Анатомия кафедрасы CӨж тақырыбы: Латынша анатомиялық сөздіктер. Халықаралық анатомиялық номенклатура



бет1/4
Дата29.11.2022
өлшемі0.54 Mb.
#466015
  1   2   3   4
Oy4FQs4apTf6vf685ThGeA

Карағанды Мемлекеттік Медицина Университеті

Карағанды Мемлекеттік Медицина Университеті

Анатомия кафедрасы

CӨЖ

Тақырыбы: Латынша анатомиялық сөздіктер .Халықаралық анатомиялық номенклатура.

Орындаған: Абдзахманова Сауле 1-007 ЖМФ

Тексерген:

Караганды 2014 ж

ЖОСПАР:

  • Кіріспе
  • Анатомиялық терминдер түсінігіне шолу
  • Қазақ анатомиялық терминдерін кұру кезінде негізге алынған қағидалар
  • Номенклатура дамуы
  • Алшақ жатқан дене осьінің және дене бітімінің атаулары терминдермен сипатталуы.
  • Негізгі дене мүшелерінің орналасуын сипаттайтын терминдер.
  • Негізгі жазықтар мен кесінділер:
  • Адамның анатомияда қарастырылуы.
  • Орналасу бағыттары
  • Қол-аяқ басы бағыттарындағы атаулар
  • Жазықтықтар
  • Қорытынды

Кіріспе:

Медицина ғылымының негізгі бір саласы - адам анатомиясы -медицинаның іргесін қалайтыны белгілі. Болашақ дәрігеpлердің адам денесінің құрылымы туралы білім алуы «медицина әліп - песін» анатомиялық терминдерді игеруден басталады. Жоғарғы оқу орындарына түскен студенттерге ең алғашқы күндерден бастап-ақ анатомиялық латын терминологиясының сөздігі қажет болады. Мұндай сөздіктің, орта мектепті бітірген жастар үшін латын терминдерін орыс және қазақ тілдерінде оқып түсінуінде маңызы өте зор.

Анатомиялық терминдер түсінігіне шолу


Анатомиялық терминдер дене мүшелерінің нақты атауымен қай жерде орналасқанын атау үшін қолданылады, және басқа да кеңестіктегі анатомиялық мүшелердің аталуын олардың бір бірімен анатомиялық байланысын білдіреді. Сонымен қатар жануарлар дене мүшесін де анатомиялық терминдермен қарастырамыз. Және де анатомиялық терминдерге сай бірнеше қасиеттер бар. Олар бірнеше баптарда қарастырылады.
Бір кездегі еліміздегі ұлттық саясаттың саяз, қиын жылдарында алғашқы анатомия терминдерді қазақша-орысша-латынша сөздіктерді жарыққа шығарған (1963, 1966) қазақ халқының көрнекті азаматтары — Қарынбаев Сибағадолла Рысқалиұлы мен Сүбханбердин Сәлкен Хасенұлы еді. Олар өздерінің мемлекеттік деңгейде үлкен қызмет атқаруларына қарамастан (Қазақстанның денсаулық сақтау министрі, республикалық дәрі-дәрмек басқармасының төрағасы), "ұлтшыл" деген жала жабылудан қорықпай көмектесіп, кейіннен білім, ғылым салаларында және әкімшілік қызметтерінде жетіліп қалыптасуына әсерін тигізген.
Халықаралық анатомиялық номенклатураны құрудың жауапты редакторы, белгілі кеңес анатомы С.С.Михайлов (1987): "қазір орыс анатомия номенклатурасын жасау кезеңінде транскрипция және транслитерация әдісін пайдаланбау мүмкін емес. Тіл дамытудағы мүмкін жолдарының бірі осы тәсілдер" — деп жазды. Ал В.Даль өзінің атақты сөздігін «Тірі ұлы орыс тілінің түсіндірме сөздігі» деп кездейсоқ атамағанын ескертеді де: "Тіл әрқашан да дами береді,ол шындығында да тірі" — деп есептейді.
Жданов: «Бұл ғылым тарихында бірінші рет халықаралық дәрежеде ресми түрде мойындалған латын анатомиялық терминдерінің тізімі. Өйткені ғылымның әр түрлі салаларында латын тілі бұрынғыдай халықаралық тіл болып қала береді. Сөз жоқ, кеңес анатомдарының жақын арадағы міндеті ұлттық анатомиялық терминологияны құрастыру болып табылады. Бүл салада Н.А. Шейн, Н.М. Максимович-Амбодик, Е.О.Мухин, Г.А. Загорский, Н.И. Дьяконов, Н.А. Карузин және басқа орыс ғалымдары көп еңбек еткен» — деп жазды.
Орыс анатомиялық номенклатурасын жасаудың негізгі қағидалары «Халықаралық анатомиялық номенклатура» деген кітаптардың (1980, 1986) алғы сөздерінде баяндалған. Бұл қағидалар қазақ анатомиялық терминдерін кұру кезінде негізге алынған.Бұлар : 1. Орыс анатомиялық терминдері мағынасы бойынша мүмкіндігінше ресми латын терминдеріне жақын болуы керек. Алайда сөздің шығу тегін (этимологиясын) сақтау әрекеті үстем болмауы керек. Сондықтан терминдерді сөзбе-сөз аударып, анатомия лық құрылымдардың мәнін бұрмалауға жол беруге болмайды. 2. Эпонимикалық терминдер, яғни ғалымдардың есімдерімен аталған анатомиялық құрылымдар аттары, клиникалық терминдердің негізі ретінде қалыптасып кеткен жағдайда ғана орыс анатомиялық номенклатурасында синонимдер ретінде сақталады (мысалы, «Гаймор қуысы»- «Гайморит», «Евстахий түтігі» — «евстахит» және т.б.).
3. Шет тілден алынған, халықаралық ресми терминдерге сәйкес келетін және медицинада кеңінен пайдаланатын кірме сөздердің де (медиалді, латералді, миокард, ганглии және т.б.) қолданылуына жол берілуі керек. 4. Шет тілдік терминдердің орыс тілінде қолданылатын қанағаттанарлық және қолайлы эквиваленттері жоқ болса, олардың орысша транскрипциясы пайдала - нылуы керек (мысалы, гипокамп, таламус, гипоталамус т.б.). Сонымен қатар, егер шет тіл терминдері медицинада кеңінен таралған болса, олардың орыс тіліндегі транскрипциясын қолданған дұрыс. 5. Мүмкіндігінше белгілі бір латын сөзін аударғанда, оның орысша бірнеше экви- валенттері болмауына тырысу керек.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©www.dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет