Қант диабетінің балалардағы ерекшеліктері



бет1/6
Дата16.04.2024
өлшемі32.34 Kb.
#498917
  1   2   3   4   5   6
СД


Қант диабетінің балалардағы ерекшеліктері
Қант диабеті – асқазан асты безінің (ұйқы) клеткаларының инсулинді аз мөлшерде шығаруымен және осы себепті барлық зат алмасу түрлерінің, айрықша қант алмасуының
бұзылуымен сипатталатын созылмалы ауру. Қанда инсулин аз болған кезде ұлпалар қантты сіңіре алмайды, сондықтан қанда қант мөлшері өседі. Бұны гипергликемия деп атайды. Қалыпты жағдайда қанда қант мөлшері ашқарында – 3,5-5 ммоль/л. Қандағы қант
мөлшерінің өсуі оның зәрмен организмнен шығуына себепкер болады – глюкозурия.
Қант диабеті ерте заманнан белгілі: бұл ауру туралы 17 ғасырда белгілі болған, 18 ғасырда бұл аурумен ауырған адамның зәрінің тәтті болатыны, 19 ғасырда бұл аурудың себебі инсулиннің аздығында екені дәлелденді. Инсулинді қолданғанға дейін ауру адамдар 3-5 жыл ғана өмір сүретін, ал қазір 65-70 жыл өмір сүреді. ДДҰ-ның мәліметтері бойынша қант диабетімен ауыратындардың саны 20 милионға жуық, олардың ішінде балалар мен жасөспірімдер 10% яғни 2 миллионға жуық. Қант диабетінің көп таралуы бұл ауруды әлеуметтік ауруларға жатқызуды және кең қоғамдық шараларды өткізуді талап
етеді: жаппай көпшілікті жоспарлы түрде медициналық тексеруден өткізу және қант диабетіне бейімді контингентті зерттеу, қантты диабетпен ауру адамдарды диспансерлеу, оларды инсулин препарат- тарымен тегін қамтамасыз ету, қант диабетімен ауыратындарға арнап тамақ түрлерін өнеркәсіптің шығаруы, кең санитарлық ағарту жұмысын өткізу.
Қант диабеті балаларда кең тараған эндокриндік ауруға жатады.
Қант диабеті 2 негізгі типке бөлінеді:
1. инсулинге бағынышты (I тип, жасөспірімдік) және
2. инсулинге бағынышты емес (II тип, ересек)
Балаларда негізінен инсулин бағынышты қант диабеті кездеседі (ИБҚД).
Этиологиясы. Аурудың дамуында басты орынды аутоиммундық өзгерістер, вирусты аурулар (эпидемиялық паротит, қызамық, қызылша, жел шешек, Коксаки вирусымен шақырылған аурулар), тұқым қуалаушылық алады. Қауып - қатер факторларына стрессті
жағдайлар, күш жарақаттары, тамақта май мен көмірсутектің артық болуы, аз қозғалу (гиподинамия), глюкокортикоидтар мен диуретиктерді орынсыз қолдану жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©www.dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет