Қайта қаржыландыру ставкасы жоспарлана ма немесе оны төмендету мүмкін бе?



Дата14.06.2016
өлшемі21 Kb.
#135907
Қайта қаржыландыру ставкасы жоспарлана ма немесе оны төмендету мүмкін бе?

Ресми қайта қаржыландыру ставкасын Ұлттық Банк тоқсан сайын қайта қарап, бекітеді, оның деңгейі қаржы нарығының жалпы жай-күйіне, инфляцияның деңгейіне және инфляциялық күтулерге байланысты. Бұл ретте Ұлттық Банк ресми қайта қаржыландыру ставкасын нақты көрсетуде әлсіз оң күйінде сақтауға тырысатын болады. Бұл жылдық инфляция деңгейін біршама көтеретін болады.



2009 жылғы 1 қаңтардан бастап ресми қайта қаржыландыру ставкасы 10,5%-дан 10,0%-ға дейін төмендетілді. Бұл қазіргі уақытта байқалып отырған экономикалық өсу қарқынының баяулауы, шектеулі тұтынушылық сұраныс, ақша ұсынының төменгі өсу қарқыны аясында инфляциялық процестердің баяулауына себепші болды. Бұдан басқа, ставканың төмендеуі елдің қаржы нарығына қолдаушы және тұрақтандырушы ықпал көрсетуі тиіс.

Біз экономикада қалыптасқан үрдістің таяудағы перспективада сақталатындығын күтеміз, бұл ресми қайта қаржыландыру ставкасының төмендеу мүмкіндігін жоққа шығармайды.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет