Қағидалары 1-бөлім. Жалпы ережелер



бет4/4
Дата08.07.2016
өлшемі372 Kb.
#185523
1   2   3   4

87. ҒЗК объектілерін жобалау, салу және пайдалануға енгізу «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.


88. ҒЗК құрылысына жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын әзірлеуді ҒЗК-нің құру тапсырыс берушінің келісімшарт (шарт) негізінде құрылыс бойынша бас жобалау ұйымы жүзеге асырады.

89. Жобалау тапсырмасын (техникалық тапсырманы) тапсырыс беруші бекітеді.

90. Жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасы тапсырыс беруші бекіткен жобалау алдындағы құжаттамасына (техника-экономикалық негіздемесіне) сәйкес әзірленеді.

91. Жобалау тапсырмасына (техникалық тапсырмасына) және басқа да бастапқы мәліметтерге сәйкес әзірленген және келісілген жобалау алдындағы және жобалау құжаттамасы объектілерді салуға арналған техникалық-экономикалық негіздемелері немесе жобалау-сметалық құжаттамасы ведомстводан тыс кешенді сараптаманың оң қорытындысы негізінде тапсырыс берушімен бекітіледі.

92. Салу-монтаждау және ұшу-реттеу жұмыстарын (ҚЖЖ және ҰРЖ) ҒЗК құру тапсырыс берушімен шарт (келісімшарт) бойынша бас мердігер жүзеге асырады.
6. Ұшу сынауларын өткізу тәртібі
1-бап. Ұшу сынауларын ұйымдастыру және өткізу тәртібі
93. Ұшу сынаулары:

1) ТТТ (ТТ) берілген қолдану және пайдалану жағдайларына барынша жақындатылған жағдайда және жұмыс істеуінің нақты жағдайында ҒЗК (оның құрамдас бөліктерінің және жүйелерінің) сипаттамаларын (оның ішінде рұқсат етілген олардың шекті мәндерін) жан-жақты тексеру мен растау;

2) ҒЗК-нің бұйымдарын және ҒЗК тұтастай эксперименттік сынаудың жеткіліктілігін және тиімділігін тексеру және пайдалану құжаттамасын сынау, жерүсті жағдайында ҒЗК және оның бұйымдарының сынауын жүзеге асыру мүмкін еместігіне байланысты, ҒЗК және оның бұйымдарының сынауын өткізу;

3) ҒЗК пайдалануға қабылдау мүмкіндігін айқындау мақсатында жүргізіледі.

94. Ұшу сынаулары ҒЗК мен олардың бұйымдарының қабылдау сынақтары болып табылады. ҰС жалпы басшылық жасауды тапсырыс беруші тағайындалатын (тапсырыс берушінің қабылдау комиссиясы) қабылдау комиссиясы жүзеге асырады.

Тапсырыс берушінің қабылдау комиссиясы өз шешімімен комиссия құрамынан ҒЗК-нің (сенімділігін қоса алғанда) техникалық және пайдалану сипаттамаларының бағалауын жүргізуін және пайдалану құжаттаманың сынауын қамтамасыз ететін жекелеген бөліктер, жүйелер және негізгі агрегаттар (аспаптар) сынағының басшыларын тағайындайды.

95. ҒЗК ҰС бағдарламасы не ұшу-конструкторлық және есептік сынақтарды өткізуді не оларды араластыруды көздейді. Әрбір нақты ҒЗК үшін ҰС өткізу тәртібін тапсырыс беруші мен ҒЗК бас әзірлеуші мүдделі министрліктермен (ведомстволармен), тапсырыс берушінің және бас ҒЗИ-мен және қажет болған кезде ғарыш өнімді (қызметтерді) тұтынушылармен келісілген бірлескен шешіммен айқындайды.

ҰС өткізілетін және әрбір іске қосудың міндеттері айқындалатын, «Ұшу міндетіне» және (немесе) «Іске қосу міндеттеріне» енгізілетін ҒЗК ҰС бағдарламасы негізгі құжат болып табылады. ҒЗК ҰС бағдарламаның орнына басқа құжаттардың шығарылуына рұқсат берілмейді.

96. ҒЗК ҰС бағдарламасын ҒЗК бас әзірлеуші ұйым, ҰС басталғанға дейін екі айдан кешіктірмей, өзінің нұсқауы бойынша тапсырыс берушінің ұйымдарымен бірлесіп әзірлейді, пайдаланушы ұйыммен, тапсырыс берушінің бас ҒЗИ-мен, азаматтық қорғаныс саласындағы уәкілетті органмен келіседі. Бағдарламаны тапсырыс беруші бекітеді.

ҒЗК ҰС бекітілген бағдарламасын енгізілетін өзгерістерді немесе нақтылауларды әзірлеу, келісу және қарау тәртібі бағдарламаның өзіне арналған сияқты болады.

ҒЗК бас әзірлеуші бағдарламаның өзгерістерін және нақтылауларын әзірлеумен бір мезгілде мүдделі бірлесіп орындаушы ұйымдармен бағдарламаның өзгерістеріне келісу жүргізілгенге дейін осы өзгерістерді немесе нақтылауларды енгізу қажеттігін негіздей отырып, техникалық құжатты (есеп, анықтама) шығарады.

97. ҒЗК ҰС бағдарламасы:

1) сынақтардың мақсаты мен міндеттерін, сынақтарға қойылатын талаптарды, оларды орындау тәртібін;

2) сынақ объектілерінің тізбесін, құрамын және мақсатын;

3) ТТТ, ТТ талаптарын растау тәртібін және реттілігін;

4) пайдалануға беру кезінде ҒЗК мен оның бұйымдарының техникалық ахуалының бақыланбалығының деңгейін (егер бұл деңгей ТТТ, ТТ берілген болса) бағалау жөніндегі жұмыс тәртібін;

5) ҰС процесінде ҒЗК және оның бұйымдар сипаттамаларының бағалау мен анықталу бағдарламаларының және әдістемелерінің, сондай-ақ осы сынауларды дайындау мен өткізу бағдарламаларының және әдістемелерінің тізбесін;

6) телеметрикалық ақпараттың және сыртқы траекториялық өлшеудің толық сынау тәртібін;

7) сынақтардың түрлерін (ұшу-конструкторлық және есептік), олардың міндеттерін және мазмұнын, объектілерді іске қосу саны мен тәртібін қоса алғанда, сынақ түрлері бойынша бөлуді;

8) ҒЗК жекелеген бұйымдары үшін, оның ішінде басқа ҒЗК іске қосу кезінде пайдаланылатын бұйымдар үшін де ҰС өткізудің жеке бағдарламаларының тізбесін;

9) ғарыш айлағы қызметі күштерінің және құралдарының құрамын;

10) пайдалану жүйесінің, пайдалану сипаттамаларының және пайдалану құжаттамасының тексеру және сынау тәртібін;

11) эксперименттік сынау нәтижелерін еске ала отырып, сенімділікке (ҒЗК, оның құрамдас бөліктерінің және жүйелерінің пайдалану қауіпсіздігіне) ТТТ, ТТ берілген талаптарды растау тәртібін;

12) ТТТ, ТТ берілген және конструкторлық құжаттамада анықталған экологиялық және өнеркәсіп қауіпсіздігіне қойылатын талаптарды растау тәртібін;

13) бұйымдарды, жабдықтарды және қажетті құжаттаманы, сондай-ақ ҰС материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жеткізу тәртібін;

14) старт және техникалық кешендерде бұйымдарды дайындау тәртібін;

15) құлау аудандарында ҒМЗ бөлінетін бөліктердің пайдалану тәртібін;

16) ҚР МЕМСТ Р 51143-2010 «Старттық кешендер және техникалық зымырандық-ғарыш кешендері. Сынаулар мен қабылдауға талаптар» мен басқа да нормативтік құжаттаманы есепке ала отырып, сынақтар бойынша есептіліктің нысанын және тәртібін;

17) мерзімінің ұзақ болуынан немесе ғарыш айлағында арнайы құралдарының болмауынан арнайы бағдарламалар бойынша өткізілетін сынақтардың тізбесін қамтиды.

ҒЗК ҰС бағдарламасында қажет болған кезде тасымалдағыш зымыранның, ҒЗК жеке құрамдас бөліктерімен бірлесіп ғарыш аппараты сынауының тәртібі мен көлемі, көрсетілген сынаулардың өткізу бағдарламасының және әдістемесінің тізбесі, сондай-ақ ҰС процесінде тексеріске жататын ҒЗК соңғы сипаттамалар және талаптар мазмұнының тізбесі көрсетіледі.

Ұшу-конструкторлық сынаулардың негізгі міндеттері мыналар болып табылады:

18) ҒЗК бұйымдардың және тұтастай ҒЗК эксперименттік сынаудың жеткіліктілігін және тиімділігін тексеру;

19) жерүсті жағдайларында жүзеге асыру мүмкін емес сол бір сынауды және ҒЗК бұйымына конструкторлық тиісті құжаттамаға сынау жүргізу;

20) пайдалану жағдайында және нақты жұмыс істеу жағдайларында пайдалану құжаттамасын тексеру және сынау.

Есептік сынақтардың негізгі міндеттері мыналар болып табылады:

21) ҒЗК пайдалануға қабылдау мүмкіндігін айқындау және (немесе) кешенмен нысаналы міндеттерді шешу (орындау);

22) ҒЗК бұйымдарын сериялық өндіріске қою (егер сериялық дайындау көзделсе) жөнінде ұсынымдар әзірлеу.

ҰС бағдарламасы қоршаған ортаны, оның ішінде авариялық жағдайлар туындаған кезде қорғау жөніндегі іс-шараларды қамтуы тиіс.

98. ҰС басталғанға дейін:

1) экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету құралдарын қоса алғанда, ғимараттар мен құрылыстар құрылысы, жерүсті жабдығы объектілерінің және жүйелердің құрастыруы және реттелуі және олардың пайдалануға берілуі;

2) өнеркәсіп ұйымдары ғарыш айлағына қажетті конструкторлық, технологиялық және пайдалану құжаттамасының (тапсырыс берушімен келісілген тізімдер бойынша), оның ішінде ҒЗК мен оның бұйымдарының ҰС баллистикалық, математикалық, астрономиялық-геодезиялық және метрологиялық қамтамасыз ету жөніндегі құжаттамасының жеткізілуі;

3) «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының радио электронды құралдарын және (немесе) жиілігі жоғары құралдарды, сондай-ақ радиожиілік спектрін пайдалану үшін рұқсат алуы;

4) пайдаланушы ұйымдармен бірлесіп өнеркәсіп ұйымдар ҒЗК бұйымдарының жеткізілуі, құрастырылуы, реттелуі;

5) өнеркәсіп ұйымдар пайдаланушы ұйымдармен бірлесіп және ғарыш айлағымен техникалық және бастапқы кешендерде тексеру және іске қосу алдындағы жұмыстардың технологиясын пысықтауын, сондай-ақ олардың 2007 жылғы 15 мамырдағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес техникалық қауіпсіздік талаптарын сақтай отырып, ҒЗК бұйымдарының АС және КС өткізу аяқталады.

99. ҰС дайындық аяқталғаннан кейін өнеркәсіптің және (немесе) ғарыш айлағының пайдалану ұйымдары бас әзірлеушілерімен бірлесіп ҒЗК ҰС дайындығы туралы акт жасайды. Актіні пайдаланушы ұйымның басшысы бекітеді және ҰС өткізу бойынша тапсырыс берушінің комиссиясына тапсырады.

100. ҒЗК ҰС бастау туралы шешімді эксперименттік сынау нәтижелерін, жалпы ҰС ҒЗК және құрамдас бөліктердің, жүйелердің, агрегаттардың (аспаптардың) дайындығы туралы баяндаманың жазбаша түрде ұсынылған ҰС дайындау қорытындыларын, тапсырыс берушінің қабылдау комиссиясының мүшелері – өкілдерінің және ұйымдардың баяндамаларын, ҰС ҒЗК дайындығының актілерін қарау негізінде, сондай-ақ ғарыш айлағы ҰС дайындығы туралы пайдаланушы ұйымдар басшыларының баяндамаларын және тапсырыс берушінің, тапсырыс берушінің бас ҒЗИ ҒЗК ҰС техникалық дайындығы туралы қорытындыларын қарау негізінде қабылдайды.

101. ҰС «О» литері (немесе одан жоғары литері) бар және эксперименттік сынаудың алдыңғы кезеңдерінде сынақ нәтижелері бойынша түзетілген конструкторлық және технологиялық құжаттама бойынша жасалған бұйымдар жіберіледі.

Әрбір тасымалдағыш зымыран, ғарыш аппараты ғарыш айлағына жіберілгенге дейін конструкторлық құжаттаманың талаптарына сәйкес, борттық есептеу машиналарының бағдарламаларында және алгоритмдерінде салынған немесе оларда қолданылатын параметрлер мен сипаттамалар айқындалады (бақыланады). Формулярларда және төлқұжаттарда осы параметрлер мен сипаттамалар мәндерінің бағдарламаларда (алгоритмдерде) салынған мәндерге сәйкестігі туралы қорытынды береді.

102. ҒЗК құрамында ҰС арналған құрамдас бөліктерді, жүйелерді, агрегатты (аспапты) жеткізуге нәтижелері тиісті есеппен ресімделуі тиіс жоспарланған алдыңғы сынақтар (анықталған ескертулерді жою жұмыстарын аяқтауды қоса алғанда) аяқталғаннан кейін рұқсат етіледі.

103. ҒЗК және оның бұйымдарын әрбір ҰС (ұшуына) дайындауды және осы сынақтарды жүргізуді пайдаланушы ұйым өнеркәсіп ұйымдарының және тапсырыс берушінің ұйымдарымен бірлесіп жүзеге асырады.

ҒЗК және оның бұйымдарын ҰС дайындау кезінде арнайы журналдарда технологиялық операциялардың орындалғаны туралы жазба жасалады, оған өнеркәсіп ұйымдарынан және әрбір операция бойынша орындаушылар мен бақылаушылар қол қояды. Келесі операцияны орындауға көшуге алдыңғы операцияны орындауға және бақылауға жауапты барлық тұлғалардың қолдары болған кезде ғана жол беріледі.

Ұшыруларды арнайы дайындықтан және сынақтардан өткен дайындық пен ұшырудың есебі жүзеге асырады. Дайындық пен ұшыру есебінің құрамына ҒЗК бас әзірлеуші ұйымның мамандары және олардың негізгі бұйымдары кірістірілген.

104. Ғарыш айлағында ҒЗК және оның бұйымдарын ҰС дайындауға байланысты техникалық шешімдерді, жұмыстарды техникалық басқаруды қарайды және тапсырыс берушінің комиссиясы қарастырады.

Қабылданған техникалық шешімге сәйкес жұмыстар бұйымды әзірлеуші әзірлеген, бұйымды әзірлеуге ТТ берген ұйыммен арнайы тапсырма бойынша жүргізілуі тиіс (қажет болған кезде бұйымының жасаушымен де).

Бұл ретте әзірлеуші ұйым арнайы тапсырма бойынша жұмыстар жүргізілгеннен кейін қажет болған кезде, қолданыстағы МЕМСТ 2.503-90 талаптарына сәйкес конструкторлық құжаттамаға тиісті өзгерістер енгізеді. Арнайы тапсырмалар бойынша жүргізілген барлық жұмыстардың нәтижелері бойынша арнайы тапсырмалар сияқты келісілетін және бекітілетін акті жасалады.

Арнайы тапсырмалар бойынша пысықтаулар мен жұмыстарды өнеркәсіп ұйымдары жүзеге асырады (кейіннен пайдалануға беруге жататын бұйымдардың үлгілері – жасаушы ұйым), ТББ және оларға ТӨ бақылайды.

105. Әрбір іске қосуға «ҒЗК өзге сынақтарының әдістемелік жоспарына» сәйкес «Ұшу міндеті» және (немесе) «Іске қосу міндеттері» жасалады.

Бұл құжаттарды тапсырыс берушінің (оның нұсқауы бойынша тапсырыс беруші ұйымының) қатысуымен ҒК бас әзірлеуші ҒЗК ҰС бағдарламасы негізінде әзірлейді және ҰС өткізу бойынша тапсырыс берушінің қабылдау комиссиясы бекітеді.

106. ҒЗК есептік сынақтарында ҒЗК, оның құрамдас бөліктерінің, жүйелерінің, агрегаттарының (аспаптарының) схемаларына және конструкциясына бұйымның эксперименттік пысықтау және алдыңғы ұшу сынаулары процесінде расталған сипаттамаларының, параметрлерінің, жұмыс режимдерінің және жұмыс істеу жағдайларының өзгеруіне алып келетін жетілдірулер мен өзгерістер енгізуге тыйым салынады.

Егер ҒЗК ҰС бағдарламасында осы Қағидалардың 95, 97-тармақтарына сәйкес ұшу-конструкторлық және есептік сынауларды араластыру көзделсе, онда бағдарламада өзгерістер мен жетілдірулер енгізуге аталған тыйымның басталуы қолданылатын іске қосудың нөмірі көрсетілуі тиіс.

107. Әрбір іске қосу бойынша ғарыш айлағының қызметтері өнеркәсіп ұйымдарымен бірлесіп, тапсырыс берушінің қабылдау комиссиясы белгілеген мерзімде, бірақ іске қосудан кейін үш күннен кешіктірмей, Мемлекеттік комиссияға іске қосу қорытындыларының алдын ала талдау нәтижелерін баяндайды және бір ай мерзімде іске қосудың нәтижелері туралы техникалық есеп жасайды, оны ол өнеркәсіп ұйымдары мен тапсырыс беруші арасындағы өзара ақпарат алмасу туралы нормативтік және басшылық құжаттарға сәйкес таратады.

Әрбір іске қосудың нәтижелерін талдауды ғарыш айлағының қызметтері ҒЗК бас әзірлеушімен бірлесіп және бұйымдарды әзірлеушілердің, бас ҒЗИ-дің қатысуымен жүргізеді.

108. Ұшуда авариялардың себептерін зерттеу және бұйымдардың бұзылуы немесе ТТТ, ТТ айтылған және осы Қағидалардың 106-107-тармақтарына сәйкес есептерде келтірілген, техникалық немесе тактикалық-техникалық сипаттамаларға әсер ететін талаптардың орындалмауы бойынша жұмыстарды, сондай-ақ оларды жою жөніндегі іс-шараларды әзірлеу мен іске асыру бойынша жұмыстарды ТТ берген ұйыммен және тапсырыс берушімен (немесе оның нұсқауы бойынша тапсырыс берушінің ұйымымен) келісілген, бас әзірлеуші бірлесіп орындаушы ұйымдармен (қажет болған кезде) бірге әзірлеген арнайы бағдарламалар бойынша жүргізеді.

Арнайы бағдарламада бұйымдар авариялардың және бұзылулардың (ақаулықтардың) жан-жақты талдауы және авариялар мен бұзылулардың қайталап анықталған себептерін болдырмайтын бұйымдардың және іс-шаралардың жүргізілген өндеулер тиімділігінің және жеткіліктілігінің қажетті есептік-теориялық және (немесе) эксперименттік тексерістерді қарастырады. Бұл жұмыстарға тапсырыс берушінің бас ҒЗИ-ын қатыстырады. Көрсетілген жұмыстардың нәтижелері бойынша тиісті техникалық есептер шығарылуы тиіс.

109. Ұшырулардың нәтижелеріне қарамастан, жеке өңдеудiң және жасаудың бұйымдары жөніндегі ұйымдар, ҒЗК тұтастай бас әзірлеуші ұйым келесі ұшыруға дейін өткен ұшу мәліметтердің (ұшуға дайындығының) талдауын жүргізеді. Бұл ретте әрбір табылған бұзылу, ақаулық немесе рұқсат беру шегінде параметрлердің болу жағдайының тіркелуі және олардың себептерін жою бойынша іс-шаралар әзірленуі тиіс. Ұйымдар талдау нәтижелері және табылған бұзылуларды, ақаулықтарды жою және қабылданған іс-шараларды іске асыру бойынша есептерді шығарады.

Авариялық ұшудан, ұшуда бұйымдардың бұзылуымен немесе ТТТ, ТТ айтылған және бұйымдардың техникалық немесе тактика-техникалық сипаттамаларына әсер ететін талаптарды орындалмауынан болған ұшудан кейін, келесі ұшуды тек аварияның немесе бұзудың себептерін жойған соң, тиімділікті және жеткіліктілігін растау үшін қажетті есептік және эксперименттік жұмыстарды орындаған соң, ұшуда бұйымның авария немесе бұзудың себептерінің қайталауын болдырмайтын іс-шараларды қабылданған соң немесе іске асырған соң жүзеге асырады.

Авариялық ұшудан кейін ҰС жалғастыру туралы шешімін ҰС шеңберінде кезекті ұшуға дайындық жұмыстардың басталуына дейін екі айдан кешіктірмей тапсырыс берушінің қабылдау комиссиясы қабылдайды.

ҒЗК бұйымдарын әзірлеуші ұйымдар мен жасаушы ұйымдар бас ҒЗИ-ге, тапсырыс берушіге (оның нұсқауы бойынша тапсырыс берушінің ұйымына) аталған қорытындыларды жасау үшін қажетті материалдарды уақтылы ұсынады.


2-бап. Ұшу сынауларын аяқтау тәртібі
110. ҒЗК-нің (оның құрамдас бөліктерінің, жүйелерінің, агрегаттары мен аспаптарының) ұшу сынауларын аяқтау және ҒЗК-ні пайдалануға қабылдау мүмкіндігі туралы шешімді Мемлекеттік комиссия ҒЗК сипаттамаларының мемлекеттік тапсырыс берушінің (тапсырыс берушінің) ТТТ (ТТ) талаптарына сәйкестігін, ұшу сынаулары бағдарламасын орындау толықтығын бағалау негізінде, сондай-ақ пайдалану құжаттамасының толықтығын, жеткіліктігін және сапасын тексеру және оның ҒЗК-ні одан әрі пайдалану (мақсаты бойынша пайдалану) үшін жарамдылық дәрежесін есепке ала отырып қабылдайды.

ҒЗК мен және оның бұйымдары сипаттамаларының ТТТ, ТТ талаптарына сәйкестігін бағалау есептік-теориялық бағалау, эксперименттік пысықтау, ұшу сынаулары (ұшу-конструкторлық және есептік) және арнайы сынақтар кезінде іске қосуға және іске қосуды (ұшыруды) дайындау нәтижелері бойынша жүргізіледі.

111. ҒЗК-нің ҰС аяқталғаннан кейін тапсырыс берушінің қабылдау комиссиясы бір ай мерзімде ҒЗК-нің ҰС бағдарламасының орындалуының, ҒЗК сипаттамаларының ТТТ, ТТ берілген талаптарға сәйкестігін, пайдалану құжаттамасын тексеру жеткіліктілігін бағалап, ҒЗК-ні пайдалануға қабылдау мүмкіндігі туралы, сондай-ақ сериялық өндірісті бастау (егер мұндай көзделсе) мүмкіндігі туралы қорытындысымен осы сынақтардың нәтижелері туралы акт жасайды.

Актіге тапсырыс берушінің қабылдау комиссиясының төрағасы мен мүшелері қол қояды және оны тапсырыс берушіге, ҒЗК-нің бас әзірлеушісіне береді.

Тапсырыс берушінің қабылдау комиссиясының актісіне ҒЗК ҰС бағдарламасын орындау нәтижелерін баяндай отырып, техникалық есепті және жою мерзімдері мен кезеңдерін көрсете отырып, ҰС процесінде анықталған және жойылмаған кемшіліктерді (егер мұндай кемшіліктер болған жағдайда) жою жөніндегі ұсынымдар мен ұсыныстары бар кемшіліктердің тізбесін қоса береді.

Тапсырыс берушінің қабылдау комиссиясы актісіне қосымшаларын тапсырыс берушінің бас ҒЗИ, сондай-ақ бас әзірлеуші ұйымдарға және ҰС қатысатын басқа ұйымдарға жібереді.



3-бөлім. Қазақстан Республикасының аумағында ғарыш зымыран кешендерін пайдалану (қолдану) тәртібі
1. ҒЗК пайдалануға енгізу тәртібі
112. ҒЗК және оның құрамдас бөліктерін пайдалануға енгізу тәртібі ҰС қорытындысы бойынша анықталады.

Тапсырыс берушінің объектілерінде пайдалануға енгізілуге ҒЗК, оның құрамдас бөліктері мен негізгі құралдары, сондай-ақ құрылыс аяқталғаннан кейінгі жерүсті және басқа да инфрақұрылым объектілері, сондай-ақ егер мақсаты бойынша әрі қарай пайдалану туралы шешім қабылданса, ҒЗК-нің сынақтағы құрамдас бөліктері жатады.

113. ҒЗК, оның құрамдас бөліктері мен негізгі құралдары, сондай-ақ құрылыс аяқталғаннан кейінгі жерүсті және басқа да инфрақұрылым объектілерінің пайдалануға енгізу тәртібі мен кезектілігі жалғаспалы жоспарлау әдісімен анықталып, олардың құрылысы және/немесе қайта құру құжаттамаларында айқындалуы тиіс.

114. Пайдалануға енгізу үстіндегі барлық ҒЗК-нің құрамдас бөліктері мен жүйелері конструкторлық құжаттамалардың талаптарына сай, толық жинақтастырылған, ТТТ (ТТ) немесе келісімде берілген кепілдік мерзімге ие болуы тиіс.

ҒЗК құрамындағы және инфрақұрылым объектілері мен ҒЗК-нің құрамдас бөліктеріндегі негізгі құралдарды пайдалануға енгізілу жұмыстарындағы жылжымалы агрегаттар негізгі құралдарды пайдалануға енгізілу жұмыстарынан бұрын қойылып, пайдалануға енгізіледі.

Жылжымалы агрегаттар жасаушы ұйым мамандарының қатысуымен пайдаланушы ұйымның күш-жігерімен және құралдарымен пайдалануға беріледі. Жұмыстардың нәтижелері агрегатты пайдалануға беру және оған жұмыс істеуге рұқсат беру туралы актімен ресімделеді, оның негізінде пайдаланушы ұйымның басшысы агрегатқа жұмыс істеуге рұқсат беру және оны тиісті лауазымды тұлғаға бекітіп беру туралы бұйрық шығарады.

Агрегат формулярында тиісті жазбалар жүргізіледі.

115. Жасаушы ұйымдар жұмыстарға тапсырыс берушімен жасалған шартта айқындалған мерзімде, бірақ жұмыстар басталғанға дейін кемінде екі ай бұрын пайдаланушы ұйымға шартқа (келісімшартқа) қоса берілген тізбелерге сәйкес барлық қажетті жабдық пен құжаттаманы толық көлемде (шарт бойынша) жеткізуге міндетті.

116. Технологиясы конструкторлық құжаттамада көзделмеген жұмыстарды орындау тәртібі мен дәйектілігі мемлекеттік тапсырыс берушімен (тапсырыс берушімен) – бұдан әрі мәтін бойынша – тапсырыс беруші – келісім бойынша бұйымды әзірлеуші ұйым әзірлейтін және жұмыстардың техникалық басшысы мен пайдаланушы ұйым басшысының орынбасары бекітетін техникалық шешімдерде айқындалады.

117. ҒЗК-нің құрамдас бөліктерін пайдалануға енгізу жұмыстарының тәртібі мен кезектілігін реттейтін негізгі техникалық құжаттар мыналар:

1) құрылыстар мен техникалық жүйелерге арналған жұмыс құжаттамасы;

2) конструкторлық және пайдалану құжаттамасы;

3) дербес және ҒЗК-ді сынақтарды жүргізу бағдарламалары мен әдістемелері.

ҒЗК құрамдас бөлігін бас әзірлеуші ұйым ҒЗК нақты құрамдас бөлігі бойынша құжаттардың құрамын, жиынтықтар санын және жіберу есептемесін тапсырыс берушімен келісіп, оларды тапсырыс берушімен жасалған шартта айқындалған мерзімде, бірақ жұмыстар басталғанға дейін кемінде екі ай бұрын пайдаланушы ұйымға жібереді.

ҒЗК құрамдас бөлігін пайдалануға беру жөніндегі жұмыстарды орындаудың нақты көлемі шартта (келісімшартта) айқындалады.

118. Ұйымдық және техникалық басшылықты қамтамасыз ету үшін ҒЗК-нің құрамдас бөлігінің жұмысында қатысқан әрбір ұйым жұмыстардың техникалық басшысын тағайындайды.

ҒЗК-нің құрамдас бөлігін пайдалануға беру бойынша жалпы техникалық басшылықты ҒЗК-нің құрамдас бөлігінің бас әзірлеуші ұйымы атынан тағайындалатын жұмыстардың техникалық басшы жүзеге асырады.

Пайдаланушы ұйымның және өнеркәсіптің жұмыстарын орындаушылардың жалпы басшылығы мен жұмыстардың үйлестірілуін жұмыстардың техникалық басшысымен бірге пайдаланушы ұйымының басшысы жүргізеді.

119. Құрылысы біткен немесе қайта құрылудан өткен ҒЗК-нің құрамдас бөліктерін пайдалануға беру кезінде жұмыстардың мынадай түрлері жүргізіледі:
1) жүйелердің АС;

2) КС кезінде тексерілмейтін жүйелерді және қосалқы мақсаттағы құрылыстарды пайдалануға қабылдауы;

3) КС өткізу үшін жүйелердің дайындығын тексеру және қабылдау;

4) құрамдас бөлігінің КС;

5) тапсырыс берушінің қабылдау комиссиясының құрамдас бөлікті пайдалануға қабылдау.

120. АС-қа жататын жүйелердің тізбесін құрамдас бөлікті бас әзірлеуші ұйым тапсырыс берушімен келісім бойынша белгілейді. АС бағдарламалары мен әдістемелерін жүйелерді әзірлеуші ұйымдар әзірлейді және оларды құрамдас бөлікті БӘҰ-мен келіседі. Бұл тізбе шартқа (келісімшартқа) қоса беріледі.

121. Жүйелерді АС сипаттамаларының конструкторлық (оның ішінде пайдалану) құжаттама талаптарына сәйкестігін және құрамдас бөлікті ҒЗКді сынауға қатыспайтын жүйелердің КС-қа немесе пайдалануға қабылдауға әзірлігін тексеру мақсатында жүргізіледі. АС-қа КҚ-ға сәйкес оларға кіретін бұйымдармен толық жиынтықталған жүйелер жіберіледі.

122. Жүйелерді АС-ты пайдаланушы ұйым ұйымдастырады және құрамына сынауға қатысатын ұйымдардың өкілдері кіретін комиссиялар жүзеге асырады. АС жүргізу жөніндегі комиссиялар ҚР МЕМСТ СТ 51143-2010 тәртібінің негізінде құрылады.

123. Жүйелердің АС бағдарламаларына сәйкес материалдық-техникалық қамтамасыз етуді шарт негізде бас мердігер ұйым; пайдалану құжаттамасының немесе АС бағдарламаларының талаптарына сәйкес – жүйелерді жасаушы ұйымдар арнайы құрылғылармен, құралдармен, қосалқы бөлшектермен, саймандармен, жабдықтармен (бұдан әрі - ҚСЖ); пайдаланушы ұйым шығыс материалдарымен жүзеге асырады.

АС-дан өтетін жүйелерді, электр энергиясымен, сығылған газбен, сұйықтықтармен, зымыран отынының құрамдауыштарымен қамтамасыз етуді пайдаланушы ұйым жүзеге асырады.

124. АС-тың көлемі, тәртібі мен дәйектілігі пайдалану құжаттамасымен, бағдарламалармен, әдістемелермен айқындалады.

125. АС нәтижелері бойынша комиссия жүйенің КС-қа әзірлігі туралы немесе егер жүйе КС-қа қатыспайтын болса, пайдалануға қабылдау туралы қорытынды дайындайды. АС жүйелерінің нәтижелері бойынша акт (есеп) шығарылады, ол әрбір жүйе бойынша жасалады және жұмыстардың техникалық басшысы мен бас мердігер ұйым басшысымен келісілгеннен кейін пайдаланушы ұйымның басшысы бекітеді. АС аяқталғаннан кейін пайдаланушы ұйым жүйелерді АС-тың ресімделген журналдарын, формулярларды, монтаждау сызбаларының жиынтығын және жүйелерді пайдалану кезінде қажетті басқа да құжаттарды береді. АС жүргізілгені туралы мәліметтер формулярға енгізіліп, пайдаланушы ұйым басшысы орынбасарының қолымен расталады.

126. ҒЗК құрамдас бөліктерін ҒЗК-ні сынау құрамдас бөлігі жүйелерінің бірлесіп жұмыс істеуінің дұрыстығын тексеру және оның мемлекеттік қабылдау комиссиясының пайдалануға қабылдауына әзірлігін айқындау мақсатында жүйелер әзір болғаннан кейін жүргізіледі.

Мыналар КС-тың негізгі міндеттері болып табылады:

1) ҒЗК құрамдас бөлігінің тұрғызылатын құрылыстар мен техникалық жүйелерге арналған құжаттамамен, технологиялық жабдыққа арналған пайдалану құжаттамасымен жасақталғанын тексеру;

2) технологиялық жабдықпен, техникалық жүйелермен және ҚСЖ-мен жасақталғанын, олардың құжаттама талаптарына сәйкестігін тексеру;

3) құрылыстар мен коммуникацияның әзірлігін тексеру;

4) жылжымалы агрегаттардың тұрақты жүйелермен түйісуін және өзара әрекет етуін тексеру;

5) технологиялық жабдық пен техникалық жүйелердің КС-ға арналған бағдарламаларда, әдістемелерде және пайдалану құжаттамасында айқындалған барлық режимдерде жұмыс істеу қабілеті мен бірлесіп жұмыс істеуін тексеру;

6) құрылыстарда тіршілік етуге болатын жағдайларды қамтамасыз етуді және пайдалану құжаттамасында көзделген жұмыстарды орындау қауіпсіздігін тексеру;

7) штаттық жылжымалы агрегаттардың барлық түрлерінің объектішілік жолдармен және кіреберіс жолдармен жүріп өту мүмкіндігін тексеру;

8) тұтастай жүйелердің, құрылыстар мен құрамдас бөліктің мемлекеттік қабылдау комиссиясының пайдалануға қабылдауына әзірлігін бағалау;

9) ҒЗК құрамдас бөліктерін санкцияланбаған іске қосудан немесе пайдаланудан қорғаудың сенімділігін бағалау.

127. КС-тың пайдаланушы ұйым ұйымдастырады және оны бас әзірлеуші ұйымдардың, бас мердігердің, монтаждау және реттеу ұйымдарының, жүйелерді жасаушы ұйымдардың өкілдерін, күрделі құрылысты техникалық қадағалау инспекциясының, техқадағалау инспекциясының, өрт, экологиялық және санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау өкілдерін тарта отырып жүргізеді.

КС-ты орындау және жүргізу үшін жауапкершілік пайдаланушы ұйым басшысына жүктеледі.

128. КС-ты тапсырыс берушінің бұйрығымен тағайындалған комиссия жүргізеді. КС-қа қатысатын ұйымдардың құрамы КС бағдарламасында айқындалып, оларға қатысуға шарттар жасасу кезінде ескеріледі.

Комиссия төрағасы (КС басшысы) пайдаланушы ұйымнан тағайындалады, оның орынбасары (жұмыстардың техникалық басшысы) – құрамдас бөлікті бас әзірлеуші ұйымның өкілі. КС-ты тікелей жүргізетін есеп құрамы пайдаланушы ұйым басшысының бұйрығымен тағайындалады.

КС ҒЗК құрамдас бөлігін бас әзірлеуші ұйымның КС бағдарламасы мен әдістемесінде айқындалған көлемде және дәйектілікпен жүргізіледі.

129. КС-ты материалдық-техникалық қамтамасыз етуді тапсырыс беруші ұйымдастырады және пайдаланушы ұйым жүзеге асырады.

130. КС нәтижелерін комиссия актімен ресімдейді, онда құрамдас бөлікті пайдалануға қабылдау әзірлігі туралы қорытынды беріледі. Актіні тапсырыс беруші мен құрамдас бөлікті бас әзірлеуші ұйымның басшысы бекітеді.

КС жүргізу туралы мәліметтер құрамдас бөліктің формулярына енгізіледі және пайдаланушы ұйым басшысы орынбасарының қолымен расталады.

КС процесінде анықталған барлық ескертулер мен оларды жоюдың ұсынылатын мерзімдері комиссия актісіне қосымшада баяндалады.

131. ҒЗК-нің құрамдас бөліктерін пайдалануға қабылдауды тапсырыс берушінің қабылдау комиссиясы жүзеге асырады.

132. Пайдаланушы ұйым мен бас мердігер мемлекеттік қабылдау комиссиясына мынадай құжаттарды ұсынады:

1) құрамдас бөліктің және оның құрамындағы жүйелердің формулярлары;

2) жүйелерді АС мен ЖКР жүргізілгені туралы, КС кезінде тексерілмейтін қосалқы мақсаттағы құрылыстарды, жылжымалы агрегаттар мен жүйелерді пайдалануға қабылдау туралы бекітілген актілер;

3) КС актісі және пайдаланушы ұйымның КС жүргізу кезінде комиссия анықтаған кемшіліктерді жойғаны туралы анықтама;

4) объектішілік жолдар мен коммуникацияларды пайдалануға қабылдау актілері;

5) АС журналдары немесе маршруттық төлқұжаттар;

6) АС және КС бағдарламасы мен әдістемесі;

7) құрамдас бөлікті әзірлеуге және жобалауға қатысқан ұйымдардың тізбесі;

8) жер учаскелерін бөлу туралы құжаттар;

9) геодезиялық жұмыстарды жүргізу туралы құжаттар;

10) бөлінетін бөліктер құлайтын аудандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы құжаттар (қажет болған кезде);

11) құрылыс алаңының геологиясы мен гидрологиясы туралы, топырақты сынау және су деңгейін талдау нәтижелері туралы құжаттар;

12) арнайы су пайдалануға арналған құжаттар;

13) қоршаған ортаны ластайтын заттарды шығаруға, төгуге, көмуге, орналастыруға рұқсат беру туралы құжаттар;

14) құрамдас бөліктің электр энергиясымен, сумен, бумен, газбен, сығылған ауамен және т.б. ресурстармен қамтамасыз етілуі туралы анықтама;

15) ҒЗК-нің РЭҚ-ын пайдалану кезінде жиіліктерді (жиілік белдеулерін) пайдалануға рұқсат;

16) құпиялылық режимінің талаптарын орындау (егер осы талаптар ҒЗК-нің ТТТ-ға қойылатын болса) жөніндегі іс-шараларды орындауды қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі анықтама.

ҒЗК құрамдас бөлігі пайдалануға қабылданғаннан кейін санамаланған барлық құжаттама пайдаланушы ұйымда сақталады.

133. Қабылдау комиссиясы құрамдас бөлікте орындалған жұмыстардың толықтығы мен сапасын, ҒЗК-нің нақты сипаттамалары мен оның құнының жобадағы мәндерге сәйкестігін, барлық жұмыс кезеңдерінде анықталған кемшіліктердің жойылуын және құрамдас бөліктің пайдалануға әзірлігін тексереді және бағалайды.

ҒЗК-нің құрамдас бөлігін пайдалануға қабылдау тапсырыс берушінің қабылдау комиссиясының актісімен ресімделеді.
2. ҒЗК пайдалану (қолдану) тәртібі

(тәжірибелік пайдалану, штаттық пайдалану)
134. ҒЗК пайдалану (қолдану) осы кешендерге иелік ететін, пайдаланатын, билік ететін жататын ұйымдармен, немесе олармен шарттар (келісімшарттар) негізінде олардың құзіретіне сәйкес келетін және ғарыш кеңістігін қолдану саласындағы ғарыш қызметі түріне лицензиясы бар заңды және жеке тұлғалармен жүзеге асырылады.

135. ҒЗК барлық жұмыстар олардың тиістілігіне қарамастан қатаң түрде пайдалану құжаттамасының талаптарына сәйкес жүргізіледі.

136. ҒЗК пайдалану (қолдану) кезінде ұйымдардың өзара іс-қимылы оның немесе өзге де жұмыс түрін орындауы (қызмет көрсетуі) және олар бойынша өзара есеп айырысу бойынша шарттық негізде өзара қызметтер көрсету болып табылады.

137. ҒЗК мен олардың құрамдас бөліктерін пайдаланудың (қолдану) негізгі түрлеріне мыналар жатады:

тәжірибелік пайдалану;

штаттық пайдалану.

138. ҒЗК тәжірибелік пайдалану жалпы ҒЗК мен оның құрамдас бөліктерін пайдаланудың нақты жағдайларын, жалпы техникалық сипаттамаларын тексерудің осы жағдайларын есепке ала отырып, ҒЗК пайдалану жүйесін жетілдіру мақсатында жүзеге асырылады.

139. ҒЗК мен оның құрамдас бөліктерін тәжірибелік пайдалану ҒЗК штаттық пайдалануға қабылдағанға дейін ҒЗК тапсырылғаннан және пайдаланушы құрылымдарға бекіткеннен кейін жүзеге асырылады. Тәжірибелік пайдалану туралы шешімді тапсырыс беруші қабылдайды. ҒЗК мен оның құрамдас бөліктерін тәжірибелік пайдалану тапсырыс берушінің ҒЗК бас әзірлеуші ұйыммен жасасқан шарты бойынша жүргізіледі.

140. ҒЗК мен оның құрамдас бөліктерін тәжірибелік пайдалану ҒЗК бас әзірлеуші ұйыммен бірлесіп ҒЗК бас әзірлеуші ұйым әзірлеген және ҒЗК тапсырыс беруші бекіткен «Тәжірибелік пайдалану бойынша ережеге» сәйкес жүргізіледі.

141. ҒЗК тәжірибелік пайдалану бойынша (ҒЗК-нің құрамдас бөліктері) бойынша барлық іс-шаралар мен жұмыстар ҒЗК бас әзірлеуші ұйымның техникалық жетекшілік етуімен пайдаланушы ұйымның есептеулері бойынша жүргізіледі. ҒЗК бас әзірлеуші ұйым сондай-ақ жұмысқа қатысушы ұйымдармен барлық өзара іс-қимыл мәселелерін шешеді.

142. Тәжірибелік пайдалануда тұрған бұйымдардың құрылымдық және өндірістік сипаттағы бұзылуын және ақауын жоюды ҒЗК бұйымдарын бас әзірлеуші ұйым – кепілдік мерзім аралығында ақысыз және кепілдік мерзімі аяқталғанда шарт бойынша ұйымдастырады.

143. ҒЗК тәжірибелік пайдалану және штаттық пайдалануға қабылдау тапсырыс беруші мен ҒЗК бас әзірлеуші ұйымның бірлескен шешімі негізінде жүзеге асырылады.



144. ҒЗК штаттық пайдалану ПҚ-ға сәйкес пайдаланушы ұйымдардың бөлімшелерімен жүзеге асырылады.

145. Пайдаланушы ұйымның есептеулерін дайындау ҒЗК бас әзірлеуші ұйымның техникалық жетекшілік етуімен пайдалану орнында немесе шарттық негізде өнеркәсіп ұйымдарында жүргізіледі.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет