралдарының, бейстандарттық өлшеу және бақылау құралдарының құрамын;

21) ҒЗК негізгі бұйымдарының және тұтастай алғанда ҒЗК үшін жалпы түрдегі сызуларды, теориялық және габариттік сызуларды, сызбаларды, олардың сипаттамасын;

22) жерүсті эксперименттік сынау мен ұшу сынаулары кезеңдерінде ақпараттың жиналуына қарай ТТТ мен ТТ-да берілген сенімдікке қойылатын талаптарды қамтамасыз ету және растау мақсатында ҒЗК мен оның бұйымдарын кейінгі кезеңдерінде жүргізілетін жұмыстар мен іс-шаралардың тізбесін қамтитын СҚБ қамтуы тиіс. Бұл ретте, СҚБ ТТТ мен ТТ-да берілген сенімдікке қойылатын талаптарды растау үшін кешеннің негізгі бұйымдарын жерүсті және ҰС кезеңдерінде талап етілетін ҒЗК негізгі бұйымдарының санын көрсете отырып, математикалық және жартылай натуралық модельдеу, макеттеу және эксперименттік сынау, математикалық қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды, сондай-ақ тұтастай алғанда ҒЗК және кешен бұйымдарының сенімділігін қамтамасыз ету және бақылау әдістерінің тізбесін қамтиды.

Эксперименттік сынауды негіздеу кезінде ҒЗК мен оның бұйымдарының жекелеген сипаттамаларын тексеру мен растаудың тәжірибелік-теориялық әдісін пайдалану туралы, эксперименттік сынаудың кешенді бағдарламаларына сынақтардың түрлеріне бөлінген (жылу, жылу-ваккумдық, мықты, вибротөзімді, акустикалық, аэрогаз-динамикалық, динамикалық, пневмогидравликалық, айғақтық, ресурстық, климаттық, механикалық, электрлік және қолданыстағы нормативтік құжаттарға сәйкес сынақтардың барлық түрлері) дербес және кешенді сынақтарды қосу туралы;

басқа ҒЗК құрамында жекелеген бұйымдарға ұшу сынауларын (егер мұндай сынақтар қажет болса), шекті (экстремалды) режимдерде (оның ішінде қауырт элементтерде) сынақтар, сақталуына сынақтар, ұшу сынауларын жүргізу туралы мәселелер, сондай-ақ ҒЗК мен оның бұйымдарына эксперименттік сынақ жүргізу кезінде сыртқы және ішкі ауыртпалықтардың бір уақытта әсер етуін барынша имитациялауды қамтамасыз ету, математикалық қамтамасыз етуді сынау үшін әдістер мен құралдардың жеткіліктілігін негіздеу мәселелері міндетті түрде қарауға жатады;

23) ҒЗК бұйымдарын құру жөнінде конструкциялар мен технологиялық зерттеулерді технологиялық пысықтау, негізгі технологиялық шешімдерді негіздеу нәтижелері, өндірісті кейіннен дайындау үшін қажетті бастапқы деректерін, сондай-ақ мыналарды: дайындамалар алудың, өңдеудің, жинаудың, монтаждау мен сынаудың негізгі әдістеріне бағыттық технологиялық процесті қамтуға тиіс директивалық технологиялық құжаттарды;

24) арнайы технологиялық жарақтандыру тізбесін;

25) өндірісті ұйымдастыру ерекшелігі бойынша нұсқауларды;

26) директивалық еңбекті қажет ететін;

27) бұйымдардың негізгі параметрлерінің құрамын, негізгі параметрлерді өлшеу дәлдігін, бақылау жүйесін құрудың таңдап алынған нұсқасын көрсете отырып, шығару, сынау және пайдалану процесінде метрологиялық қамтамасыз ету іс-шараларын негіздеуді;

28) құрылатын ҒЗК (оның бұйымдарының) техникалық деңгейінің ғылым мен техниканың озық жетістіктеріне сәйкестігіне салыстырмалы талдау мен бағалауды және ҒЗК жетілдіру перспективалары мен зымыран және ғарыш техникасын одан әрі дамыту міндеттерін шешу кезінде оны пайдаланылу мүмкіндігін бағалауды;

29) әлемдік ғарыштық нарықта бәсекеге қабілеттілікті бағалауды, коммерциялық негізде жобалар үшін нақтыланған бизнес-жоспарды, ел экономикасының басқа салаларына енгізу үшін алынған жетістіктердің тізбесін қамтуы тиіс.

ҒЗК нобайлық жобасын әзірлеу процесінде басқарушы ақпараттық-есептеу кешенін математикалық, бағдарламалық және ақпараттық қамтамасыз ету, тасымалдағыш зымырандарды және ғарыш аппараттарын (олардың бұйымдарын) жасаушы ұйымдарда және сынау базаларында мақсаты бойынша басқарудың автоматтандырылған жүйелерін қолдануға дайындықты сынау мен бақылауды басқару жүйелерін және т.б. ТТ мен осы Қағидалардың 45-тармағына және бастапқы деректерге сәйкес жұмыстар жүргізілуі тиіс.

Осы жұмыстарға:

30) бағдарламалық модульдердің, оларды іске асыру үшін жады ресурсы мен өнімділік резервінің, кіріс және шығыс деректердің, жұмыс істеу алгоритмдерінің, тестілер жинаудың тізбесін нақтылау және (немесе) әзірлеу жөніндегі жұмыстар;

31) баллистикалық негіздеуді нақтылау (ғарыш аппаратын шығару дәлдігі, орбитаның параметрлері немесе ұшу траекториясы, ғарыш аппараттарын қондыру полигондары және бөлініп шығатын бөліктері және т.б. құлау аудандары);

32) жалғаспалы жоспарлаудың жұмыс құжаттарының жобаларын әзірлеу, оларды келісу мен бекіту;

33) жобаның іске асырылуын кешенді талдау бағасын (нәтижелерін) нақтылау;

34) өндірісті технологиялық қамтамасыз ету мен дайындауды, оларды келісу мен бекітуді қоса алғанда, ҒЗК бұйымдарының сметалық құнын калькуляциялау жобаларын әзірлеу;

35) істен шығулар түрлерін, салдарын, қиындығын талдау (ІТСҚТ) жөніндегі жұмыстар;

36) құрылатын ҒЗК пайдаланудан алғаннан кейін оны кәдеге жарату мүмкіндіктерін бағалау мақсатында конструкторлық-технологиялық шешімдерді негіздеу жөніндегі жұмыстар жатқызылады.

Көрсетілген жұмыстардың негізгі нәтижелері нобайлық жобаларға енгізіледі.

Жалғаспалы жоспарлаудың жұмыс құжаттарының жобалары нобайлық жобамен бір уақытта жіберіледі.

ҒЗК және ҒЗК негізгі бұйымдарын бас әзірлеуші ұйымдар тапсырыс берушінің индекстерін беру үшін ҒЗК, оның бұйымдарын, жүйелерді, агрегаттарды бөлу сызбаларын тапсырыс берушіге (немесе оның нұсқауы бойынша тапсырыс берушінің ұйымына) әзірлейді және береді. ҒЗК бұйымдарын бөлу сызбалары осы бұйымды әзірлеуге ТТ берген ұйыммен келісуге жатады.

ҒЗК арналған нобайлық жобаның құрамдас бөліктері оның бұйымына, жүйелері мен негізгі агрегаттарына (құралдарына), құрамдас бөліктеріне, монтаждауға, сондай-ақ «Алғыжоба (техникалық ұсыныс)» кезеңінде айқындалған және ТТ берілген ҒЗК басқа бұйымдарына арналған нобайлық жобалар болып табылады. Олар СҚБ, есептеу-теориялық және эксперименттік жұмыстардың нәтижелері бойынша ТТ-ның орындалуын негіздеу, техника-экономикалық көрсеткіштер мен ТТ-ның басқа талаптары бойынша материалдарды қамтуы тиіс. Осы тармақтың талаптарын іске қосу немесе ҒЗК көрсетілген бұйымдарына қойылатын жаңа талаптарды қосу ТТ-да айтылады немесе бағыты бойынша ТТ-ны берген ұйымның, тапсырыс берушінің бас ҒЗИ-дің және ҒЗК бұйымдарын әзірлеуші ұйымның шешімімен ресімделеді. Нобайлық жобалар шығарылған ҒЗК бұйымдарын әзірлеуші ұйымдар ҒЗК бас әзірлеуші ұйымның, тапсырыс беруші бас ҒЗИ-дің және тапсырыс берушінің нұсқауы (шешімі) бойынша басқа да ұйымдардың және ҒЗК әзірлеуші бас ұйымның қатысуымен өздерінің нобайлық жобаларын ТТ берген бас әзірлеушінің алдында қорғауды жүргізеді.

46. ҒЗК әзірлеуші бас ұйым және құрамдас бөліктерді, жүйелерді, негізгі агрегаттарды (құралдарды) бас әзірлеуші ұйымдар нобайлық жобаны әзірлеудің кесте-жоспарында көзделген мерзімде ҒЗК қызмет көрсету құралдарын жобалау үшін бастапқы деректерді береді.

47. ҒЗК арналған нобайлық жоба ҒЗК бұйымдарын бас әзірлеуші ұйымдармен бірлесіп қарауға және тапсырыс берушіге, тапсырыс берушінің бас ҒЗИ-ге қорытынды жасауға нобайлық жобаны әзірлеудің жоспар-кестесінде көзделген мерзімде ҒЗК бас әзірлеуші ұйымға ұсынылады.

Нобайлық жобаның өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптамасы және мемлекеттік экологиялық сараптамасы қолданыстағы 2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне және «Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүргізіледі.

ҒЗК мен ҒЗК бұйымдарына арналған нобайлық жобалардың материалдары сараптама жүргізу және технологиялық қамтамасыз ету жөніндегі, оның ішінде конструкцияны шығару мен монтаждау кезіндегі технологиялылығы туралы, тиісінше стандарттау және бір ізге түсіру деңгейі туралы қорытындыны беру үшін шартта (келісімшартта) немесе ТТТ-да (ТТ-да) айқындалған мамандандырылған технологиялық, метрологиялық, монтаждау ұйымдарына, оларға қатысты бөлігінде стандарттау бойынша бас ұйымдарға жіберіледі.

ҒЗК арналған нобайлық жоба тапсырыс берушіге қарауға және ҒЗК бұйымдарына, жүйелерге және негізгі агрегаттарға (құралдарға) және ҒЗК басқа да бұйымдарына арналған нобайлық жобаларды қоса алғанда ҒЗИ-ге сараптамаға толық құрамда ұсынылады. Тапсырыс берушінің бас ҒЗИ бағыт бойынша, осы тармақта көрсетілген басқа да ұйымдарға жобалар оларға қатысты бөлігінде ұсынылады.

48. Нобайлық жобаға Бас ҒЗИ қорытындылар шартта белгіленген мерзімде тапсырыс берушіге, ҒЗК бас әзірлеушіге, сондай-ақ тапсырыс берушінің және ҒЗК бас әзірлеуші ұйымның шешімі бойынша – оларға қатысты бөлігінде басқа да ұйымдарға ұсынылады.

ҒЗК арналған нобайлық жобаның құрамдас бөліктеріне қорытындылар сондай-ақ нобайлық жобаның құрамдас бөлігін бас әзірлеуші ұйымға ұсынылады.

Технология және материалтану бағыттары бойынша тапсырыс берушінің бас ҒЗИ қорытындылары технология, материалтану мәселелерін пысықтаудың техникалық деңгейін, толықтығы мен жеткіліктілігіне және шығаруға дайындаудың (оның ішінде директивалық технологиялық құжаттаманы), бұйымдардың технологиялылығы мен қабылданған конструкторлық-технологиялық шешімдердің технологиялық іске асырылуын бағалауды, бұйымдардың материалдық, еңбек, құндық және ресурстардың басқа түрлері бойынша іске асырылуын, метрологиялық қамтамасыз ету деңгейін, бұйымның технологиялылығын, бақылауға жарамдылығы мен жөндеуге жарамдылығын бағалауды, сондай-ақ экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және жұмыс істейтіндердің денсаулығын сақтау жөніндегі іс-шаралардың жеткіліктілігін бағалауды қамтуы тиіс. Ел экономикасының басқа салаларына технология және материалтану саласындағы жетістіктерді енгізу жөніндегі ұсынымдар да келтіріледі.

49. ҒЗК арналған нобайлық жоба ҒЗК бас әзірлеуші ұйым ұсынғаннан кейін үш айдан аспайтын мерзімде оған қорытынды беру мақсатында тапсырыс берушінің қарауына жатады.

Тапсырыс беруші нобайлық жобаны осы Қағидалардың 45-тармағында көрсетілген қорытындылар болған кезде ғана қарайды.

Нобайлық жобаны қарау кезінде туындаған келіспеушіліктер бойынша шешімдерді тапсырыс беруші мен ҒЗК бас әзірлеуші ұйым бірлесіп қабылдайды.

Тапсырыс берушінің қорытындысы ҒЗК бас әзірлеуші ұйымға және тапсырыс берушінің бас ҒЗИ (көшірмесі) жіберіледі. Өзінің қорытындысында тапсырыс беруші ҒЗК бас әзірлеуші ұйымның тапсырыс берушінің қорытындыларын көбейту және оларға қатысты бөлігінде бірлесіп орындаушы ұйымдардың атына жіберу құқығын айтады.

50. ҒЗК бас әзірлеуші ұйым, егер тапсырыс беруші өзге мерзімді келіспесе, нобайлық жобаға тапсырыс берушінің қорытындысын алғаннан кейін екі айдан аспайтын мерзімде нобайлық жобаға қорытындыларда айтылған ескертулерді жою жөніндегі іс-шаралардың жиынтық жоспарын жасайды және білесіп бас орындаушы ұйымдармен және тапсырыс берушімен келіседі, осы Қағидалардың 45-тармағында айтылған жалғаспалы жоспарлаудың жұмыс құжаттарын ресімдейді және оларды келісілгеннен кейін бекіту үшін тапсырыс берушіге ұсынады.

Нобайлық жобалар шығарылған ҒЗК бұйымдарын бас әзірлеуші ұйымдар бірлесіп орындаушы ұйымдармен бірге, егер бас әзірлеуші мен тапсырыс берушінің бірлескен шешімінде өзгеше мерзім айқындалмаса, нобайлық жобаға тапсырыс берушінің қорытындысын алғаннан кейін бір айдан аспайтын мерзімде көрсетілген ескертулерді жою жөніндегі іс-шаралардың жиынтық жоспарын жасайды, оларды ТТ, берген ұйыммен келіседі, жалғаспалы жоспарлауды, тиісті құжаттарын нақтылауды жүргізеді және оларды іс-шаралардың жиынтық жоспарын жасау және ҒЗК арналған жалғаспалы жоспарлаудың жұмыс құжаттарын нақтылау үшін ҒЗК бас әзірлеушіге ұсынады.

Жалғаспалы жоспарлаудың жұмыс құжаттарын ресімдеу, келісу жәнебекіту процесінде ҒЗК негізгі бұйымдарын сериялық шығаруды (егер ол орын алатын болса), сондай-ақ жинақтаушы бұйымдарды, осы бұйымдарды дайындау үшін қажетті жартылай өңделген өнімдер мен материалдарды шығаруды жүзеге асыратын ұйымдарды айқындайды. Жалғаспалы жоспарлау жұмыс құжаттарында осы ұйымдарда ҰС арналған тәжірибелік бұйымдардың белгілі бір санын шығарумен қарастырылған. Тапсырыс беруші мен бас әзірлеушінің бірлескен шешімі бойынша осы тәжірибелік бұйымдарды шығару сериялық шығаруға қою үшін бұйымдардың (бас үлгінің) белгілеу партиясын (сериясын) дайындау ретінде есептелуі мүмкін.

51. Нобайлық жобаны қарау нәтижелері бойынша тапсырыс беруші немесе оның нұсқауы бойынша ұйым ҒЗК құру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады және бақылау мен қабылдауды жүргізеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет