Айқын. №54. – 30 наурыз. – 2011 Махамбет Қ. Менің дауысым маңызды !



Дата26.02.2016
өлшемі15.25 Kb.
#26650
Айқын. - №54. – 30 наурыз. – 2011

Махамбет Қ.



«Менің дауысым маңызды !»
Осыдан біраз бұрын елордадағы Қазақ Агротехникалық университетінің студенттері алдағы президент сайлауына дауыс беру құқы бар жастарды жұмылдыру мақсатында «Менің дауысым алғашқы, менің даусым маңызды!» атты акцияға ұйытқы болып, конституциялық құқықтарын алғаш рет пайдаланғалы отырған бозбалалар мен бойжеткендерді еліміздегі ең маңызды оқиғаға бір кісідей атсалысуға шақырған болатын.

Акция аясында түрлі мазмұндағы шоу бағдарламалар мен флэш-моб сынды шаралар ұйымдастырылды. Бұған қоса бастамашыл жастар тобы Орталық сайлау комиссиясының мүшелерімен кездесіп, сайлау науқаны турасында пікір алмасты.

Кеше Астананың барлық жоғары және арнаулы оқу орындарының студент-жастары бас біріктіріп, президенттік сайлауда белсенділік танытатындықтарын жеткізді. Басқосу барысында бастамашыл топтың көшбасшылары мен өнерлі жастары «Сайлауға гимн» атты ән шырқады. Заман талабына сай рэп стилінде әуелеген әуен Қазақстан жастарының санасына: «Ел қалаған таңдауды жаса!» деген ойды сіңірді.

Республикалық сипатқа ие болған акцияның мақсаты мен міндеті туралы «Тәуелсіздік территориясы» қозғалысының үйлестірушісі Маржан Әбділмәжитова: «Бүгінгі жиынды біздің бір ай атқарған жұмысымыздың қорытындысы деуге болады. Өйткені бүгін біз жастарға салауға қатысу туралы соңғы үндеуімізді жолдаймыз. «Менің дауысым алғашқы, менің дауысым маңызды! атты акция басталғанда бізді қолдаған жастардың саны 10 мың адам болды. Қазір олардың саны 60 мыңға жетіп отыр. Бұған қоса Астанада басталған акция республикамыздың түкпір-түкпіріне тарап кетті. Біз дауыс беруге құқы бар жастарға бір ғана дауыстың елдің тағдырын шешетінін жеткізгіміз келді. Меніңше, біз мақсатымызға жеттік. Себебі ел жастарының басым бөлігі сәуірдегі сайлауға баруға және қалаған кандидатына дауыс беруге бел буып отыр», - десе, «Менің дауысым алғашқы, менің дауысым маңызды!» акциясының үйлестірушісі Владислав Сергеев:



«Президент сайлауына әркім өз үлесін қосу керек. Себебі бұл сайлауда болашақ Президентке елдің ертеңі аманатталады. Біз өз болашағымызға бей-жай қарамауға тиістіміз. Өйткені біздің болашағымыз біздің тағдырымыз. Ал кез келген ұлт өз тағдырын өзі қалыптастарады», - деді.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет