Қалыптасқан қазақстан- 2050 стратегиясы нұрлан темірбеков, Д. Серікбаев атындағы ШҚмту ректоры, профессор. Айқын да жарқын бағдарлама


Сұхбаттасқандар,Оңалбай САДЫҚ,Қазақстан Журналистер



бет3/4
Дата08.06.2016
өлшемі327.5 Kb.
1   2   3   4

Сұхбаттасқандар,Оңалбай САДЫҚ,Қазақстан Журналистер

одағының мүшесі,Жолдасбек ӘШІМХАНҰЛЫ // Айқын.-2013.-16 ақпан.-3б.

Қызылорда облысының ғылымы, білімі

және мәдениеті

Жоғары білім:
АЙМАҚ БАСШЫСЫ СТУДЕНТТЕРГЕ ДӘРІС ОҚЫДЫ
Сейсенбіде облыс әкімі Қырымбек Көшербаев Қорқыт ата атындағы мемлекеттік университетте болып, байырғы білім ордасының бүгінгі тыныс-тіршілігімен танысты. Мұндағы оқытушы-профессорлар жүзеге асырып жатқан ғылыми инновациялық жобаларды көңіл елегінен өткізген облыс басшысы бас оқу ғимаратын аралап, университет студенттеріне арнайы дәріс оқыды.

Облыс басшысы алдымен іргелі білім ордасының бас оқу ғимаратында болып, «Археология және этнография» ғылыми-зерттеу орталығының көрме залы мен «Елбасы және Тәуелсіз Қазақстан» атты оқу-көрме залын аралады. Университет басшысы Қылышбай Бисенов көрме залында қазба жұмыстары нәтижесінде табылған жәдігерлер туралы айтып берді. Мұнда ортағасырлық Жанкет шаһары мен Сеңгіртам, Шірікрабат мәдениетінен хабар беретін заттық деректер молынан жинақталған. Көне тарихқа деген қызығушылығын жасыра алмаған облыс әкімі бағзыдан сыр шертетін жәдігерлер мен тақырыптық стендтердегі фотосуреттерге, олардың тарихына ерекше зер салды. Алдағы уақытта уақыт тауып, сонау кеңестік дәуірде Сергей Толстов жетекшілік жасаған Хорезм археологиялық-этнографиялық экспедициясы мен кейінгі зерттеулер нәтижесі туралы мамандармен тереңірек сұхбаттасуға дайын екендігін білдірді.

Мемлекет басшысы мен азат еліміздің тарихына арналған екі бөлімнен тұратын оқу-көрме залын аралап көрген аймақ жетекшісіне «Еуразиялық өркениет және Сыр өңірі» ғылыми-зерттеу орталығының аға ғылыми қызметкері Уәлихан Ибраев бұл жерде тарих пәнінің студенттеріне арнайы дәріс-оқулар өтіп тұратынын айтты. 2012 жылы желтоқсанда Тұңғыш Президент күніне орай ашылған көрмеде тәуелсіздік жылдарындағы еліміздің қол жеткізген ең маңызды жетістіктерін айқындайтын материалдар қойылыпты.

Қ.Көшербаевтың назарына оқытушы-профессорлар жүзеге асырып жатқан ғылыми инновациялық жобалар көрмесі де ұсынылды. Бұл жобаларды министрлік жанындағы Ғылым комитеті қаржыландырады. Мәселен, техника ғылымының докторы, профессор Ләззат Аруова көп жылдан бері климаты ыстық аудандарда күн сәулесі энергиясын пайдалану мәселесін зерттеп жүр. Жобаның ғылыми жетекшісі өндіріс салалары мен күнделікті тұрмыста энергияны сақтау мүмкіндігін арттыру мақсатында дәстүрлі емес энергияны қосымша пайдалану жобасына қызығушылық танытып отырғандар көп дейді. Экологиялық жағынан таза әрі тиімді саналатын бұл жоба талай көрмелердің жүлдесін қоржынға салыпты. Енді бұл жоба «ЭКСПО-2017» көрмесіне ұсынылмақшы. Мұнан өзге мұнай қалдығын өңдеу мен құрылыс материалдарына қатысты инновациялық жобалар мен өлкеде экотуризм мен этнотуризмді дамытуға бағытталған маңызды жобаларға қызығушылық танытқан аймақ жетекшісі ғалымдардың еңбегіне қолдау білдіріп, оларды облыстық бюджеттен қаржыландыру мүмкіндігін қарастыратынын мәлімдеді.


Ал, №1 оқу ғимаратында болған облыс әкіміне университет басшысы мұнда көптілді білім беру орталығы құрылғанын, өткен жылдан бері әлемдік талаптарға сай осы жүйе бойынша ауқымды жұмыстар атқарылып жатқанын жеткізді. Нақты кезеңде мұндағы бакалавриаттың информатика, математика, ақпараттық жүйелер, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету мамандықтарында көптілді білім беру бағдарламасына сәйкес оқу үдерісі 3 тілде жүргізілуде. Сонымен бірге, кореялық 7 студент біздің университетте білім алуда. Ал, жергілікті шәкірттерге қазір өзіміздің мамандармен бірге шетелден келген (Корея, Румыния) оқытушылар дәріс беруде. «Екі ел арасындағы әріптестік байланыс берік. Біздегі Кангнам университетінде қазақстантану орталығы жұмыс жасайды. Мұндағы аударма ісі кафедрасының студенттеріне корей тілінен дәріс өткіземін. Олар ағылшын тілін жақсы меңгерген. Мен корей тілін осы ағылшын тілінің негізінде үйретудемін.Бұл студенттерге екі тілді сапалы меңгеруге жол ашады», – дейді Корея Республикасындағы Кангнам университетінің профессоры Ким Фил Янг мырза.

Ал, биылдан бастап педагогикалық мамандық иелерін кезең-кезеңімен осы көптілді оқыту бағдарламасына көшіру жоспарланып отыр. Осындағы сандық тілдік зертхана мен мультимедиалық кабинеттерді аралап, оқытушылар және студенттермен тілдескен Қ.Көшербаев мұнан соң Абай даңғылының бойынан ірге көтерген студенттік жатақхананың құрылыс жұмысымен танысты. Айта кетейік, аталған нысан «Студенттік тұрғын жай – 2012-2014» бағдарламасы аясында салынуда. Республика бюджетінен қаржыландырылған бұл жатақхана 400 адамға арналған. Құрылысты тендер жеңімпазы болып танылған «Асар» ЖШС жүргізуде.

Мұнан соң аймақ жетекшісі университеттің жылыжайында болды. Канада-Қырғызстан-Қазақстан үш жақты жобасының негізінде 2004 жылы ашылған жылыжай «Агробиология және қолданбалы зерттеулер» ғылыми орталығына қарайды. Жылыжай меңгерушісі Галина Дямуршаеваның айтуынша, бұл жерде көкөністерді топырақсыз өсіру технологиясы елімізде тұңғыш рет қолданылыпты. Оқу орнының ғалымдары соңғы 3 жылда бірнеше ғылыми жобаларды жүзеге асыруда. Солардың бірі – құны 23 млн. теңге тұратын «Қызылорда облысы жағдайында топырақсыз субстракттарда көкөніс өсіру технологиясын жетілдіру» жобасы. Жоба құнының 9 млн. теңгесі Дүниежүзілік банк гранты болып табылады. Қазіргі таңда мұнда осы технология бойынша қияр мен қызанақ, мұнан өзге ащы және тәтті бұрыштар да өсірілуде. Мұнан соң облыс әкімі №5 оқу ғимаратындағы «Физика-химиялық талдау әдістері» инженерлік бейіндегі зертханада болды. Жаңа зертхана Жапония, АҚШ, Швейцария, Нидерланд және Ресей елдерінің жетекші өндіріс орындары шығарған заманауи қондырғылармен жабдықталыпты. Аймақ жетекшісіне оқу орнының ректоры Қ.Бисенов министрлік жанындағы Ғылым комитеті өткізген конкурс қорытындысы нәтижесінде ашылған зертхананың жоғары білікті мамандар мен ғылыми кадрларды дайындау мақсатында құрылғанын атап өтті. Мұнан соң Студенттер сарайында облыс әкімі Қ.Көшербаев университет студенттеріне «Кемел келешекке біліммен» тақырыбында дәріс оқып, білім мен ғылым және инновация ел дамуының келешегі екендігін жеткізді. Елбасы Жол­дауында қойылған тапсырманы орындау үшін бүгінгі шәкірттердің білікті маман болып, ел дамуына өз үлесін қосуы шарт екендігін ескерткен өңір жетекшісі «Шамаң жетсе, заманыңнан оза жүр, шамаң жетпесе, қатар жүр, бірақ заманыңнан артта қалма» деген халық нақылын еске алып,
жастардың рухын қайрады.

– Құрметті жас достар! Сіздер өте ерекше дәуірге тап болып тұрсыздар. Келешекте Қазақстанның әлемдегі орны біліммен, жаңа технологиямен қаруланған бүгінгі жастардың, ертеңгі білікті маманның еңбегімен айқындалады, – деді Қырымбек Елеуұлы.

Әлемдегі соны жаңалықтарды салалап талдап, оны болашақты болжаушы мамандардың пікірлерімен өрнектеген лектор жаһанданудың жайы мен әлеуметтік желілер, генетикалық модификацияланған өнімдер, төрткүл әлемде халық санының өсуі, таяу болашақта әлемде болатын азық-түлік тапшылығы мен су қорларының азаюы және адамзатты толғандыруы тиіс өзге де маңызды мәселелер туралы ойларымен бөлісіп, есімдері елге беделді сарапшылардың пікірлерін таразылады. Осылайша, ортақ мәселелерді тақырыпқа тамызық еткен облыс әкімі өз дәрісін келешек біліммен ғана кемелденеді деп түйіндеді.

Университет ғалымдарын әріптестік негізде жұмыс жасауға шақырып, осындағы Ғылыми кеңесті басқарудағы ниеті ел игілігіне жұмыс жасауға тиісті жақсы жобаларға қаржы тарту екендігін мәлімдеді.

Дәріс соңында облыс басшысына студенттер Дәулет Ақжаров, Абылайхан Сабанбаев, Жандос Әбдіғаппаров сауалдарын қойды.

Дәуіржан ЕЛУБАЕВ.

//Сыр бойы.-2013.-21 ақпан.-2б.


ЖАҺАНДЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРГЕ АРНАЛДЫ
«Келешекке кемел біліммен» деп аталған облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың дәрісінен көп мағлұмат алдым. Қазіргі өркениетке тән құбылыс ғаламдық қауіп-қатердің өршуі болып отыр. Олар күннен-күнге үдей түсуде. Адамзат баласының барлығына ортақ шешілуі тиіс мәселелер көп. Мәселен, ауыз су тапшылығы, азық-түлік қауіпсіздігі, жаңа технологиялардың дамуы.

Бүгінде Қазақстан Республикасының дамуын жаһандық кеңістіктен тыс қарау мүмкін емес. Өйткені, халықаралық саяси және экономикалық қатынастардың жаһандануы шарттарында еліміздің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі өзекті болып отыр. Бүгінгі дәрістен демографиялық ахуалдың күрделілігі, әсіресе, дамыған елдердегі қартаю процесінің жылдам жүріп жатқаны, дамушы елдердегі урбанизация, сандық дәуірдің, ақпараттық технологиялардың пайдасы мен зияны секілді, тағы басқа әлемдік деңгейдегі мәселелерден хабардар болдым. Қызықты ақпараттарға толы осындай мазмұндағы дәрістер бізге керек. Әсіресе, ел ағаларының өз аузынан есту бізге жақсы әсер қалдырады.



Нұржан КӨШЕРОВ,

ҚМУ-дің Студенттер кеңесінің төрағасы.
ЖАҢАЛЫҚТЫ ЖАСТАР ЖАСАУ КЕРЕК
Өткенге көз жүгіртсек, дана халқымыз елдің дамуын, келешегін болжап кеткен ғой. Ал, ХХІ ғасырдағы адамзат дамуын бүгінде саясаткерлер, тәуелсіз сарапшылар болжап, алдын ала бағамдауда. Бүгінгі аймақ басшысының студенттерге өткізген дәрісінен болашақта орын алуы мүмкін әлемдік жағдайлардан хабардар болдық. Әсіресе маған ұнағаны, адамзат баласының роботтарды басқару арқылы өздеріне пайдалы іс жасауға болатыны қызықтырды. Ондай роботтар, әсіресе жалғызбасты адамдарға, қарттарға әлеуметтік көмек көрсетуде пайдалануға болады. Осындай

инновациялық жаңалықтарды отызға толмаған жастар жасаған. Сондықтан, бүгінде тың идеялар, жобалар біздің мемлекетіміз үшін керек. Бұл бір жағынан жеке табысыңды арттыруға және ел игілігіне жаратуға мол мүмкіндік береді. Аймақ басшысы біз секілді жастардан көп жаңалық күтетінін жеткізді. Сонымен бірге өңірді бірге өркендетуге шақырып отыр.



Рамазан САДЫМАНОВ,

ҚМУ-дің 4- курс студенті.
ӘКІМНІҢ ДӘРІСІ ӘСЕРЛІ ӨТТІ
Елдің мықтылығы, әрине, білімді жастардың қолында. Елбасымыздың биылғы Жолдауында бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет болу үшін біз сауаттылығы жоғары елге айналуымыз керек делінген. Бүгінгі заман–ақпараттық технологиялардың уақыты. Ғаламтордың пайдалы және зиянды жақтары да бар. Әсіресе, әлеуметтік желілердің, фейсбуктердің жастар санасына кері әсерін тигізіп жатқаны жасырын емес. Алайда, мұндай желілерді пайдалы мақсатта игеру қажеттігін әлі де ұғына алмай келеміз.

Бүгінгі облыс әкімі өткізген алғашқы дәріс маған жақсы әсер қалдырды. Ол кісінің еңбексүйгіш, қарапайымдылық қасиеттерін байқадым. Студенттердің қойған сауалдарына тұшымды жауап берді. Алдағы жұмыс жоспарларынан да хабардар етті.



Биқанат КЕНЖЕБАЕВА, ҚМУ-дің педагогика-психология

мамандығы бойынша 2-курс студенті.

МАҒЫНАЛЫ МАҒЛҰМАТ АЛДЫҚ
Тәуелсіздіктің 20 жылында қоғам өмірінің барлық саласында өте жоғары қарқынмен жаңғырту жүргізіліп, ғасырға татырлық іс атқарылды. Алайда, ғарыштық жылдамдықпен алға жылжыған уақыттың көш керуенін тоқтатып немесе кері бұруға болмайды. Әлемде орын алып жатқан мәселелерге біздің еліміз де үн қатуға, өз пікірін айтып, ұсынысын білдіруге хақылы. Өйткені, қазіргі уақытта адамзат жаңа жаһандық тегеурінмен бетпе-бет келуде. Әлем қарқынды түрде дамуда. Бұл да ғаламдық сын-қатердің бірі. Мұнан кейінгі қауіп– жаһандық демографиялық теңгерімсіздік күн сайын күшейе түсуде. Әлемдік халық санының көбеюіне байланысты азық-түлікке деген қауіп күшейеді. Осындай жаһандық мәселелерден қалай шығуға болады? Бұл сауалдардың шешімін Елбасының биылғы Жолдауынан табуға болады.

Бүгінгі әсерлі дәрістен әлемдегі түйткілді мәселелерден мағ­лұмат алдық. Студенттер бұл дәрісті қызыға тыңдады.Қырымбек Елеуұлы келесі дәрістің әлеуметтік желілер туралы болатынын айтты.



Берік МӘМБЕТОВ, ҚМУ-дің магистранты.

//Сыр бойы.-2013.-21 ақпан.-2б.

ПРОПУСК В БУДУЩЕЕ — ПРОЧНЫЕ ЗНАНИЯ
Во вторник во Дворце студентов КГУ имени Коркыта-ата аким области Крымбек Кушербаев выступил перед студентами и магистрантами вуза с лекцией, в которой изложил приоритеты современной системы образования, в частности, направления развития системы инженерного образования, остановился на вызовах ХХI века. Перед лекцией руководитель региона побывал в учебных корпусах, где ознакомился с работой университета. В главном корпусе он осмотрел выставочный зал научно-исследовательского центра «Археология и этнография», учебно-выставочный зал «Глава государства и независимый Казахстан». Центр был открыт в 2011 году. Выставленные здесь материалы рассказывают о результатах исследования, археологических, историко-культурных памятников низовий Сырдарьи – городищ Чирик-рабат, Жанкент, памятников, найденных на дне высохшего Арала. Вниманию посетителей представлены археологические экспонаты VI – II веков до нашей эры. В учебно-выставочном зале представлены исторические материалы, рассказывающие об этапах становления независимого Казахстана, фотографии, архивные документы, из которых можно многое узнать о жизни и деятельности Первого Президента страны Нурсултана Назарбаева. В главном корпусе акиму области представили инновационные проекты, разработанные учеными университета. В их числе – проект профессора Ляззат Аруовой. «Разработка и практическое применение комбинированных энергосберегающих и экологически чистых технологий производства бетонных изделий и конструкций с использованием солнечной энергии», предложенный в заявочный список на участие в международной выставке «ЭКСПО-2017». Как говорит Ляззат Аруова, результаты, полученные в ходе научных опытов, обнадеживают и открывают широкие перспективы применения энергии Солнца в различных отраслях. Кстати, на основе своей работы ученый разработала проект обогрева воды в бассейне спортивно-оздоровительного комплекса «Сейхун» при помощи солнечной энергии. Экономические расчеты показывают, что при использовании такой энергии годовой расход средств на содержание бассейна значительно уменьшается. Руководитель региона отметил, что области нужны инновационные проекты, которые принесут пользу экономике и социальному развитию. Сейчас в Кызылорде по заказу Министерства образования и науки РК строится студенческое общежитие на четыреста мест, которое после ввода в строй будет передано на баланс КГУ. Сметная стоимость объекта – свыше 600 миллионов тенге. Аким области ознакомился с ходом строительства общежития, возводимого в рамках программы «Студенческое жилье». В пятиэтажном здании предусмотрены все условия для проживания, будет медпункт, столовая, прачечная, библиотека, компьютерный зал. Кроме того, рядом с общежитием построят спортивную площадку, благоустроят территорию. Руководитель региона побывал и в тепличном хозяйстве университета. Заведующая Галина Дямуршаева рассказала о работе

хозяйства. Здесь разработана своя методика выращивания огурцов и томатов. Развитие тепличного производства невозможно без грамотных специалистов, которых, к сожалению, у нас мало. Как правило, их привлекают со стороны. Другая проблема – технология, адаптированная к местным природно-климатическим условиям. Для решения этих проблем университетом проводится целенаправленная работа. В частности, открыты специальные курсы для подготовки специалистов этого профиля. В пятом корпусе университета аким области ознакомился с работой инженерной лаборатории «Физико-химические методы анализа», которая функционирует с 2009 года. Здесь проводятся фундаментальные и прикладные исследования в области переработки природного и технического сырья. Лаборатория оснащена современными приборами, кроме проведения научных исследований она оказывает научно-техническую поддержку преподавателям, магистрантам и студентам вуза. Руководитель региона также побывал в первом корпусе, где посетил учебный блок языковой лаборатории центра полиязычного образования. Подготовка полиязычных специалистов началась с нынешнего учебного года по таким специальностям бакалавриата, как информатика, математика, информационные системы, программное обеспечение. Учебный процесс ведется на трех языках – казахском, русском и английском. Руководство университета планирует с 2013 года готовить педагогические кадры для средних школ по системе полиязычного образования с привлечением специалистов из Кореи, Румынии. Затем состоялась лекция. В самом ее начале аким области рассказал студентам об особенностях Послания Главы государства «Стратегия «Казахстан-2050»: новый политический курс состоявшегося государства». В этом документе, как отметил Крымбек Кушербаев, Президент Казахстана дал свою оценку сегодняшнему миру, в котором с каждым шагом становится теснее, растет взаимная зависимость, и определил место Казахстана в этом мире. Каждый сознательный человек, прослушавший Послание, наверняка задумался над тем, каким будет окружающий нас мир через двадцать-тридцать лет, как отразятся на жизни нашей страны перемены, происходящие в мире, как мы подготовимся к ним и как подготовим наших детей к предстоящим катаклизмам. По словам Крымбека Кушербаева, цель этой лекции – рассказать молодым людям о происходящих в обществе процессах, заставить задуматься над ними и тем, как они отразятся на жизни нашего края, на жизни каждого из нас. — Наша задача – сделать так, чтобы молодежь успевала за происходящими в обществе изменениями, оказать ей поддержку в стремлении разрабатывать профессиональные и творческие планы, подготовить к активной жизни, – отметил аким области. Касаясь темы воспитания в семье, руководитель региона сделал акцент на том, что сознательные родители делают все для своих детей, дают им образование и воспитание, исходя из своих возможностей. Такие родители возлагают на своих детей большие надежды. Это же можно сказать и о государстве, которое думает о своем будущем, оказывает всестороннюю поддержку

подрастающему поколению. В обществе делается все для того, чтобы развитие шло по критериям, отвечающим требованиям дня. Этот процесс казахи вместили в одну емкую пословицу, которая в переводе на русский звучит примерно так: «Если государство не думает о своих детях, как же дети будут думать о государстве, заботиться о нем». Единственное, чем может ответить человек и его сознание на требования нового времени – творческая активность, основанная на глубоких знаниях. Это, по словам Крымбека Кушербаева, главный критерий поступательного развития. В то же время не нужно следовать всему новому подряд, прикрываясь словами о производственных достижениях и высоких темпах общественного развития. Это непростое дело, которое необходимо вершить, оценивая его суть, взвешивая каждый свой шаг. Не стоит забывать о человечности и следовании духовным ценностям в эпоху бездушных машин и слепых алгоритмов. Особенно это важно для будущего нации, которая только встала на ноги и стремится быть наравне со всем окружающим миром. Как подчеркнул далее аким области, для нашего народа во все времена были особенными такие понятия, как образование и наука, обучение и воспитание. «Не хвались, пока не обрел науку...» — говорил великий Абай. И эти слова он адресовал всем последующим поколениям. Ахмет Байтурсынов писал: «Нация стремится к культуре, а культура стремится к учебе и литературе». И этими словами выражены мысли всего казахского народа. В них отражена его многовековая мечта и сейчас нам предстоит осуществить ее. В заключение лекции аким области, обращаясь к молодежи привел слова Абылай хана, сказанные им четыре века назад: «Уходит время силы, наступает эпоха знаний». Руководитель региона подчеркнул, что в знании и кроется та великая сила, с которой можно вершить большие дела. И как отметил аким области, он не случайно назвал тему своей лекции «Келешекке кемел бiлiммен», то есть в будущее с совершенными знаниями. Эти слова принадлежат Главе государства, который всегда был за создание необходимых условий для обучения и роста молодежи. Молодежи нужно дать лучшее образование, а значит еще более достойное будущее. После лекции Крымбек Кушербаев ответил на вопросы студентов. Желающих задать вопрос было немало. Молодые люди интересовались биографией акима области, его семейной жизнью. Проявили любопытство относительно темы следующей лекции руководителя региона. Покидая Дворец студентов, аким пожелал студентам вуза хорошей учебы и успехов в жизни.
Абдрахман ЕНСЕГЕН

//Кызылординские Вести.-2013.-21 февраля.-С.2



«Нұр отан»

София РУСТЕМ

ДЕТЯМ ФОРМАЛИЗМ ПРОТИВОПОКАЗАН

Вопросам развития сферы образования было посвящено заседание фракции НДП «Нур Отан» под председательством депутата областного маслихата, руководителя фракции Кылышбая Бисенова. И. о начальника областного управления образования Абзал Мухимов рассказал о достижениях сферы, о проблемах. С каждым годом растет бюджет сферы образования: если в 2011 году было выделено 44241,0 миллиона тенге, то в 2013-м – 53836,7 миллиона тенге. По сравнению с 2010 годом на 52 единицы увеличена сеть дет- ских садов. В результате охват детей дошкольным воспита- нием в возрасте от трех до шести лет составил 75,2 процента. Свои плоды дает государственно-частное партнерство в сфере образования. Так, в прошлом году открыто 18 частных детских садов на 880 мест. В ауле Досан (аульный округ Косшынырау) строится школа на 100 мест. Сданы в эксплуатацию казахско-турецкий лицей для одаренных детей № 9 и 10 и Дом юношества для детей-сирот и детей, оставшихся без попечения родителей. Распахнула двери «Назарбаев интеллектуальная школа». Доведен до 100 процентов охват горячим питанием детей из малообеспеченных семей, активно внедряется инклюзивное образование. Открываются и оборудуются в духе времени мультимедийные и предметные кабинеты, практически все школы оснащены компьютерами и подключены к Интернету. В этом году, по словам А. Мухимова, особое внимание уделено полному обеспечению учебниками школ области, а также полному охвату учеников младших классов горячим питанием. Большой объем работы предстоит сделать по повышению квалификации и профессионализма педагогов, тем более, что этот вопрос актуален в рамках перехода на 12-летнее образование. Среди конструктивных идей, предложенных областным управлением образования, можно отметить расширение кружковой работы. В частности, планируется реанимировать кружки юного техника, конструктора, юного натуралиста и другие – в общем, упор будет сделан на точные и естественные науки. Среди проблем, которые требуют решения: ликвидация аварийных школ в ряде районов, трехсменного обучения, возврат в коммунальную собственность зданий детских садов, привлечение в область волонтеров – носителей английского языка… Как отметил К. Бисенов, несмотря на проводимую работу, проблемы в сфере образования есть. Идея депутата об организации мини-центров в школах на 1200 мест, которая, кстати, звучала не однажды на различных совещаниях, нашла одобрение среди его коллег. Рациональное зерно депутаты нашли и в том, чтобы перенимать передовой опыт других регионов. В частности, в школах Астаны обеспечен 100-процентный охват детей начальных классов горячим питанием. Эффективные пути расширения сети дошкольного воспитания предложили депутаты Сейткали Алшынбаев и Калказбек Ажибеков. В частности, речь шла об увеличении размера госзаказа для сельских населенных пунктов, возможно, тогда найдутся желающие строить мини-центры в густонаселенных аулах. Причем, оплата родителей в детсадах в селе должна быть ниже, чем в областном центре. С. Алшынбаев также предложил активнее внедрять элементы государственно-частного партнерства в спортивной сфере, расширять сеть центров дополнительного образования. Их идею поддержала депутат Райкуль Байназарова, отметив, что благодаря этому снизится уровень правонарушений среди несовершеннолетних, возможно, тогда пойдет на спад суицид среди подростков. Но тут важны совместные усилия не только школы, но и родителей, общественных организаций. Конструктивными идеями о реанимировании сферы профтехобразования поделился депутат Нурмурат Ерманов. В частности, по его словам, необходимо радикально обновлять материально-техниче- скую базу профессиональных колледжей. Трудно представить себе хорошего специалиста сельского хозяйства, если его обучали на морально устаревшей технике 70-х годов. Обновления требует не только спецтехника и инвентарь. Переподготовку должны пройти преподаватели и мастера профколледжей. О том, что там готовят не очень квалифицированные кадры, говорят и работодатели, которые не всегда довольны теми специалистами, которых им направляют. Необходимо также возрождать рабочие династии – дело должно передаваться от родителей к детям. Подытожил совещание К. Бисенов, отметив, что предложения депутатов будут вынесены на обсуждение постоянных комиссий, собраний партийцев.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.dereksiz.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет