Академиялық дербестік – білім жүйесіне өзгеріс



бет1/3
Дата09.01.2023
өлшемі23.64 Kb.
#468231
  1   2   3
Лиза.академиялық дербестік


Академиялық дербестік – білім жүйесіне өзгеріс
Қазіргі өзгермелі заманымызда білім – дамудың негізгі көрсеткіші және басыңқы бағыты болып табылады. Оған қоса, қазір білім əлемінде өз жолын тауып, өздігінен білім алуға ұмтылыс жасайтын, бастамашыл, құзыретті, қарқын дамып келе жатқан өзгерістерге тез бейімделуге қабілетті білікті азаматты тәрбиелеу орын алуда.
Білім берудің барлық деңгейінде мазмұнды жаңарту, жұмыс берушілердің талаптарын, қазақстандық экономиканың сұранысын ескеретін халықаралық стандарттарға сәйкес әзірленген жаңа білім беру бағдарламаларын енгізу еліміздің заманауи білім беру моделін құру және дамытудың негізгі факторының бірі болып табылады. Сондықтан кадрларды даярлауда икемділікті қамтамасыз ету үшін колледждерге академиялық дербестік берілді.
Академиялық дербестік дегеніміз – оқу орнының академиялық бағдарламасының мазмұнын өздері анықтауды, оқу сапасын жақсарту бойынша құзырет беруді білдіреді. Бұл мәселе білікті кадрлар даярлауды және жаңа кәсіптерді қажет ететін жаңа экономикаға көшу кезеңінде өте маңызды. Енді оқу орындары білім беру бағдарламаларының мазмұнын өздері анықтап, нарықта сұранысқа ие мамандарды даярлай алады.
Бұған дейін колледждердегі оқу бағдарламасын министрлік өзі әзірлеп, пән, көлем және оқу мерзімін өзі анықтайтын. Оқу орындары өз кезегінде сол бағдарламалардың көмегімен жұмыс істеді. Ал қазір колледждерге толықтай академиялық дербестік беріліп, оқу бағдарламасын олар жұмыс берушілермен бірге отырып құрады. Сондай-ақ, оқу мерзімін де өздері анықтайды. Бұған дейін оқу мерзімі екі жылдан бастап төрт жылға дейін еді.
Елімізде білім беру жүйесінің өзек­ті мәселелерінің бірі – заман тала­бы­на сай білімді, білікті және ақпа­рат­тық технологияны еркін түрде мең­герген мамандарды дайындау. Қа­зір­гі кезеңде кәсіптік білім беру сала­сын­дағы әлеуметтік серіктестік білім беру мекемелерінің жұмыс беру­шілер, жер­гілікті атқарушы билік, еңбек­пен қамту қызметтері, қоғамдық ұйымдар, сондай-ақ, жастарды кәсіби қалып­тастыру, аймақтық еңбек нарығын игеру үдерісіне қатысушы барлық тараптардың мүдделерін ескеріп, жүзе­ге асыруға бағытталған. Әлеуметтік серіктестік қарым-қатынасқа мемлекет, өндіріс, кәсіптік және техникалық оқу орны қатысады.
Академиялық дербестік білім беру бағдарламаларының мазмұнын өзгер­туге, оқу мерзімін өзгертуге мүмкіндік береді, яғни, жалпы орта білімі барларға 2 жылдан кем емес, техникалық және кәсіптік білімі барларға 1 жылдан кем емес деген әр біліктілік бойынша қа­таң бекітілген білім алу мерзімінің оқу ұзақтығы нақты білім беру бағ­дарламасына және қажетті оқу нәти­жесіне байланысты болады. Жаңа өз­ге­рістерге сәйкес колледждер жұ­мыс берушілермен келісе отырып, кәсіп­тік стандарттар немесе нарық талаптары негізінде білім беру бағдарламаларын әзірлеп, оны ҚР БҒМ бағдар­лама­ларының тізіміне қосып, соған бай­ла­нысты кадрлар дайындайды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©www.dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет