Қағидалары 1-бөлім. Жалпы ережелер


ҒЗК-ның тәжірибелік бұйымдарына және макеттерге жұмыс құжаттамасын әзірлеу тәртібі



бет3/4
Дата08.07.2016
өлшемі372 Kb.
#185523
1   2   3   4

3. ҒЗК-ның тәжірибелік бұйымдарына және макеттерге жұмыс құжаттамасын әзірлеу тәртібі
52. «ҒЗК-нің тәжірибелік бұйымдарына және макеттерге жұмыс құжаттамасын әзірлеу тәртібі» кезеңіндегі жұмыстардың мақсаты:

1) ҒЗК-нің тәжірибелік бұйымдарын және макеттерді (оның ішінде ҒЗК ЭСКБ, ҒЗК-нің бұйымдарын ЭСКБ және қажет болған кезде конструкторлық-технологиялық макеттерге, нобайлық жобаны әзірлеу кезінде жасалған осы құжаттаманың тізбесіне сәйкес ТШ және пайдалану құжаттамасын), дайындау мен оларды сынауға арналған конструкторлық құжаттаманың толық жиынтығын әзірлеу;

2) осы кезеңдерді (немесе келісу мерзімдерін) көрсете отырып, ҒЗК-ні құрудың кейінгі кезеңдерінде келісуге жататын құжаттардың нақты номенклатурасын (оның ішінде ТШ, қауырт элементтер тізбесін және бұйымдардың қауырт технологиялық процестерді, сынау бағдарламаларын, ҒЗК-нің бұйымдарын эксперименттік сынау жөніндегі есептерді) айқындайтын құжаттаманың тізбесін белгіленген тәртіппен әзірлеу және тапсырыс берушінің (немесе оның нұсқауы бойынша тапсырыс берушінің ұйымының) бекітуі;

3) тәжірибелік үлгілерді дайындау үшін технологиялық құжаттаманы әзірлеу;

4) бағдарламалық құжаттаманы әзірлеу болып табылады.

53. ҒЗК-нің тәжірибелік бұйымдарын дайындауға арналған конструкторлық құжаттама жинақтылығы бойынша қолданыстағы МемСТ 2.102-68 «Конструкторлық құжаттардың жиынтығы және түрлері» талаптарына сәйкес болуы, технологиялылығы жасаушы ұйым пысықтауы (немесе келісуі) тиіс.

Конструкторлық құжаттаманы технологиялылығына пысықтау нәтижелерін жасаушы ұйым қорытындымен (актімен) немесе ұйымда қолданылатын басқа құжатпен ресімдейді және тәжірибелік шығаруға дайындық актісіне қоса береді.

54. ҒЗК-нің тәжірибелік бұйымдарына арналған конструкторлық құжаттаманы әзірлеуді міндетті шарттары:

1) ТТТ-да, ТТ-да белгіленген талаптардың, оның ішінде бұйымдардың тиімділігін, сенімділігін, бір ізге түсіру деңгейін, пайдалану қауіпсіздігін және жұмыс істеу ресурстарын қамтамасыз етуге, сондай-ақ рұқсатсыз қолданудан қорғалуына қойылатын талаптарының орындалуын қамтамасыз ететін сызбалық-конструкторлық және технологиялық шешімдерді пайдалану;

2) ықтимал авариялық жағдайлардың тізбесін нақтылап, кейіннен сынауды күшейтіп бақылау, мақсатқа сай қолдануға жасауды, дайындауды ұйымдастыру үшін қауырт элементтер мен бұйымдардың қауырт технологиялық процестерінің тізбесін жасай отырып, ҒЗК-ні авариялық жағдайға және қоршаған ортаның ластануына әкеп соғатын ықтимал істен шығуларын және жүйелердің, агрегаттардың (құралдардың) бұзылуына талдау жүргізу, авариялық жағдайлардан шығудың циклограммаларын (оның ішінде авариялық жағдайларда пайдаланылатын персоналдың іс-қимылы жөніндегі нұсқаулықтарды) әзірлеу;

3) жерүсті жағдайында, оның ішінде имитациялық модельдеу негізінде тәжірибелік-теориялық әдісті пайдалана отырып, сынау бойынша жұмыстардың негізгі көлемін орындау туралы талаптарды қосу;

4) жинау және монтаждау жұмыстарын жүргізу мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету кезінде технологиялылығын қамтамасыз ету және прогрессивті технологияны қолдану;

5) ҰС-ын жүргізу және оған дайындау, ҒЗК мен олардың бұйымдарын мақсатқа сай қолдану кезінде бақылаудың, өлшеу мен техникалық диагностикалаудың (оның ішінде автоматтандырылған) тиімді әдістері мен құралдарын, сондай-ақ тиімді құралдармен және әдістермен монтаждаудың үнемді әдістерін қолдануды қамтамасыз ету;

6) пайдалану қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды сақтау;

7) эргономика және техникалық эстетика талаптарын сақтау болып табылады.

55. ҒЗК-нің тәжірибелік бұйымдарына ТЖ МемСТ 2.114-70 «Техникалық шарт» сәйкес әзірленеді және егер бұйымдарды бір ұйым екіншісіне жеткізетін болса, сапаға, сенімділікке және кіріс бақылауына қойылатын талаптарды қамтиды.

Қауырт элементтерді және қауырт технологиялық процестерді қамтитын, қажет болған кезде, әзірлеу кезінде айқындалатын тәжірибелік бұйымдарға ТЖ сапалы дайындау мен монтаждауды қамтамасыз ететін технологиялық процестерге қойылатын арнайы талаптарды, кіріс бақылауының көлемін, бұйымдар мен қауырт элементтердің және қауырт технологиялық процестердің қосымша диагностикалық және жұмыс қабілетін бұзбайтын бақылауды (немесе дайындаудың технологиялық процестерін) белгілейді.

56. ТТ берген ҒЗК-нің бұйымдарын әзірлеуші ұйымдар осы бұйымдардың СҚБ және басқа құжаттаманың талаптары негізінде жалғаспалы жоспарлаудың жұмыс құжаттарында айқындалған мерзімде ҒЗК-нің көрсетілген бұйымдардың ЭСКБ жасайды, оларды ҒЗК бұйымдарын әзірлеуші ұйыммен келіседі және тұтастай алғанда ҒЗК-нің бұйымдарын тиісті жасау үшін ұсынады. Осы ҒЗК-ның құрамдас бөліктері, жүйелері, негізгі агрегаттары (құралдары) ЭСКБ, бұдан басқа, тапсырыс берушімен, ҒЗК-ні бас әзірлеуші ұйыммен, тапсырыс берушінің бас ҒЗИ-мен келісуге жатады.

ҒЗК-ні бас әзірлеуші ұйым СҚБ, ҒЗК ПҚҚБ, ҒЗК, ҒЗК бұйымдарына ЭСКБ және басқа конструкторлық құжаттама талаптарының негізінде бірлесіп орындаушы ұйымдардың (әзірлеушілер мен жасаушылардың) қатысуымен жалғаспалы жоспарлаудың жұмыс құжаттарында белгіленген мерзімде ҒЗК-ні ЭСКБ әзірлейді. Осы бағдарламаны тапсырыс берушінің бас ҒЗИ-мен, тапсырыс берушінің нұсқауы бойынша басқа ұйымдармен келіседі, одан кейін оны тапсырыс беруші бекітеді.

Бағдарламалар бекітілгеннен кейін осы бағдарламалар бойынша жұмыстар жүргізуге қатысушы ұйымдарға күнтізбелік он бес күннен кешіктірілмей жіберіледі.

ҒЗК ЭСКБ оларды келіскенге дейін осы бұйымдардың ЭСКБ бойынша, эксперименттік сынау жүргізуге жол беріледі.

Осы ҒЗК жүйелері құрамдас бөліктерінің ЭСКБ осы бұйымға ТТ-ны келіскен тапсырыс берушінің ұйымдарымен келісілуге жатады.

ЭСКБ құрамында бөлек бөліммен (кітаппен) технологиялық процестерді эксперименттік сынау бағдарламаларын шығаруға жол беріледі, оны технология және материалтану бағыттары бойынша бас ҒЗИ-мен, қажет болған кезде тәжірибелік бұйымдарды жасаушылармен келісіледі.

57. ҒЗК (құрамдас бөлігінің) ЭСКБ мына:

1) АС, КС, және ҰС ұшырайтын бұйымдардың (оның ішінде қауырт элементтері бар барлық бұйымдар) тізбесі мен құрамын;

2) АС, КС, және ҰС жүргізген кезде сынаулардың мақсаттары мен міндеттерін, оларды орындау тәртібі мен дәйектілігін;

3) конструкторлық-технологиялық және басқа макеттер мен тәжірибелік үлгілерде конструкторлық және технологиялық құжаттама жиынтықтарын сынаудың тәртібі мен көлемін;

4) жаңа технологиялық процестерді (оның ішінде жаңа физикалық және химиялық қағидаттарды, бұйымдарды дайындау мен бақылаудың әдістерін, сондай-ақ қиын технологиялық процестер мен операцияларды қолдануға негізделген), технологиялық процестердің дәлдігі мен тұрақтылығын, тиісті технологиялық жүйелер мен ҒЗК бұйымдарының сенімділігін қамтамасыз ету мақсатында эксперименттік расталуға немесе нақтылануға тиіс сипаттамалары мен режимдері сынаудың тәртібі мен көлемін;

5) қолданыстағы нормативтік құжаттарға сәйкес айқындалған АС және КС түрлері (жылу, жылу-вакуумдық, от (қозғалтқыш құрылғылары үшін), электр, төзімді, вибротөзімді, акустикалық, динамикалық, пневмогидравликалық, ресурстық, механикалық, климаттық сынақтар және т.б.), сенімділікке қойылатын талаптардың орындалуын есепке ала отырып, сынаулардың түрлері мен кезеңдері бойынша бөлінген бұйымдардың саны, сынаулардың санын;

6) бірге жүретін (сабақтас) агрегаттардың (құралдардың) және жүйелердің әзірлеуші ұйымдар айқындаған электрлік қолданылатын және басқа макеттерде әртүрлі ықпал етуші факторлардың бір уақыттағы имитациясы кезінде өзара жұмыс істеуін сынаудың тәртібі мен көлемін;

7) экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қолданылатын, оның ішінде авариялық жағдайларды жою үшін қолданылатын техникалық құралдарды сынаудың тәртібін;

8) негізгі пайдалану талаптарын сынау мен растаудың, сондай-ақ жұмыстарды кезеңдері бойынша бөле отырып, пайдалану құжаттамасын сынаудың тәртібі мен көлемін;

9) бұйымдардың жұмыс істеуі үшін қажетті математикалық және ақпараттық қамтамасыз етуді (алгоритмдерді, бағдарламаларды), оның ішінде борттағы есептеу машиналарын ұшуда, сондай-ақ ұшуды, жасаушы ұйымдарда және пайдаланушы ұйымдарда зымырандарды, тасымалдағыш зымырандарды, ғарыш аппараттарын автоматтандырылған басқару жүйелерін сынау тәртібі мен көлемін;

10) құрамын нақтылау жөніндегі жұмыстарды және бұйымдардың бақыланатын параметрлерінің жол берілетін ауытқуларын қоса алғанда, ҒЗК мен оның бұйымдарын метрологиялық қамтамасыз ету іс-шараларын іске асыру, сондай-ақ өлшем орындау әдістерін метрологиялық аттестаттау тәртібін;

11) бағдарламалар тізбесін, сынауды жүргізу әдістемелерін және нәтижелерін бағалауды;

12) сынау және өлшеу құралдарының (стендтердің, жабдықтардың, өлшеу жүйелерінің) тізбесін, олардың дәлдігі бойынша негізгі талаптарды және ақпаратты өңдеу құралдарының тізбесін, сынаулар мен өлшеулерге қатысатын персоналдың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды;

13) жерүсті сынау кезінде бұйымдардың жұмыс істеуінің нақты шарттарын барынша имитациялауды қамтамасыз ету және бұйымдармен жұмыс істеуге рұқсат етілген шекті (экстремалды) режимдерінде сынауды жүргізу жөніндегі талаптарды;

14) сынау объектілерін, жабдықтарды, құжаттаманы, өлшем құралдарын жеткізу тәртібін;

15) АС пен КС және олардың түрлері бойынша есептілікті;

16) арнайы сынауларға (оның ішінде ұзақ жұмыс істейтін бұйымдарға арналған ресурстық немесе кезең-кезеңмен ресурстық сынауларға, ұзақ сақталатын сынауларға және т.б.) арналған арнайы бағдарламалардың тізбесін қамтиды.

ҒЗК (құрамдас бөлігінің) ЭСКБ міндетті түрде орындалуымен көзделген жерүсті сынауы ҒЗК ҰС басталғанға дейін оң нәтижелермен аяқталуы тиіс.

Қабылдау сынауларының үлгілері алдын ала сынаудан өтуі тиіс.

58. ҒЗК-нің ЭСКБ (ҒЗК-нің бұйымдарына ЭСКБ) белгіленген сынау түрлеріне әзірлеуші ұйымдар ҒЗК бұйымдарын сынаудың жеке бағдарламаларын әзірлейді.

Егер сынаулар басқа ұйымдардың сынау базасында жүргізілсе, онда көрсетілген бағдарламаларды осы ұйымдармен келіседі.

Жаңа технологиялық процестерге сынау өткізу үшін жасаушы ұйымдар және әзірлеуші ұйымдар жеке сынау бағдарламаларын әзірлейді.

Бұдан басқа, құрамдас бөліктерді, негізгі жүйелерді, агрегаттарды (аспаптарды) олардың КС өткізуге арналған сынаудан өткізу бағдарламалары ТТ берген ұйыммен, қажет болған кезде осы сынауларға қатысушы ұйымдармен және бас әзірлеушінің шешімі бойынша немесе тапсырыс берушімен бірлескен шешім бойынша келісілуге жатады (сынаулардың көлемінің толықтығы және ықпал ететін факторлар имитациясының бөлігінде).

Сынау бағдарламалары сынаудан өткен және тозудың әр түріне ұрынған бұйымның ақауы туралы талаптарды, сондай-ақ осы жұмыстың тәртібі мен орындау көлемін қамтуы тиіс. Ақау салдары сынаулар бойынша есептерде келтіріледі.

ЭСКБ көзделген технологиялық процесті сынаудан өткізуді аяқтауды бұйымды әзірлеуші ұйыммен, жасаушы ұйыммен келісіледі.

59. Пайдалану құжаттамасын әзірлеу жалғаспалы жоспарлаудың жұмыс құжаттарында белгіленген мерзімдерде пайдалану құжаттамасының тізбелері бойынша жүргізіледі.
4. ҒЗК-ны (ҒЗК-ның тәжірибелік бұйымдарын) жасау және оларды жерүсті өңдеу тәртібі
1-бап. ҒЗК-нің тәжірибелік бұйымдарының сапасы мен сенімділігін қамтамасыз ету жөніндегі жалпы ережелер
60. ҒЗК және олардың бұйымдарына жерүсті өңдеуден өткізу кезінде мынадай сынаудан өткізу, жеткізу және есептілік тәртібі жүзеге асырылады:

1) ҒЗК ЭСКБ және ҒЗК бұйымдарының ЭСКБ көзделген мөлшерінде ҒЗК-ге және оның бұйымдарына сынау өткізу осы Қағидалардың 58-тармағына сәйкес тиісті сынау бағдарламалары бойынша жүргізіледі;

2) анағұрлым ірі құрылым бұйымдарының құрамындағы (тұтастай ҒЗК-ға дейін) жерүсті сынауына арналған құрамдас бөліктің, жүйенің, агрегаттың (аспаптың) жеткізілімі нәтижелері тиісті есеппен (актімен) ресімделуі тиіс бұдан бұрынғы жоспарланған сынаулар сәтті аяқталғаннан кейін рұқсат етіледі;

3) ҒЗК ЭСКБ (ҒЗК бұйымдарының ЭСКБ) көзделген ҒЗК тәжірибелік бұйымдарының барлық АС аяқталу нәтижелері бойынша ҒЗК-нің осы тәжірибелік бұйымдарын әзірлеуші ұйымдар АС аяқталғаннан кейін бір айлық мерзімде есептерді шығарады;

4) ҒЗК ЭСКБ (ҒЗК бұйымдарының ЭСКБ) көзделген құрамдас бөліктердің, негізгі жүйелердің, агрегаттардың (аспаптардың) барлық КС аяқталуы нәтижелері бойынша әзірлеуші ұйымдар КС аяқталғаннан кейін бір айлық мерзімде осы Қағидалардың 58-тармағында көрсетілген есептерді шығарады, оларды бағдарламаларды келіскен бірлесіп орындаушы ұйымдармен келіседі. Есепті көрсетілген ҒЗК бұйымдарын әзірлеуші ұйымдардың және сынауларға қатысқан ұйымдардың басшылары бекітеді.

Бұйымды анағұрлым ірі құрылымның бұйым құрамында сынаудан өткізу құрамдас бөліктерге есептерді келіскеннен және бекіткеннен кейін жүргізіледі.

61. Жерүсті өндеу үшін ҒЗК-нің тәжірибелік бұйымдарын шығару конструкторлық жұмыс құжаттамасы бойынша, оның ішінде осы бұйымдарға арналған ТЖ және тиісті технологиялық құжаттама бойынша жүзеге асырылады.

62. Мамандандырылған монтаждау ұйымдарының жасаушы ұйымдарда тәжірибелік өндірісті дайындау және монтаждау объектісінде монтаждау жұмыстарына дайындау, тәжірибелік өндірісті дайындау жоспарлары мен монтаждау жұмыстарына дайындық жоспарлары бойынша жүргізіледі.

Ұйымдар бұл жоспарларды жалғаспалы жоспарлаудың жұмыс құжаттарында белгіленген мерзімдерде әзірлейді. Жоспарларды әзірлеуші ұйымдардың басшылары бекітеді.

Жоспарларда:

1) шығарушының ҒЗК-нің тәжірибелік бұйымдарына конструкторлық құжаттаманы (оның ішінде ТШ) пысықтау, сондай-ақ конструкторлық құжаттаманы технологиялық талдау;

2) жинақтайтын бұйымдарға, жартылай өңделген өнімдерге, материалдарға кіріс бақылау бойынша нұсқалықтарды әзірлеуді қоса алғанда, ҒЗК-нің тәжірибелік бұйымдарын жасаушы ұйымда шығаруға, сынауға, технологиялық жұмыс құжаттамасын (директивалық технологиялық құжаттамасын есепке ала отырып) әзірлеу, монтаждау объектісінде бұйымдарды монтаждау және шығару сапасын бақылау;

3) бұйымдарды конструкторлық-технологиялық сынақ өткізу үшін материалдық бөліктерді шығару;

4) әзірлеуші ұйымдармен бірлесіп қауырт технологиялық процестер мен операциялар тізбесін жасау;

5) әзірлеуші ұйым айқындаған конструкторлық-технологиялық және басқа да макеттерді шығару;

6) технологиялық процесс операциясының орындалуы туралы, оларға орындаушылардың, бақылаушылардың, лауазымды тұлғалардың қол қоюымен, операциялық кезеңді бақылау бойынша белгі қойыла отырып, технологиялық төлқұжат ресімделетін ҒЗК бұйымдарының тізбесін жасау;

7) конструкторлық және технологиялық құжаттамада көзделген шарттарды (келісімшарттарды), оның ішінде жинақтайтын бұйымдарды (агрегаттарды, аспаптарды, ЭРБ, жинақтаушы элементтерді), материалдар мен жартылай фабрикаттарды, арнайы бақылау-тексеру жабдықтарын (аппаратураларды) және өлшеу құралдарын жеткізуге, сондай-ақ монтаждау жұмыстарын жүргізуге шарттарды жасау;

8) қажетті технологиялық, өндірістік және сынақ жабдықтарын дайындау;

9) өндірістік және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша іс-шаралары;

10) ҒЗК-нің тәжірибелік бұйымдарының шығаруын және монтаждау объектісінде монтаждау жұмыстарды мен олардың бақылауын өткізуін қамтамасыз ету үшін қажетті нұсқаулықтар мен әдістемелер әзірлеу;

11) бұйымдардың түйістірілуі, сондай-ақ механикалық, пневматикалық, гидравликалық, электрлік және радиоэлектрондық жүйелердің жұмыс істеуі және олардың параметрлерін тексерілуі болғанда, технологиялық стендтердің құру;

12) қажет технологиялық жабдықтардың, өлшеу құралдардың және бақылау-сынау аппаратурасының жобалауын, шығаруын және сатып алу;

13) өндірісті метрологиялық қамтамасыз ету бойынша іс-шаралары;

14) бұйымдарды ақаусыз шығаруды қамтамасыз ету және материалдық ынталандыру бойынша іс-шараларын қарастыру;

15) технологиялық тәртіпті бақылау және оны сақтау бойынша іс-шараларды әзірлеу;

16) жұмыс істейтіндердің денсаулығын сақтау және қоршаған ортаны қорғау бойынша іс-шаралары қарастырылады.

ҒЗК тәжірибелік өнімдерін шығаруға тәжірибелік өндірістің дайындығы актімен (немесе басқа құжатпен) ресімделеді.

Технологиялық процестердің құжаттамасын қоса алғанда, технологиялық құжаттаманы әзірлеуде, технологиялық процестердің ажырамас бөлігі ретінде техникалық бақылау жүйесін (бақылау объектілерін, бақыланатын операциялардың тізбесін және олардың орындалу реттілігін, осы операциялардың техникалық жарақтандыруын, режимдерді, әдістерді, бақылауды механикаландыруды мен автоматтандыруды және жүйенің басқа да жиынтықтарын) әзірлеу (анықтау) қажет.

Конструкторлық құжаттама талаптары негізінде және бұйымдарды шығару сапасына тиімді бақылауды қамтамасыз ету шарттарына сүйене отырып технологиялық стендтерді құру қажеттілігін әзірлеуші ұйымдар анықтайды.

Сынақ (монтаж) нысанындағы монтаждау жұмыстарының дайындық жоспарларын сынақ, пайдаланушы ұйымымен келіседі.

63. Жиынтықтаушы бұйымдардың (агрегаттардың, аспаптардың, ЭРБ, жиынтықтаушы элементтердің) материалдардың және жартылай фабрикаттардың барлық номенклатурасын әзірленген конструкторлық құжаттамасына және кіріс бақылауының нұсқаулықтарына сәйкес кіріс бақылауына салады.

ЭРБ, жиынтықтаушы элементтердің, агрегаттардың (аспаптардың) кооперация бойынша жеткізілетін кіріс бақылауы жөніндегі нұсқаулықтарды осы бұйымдарды әзірлеуші ұйымдармен бірлесіп жасаушы ұйымдар әзірлеп, тұтынушы ұйымдармен келіседі.

Бұйымдардың кіріс бақылауы жөніндегі нұсқаулықтар жасаушы ұйымдағы және тұтынушы ұйымдағы бақылау әдістері мен құралдарының сәйкестігін көздеуге тиіс. Тұтынушы ұйымда аталған әдістер мен құралдардың айырмашылықтары болған кезде, олардың қолданылуы жеткізушімен, әзірлеуші ұйыммен келісілуі тиіс.

Сатып алатын ЭРБ, жиынтықтаушы элементтердің, материалдардың және жартылай фабрикаттардың кіріс бақылауы бойынша нұсқаулықтарды тұтынушы ұйымдар әзірлейді. Бұдан басқа, нұсқаулықтар жасаушы ұйымдармен (әзірлеушілермен) мынадай жағдайларда келісіледі, егер:

1) кіріс бақылауында қабылданатын аппаратура мен стендтер өз жүйелері бойынша жасаушы ұйымдардың қабылдау бақылауында қолданылатын ұқсас бұйымдардан ерекше болса;

2) сынақтардың параметрлері, нормалары, режимдері мен әдістері кіріс бақылауында ТЖ көрсетілген сынақтардың параметрлерінен, нормаларынан, режимдерінен және әдістерінен ерекше болса.

Нұсқаулықтар абоненттік есепке қойылуға тиіс. Нұсқаулықтардың өзгерістерін нұсқаулықтар келісілген барлық ұйымдармен келісіледі.

Сатып алатын ЭРБ, жиынтықтаушы элементтердің, материалдардың, жартылай фабрикаттардың кіріс бақылауы бойынша нұсқаулықтар тізбесін тұтынушы ұйымдар әзірлейді және тапсырыс берушімен (немесе оның нұсқауы бойынша тапсырыс берушінің ұйымымен) келіседі.

64. Егер ҒЗК тәжірибелік бұйымдардың бір үлгісі дәйекті түрде АС, КС өтіп, одан әрі ҒЗК ҰС қатысу үшін есепке қойылатын болса, оның ҰС дайындығы АС және КС нәтижелері бойынша айқындалады.

Аталған үлгінің анағұрлым ірі құрылым құрамына кіретін ҒЗК бұйымдары осы үлгіні жиынтықтау үшін есепке қою алдында осы Қағидалардың талаптарына сәйкес алдын ала сынақтан өтеді.

65. ҒЗК бұйымдарын әзірлеуші ұйымдар мен жасаушы ұйымдар анағұрлым ірі құрылымдағы ҒЗК бұйымдардың АС және КС тұтас ҒЗК-ге дейін қатысады, жүргізілген сынақтардың нәтижелері бойынша өз бұйымдардың түзетуін шұғыл түрде жүргізіп, ҰС басталғанға дейін осы түзетулерді есептік-теориялық және (немесе) эксперименттік жұмыстардың нәтижелерімен дәлелдеп, олар тиісті қорытынды есептерге енгізіледі.

66. ҒЗК бұйымдардың барлық әзірлеуші ұйымдар өндіріс және жерүсті өңдеуі процесінде ҒЗК бұйымдардың орындаушы ұйымдарда авторлық қадағалауды жүзеге асырады.

Әзірлеуші ұйымдар мен жасаушы ұйымдар бұйымдардың шығару мен сынақ нәтижелерін талдап, әзірленген конструкторлық құжаттамасына түзетулерді енгізу үшін статистикалық деректерді жинақтайды.

67. ҒЗК тәжірибелік бұйымдарын әзірлеуші ұйымдар мен жасаушы ұйымдар алдағы уақытта бұйымдар үздіксіз шығарылатын жасаушы ұйымдардың өкілдеріне үздіксіз өндірістегі бұйымдардың технологиялығына талдау жүргізу үшін тәжірибелік өндіріс технологиясымен және конструкторлық құжаттамасымен танысуға тиісті қорытындыларды (актілерді) беру мүмкіндігін береді.

Алдағы уақытта ҒЗК бұйымдары топтама болып шығарылатын жасаушы ұйым:

1) директивалы технологиялық құжаттаманы талқылайды;

2) жаңа технологиялық процестер сынақтан өткізуге қатысады (келісім бойынша);

3) бұйымды жасаушымен бұйымның өндірістік технологиялылығын және оның топтамалық жарамдылығын (ұйымдағы игерілген технологиялық процестерді, технологиялық жабдықтарды, жарақтарды, аспаптарды, бақылау мен сынақтардың құралдарын пайдалануды есепке ала отырып) қамтамасыз ету бойынша өз ұсыныстарын, сондай-ақ ұйымда қолданылатын стандарттардың және басқа техникалық құжаттардың қолданылуын келіседі;

4) технологиялық жабдықты жобалауға (талқылауға), қажет болған кезде, ТТ әзірлеуді қоса алғанда, өндірістік және сынақ базаларын дайындау және оларды техникалық қайта жарақтандыру бойынша жұмыстарды жүргізеді.

68. КС және ҰС үшін арналған тәжірибелік бұйымдардың шығарылған және қабылданған талқылауларды өзгерістер туралы хабарландырулар бойынша түзетілген конструкторлық құжаттама және тиісті технологиялық құжаттама бойынша жүргізеді. Өзгерістер туралы хабарландыруды әзірлеуші ұйыммен келіседі.

ҒЗК-нің басқа бұйымдардың талқылауына, немесе пайдалану құжаттамасында айтылған ТТ немесе шарттардың өзгерілуіне әкеліп соқтыратын талқылаулар, тәжірибелік бұйымдар құжаттамалардың өзгерілуі туралы хабарландырулар қосымша ТТ берген ұйымымен және тапсырыс берушімен (немесе оның нұсқауы бойынша тапсырыс берушінің ұйымымен) келісіледі.

69. Жасаушы ұйымдар ҒЗК-ң бұйымдарын жасау кезінде конструкторлық және технологиялық құжаттамасында әзірлеушімен келісілген жасаушы ұйымының нормативтік құжаттамасына сәйкес қателер есебін жүргізеді.

Жасаушы ұйымдар мен әзірлеуші ұйымдар оларға қатысты бөліктерде құжаттамадағы қателіктер себептерін талдайды, талдау нәтижелері бойынша осы себептерді жою бойынша шаралар қолданады және сынақтың кейінгі кезеңдері үшін бұйымдарды жеткізгенге дейін аталған шаралардың орындалу бақылауын жүзеге асырады. Талдау нәтижелер және қолданылған шаралар жыл сайынғы есептерде келтіріледі.

70. ҒЗК бұйымдардың конструкторлық құжаттамасының өзгерістерін бақылау үшін, түпнұсқалардың ұстаушылары болып табылмайтын, жасаушы ұйымдарда конструкторлық құжаттаманың толық жинағының есепке алынған бір бақылау данасы болуы тиіс. Өзгерістерді бір мезгілде конструкторлық құжаттаманың толық жинағының екі бақылау данасына (немесе түпнұсқаға, егер жасаушы ұйым ұстаушы болып табылса) енгізеді.

71. ҒЗК бұйымдарының сызбалардан және ТЖ-дан ауытқуы болмауы тиіс. Ерекшелік ретінде, сапасын және сенімділігін төмендетпейтін, сондай-ақ берілген бұйымдардың параметрлеріне ықпал етпейтін ауытқушылықтарға жол беріледі. Бұл ауытқушылықтарды жасаушы ұйым рұқсат карточкаларымен ресімдейді, олар сапа бойынша ұйым басшысының орынбасарымен келісіледі, жасаушы ұйымының бас инженері (оның орынбасары) бекітуі тиіс.

Бір мезгілде рұқсат карточкасында бұйымының сапасына және сенімділігіне әсер етпейтіні туралы, бұйымды одан әрі нысаналы пайдалануға жіберу туралы қорытындыны қоса алғанда, қабылданған ауытқудың негіздемелері, сондай-ақ ауытқу себептерінің қайталануын болдырмау бойынша іс-шаралар келтірілген болуы тиіс.

Жасаушы ұйымдар жіберілген ауытқушылықтардың тізбесін жасайды, олардың көшірмелері (олардан жекелеген үзінділер) бұйымдардың формулярларына (төлқұжаттарына) енгізіледі. Тізбеге (оның үзіндісіне) ұйымының басшысы (бас инженері), сапа бойынша басшысының орынбасары қол қояды. Жіберілген ауытқушылықтар ведомосының түпнұсқаларын жасаушы ұйымдар бұйымдардың пайдаланылуы аяқталғанға дейін сақтайды.

72. Кіріс бақылауында, осы бұйымдарды дайындау және оларды нысаналы қолдану процесінде ТШ (салалык стандарт ССТ, МЕМСТ) айтылған талаптардан ауытқушылықтар, сатып алатын жиынтықтаушы бұйымдардың (агрегаттардың, аспаптардың, ЭРБ, жиынтықтаушы элементтердің) ақаулықтары мен бас тартулары, материалдар мен жартылай фабрикаттардың кемшіліктері анықталған кезде материалдар мен жартылай фабрикаттар жарамсыз болып шығарылады және оларға рекламациялық актілер жасалынады. Ұйымдар жарамсыздық себептерін жою жөніндегі іс-шаралардың іске асыруын және зерттеу жүргізуін қамтамасыз етеді.

Жиынтықтаушы бұйымдардың, жартылай фабрикаттар мен материалдардың топтарында таңдау кіріс бақылауын жүргізу процесінде бас тартулар, ақаулықтар, кемшіліктер және ТШ (ССТ, МЕМСТ) белгіленген нормалардан ауытқушылықтар анықталған кезде, барлық топты тұтас бақылауға алады немесе тұтас бақылау техникалық жағынан мүмкін болмаған немесе экономикалық жағынан қисынсыз болған жағдайда жарамсыз болып табылады. Тұтас бақылау кезінде жаңа бас тартулар, ақаулықтар, кемшіліктер және ауытқушылықтар анықталған кезде, барлық топ жарамсыз болып табылады.

Тұтынушы ұйым ТТ бойынша әзірленген ҒЗК тәжірибелік бұйымдарында ТШ-да немесе басқа конструкторлық құжаттамада айтылған талаптардан ауытқушылықтарды, бас тартулар мен ақаулықтарды анықтаған жағдайда ұйым ақаулықтар туралы хабарламаны және зерттеу актілерін жасайды. Ақаулықтардың себептерін зерттеу және ҒЗК бұйымдарына пысықтау немесе жөндеу жүргізу тәртібі мен мерзімдері ҒЗК бұйымын әзірлеуші мен жасаушының, ТТ берген ұйымының, тұтынушы ұйымының бірлескен шешімімен анықтайды.

73. Тәжірибелік бұйымдарды өндіру кезінде материалдарды, жартылай фабрикаттарды, жиынтықтаушы бұйымдарды есепке алу, сақтау және өндіріске беру есебі ұйымдастырылған болу тиіс, сондай-ақ типті немесе метрологиялық аттестациялау және сынақ аттестациялау, технологиялық және бақылау-тексеру құралдады бекіту мақсатында өлшеу құралдарын сынау.

74. ТТ берген әзірлеуші ұйымдар бірлесіп орындаушы ұйымдардың бұйымдарына жерүсті өңдеуін, СҚБ, ҚҚБ, ЭПКБ, аралық жоспарлаудың жұмыс құжаттарында көзделген жұмыстарды толық және жеткілікті дәрежеде жүргізуіне, олардың бұйымдарын сынаққа жеткізу тәртібінің сақталу бақылауын жүзеге асырады.

75. Әзірлеуші ұйымдар пайдаланушы ұйымға (ғарыш айлағына) бұйымдар жеткізілгенге дейін екі ай бұрын ғарыш айлағына (монтаждау объектісіне) ҒЗК ҰС (оның бұйымдарын) дайындау, оған ұшу сынауларын жүргізу және сынақ нәтижелерін бағалау үшін қажетті конструкторлық (оның ішінде математикалық қамтамасыз ету бойынша және пайдалану) және технологиялық құжаттаманы жібереді. Пайдаланушы ұйым осы құжаттаманы алғаннан кейін ҰС қатысушы тәжірибелік бұйымының данасына қатысты өзгеріс енгізу ҒЗК (ҒЗК-нің құрамдас бөлігіне) тапсырыс берушінің рұқсатымен жүзеге асырылады.
2-бап. Дербес сынақтар және жұмыс құжаттамасын түзету
76. АС мақсаты:

1) әртүрлі ықпал ететін факторлардың имитациясымен бір мезгілде шынайыға жақын (оның ішінде рұқсат етілген шекті экстремалды режимдерде) жағдайларда ҒЗК-нің жекелеген тәжірибелік бұйымдарын сынақтан өткізу және жұмыс істеуін тексеру;

2) қауырт элементтердің, ЭРБ және жиынтықтаушы элементтердің сенімсіз бұйымдарын және жарамайтын режимдерін және жұмыс жағдайларын анықтау және жою;

3) жұмыс қабілетінің шегін (қорларын) анықтау, сынақ нәтижелері бойынша ТТ талаптарына ҒЗК тәжірибелік бұйымдардың сипаттамаларының сәйкестігін бағалау;

4) конструкторлық құжаттаманы түзету және оған «О» литерін беру (тек КС өткізілетін бұйымдарға «О» литерін бере отырып, конструкторлық құжаттаманы түзету осы сынақтардың нәтижелері бойынша жүргізіледі);

5) жаңа технологиялық процестерді сынақтан өткізу болып табылады.

77. ТТ берілген барлық жаңадан құрылатын, жаңғыртылатын, пысықталатын бұйымдар, сондай-ақ жұмыс істеу жағдайлары өзгерген және бекітілген ТТ-ға толықтырулар берілген кірме бұйымдар АС-қа ұшырайды.

АС жұмыс конструкторлық және технологиялық құжаттама бойынша дайындалған бұйымдарға рұқсат етіледі.

78. ҒЗК-нің және АС-ты тәжірибелік бұйымдарын жасау процесінде әзірлеуші ұйымдар:

1) осы Қағидалардың талаптарына сәйкес әзірлеушілер белгіленген конструкторлық-технологиялық және қолданыстағы үлгілердің, сондай-ақ ҰС үшін бұйымдарды (жеткізілімдерді, егер бұл ТТТ, ТТ айқындалса) жасалғанға дейін, сынақ үшін арналған ҒЗК-ні тәжірибелік бұйымдардың конструкторлық (оның ішінде пайдалану) құжаттамасын тексереді (өңдейді);

2) қажет болған кезде, директивалық технологиялық құжаттамаға түзету жүргізеді;

3) жасаушы ұйымының қатысуымен АС-ты макеттеу, дайындау және өткізу нәтижелері бойынша конструкторлық құжаттаманың түзетуін жүргізеді, оған түзетуден және тексергеннен кейін «О» литері беріледі. Әзірлеуші ұйым литердің берілгені туралы мүдделі ұйымдарға хабарлайды;

4) ТЖ айтылмаған режимдерде және жағдайларда ЭРБ және жиынтықтаушы элементтердің пайдалануын қосымша (қажет болған жағдайда) келіседі.

Әзірлеуші ұйымдар жасаушы ұйымдармен бірлесіп, Технологиялық құжаттаманың бірыңғай жүйесінің (бұдан әрі – ТҚБЖ) стандарттарына сәйкес тиісті литер бере отырып, технологиялық құжаттамаға тиісті түзету жүргізеді.

Жасаушы ұйымдар осы Қағидалардың 50-тармағына сәйкес сериялық (жеке) өндіріс (одан әрі сериялық және жеке өндірісте дайындалатын бұйымдар үшін) технологияның алдын ала талқылауын жүзеге асырады және технологиялық құжаттаманы пысықтайды.

79. АС кезіндегі ҒЗК-нің тәжірибелік бұйымдарының жеткіліктілігі осы кезеңде таңдап алынған, ҒЗК ЭӨКБ (ҒЗК бұйымдарын ЭӨКБ) айқындалған көлемінде, КС ауысу үшін негіз болып табылатын осы Қағидалардың 60-тармағына сәйкес есептің шығарылуымен, соңғы орындалуындағы және штаттық жиынтығындағы осы бұйымдар сынақтарының оң нәтижелерімен расталуы тиіс.

Осы кезеңдегі сынақ жеткіліктілігі, сондай-ақ ресурстық сынақтармен расталады, бұйымдардың тізбесі ҒЗК ЭӨКБ (ҒЗК бұйымдардың ЭӨКБ) айқындалады.
3-бап. Кешенді сынақтар және жұмыс құжаттамаларын түзету
80. КС-тың мақсаты:

1) ҒЗК-ң бұйымдарын бірлесіп сынау және әртүрлі әсер ету факторларын бір мезгілде ұқсатып отырып, шынайылыққа жақын жағдайларда олардың өзара жұмыс істеуін (оның ішінде рұқсат етілген шекті (экстремалдық) режимдерде) тексеру; борттық және жерүсті есептеу машиналарына арналған бағдарламаларды және алгоритмдерді пысықтау, түйіндес (сабақтас) жүйелердің, агрегаттардың (аспаптардың) қиылысуларындағы конструкторлық және өндірістік ақауларды анықтау және жою;

2) бұйымдарды жасау технологиясының сынағын, жеткіліктілігін және сапа бақылауының тиімділігін (оның ішінде қауырт элементтерді), жеткіліктілігін және сынау жабдығы мен өлшеу құралдарын таңдауын тексеру және сериялық дайындау технологиясының сынауы (одан әрі сериялық түрде жасалатын бұйымдар үшін);

3) конструкторлық (оның ішінде пайдалану) және технологиялық құжаттаманы одан әрі сынау;

4) осы сынақтарды жүргізу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз етуді ескере отырып, жерүсті жағдайларында техникалық түрде жүзеге асыру мүмкін болатын авариялық жағдайды имитация кезінде бұйымдардың жұмыс қабілетін тексеру;

5) ҒЗК ТТТ, ТТ және ТЖ (олар болған жағдайда) тәжірибелік бұйымдардың сипаттамаларының сәйкестігін алдын ала бағалау, оның ішінде ТТТ-да, ТТ-да белгіленген тәртіппен және сенімділікті қамтамасыз ету бағдарламасында айқындалған көлемінде сенімділікке қойылатын талаптарын орындау, сондай-ақ бұйымдар жұмысының берілген ресурстарының (ресурстық сынақтары арнайы бағдарламалар бойынша жүргізілетін бұйымдардан басқа) қамтамасыз етілуін алдын ала бағалау;

6) конструкторлық және технологиялық құжаттама жиынтығының толықтығын және сынау дәрежесін тексеру;

7) ҰС бағдарламасына сәйкес оларды ҒЗК құрамында сынау үшін ҒЗК бұйымдарын техникалық дайындығын анықтау болып табылады.

81. «О» литері бар (АС жоспарланбаған бұйымдарды қоспағанда) конструкторлық құжаттама және ТЖ-да мен тиісті сынау бағдарламаларда көзделген көлемінде сынақтардан өткен тиісті технологиялық құжаттама бойынша дайындалған (түзетілген) ҒЗК бұйымдары КС-қа жіберіледі.

82. ҒЗК-ң бұйымдарын әзірлеуші ұйымдар және ҒЗК әзірлеуші бас ұйым КС процесінде:

1) КС нәтижелері бойынша конструкторлық құжаттамасына және борттық пен жерүсті есептеу машиналарының материалдық қамтамасыз етуіне түзету жүргізеді;

2) АС жоспарланбаған бұйымдарға конструкторлық құжаттаманың «О» литерін береді;

3) пайдалану құжаттамасын сынақтан жүргізеді және қосымша пайдалану құжаттамасын (қажет болған кезде) шығарады;

4) қорытындыларды келісу және беру үшін конструкторлық құжаттаманы ұсынады;

5) авариялық жағдайлардың тізбесін және олардан шығу тәртібін пысықтайды (нақтылайды);

6) ҰС жүргізу және нәтижелерін бағалау әдістемесін, оның ішінде ТТТ, ТТ талаптарына ҒЗК мен оның бұйымдар сипаттамасының сәйкестігінің бағалауын әзірлейді.

83. ҒЗК-нің тәжірибелік бұйымдарын әзірлеуші ұйымдар осы бұйымдардың ЭПКБ сәйкес жасау және эксперименттік сынау нәтижелері бойынша ҒЗК бұйымдарының ҰС дайындығы туралы қорытынды есептерді шығарады.

84. ҰС ҒЗК (оның бұйымдарының) дайындығы туралы қорытынды есеп:

1) ҒЗК мен оның бұйымдарының СҚБ, ҒЗК ПҚҚБ, оның құрамдас бөліктері мен жүйелерін ПҚҚБ, ҒЗК ЭПКБ (ҒЗК бұйымдарын ЭПКБ) көзделген жұмыстарды орындау бағалауын және жинақталған нәтижелерін;

2) құрамдас бөліктердің, жүйелердің, негізгі агрегаттарды (аспаптардың) негізгі техникалық (тактикалық-техникалық) және пайдалану сипаттамаларының эксперименттік сынау нәтижелері бойынша нақтыланған мәндерін және осы мәндердің ТТТ-ға, ТТ-ға сәйкестігін алдын ала бағалауды;

3) борттық есептеу машиналардың, сондай-ақ ұшуды, сынақтарды және жасаушы ұйымдарда және пайдаланушы ұйымдарда бұйымды дайындауды бақылауды басқарудың ақпараттық жүйелерінің математикалық және ақпараттық қамтамасыз етудің (алгоритмдерді, бағдарламаларды) сынақ жеткіліктілігін және алдын ала бағалауды;

4) ҒЗК бұйымдарын жасау және алдын ала сынау кезінде эксперименттік пысықтау процесінде орын алған істен шығудың, ақаулардың, ауытқушылықтардың, сондай-ақ шаралардың тиімділігі мен жеткіліктілігін бағалау арқылы қорытылған деректерді, істен шығудың, ақаулардың, ауытқушылықтардың себептерін жою жөніндегі қабылданған шараларды көрсете отырып, жарнамалық актілердің тізбесін;

5) нобайлық жобада келтірілген схемалық және конструктивті шешімдерден ауытқуларды сипаттауын мен олардың себептерін;

6) АС, КС және алдын ала сынау нәтижелері бойынша бұйымдардың негізгі конструкторлық сынаулардың тізбесін, осы сынаулар тиімділігіні және жеткіліктілігін бағалауды, сондай-ақ бұйымдардың эксперименттік сынау нәтижелері бойынша құжаттардың сынау мен түзету толықтығын бағалауды;

7) ҒЗК бұйымдарының жұмыс ресурсына берілген талаптардың орындалуын бағалауды (ресурстық сынау арнайы бағдарлама бойынша жүргізетін ұзақ жұмыс істеу бұйымдары үшін алдын ала бағалауды) қоса алғанда, қолданыстағы нормативтік құжаттарға сәйкес сынақтардың нәтижелері бойынша ҒЗК және ҒЗК бұйымдарының сенімділігіне ТТТ, ТТ берілген талаптардың орындалуын алдын ала бағалауды;

8) экологиялық және өнеркәсіп қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша іс-шаралардың жеткіліктілігінің және негізділігінің бағалауын қоса алғанда, ҒЗК, оның құрамдас бөліктерінің және жүйелерінің сынау және пайдалану қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша материалдардың кешенді талдауын;

9) пысықталмаған (тексерілмеген) техникалық сипаттамалардың, жүргізілмеген конструкторлық сынақтарының (егер мұндайлар болса) тізбесін, қабылданған тәртібін және сынау (тексеру) мерзімін;

10) сынақтардың нәтижелері бойынша ЭРБ (оның ішінде шетелде өндірілген егер мұндайлар пайдаланылған болса,) пайдалану дұрыстығын, сондай-ақ олардың жұмыс режимдерінің, оларға ТЖ айтылған режимдерге сәйкестігінің бағалауын;

11) ҒЗК мен оның бұйымдарының стандарттау мен сәйкестендірудің нақты деңгейінің бағалауын (оның ішінде өлшеу құралдары және тексеру аппаратурасы, бақылау әдістері);

12) эксперименттік сынау кезінде пайдалану құжаттамасының әзірлеу мен сынау толықтығын және сынауды бағалауды;

13) сынау нәтижелері бойынша конструкциялар, құрылыстар мен жабу материалдарын қолданудың дұрыстығын бағалауды;

14) технологиялық процестердің, оның ішінде ҒЗК қауырт және технологиялылықтың, оның ішінде бұйымдардың қауырт элементтерінің дайындау сапасының бақылау сынауын бағалауды;

15) өндіру және сынау процесінде метрологиялық қамтамасыз етудің нобайлық жобада, кешенді эксперименттік пысықтаудың кешенді бағдарламасында (ҒЗК бұйымдарын эксперименттік пысықтаудың кешенді бағдарламаларында) айқындалған іс-шаралардың жеткіліктілігін және толықтығын бағалауды;

16) авариялық жағдайдан шығу бойынша тізбесі осы Қағидалардың 45-тармағында айқындалған іс-шаралар сынауларын бағалауды;

17) ҒЗК, оның құрамдас бөліктерін, жүйелерді, агрегаттарды (аспаптарды) эксперименттік пысықтаудың жеткіліктігі мен толықтығы және олардың ҰС техникалық дайындығы туралы қорытындыны қамтиды.

ҒЗК ҰС басталғаннан кейін аяқталатын бұйымдардың сынау нәтижелері бойынша, сондай-ақ бұйымдардың ұшу қамтамасыз етуінде қосымша эксприменттік жұмыстардың нәтижелері бойынша қорытынды есептер сияқты, сол тәртіппен, қорытынды есептерге қосымша шығару қажет.

85. ҒЗК бас әзірлеуші ұйым ҰС басталғанға дейін бір айдан кешіктірмей, мемлекеттік тапсырыс берушіге (тапсырыс берушіге), өнеркәсіптің бас ҒЗИ-ға, тапсырыс берушінің шешімі бойынша басқа ұйымдарға олар ҒЗК және оның негізгі бұйымдарының ҰС әзірлігі туралы қорытындылар беру үшін кешеннің ҰС әзірлігі туралы қорытынды есепті береді.

ҒЗК ҰС әзірлігі туралы қорытынды есептерді кешенді ҒЗК бұйымдарын әзірлеуші ұйымдар ұшу сынаулары басталғанға дейін бір жарым айдан кешіктірмей, ҒЗК жүйелерінің, агрегаттарының, құрамдас бөліктерінің ҰС әзірлігі туралы жеке қорытындылар беру үшін тапсырыс берушіге, бас ҒЗИ-дің өздеріне қатысты бөліктегі бағыттары бойынша, ТТ берген ҒЗК және/немесе ҒЗК бұйымдарын бас әзірлеуші ұйым, тапсырыс берушінің және ҒЗК бас әзірлеуші ұйымның бірлескен шешімі бойынша басқа ұйымдарға береді.

ҒЗК жүйелерінің, агрегаттарының, құрамдас бөліктерінің ҰС әзірлігі туралы жеке қорытындыларды тапсырыс беруші бас ҒЗИ-мен ұсынады, сондай-ақ - тапсырыс берушінің шешімі бойынша басқа ұйымдарға есепке алу және оларды ҒЗК ҰС әзірлігі туралы бас ҒЗИ-дің қорытындысына енгізу үшін береді.

86. ҒЗК бұйымдарын әзірлеуші ұйымдар ҒЗК және оның бұйымдарының ҰС әзірлігі туралы қорытындыларда жазылған ескертулер бойынша ҰС бастау туралы шешім қабылдағанға дейін көрсетілген ескертулерді жою жөніндегі қабылданған шаралар туралы хабардар етеді.


5. Жобалау, салу және монтаждау тәртібі



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет