Алтын күз (Ортаңғы топ үшін) Мақсаты



Дата13.10.2023
өлшемі19.66 Kb.
#480660
Алтын күз


Алтын күз
Алтын күз  (Ортаңғы топ үшін)


Мақсаты: Күз мезгілінің ерекшеліктерін ұғындыру. Күз өнімдерімен таныстыру, олардың ағзаға пайдасын түсіндіру. Мерекелік көңіл – күй орнату. Балаларды ән салуға, би билеуге, түрлі іс - әрекеттерге тарту, бейімділіктерін арттыру. Шығармашылық ой - қиялдарының дамуына ықпал ету. Ата - аналар қауымымен тығыз қарым – қатынас қалыптастыру.

Жүргізуші:
Қарсы алайык бәріміз
Жасымызбен кәріміз
Қырдан кепті қыдырып
Алтын күз бізге нұр беріп
Армысыздар құрметті ата-аналар,ұстаздар және « Ақбота»тобының бүлдіршіндері. Бүгінгі күз мезгіліндегі ең тамаша «Алтын күз» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер. Ел байлығын арттырған, сары алтындай сары күз бізге дәмді жемістерін, қамбаға толы астығын сыйлады . Ендеше
« Алтын күз» атты ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер.


Жүргізуші :
Қызыл жасыл,сары алтындай
Жапырақтар күздің көркі
Ән салайык ,би билейік
Күз әніне қосыла – деп сіздердің құрметтеріңізге
«Күз келгенде» әнін тыңданыздар.


Жүргізуші: 
Жапқандай жапырағымен айналаны
Қуантып байлығымен халқымды
Бір қуантып қайту үшін біздерді
Сабырлы ,сары алтын күз келді.
Балалар хормен: Алтын күз
Күз ханшайымы келеді .
Күз ханшайымы : Сәлеметсіңдерме балалар, сендер бүгін қандай әдемі болып кеткенсіңдер.
Мен сендердің өнерлеріңді тамашалауға келдім.
Жүргізуші: Сәлеметсізбе күз ханшайымы келіңіз, төрлетіңіз біздің өнерлі балаларымыздың өнерлерін тамашалаңыз.
Ал балалар өнерімізді көрсетуге дайынбыз ба ?
Балалар: ия
Күз ханшайымы : Рахмет балалар мен бүгін өзіммен бірге Қыркүйек, Қазан қызыммен Қараша ұлымды алып келдім.
Менің ұл қыздарым құр келген жоқ сендерге өздерінің әндерін дайындап келді. Қане балалар менің Қыркүйек , Қазан , Қарашамның әнін тыңдандар
Қыркүйек, Қазан , Қараша ән айтады.


Жүргізуші : Қандай тамаша ән балалар сендерге ұнады ма ?
Балалар : Ұнады керемет ән.


Жүргізуші:
Жемістерді тердіңбе ?
Мұндай жеміс көрдің бе ?Реклама16+
Жемістердің айтысын
Ал тыңдайык кел бірге-деп « Жемістер» өлең шумақтарын тыңдаңыздар.

Алма:
Мен - алмамын, алмамын
Таңдандырар бал дәмім
Пісіп толдым, мінекей!
Баптап ерек бағбаным

Өрік:
Мен - өрікпін, өрікпін
Дәміммен тәтті еліттім
Сүйіктімін сәбилерге
Айтпасам да бөліп тым

Жүзім:
Мені бәрі жүзім дер
Бір - бірлеп дәмдеп үзіп жер
Қызықтырам көркіммен
Қатар - қатар тізілген

Шие:
Мен шиемін, шиемін
Күннің көзін сүйемін
Қажеттімін адамға
Оны жақсы білемін!

Жүргізуші:

Ән салыңдар күліңдер
Жайнап гүлдей жүріңдер
Күздің тойын тойлайық
Би билейік ойнайык-деп « » биін қарсы алыныздар.
Жүргізуші:
Балдырғандар бүгінгі
Еркелігін тастайды
Күз туралы сіздерге
Тақпақтарын бастайды – деп өлең шумактарына кезек береміз.


1 бала
Күздің казан айында
Алма,алмұрт піседі
Жапырақтар сарғайып
Сыбдыр,сыбдыр түседі


2 бала
Берекесін сыйлауға
Өлкемізге күз келді
Жемістерін жинауға
Шақырады біздерді


3 бала
Алтын,сары, кызыл,көк
Алуан-алуан жапырақ
Күзгі бақта күлімдеп
Көз тартады атырап


Жүргізуші:
 Бақ өсіріп көрік беріп
 Жайқалтамыз алқапты
Алма,жүзім,өрік теріп
Біздің бақтан тарапты.
Би « »


Жүргізуші:
Сән әлемінен сырттап, құр қалмаңыздар,
«Күз - 2023» сәнді киімдер шеруін тамашалаңыздар!

Жүргізуші:
Келесі кезекте Балабақшамыздың меңгерушісі Ишпанова Сауле Мұратқызына сөз береміз
(Балабақша меңгерушісі - мен 1 ата - анаға сөз беріледі)

Жүргізуші: Құрметті ата-аналар ,ұстаздар. Берекелі мерекелі жомарт күздің
сыйлаған сыйы,әрбір отбасының ақ дастарханынан арылмасын еліміз аман
заманымыз тыныш болсын. Бүгінгі « Алтын күз» ертеңгілігімізді көңіл қойып тыңдағандарыңызға, алтын уақыттарынызды бөліп келгендеріңізге
көп –көп рахмет. Қош сау болыңыздар.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет