Анасын бала, баласын ана жоқтамасын мәңгілік



Дата08.02.2022
өлшемі24.53 Kb.
#455201
ARIPTER


Анасын бала, баласын ана жоқтамасын мәңгілік...

Т.Ахтановтың сұм соғыс кезіндегі көп қаламгер қалам тарта бермейтін тақырыпты өзек етіп алған «Шырағың сөнбесін» романын оқыған кезде осы ән жолдары еріксіз есіме түсті. Неге көпшілік қозғай бермейтін тақырып?

Барды жоқ, тауды жер ететен тажал соғысты әрине көп ақын-жазушылар шығармаларына арқау етті. Ал Тахауи Ахтанов дәл майдан үстін емес, майдан мен ел шакарасындағы нәзік жандылардың өліммен арпалысын суреттейді. «Шырағың сөнбесінді» оқыған соң осыған дейін оқыған күйретіші күш-соғыс жайлы тамаша туындылардан Тахауи атамыздың шығармасын дара, кейіпкерін дана дер едім.

Біріншіден, Нәзира-ұлтжанды, қайсар, «қаһарман» қыз.           

Бұлай деуімнің себебі-он тоғыз жастағы жас келіншектің қолына қару алып соғыспаса да, жолшыбай жау бомбасының астында қалуы, вагонда «тілсіз жаумен», одан бөлек фашистермен кездесуі, осының бәрінен ұрпақ ұрпақ үшін ерлікпен өтуі. Құрсағындағы баламен: «Қайран туған жер! Ортамызда өткел бермес дариядай жау бар. Кішкентай болса да үміт жетелеп, әйтеуір жақындай берейікші деп шығысқа қарай жетелеп келеміз»-деген сөздері келешектен үміт үзбеген, әрі туған елі үнемі жүрегінде жүретін жан екендігін айғақтайды.

Қаршадай қыздың «тар жол тайғақ кешкенін» көріп, бүгінгі бейбіт заманда өмір сүріп жатқандығыма шүкіршілік етемін. Бүгінгі күні кей замандастарымның тәуелсіз елде әлеуметтік желілер мен ішімдік, нашақорлық секілді кесапаттарға қарсы тұра алмай, жауды емес, жауды емес, өз нәпсісін жеңе алмай жатқандығына көңіл құлазиды.

Екіншіден, Нәзира- ана!

Енді ғана балалықпен қош айтысқан ару құрсағындағы сәбимен «ауыздықпен су ішеді». Оның «ана» деген мәртебесі тым биік атауды арқалап жүруінің өзі туындының бар мәнін ашып тұрғандай. Кім біледі, ол жай ғана келіншек болса, шығарма осыншалықты әсерлі болар ма еді?

«Мен жападан жалғыз қалдым. Көз жасым шықпай ағыл-тегіл кеудеме құйылып жатты. Бірақ мені тоқтататын бір-ақ жан сол. Бүйірімді түртіп-түртіп қалатын сол тірі жан иесі...» Бұл жердегі «сол»- Нәзираның әлі жарық дүние есігін ашпаған нәрестесі. Жары Қасымбектің артынан бала қалсын деп, ұлтының бір ұрпағы үшін Нәзира «ана» деген атқа лайық болып, қиындыққа мойымайды.

Бүгін де Нәзирадай жас аналар қоғамда көп. Бірақ бәрін бірдей ана деп атай алмаймыз. Өмірдің сынағына төзе алмай, не болмаса жастықпен шалыс басып, нәрестесін қоқыс жәшігіне тастап кететін тас бауырлар баршылық. Сол себептен Нәзираны қазақ қыздарының «эталоны» десек артық емес.

Сөз соңында шығармадағы әженің «шырағың сөнбесін» деген сөзін барша елге тілегім келеді.Роман Нәзира арқылы өмір үшін күресті көрсетті. Ендеше, мына өмірдің шамшырағы, кемел келешегі-яғни біз және ертеңгі ұрпақ, сол шырақты сөндіріп алмайықшы!

Махаббат үшін елден жыраққа кеткен басты кейіпкеріміз,қазақ қызы Назира-Отанымыздың Батыс шекарасына жүрген Қасымбек Еділбаевқа ұзатылады.Жаңа ортаға үйренісе бастаған жас жұбайлар енді көндігіп келе жатқанда соғыс басталып кетеді.Жау тылында қалған келіншек өзінің жүкті екенін біледі.Жолдасы жоқ,офицер əйелдері үшін тағдыр салған сан қилы шырғалаң жолдар басталады.Қорғансыз əйелдер жау тылында қалып қояды.Ал ерлері жауға төтеп береді.Бытырап жүріп жан сауғалайды.Ал Назираның қасындағы жол серігі Света жарты жолда қазақ қызын тастап кетеді.Назира орыс ауылдарына кіріп,ел жауының апасы,қартайған әженің қолында құпия қоныстанады.Орыс ауылын қырған кезде де көп қиыншылық көріп,қашып құтылады.Қашып жүріп ұл босанып(Дулат),күйеуі Қасымбекпен кездеседі.Енді партизандар өміріне бас сұққан отбасы неше түрлі қиындықтар көреді.Шығарма осылай жалғасады.



Романның күллі оқиғасы әйелдің көзімен тізілгендіктен де шығар,шығармадағы əйелдер бейнесі-психологиясы əсерлі шығыпты.Жазушы мақсатының өзі осы эвуакуацияға ұшыраған əйел,бала-шағаның хал-күйін көрсету.Бірақ,автор Назираның ғана етегінен ұстап,еріп кеп отырса,кітап мұнша қызғылықты болмас еді.Соғысты суреттеп отырып ауыл тірлігіне ауысады,бүгінгіден өткенге,өткен күннен одан арғыға.Одан қайта оралғанда сюжеттің жігі білінбейді.Кітаптың тыңғылықты жазылуы,оқырманды еліктірмеуі мүмкін емес.

Қазақ көркем прозасының майталман шебері Тахауи Ахтанов -қазақ әдебиетіне соғыстан кейін келіп қосылған ұрпақтың өкілі. Оның соңғы қалам тартқан және де прозасының ең биік шыңы –«Шырағың сөнбесін» романы.

Ал енді жалпы романның негізгі құрылысы және романдағы кейіпкер, яғни әйелдер психологиясы жайлы талдап, сөз қозғайық.Егер де Тахауи осыған дейін,отыз жастың маңайында жүрген шағында ұсынған «Қаhарлы күндер» романында соғыстағы тірліктің қалай болғанын, қас дұшпанмен кім қалай арпалысқанын жазса, енді елу жасқа толар шағында қағазға түсірген мына «Шырағың сөнбесін» романында соғыстың неліктен болмауы керектігін , адамзаттың неліктен соғысу үшін жаралмайтынын баян етеді. Және айта кететін бір жәйт :соғыс суреттерін әйелдің, анығырақ айтқанда әйелдердің көзімен суреттейді, сол себепті сол қанды қырғындағы әйелдердің психологиясын мұншалықты терең, асқан бір шеберлікпен бейнелеп берген бұндай роман қазақ прозасында жоқтың қасы деп айтсам қателеспеймін. Бұл роман -қазақ әдебиетінің әскери жанрындағы санаулы жәдігерлерінің бірі. Соғыс басталып кеткен кез. Көрген күнінің бәрі қасірет, алғанының бәрі азап, баласын құшақтап қалған жесір әйел. Соғыс басталғанда эвакуацияға ұшыраған әйелдердің ішінде осы Назира да болады.Әрине бұл бір сөзбен айтқанда.Оқи, көре , аңғара келгенде көп-көп тағдыр, талай табиғат, характер қақтығыстары ашылады. Бұрын кітап бетіне , не театр сахнасына , кино экранына түспеген неше алуан деталь, қат-қабат тірлік. Оқиға ,жалпы, Назираның ауызыннан да баяндалады. Бәрі осы кейіпкердің көзімен беріледі. Соғыс, ел басына тускен ауыр жағдай әйел, бала -шағаның өзіне бейбіт күн кешуге мұрша бермейді.Жұрт қалай шегінсе де , алдынан соғыс шығады. Жағдайдың өзі кімді болсын ,қақпалап апарып қан майданға салып жіберді. Романда жеке-жеке тоқталуды қажет ететін кейіпкерлер толып жатыр. Бірақ бәріне бірдей тоқталып кету мүмкін емес .Роман желісіне бінеше ұрпақтың өкілдері қатысады. Осының өзі романға үлкен ауқым , кең тыныс беріп тұр.

«Шырағың сөнбесіннің» тілі шұрайлы-ақ. Бейнелі сөздер , орынды қолданылған мақал-мәтелдер жиі ұшырайды. Жеңіл ,жақсы оқылады. Оқушы көңіліне қанат бітіреді. Тұсамайды. Кейіпкердің жан дүниесіне үңілу , психологиялық тұрғыдан іс-әрекеттерін дәйектеу осы романда анық кездеседі. Дәуір шындығын , оған қатысты басқа да әрқилы тарихи кезеңдер ақиқатын сабақтастыра қараған роман – қазақ әдебиетінің биік белесі болды . Сондықтан да Тахауи Ахтанов шығармалары қазақ әдебиетінің жарқын , қуанышты биіктеріне айналды.

“Шырағың сөнбесiн” романы “Жұлдыз” журналының 1973 жылғы 10-11 сандарында, 1980 жылғы 2-3 нөмірлерiнде қалың оқырман назарына ұсынылған Т.Ахтановтың соңғы романы. Роман тақырыбы Ұлы Отан соғысының сұрапыл жылдарындағы кезең суреттеріне арналған. Романның бас кейіпкері қазақтың қарапайым келіншегі – Нәзира. Батыс шекарада қызмет атқаратын кеңес офицері Қасымбекке күйеуге шығып, жат елде жүргенде, кенеттен соғыс басталып кетеді. Шиеттей нәрестесін құшақтап, эвакуацияға ұшыраған жас әйел көп қасірет көріп, азап шексе де, қазақ әйеліне тән табандылық, қайсарлық танытады. Қасымбек мерт болған соң, Нәзира Абан есімді жігітпен қосылады. Алайда соғыс одан да айырады. Назира екі азаматтың да шырағын сөндірмей, екеуінің де ұрпағын жалғап, екі нәрестесімен елге оралады. Романның жалпы сюжеті Нәзираның бастан кешкен тауықыметін, кезеңнің қиындықтарын көрсетіп, бәрін мойымай көтерген қазақ әйеліне тән қасиетті көрсетуге құрылған. Романның негізгі идеясы кiтаптың алғашқы беттерiн-ақ байқалады. Нәзира анасынан ерте айырылады. Әжесi сол анасының қабiрiне шырақ жағып, бата оқып, “Шырағың сөнбесiн!” деп күбiрлейдi. Жас бала Нәзира түсiнбей, жаққан шырақтың майы таусылып, сөнiп қалмай ма дейдi. Сонда әжесi басын шайқап: «– Әй, балам-ай, әлi баласың ғой... Сенсiң ғой оның шырағы. Сенiң тiлеуiңдi тiлеп кеткен жоқ па, бейшара» - дейді. Жазушы соғыс әкелген зұлымдыққа осындай ұлттық дүниетаным мен адами құндылықтарды, адами күш-қайратты қарсы қою арқылы шығармаға терең философиялық мән дарытқан. Романның күллі оқиғасы әйелдің көзімен тізілгендіктен де, адамдардың жан-дүниесі тереңінен ашылып, роман психологиялық сипат алған. Романдағы уақыт пен кеңiстiк те зор. Жазушы қазақ елінің басынан кешкен небір оқиғаларды: ашаршылық нәубетiн, сталиндiк зобалаңды ретроспекция әдісі арқылы нанымды көрсете алған. Әйткенмен бұл роман композициясының бүтіндігіне еш нұқсан келтірмеген.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет