Қала әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің бас инспекторы



Дата17.07.2016
өлшемі43.5 Kb.
#205316
«Қызылорда қаласы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі, 120000, Қызылорда қаласы, Ы. Жақаев көшесі, 16 үй, анықтама үшін телефондары: 8(7242) 400954, pеrsonakadr2013@mail.ru «Б» корпусы бос әкімшілік лауазымға орналасуға конкурс жариялайды:

Қала әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің бас инспекторы (E-3 санаты - 1 бірлік). Лауазымдық жалақысы мемлекеттік қызмет өтіліне қарай 78797-106344 теңгеге дейін (экологиялық коэффициентті есепке алмағанда).

Негізгі функционалдық міндеттері:

  1. Негізгі функционалдық міндеттері.

Қала әкімінің, орынбасарларының, қала әкімі аппараты басшысының және бөлім басшысының бөлімнің құзіретіне кіретін мәселелер бойынша тапсырмаларын орындайды.

Бөлімнің жұмысына басшылық жасау. Жер қатынастары мәселелері жөніндегі Қазақстан республикасы Президентінің Жарғылықтары, ҚР Үкіметінің қаулылары, облыс, қала әкімдігінің қаулылары, шешімдері мен өкімдерінің орындалуын ұйымдастыру және жүзеге асыру. Қала әкімдігі отырыстарының күн тәртібіне енгізілетін мәселелер бойынша тиісті құжаттарды әзірлеу.

Қала әкімі және аппарат басшысы өткізетін жиналыстарының хаттамасын жүргізіп іс- шара жасайды және бақылауда ұстайды.

Облыс әкімінің берген тапсырмаларын орындаушыларға жеткізіп, бақылауға алып, олардан ақпарат алады.

Бөлімге келіп түскен хаттардың, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің уақытылы қаралуын қамтамасыз етеді.

Қала әкімі аппаратының ұйымдастырушылық іс-әрекет жұмыстарын регламенттейтін құжаттардың жоспарын жасауға қатысады.

Қалалық әкімдік мәжілісінің отырыстарының құжаттарын дайындайды.

2.Бақылау функциялары.

Қалалық сәулет және қала құрылысы, жер қатынастары, құрылыс, ауылшаруашылық және ветеринария бөлімдерінің жұмысын бақылайды және үйлестіреді.
Үміткерлерге қойылатын негізгі талаптар:

Жоғары заңгерлік, экономикалық немесе педагогикалық білім.

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1)  мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2)  осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;

3)  жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде а немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін  басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

4)  ғылыми дәрежесінің болуы.

Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Президенті туралы», «Қазақстан Республикасының Парламентi және оның депутаттарының мәртебесi туралы», «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Конституциялық заңдарын, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Заңдарын, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.

Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер;

Конкурс «Бос әкімшілік мемлекеттік лауазымға орналасуға конкурс өткізу және конкурс комиссиясын қалаптастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2013 жылғы 19 наурыздағы №06-7/32 бұйрығына сәйкес өткізіледі.



Конкурсқа қатысуға қажетті құжаттар:

1) Өкілетті орган белгілеген нысандағы өтініш;

2) 3х4 үлгідегі суретпен өкілетті орган белгілеген нысанда толтырылған сауалнама;

3) Білімі туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшірмелері;

4) Еңбек кітапшасының нотариалдық куәландырылған көшірмелері;

5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2010 жылғы 23 қарашадағы №907 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілердің тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда №6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама;

6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі;

7) Құжаттарды тапсыру сәтінде өкілетті органмен белгіленген шекті мәннен төмен емес нәтижемен тестілеуден өткені туралы қолданыстағы сертификат. (немесе нотариалды куәландырылған көшірмесі)

Егер азамат еңбек қызметін жүзеге асырмаған және конкурс жарияланған бос лауазым бойынша жұмыс өтілі талап етілмейді

Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Мемлекеттік қызметшілермен тапсырылатын осы тармақтың 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды олар жұмыс істейтін мемлекеттік органдардың персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) куәландыра алады.

Азаматтар өздерінің білімі, жұмыс тәжірибесі, кәсіби деңгейі және беделі жайлы (кәсіби біліктілігін арттырғаны жайлы, ғылыми атағы және дәрежесін алғандығы туралы құжаттардың, мінездемелерінің, ұсыныстардың, ғылыми жарияланымдардың және тағы басқа көшірмелері) қосымша ақпарат ұсына алады.

Құжаттар конкурс өткізу туралы хабарландыру БАҚ-та («Кызылординские вести» және «Сыр бойы») соңғы жарияланған күннен бастап он жұмыс күні ішінде «Қызылорда қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, 120000, Қызылорда қаласы, Ы. Жақаев көшесі, 16 үй, мекен-жайы бойынша қабылданады

Әңгімелесуге жіберілген үміткерлер конкурс комиссия шешім қабылдаған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде әңгімелесу өткізу күні туралы конкурс комиссиясының хатшысымен хабарландырылады. Хабарландыру қатысушылардың электрондық мекен-жайларына және ұялы телефондарына ақпарат жіберу жолымен жүзеге асырылуы мүмкін.

Үміткерлермен әңгімелесу «Қызылорда қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, (Қызылорда қаласы, Ы. Жақаев көшесі, 16 үй) әңгімелесуге шақырған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде өтеді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушыларды қатыстыруға жол беріледі.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі маслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталуына 1 жұмыс күні қалғанға дейін кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.

Осы Қағидалардың мемлекеттiк органның басшысымен (жауапты хатшы) конкурс комиссиясының отырысына сарапшылардың қатыстырылуына жол беріледі. Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасы Парламентінің және мәслихат депутаттары қатыса алады.

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына үміткерлер Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Астана, Алматы, Атырау, Көкшетау, Павлодар, Тараз, Өскемен, Орал, Петропавл, Қостанай, Қызылорда, Қарағанды, Талдықорған, Ақтөбе, Ақтау және Шымкент қалаларындағы аймақтық тестілеу орталықтарында белгіленген тәртіппен өтеді.



E-3 - cанаты үшін тестілеу бағдарламасы мемлекеттік тілді білуге тест (20 тапсырма); логикалық тест (10 тапсырма); Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестке Қазақстан Республикасының Конституциясы (15 сұрақ); «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының конституциялық заңдары; «Мемлекеттік қызмет туралы» (15 сұрақ), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» (15 сұрақ), «Әкімшілік рәсімдер туралы»(15 сұрақ), «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» (15 сұрақ), «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының заңдарын бiлуге арналған тест сұрақтары кiредi.

Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұратын жер жалдау, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.



«Қызылорда қаласы әкімінің аппараты»

мемлекеттік мекемесінің конкурстық комиссиясы

Достарыңызбен бөлісу:




©www.dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет