Алмасай ауылдық округі әкімінің 2013 жылы 9 айда атқарылған жұмыстар туралы есебі Құрметті жерлестер!



Дата23.02.2016
өлшемі87.95 Kb.
#2541
Алмасай ауылдық округі әкімінің

2013 жылы 9 айда атқарылған жұмыстар туралы есебі
Құрметті жерлестер!
Елбасының 6 сәуір 2005 жылғы № 1546 «Жергілікті атқарушы органдарының жергілікті тұрғындар алдында атқарған жұмыстар жайындағы есебі» туралы Жарлығына байланысты 2013 жылы 9 айында атқарылған жұмыстар туралы сіздердің алдарыңызда есеп беруге рұқсат етіңіздер.

Ауылдық округінің әкімі өз қызметін Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35- бабында белгіленген құзырлығындағы міндеттер негізінде атқарады.

Құқықтық жағынан ауылдық округ әкімі Қазақстан Республикасының керекті заңнамалармен, басқа да нормативтік құжаттармен қамтамасыз етілген және қызмет барысында осы құжаттарды басшылыққа алады.

Сонымен қатар, жұмыс регламенті, жылдық және айлық жоспарлар, ауылдық округі әкімінің Ережесі бойынша өз жұмысын жүргізеді.



Ауыл шаруашылығы
Ауылдық округ аумағының жалпы ауданы 28 989 га құрайды. Ауыл шаруашылық маңызы бар жерлердің көлемі 19 171 га. Оның ішінде егістік жерлердің көлемі – 3755 га, жайлымдар –12 653 га. Округ аумағында 90 шаруа қожалығы тіркелген.

Округте шаруа қожалықтары әр салалы мал шаруашылығымен айналысады. Мал бастарының сапасы мен саның арттыру үшін шаруа қожалықтарына төмен пайызды несиелер беріп, арзан баға жеммен қамтамасыз ету керек. Азық-түлік бағаларын тұрақтандыру мақсатында мал өнімдерін орталықтандырылған пунктерін ашу арқылы қабылдау. Мал тұқымын ауыстыру арқылы малдың өнім беру сапасы көтеріледі. «Маншук» , «Ажар» шаруа қожалықтарының басшылары М. Тугелов Ж. Бабаханов өз қаражатына 3 бас асыл тұқымды бұқа сатып алды.

2013 жылы егістік алқабы 2040,1 га құрады,оның ішінде картоп- 23 га, көконіс- 4,9 га, көпжылдық шөптер- 2012,2 га. Округ тұрғындары өткен жаз және күз мезгілдерінде 5 рет облыстық ауылшаруашылық өнімдерін саудалау жәрменкесіне қатысты

Ауылдық округте екі елді мекен бар. Жалпы тұрғындар саны -1565 адам.

Б. Өтепов ауылы бойынша – 495, Алмасай ауылы бойынша- 1070 адам.

Округ бойынша 329 аула бар, оның ішінде Алмасай ауылында- 226 аула,

Б. Өтепов ауылында -103 аула.

2013 жылдың 1 қазанына 2886 бас ірі қара мал, соның ішінде сиыр- 1126 бас, 5156 ұсақ мал, 864 бас жылқы, 75 бас түйе , 2940 бас құс тіркелген.

2013 жылы 9 айда 3644 центнер ет, 26 148 центнер сүт, 182 центнер қымыз, 104 мың дана жұмыртқа өндірілді.

2013 жылы көктемгі ветеринарлық алдын алу іс-шаралар жоспары бекітілген мерзімде орындалды. 2013 жылы аса қауіпті мал аурулары тіркелген жоқ. Жоспарға сәйкес малдарға ветеринарлық төлқұжат беріліп, құлағына сырға салынып, компьютерлік қорға енгізілді.


Кәсіпкерлік
Жалпы округ бойынша жеке кәсіпкерлікпен айналысатын 25 адам. Соның ішінде: 9 дүкендер мен дүңгіршектер, 2 мектеп жанындағы асхана, түрлі қызмет көрсету нысандары- 14. Шағын және орта бизнесті дамыту бойынша жұмыстар жалғасуда.

Бағаларды тұрақтандыру мақсатында дүкен иелерімен 10 пайыздық сауда қосымшалар бойынша меморандумдар жасалған.

Азық-түлік бағаларын тұрақтандыру мақсатында Алмасай ауылында аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен «Шығыс Самғау» жауапкешілігі шектеулі серіктестігі төрт рет «Шығыс Қазақстан облыстық тұрақтандыру қорының» жәрменкесін өткізді. Толайым бағалары бойынша қант, күріш, кұнбағыс майы, картоп және т.б. ауылшаруашылық өнімдері сатылды.

«Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасы бойынша 2011 жылдан бері кәсіпкерлік қызметті дамыту үшін ауылдық округтің қолдаухаты бойынша 19 отбасыға шағын несиелер бөлінді, соның ішінде: 2011 жылы- 5 отбасыға-8 млн. 250 мың, 2012 жылы- 8 отбасыға- 23 млн., 2013 жылы -6 отбасыға- 17 млн. теңге. Барлығы 19 отбасыларына- 48 250 млн. теңге. Шағын несиелер мал шаруашылығын дамыту, күс өсіру, көкөніс және жеміс өндеу цехін ашу сияқты жобаларға берілді.

Соның ішінде: 1 жоба- КС «Ұлан несие 2020» ЖК Аупаев Бекболат- көкөніс және жеміс өнімдерін өңдеу- 24 млн.теңге, ЖК Алимбетова Меруерт тауық фермасын ашу- 3 млн. теңге.

2013 жылы 9 айында «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасы бойынша 7 округ тұрғыны несие алуға ниет білідірді.

Біріккен үлттар ұйымы округте шағын кәсіпкерлікті дамыту үшін 2013 жылы келесі жобалар жүзеге асырылмақшы: Адылбекова Жанар- шаштараз ашу, Муликов Саят - шаруашылық тауарлар дүкенің ашу, Асхатов Шынғыс- кулинарлық цех ашу, Каныкен Амантай –дәнекерлеушінің қызметі, Сулейменов Каирды- омарташылықты дамыту.
Бюджет
2013 жылы Алмасай ауылдық округі әкімінің аппаратының қызметіне және әлеуметтік сұрақтарды шешуге 8 млн. 037 мың теңге қаржы бөлінді. Бұл қаражат әкімшілік қызметкерлерінің еңбек ақысы, электркуат, байланыс қызметінің шығындарына, қызметтік көлікті пайдаланумен жөндеу жұмыстарына және кеңсе тауарларын алуға қарастырылған.

Округ аумағының санитарлық жағдайын қамтамасыз ету үшін 134 800 теңге, аббатандыру және көгалдандыруға 134 800теңге бөлінді. Бұл қаражатқа ауылдардағы қоқыс төгетін орындардың маңайлары тазаланды. Көшеттер мен ағаштар отырғызылып, гүлзарлар салынды.

2013 жылы теңге – 30574 теңге мүлік салығы, 74731 теңге жер салығы, бүгінгі күнге жоспар 100 %-ға орындалды.
Әлеуметтік қорғау
Тұрғындардың белсенді экономикалық саны 1090 адам, өзін-өзі қамтитын- 293 адам ,оқушылар – 172 адам, мектеп жасына дейінгілер- 67 адам, зейнеткерлер-146 адам, студент- 68 адам, әскер қатарында- 7 адам, жұмыспен қамтылған- 801 адам, жұмыссыз есебінде тұрғандар 11 адам, тыл еңбеккерлерінің саны – 29 адам, «Алтын алқа» иегерлерінің саны – 23 адам, «Күміс алқа» иегерлерінің саны – 13 адам.

Оралмандар ҚХР- 17 отбасы, МХР- 10 отбасы, жалпы оралмандар саны- 129 адам, соның ішінде студенттер-5 адам, зейнеткерлер-7 адам, жұмыс істейтіндер- 21 адам, өзін-өзі қамтитын – 96 адам

8 айда 28 адам ақылы қоғамдық жұмыспен қамтылды. Бір жоғары оқу орнын бітірген жас маман аудан әкім аппаратынан жастар тәжірибиесінен өтті. Тұрақты жұмысқа орналасқандардың саны 46 адам. «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы аясында 8 адам қайта даярлау курстарында «даяшы», «іс жұргізуші», «есепші» мамандықтары бойынша оқып шықты.

Мемлекеттік атаулы көмек 2 отбасына, жалпы сомасы 153 528 теңге, балаларға арналған жәрдемақы 22 отбасына, жалпы сомасы 723 328 теңге құрады. Жалғызбасты зейнеткерлерге, әлеуметтік жағдайлары төмен отбасыларына берілетін тұрғын үй жәрдемақысы 1 отбасына берілді.

Ұлы Отан соғысының ардегерлеріне 9 Мамыр Жеңіс күніне, «Алтын алқа», «Күміс алқа» иегерелеріне және көпбалалы аналарға 8 Мамыр халықаралық әйелдер күніне, 1 маусым балалар куніне материалдық көмек бөлінді.

2013 жылы аудан бойынша берілген разнарядка негізінде «Ұлан таңы» газеті 30 тұрғынға, «Егемен Қазақстан» газеті 4 адамға, «Казахстанская правда» газеті – 1 адамға, «Дидар» газеті - 6 адамға, «Рудный Алтай» газеті-1 адамға тегін жазылу көмегі көрсетілді.

«Туған жерге тағзым!» акция аясында округтен шыққан кәсіпкерлерімен 4 млн. 475 мың теңгеге 6 меморандум жасалынып, жоспар 1 550 000 теңгеге орындалды.

Округтегі жалғызбасты зейнеткерлерге көмек көрсету үшін 1 әлеуметтік қызметкер жұмыс істейді. Оның міндетінде 7 жалғызбасты зейнеткерге көмек көрсету бекітілген. Ол пәтер тазалығын, дәрі-дәрмекпен, керек – жарақпен қамтамасыз етуі, су әкелу, құжаттарды рәсімдеу жұмыстарын атқарады. Әлеуметтік қызметкер ауылдық медициналық пунктімен тығыз қарым – қатынаста жұмыс істейді.


Білім саласы
Алмасай ауылдық округі аумағында 2 білім беру мекемесі жұмыс атқаруда. Алмасай ауылындағы Абай орта мектебінде жалпы оқушылардың саны -124. Мектепке дейінгі топта– 19 бала.

2013 жылы мектепті 10 оқушы бітірді. Ұлттық тестілеу қортындысы бойынша орта балл – 62 % құрады . 2013 жылы жоғары оқу орындарына грантқа 1 түлек, ақылы оқуға 5 түлек түсті.

Абай орта мектебінде 23 мұғалім жұмыс атқаруда. Бүгінгі таңда пән мұғалімдерінің жетіспеушілігі жоқ.

17 км. елді мекенінен мектепке дейін 12 оқушы тасымалданады. Мектептің автобусы күніне 3 рейс жасайды. Техникалық қамтамасыз етілген жағдайын айта кетсек, орта мектепте 4 компьютер және 16 ноутбукпен жабдықталған 1 мультимедиялық, 1 физика кабинеті бар. Бір компьютер интернет желісіне қосылған. Компьютерлік сынып жоқ.

Жыл сайын жазғы демалыс уақытында оқушылар мектеп жанындағы учаскеде көкөніс өсірумен айналысып, жазғы лагерлерде демалды. Оқу жылы бойы бастауыш сынып оқушылары және аз қамтылған отбасының балалары тегін (55) ыстық тамақпен қамтылған.

Орта мектепте волейболдан, баскетболдан, үстел теннисінен, еркін күрестен спорттық секция жұмыс атқарады. Қатысатындардың саны 58 оқушы.

Б. Өтепов ауылындағы Амангелді негізгі мектебінде жалпы оқушылар саны-44, мектепке дейінгі топта- 10 бала. Шағын орталыкка 10 бала барып жұр. Бастауыш сыныптың оқушылары және аз қамтылған, көпбалалы отбасылардың балалары, барлығы- 33 бала тегін ыстық тамақпен қамтылған. 8 компьютермен жабдықталған информатика кабинеті бар, 2 компьютер интернет желісіне қосылған. Амангелді негізгі мектебінде 14 жоғары және арнаулы орта білімдері бар мұғалімдер жұмыс атқаруда.

Мектепте сыныптан тыс футболдан, тоғыз- құмалақтан, дойбыдан, үстел теннисінен, қол күрестен спорттық ұйірмелер жұргізіледі. Барлығы қатысатын оқушылар саны- _35_.


Медициналық қызмет
Алмасай ауылдық округі бойынша медициналық құралдармен жабдықталған екі медициналық пункт бар. Онда үш орта білімді медбике халыққа медициналық қызмет көрсетеді.

Медициналық пунктер медициналық құралдармен жабдықталған және салауатты өмір салтын сақтау жөнінде ақпараттар мен жас аналарға арналған бұрыштар орналастырылған. Алмасай ауылындағы медициналық пункт ғимараты қыс мезгілінде электр қуатымен, ал Б.Өтепов ауылындағы медициналық пункті отын және көмірмен жылынады.


Инфраструктура
Округ тұрғындары телефон байланысымен, электр қуатымен, әкелінетін газбен қамтамасыз етілген. Байланыс абоненттерінің саны Алмасай ауылында 182 адам, Б.Өтепов ауылында 2012 жылы 56 абонентке жетті.

Алмасай ауылына кіреберіс 7 км. асфальт жолдың орташа жөндеу жұмыстарына 49 млн. теңге бөлініп, жөндеу жұмыстары жүргізілді. Алмасай ауылындағы ауыз су құбыры жүйесінің жөндеу жұмыстарына 3 млн. 300 теңге қаражат бөлініп, жөндеу жұмыстары жұргізілді. Алмасай ауылындағы электржүйесінің бағаналары мен сымдары жаңартылып, іске қосылды.



Құқықтық қорғау
Округ аумағында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, қылмыстардың алдын – алу бойынша 1 учаскелік полиция инспекторы жұмыс атқаруда. Учаскелік полиция инспекторы қызметтік пәтермен қамтылған.

Учаскелік полиция жаныңдағы қоғамдық кеңес 2011 жылы қыркүйек айынан бастап жұмысын жасауда. Қоғамдық кеңестің отырысы қажеттілігіне орай, тоқсанына 1 реттен кем емес өткізіледі. Қоғамдық кеңес мүшелері өз отырыстарында жүйелі түрде спирттік ішімдіктерді пайдаланып жұрген ауылдастарының, ұрлық жасаған жасөспірімдердің тәртіптерін қарап, талқыға салды.

Учаскелік полиция қызметкерінің профилактикалық есебінде 37 адам тұр. Оның ішінде бұрын сотталғандар –_8_адам, шартты түрде сотталғандар – _0 адам, созылмалы алкоголизммен ауыратын – 29 адам, есепте тұрған жасөспірімдер жоқ.

2013 жылы 9 айында Қазақстан Республикасының әкімшілік кодексі негізінде әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін 12 хаттама толтырылды, оның ішінде: отбасылық – тұрмыстық аясында құқыққа қарсы іс - әрекеттер жасағандары үшін – __9 адам, бұзақылық жасағандары үшін –__3_ адам, түнгі уақытта тыныштық сақтау ережесін бұзған үшін – _5__ адам, қоғамдық орындарда мас күйінде жүргендері үшін – _5_ адам, паспорттық режимін бұзғаны үшін – _15 адам. Алкоголь өнімдерін шектен тыс пайдаланатын _2 адам мәжбірлеу тәртібімен емделуге жіберілді. 2013 жылдың 9 ай ішінде тұрғындардың арыз өтініштерін және құқықбұзушылық пен оқиғаларды тіркеу кітабында _22_ факті, оның ішінде –_13_ қылмыстық іс қозғалып _9_ ашылды.


Тұрғындардың өтініштерін қарау
2013 жылдың 9 айында округ әкімінің атына 6 тұрғыннан және 3 заңды тұлғадан арыз - өтініш келіп түсті. Өтініштер негізінде тұғын үй мәселесі, жер және жерді пайдалану мәселелері, санитарлық тазалық мәселелері жөнінде. Барлық арыз - өтініштер уақытында қаралып, жауаптар қайтарылды.

Округтің санитарлық тазалығын жақсарту мақсатында жыл көлемінде біршама жұмыстар атқарылды. Округте елді - мекендерді көріктендіру, көгалдандыру және санитарлық тазалық жүргізу мақсатымен 2013 жылғы 1 сәуір - 1 -ші маусым аралығында Ұлан ауданының әкімдігі қаулысымен бекітілген екі айлық өткізілді. Көріктендіру, көгалдандыру және санитарлық тазалауды жүргізу үшін комиссия құрылып, іс – жоспары дайындалды және округтегі әр көшеге келісім бойынша жауаптылар тағайындалды. Негізгі мақсат - әр үй, аула, мекеме маңдарында тазалық орнатуды іске асыру. Әр аптаның жұмасы «Тазалық жұма» деп белгіленді. Тазалық жүргізу іс-шараларына ауылдық округ әкімшілігі, мектептер, шаруа қожалықтары, медициналық пункттердің ұжымдары түгел қатысты. Округте тазалық жұмыстарын жүргізу барысында аксакалдар, әйелдер алқаларының, ардагерлер кеңесінің, жастар бастауыш ұйымының мүшелері белсенділік көрсетті. Ақсақалдар алқасының мүшелерінің қатысуымен округтегі ауылдарда рейдтер жүргізіліп, ескертулер жасалды. 2013 жылғы 26 қыркүйек - 26 қазан аралығында аудан әкімінің қауылысымен күзгі айлық тазалығы жарияланды.



Округте мәдени іс-шараларды ұйымдастыратын 2 мәдени қызметкер өз жұмысын атқарады. 2013 жылы 9 айында округте барлық маңызды мерекелерге, атаулы күндерге арналған іс – шаралар жоғары деңгейде өткізілді. Жаңа жыл, 8 наурыз –халықаралық әйелдер күні, Наурыз мейрамы, 9 мамыр Жеңіс күні, 1 маусым – балаларды қорғау күні, Конституция күні, Білім күні және тағы басқа да мерекелеріне арналған концерттік бағдарламалар, би кештері өткізілді. 1 қазанда қарттар мен мүгедектер күніне арналған мерекелік іс шараға округтегі жеке кәсіпкерлер Алия Кыдырмолдинаға, Рысжан Жакежановаға, Жанат Еркебаеваға алғысымды білдіремін.
Назарларыңызға рахмет.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет