Аңызға айналған адам – Архимед



Дата29.06.2016
өлшемі48.62 Kb.
#165408
Аңызға айналған адам – Архимед
М. Жұмабаев атындағы №39 мектеп – гимназиясының

7 «Ә»сынып оқушысы

Абюрова Айнұр

Жетекшісі Ашимова Ж. О.

Ғылымдар тарихынан құрметті орын алып, ғасырлар бойы халықтардың жалынды сүйіспеншілігіне бөленген білім мен ой алыптардың бірі - Архимед.

Архимедтің есімін естімеген адам ілуде біреу-ақ болар. Архимед саны, Архимед аксиомасы, Архимед ережесі, Архимед заңы, Архимед әдісі, Архимед теоремасы, Архимед нақылы. Ұлы ғалымның атына байланысты ұғымдар ғылымның сан алуан саласынан кездеседі.

Архимед біздің жыл санауымыздан 287 жыл бұрын Жерорта теңізіндегі Сицилия аралының күн шығыс жағасында Сирикуз қаласында туып өскен. Әкесі Фидий астроном болған. Жасынан математикамен шұғылданған Архимед, Мысырдағы Александрия қаласына барып, біраз білімін көтеріп қайтқан. Александрия ғалымы – математик, астроном, географ Эратосфенмен достық қарым-қатынаста болған.

Сол заманда Рим империясы мен Карфаген мемлекетінің арасында Жерорта теңізін, оның ішінде, Сиракузды басып алу үшін қанды күрес болады. Осы қанды күресте қаланы Архимед қорғады. Ол түрлі соғыс машиналарын жасап, олармен қала халқын қаруландырады. Рим солдаты қолынан қайтыс болады.

Архимедтің есімі ІХ – Х ғасырларда арабтарға жеткен. Архимедтің еңбектерін араб тілінде аударған, шығармаларына талдау жасалған.

Архимед есімі Қазақстанға физика мен математиканың мектептік оқулықтары арқылы келді.

Архимед шығармаларына тоқталайық. Ғалымның қанша еңбек жазғаны белгісіз.

Төменде шығармаларына қысқаша шолу.



  1. «Механикалық фрагменттер»

Архимед алғашқы кезде механика ғылымымен шұғылданған. Механикадан «Тіреу кітабы», «Рычагтар туралы», «Дененің суда қалқуы» кітапшалар жазған. Олардың түп нұсқалары сақталмаған. Әртүрлі үзінділері ғана (Герон, Евтокий) еңбектерінде кездеседі.

  1. «Параболаның квадратурасы»

Тік дөңгелек конусты жасаушысына параллель жазықтықпен қиғанда рарбола деп аталатын қисық сызық пайда болады. (Бұл сызықты қазіргіше фунуциясының графигін парабола деп атаймыз.)

Парабола тұйықталмаған сызық, оның кез келген екі нүктесін кесінді арқылы қоссақ, дөңгелек сегменті шығады. Бұны алғаш тапқан Архимед болатын. Параболаның квадратурасын зерттеу үстінде Архимед шексіз кемімелі геометриялық прогрессия ұғымына келген. Одан дәлелдеген. Одан әрі қатарлар теориясы қалыптасқан. Квадратура есептері математикалық анализдегі анықталған интеграл ұғымына жеткізді.



  1. «Шар мен цилиндр» туралы шығармасы.

Архимед конустың, шардың, цилиндрдің көлемдерін салыстырғанда, конус пен цилиндрдің табандарының радиустары шардың радиусындай және биіктіктері шардың диаметріндей болса, конустың, шардың, цилиндрдің көлемдерінің қат ынастары 1:2:3 қатынастаарындай болатындығын, яғни

теңдіктері орындалатынын дәлелдеген.



  1. «Коноидтар мен сфероидтар туралы» шығармасында Архимед эллипстің, параболаның және гиперболаның осьтен айналуынан пайда болатын денелердің көлемдері мен беттерінің аудандарын зерттейді.

  2. «Көпжақтар туралы» шығармасы.

Дұрыс көпжақтардың бес түрі мәлім. Олар: тетраэдр, куб, октаэдр, додекаэдр және икосаэдр, бұл дұрыс жақтарды Платон зерттеген.

Архимед зерттеген көпжақтар – жақтары әртүрлі көпжақтар.



  1. 8 – жақ, 4 жағы – үшбұрыш, 4- жағы алтыбұрыш.

  2. 14 – жақ, 6 жағы – квадрат, 8 – жағы алтыбұрыш, т.с.с.




  1. «Қалқып жүрген денелер»

Бұны «Архимед заңы» деп атайды. Бұл шығармасында 10 теорема бар. Теоремада сұйықтың меншікті салмағын анықтайды (Ол құрал ареометр).

  1. Архимед еңбектері өте көп. Соның ішінде, натурал сандар қатарындағы 1,2,3,4,5,6,7,8,9,10... сандардың 1-ден кез келген n санына дейінгі жинағын бірден басталған саты деп атаған, оны былай кескіндеген:




.

. .


. . .






.

. .


. . .

. . . .


Үшбұрышты сандар








=1








=2











=3


































































































































Саты сандарының геометриялық кескіні


Натурал қатардағы сандар арифметикалық прогрессия құрастырды.

Бұл шығармаларды ары қарай жалғастырушы Ньютон, Лейбниц, Эйлер, Лагранж, Лаплас ұлы ғалымдар өздерінің знрттеулерін Архимед еңбектерінен бастайды.

Қорытындылай келе:

Ұлы ғалымның өмір жолын, ғылыми еңбектерін, қалдырған мұрасына қысқаша шолу жасай отырып, жастраға үлгі болсын деп ойлаймын.



Архимед еңбегі – біздің, әсіресе физика мен математикаға бейімі бар оқушыларға үлкен асыл қазына деп ойлаймын.

Қазіргі заманымызға, осындай жаңа технологияларды меңгеретін ғалымдар жетіспейді.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет