Антонов селолық округінің әкімі В. А. Ивановтың тұрғындар алдындағы есебі Құрметті жерлестер!



Дата03.03.2016
өлшемі36 Kb.
Антонов селолық округінің әкімі В.А. Ивановтың тұрғындар алдындағы есебі
Құрметті жерлестер!

Біздің еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жарғысына сәйкес жергілікті атқарушы органдар басшылары тұрғындармен алтыншы жыл кездесу өткізеді. Үшінші жыл қатарынан мұндай есептерді село тұрғындарымен селолық округ әкімдері өткізіп жүр.

Есептік кездесулердің барлығы жөнді деңгейде өткізілетіндігін атап өткім келеді. Селолық округ тұрғындары өздерінің сөз сөйлеуінде тәуелсіздік жылдары біздің халқымыздың жеткен жетістіктерін, село тұрғындарының жақсы жағдайларын, әлеуметтік мәселелеріді кезең-кезеңімен шешуін атап өтеді.

Әлеуметтік мәселелерді шешу селолық аумақтың экономикалық дамуымен тығыз байланысты. Селолық округ аумағында 4 жауапкершілігі шектеулі серіктестігі және 9 шаруа қожалығы жұмыс істейді. Селолық округте ірі шаруашылықтың бірі «Көмек» ЖШС болып табылады, басшысы – Вейцер Семен Геннадьевич. Фирмада селолық округтің 5 елді мекенін (Антоновка, Комаровка, Лавровка, Жұмысшы, Заря) нанмен қамтамасыз етіп отырған диірмен, наубайхана жұмыс істейді, нанның бағасы бір бөлкеге 40 теңге. Сондай-ақ жарма ұнтақтау, ағаш цехы, қоспажем цехы бар. «Көмек» ЖШС мал шаруашылық фермасы жұмыс істейді, ол қазақтың ақбасты етті қара малдарын, қойларды, шошқа өсірумен айналысады.

«Көмек» фирмасы бойынша ірі ауыл шаруашылық құрылымдарының бірі «Журавка» ЖШС болып табылады, директоры – Понамарев Сергей Ефимович. Жайылым жерлері 13 405 га, оның ішінде егіс алаңы 8 900 га құрайды. Жұмысшылардың ортажылдық саны – 108 адам, орташа айлық еңбек ақысы – 39 300 теңге.

«Көмек» фирмасы бойынша екінші ауыл шаруашылық құрылымының бірі «Ратмир» ЖШС, директор – Бурматов Александр Николаевич. Жайылым жерлері 5 481 га., құрайды, оның ішінде егіс алаңы 3 784 га. Жұмысшылардың ортажылдық саны – 32 адам, орташа айлық еңбек ақысы – 39 300 теңге.

«Нұр-Целина» фирмасы бойынша селолық округте «Арыкбалыкская МТС» ЖШС жұмыс істейді, директор Ехин Ораз Өмірбекұлы. Шаруашылықтың жайылым жерлері 12 726 га., құрайды, егіс алаңы – 7 893 га. Жұмысшылардың ортажылдық саны – 123 адам, орташа айлық еңбек ақысы – 25 800 теңге.

Өткен жылы «Көмек» ЖШС бойынша астық өнімдері жақсы алынды (15,5 ц/га). Үнемі машина тракторлық паркі жаңартылып отырады.

Селолық округ аумағында өнеркәсіптік кәсіпорындар ішінен «ХПП Уголки» ЖШС қалыптасқан, директор – Мұратбеков Дулат Әнуарбекұлы. Кәсіпорын астық өндірумен айналысады, және үнемі жұмыс орындарымен – 132 адаммен қамтамасыз етіледі. Орташа еңбек ақысы – 32 742 теңгені құрайды.

Шағын бизнес саласында, шаруа қожалықтарынан басқа округте 22 жеке кәсіпкер бар:

- Антоновка селосында 20 дүкен, 1 дәріхана;

- Антоновка селосында 1 АЗС;

- Антоновка селосында 1 дәмхана;

- Антоновка селосында 1 шиномонтаждық шеберхана.

- Антоновка селосында 1 техникалық қызмет көрсету станциясы.

Селолық округ әкімі аппаратының ғимаратында «Адонис» дәріханасы, «Қазпошта» АҚ филиалы, дүкен бар. Учаскелік инпектордың қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша жұмысы үшін кабинеті бар.

Селолық округте білімі 3 орта мектеппен, 1 негізгі және 1 бастауыш мектебімен ұсынылады. Барлық мектептерді оқу үрдістері талаптарға сәйкес жүргізіледі, компьютерлік сыныптар бар. Оқытушылар кадрларымен толығымен қамтамасыз етілген. Барлық мектептерде ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. 2009 жылы Лавровка орта мектебінде 7 980 000 теңгеге шатырды жөндеу жұмыстары жүргізілді. Лавровка орта мектебінің мектеп жанындағы интернатында 18 бала тұрады. Антоновка және Лавровка селоларында хоккей аландары бар. Жыл сайын округтің барлық елді мекендерінің қатысуымен спорттық іс-шаралар өткізіліп отырады.

Селолық округте денсаулықсақтау бойынша бір селолық дәрігерлік амбулаториясымен, бір фельдшерлік-акушерлік пунктімен және үш фельдшерлік пунктерімен ұсынылады. Дәрігерлік қызмет көрсету тұрғындардың қажеттілігіне қанағаттанарлықтай. Барлық дәрігерлік мекемелер кадрлармен және дәрігерлік құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Барлық дәрігерлік мекемелерде ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жедел жәрдем автомашинасы бар. Тұрғындарға қызмет көрсету бекітілген кестеге сәйкес жүргізіледі.

Аудан әкімінің есеп беру кездесулерінде Антоновка селолық округінің тұрғындарымен 3 ескерту мен ұсыныс айтылды. Бүгінгі күні соның екеуі шешілді, бір сұрақтың іске асуы 2010 жылға ауыстырылды.

Селолық округ әкімінің есеп беру кездесулерінде айтылған 18 ескертулердің барлығы іске асырылды.

Өткен жылда Антоновка селосының Северная көшесінде 14 жарық фонарлары орнатылды. Осыған жіберілген қаржы соммасы 508 139 теңгені құрайды. Комаровка селосының Антоновская көшесі жарықтандырылды, қаржы соммасы 600 000 теңге. Жол картасы бойынша Антоновка-Горное автожолында жөндеу жасалды. «Көмек» ЖШС әлеуметтік әріптестік арқасында 1240 шаршы метрді құрайтын «Антоновка селолық округ әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің алдына баратын жолға асфальт, 3130 шаршы метрді құрайтын Антоновка селосындағы зейрат басына баратын жолға асфальт, 5400 шаршы метрді құрайтын Комаровка селосының көшелерінің жолдарына шағыл, 1800 шаршы метрді құрайтын Антоновка селосының көшелерінің жолдарына шағыл, 900 шаршы метрді құрайтын Антоновка орта мектебінің алдына баратын жолға шағыл төселінді.
Қарт кісілер мемлекетіміздің және еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаевтың көрсетіп отырған қамқорлығын, өмір сапасының шын мәнінде жақсаруын атап өтуде. Жыл сайынғы зейнетақының өсуі, оның базалық құрайтын, әлеуметтік төлемдерді көбейту, әсіресе бала туылғанда, бала күтімі бойынша жәрдемақылар, тұрғындарды әлеуметтік қорғау және қолдау мемлекетіміздің еңбегі екендігі ардагерлермен айтылып өтеді. Округтің селоларында 1 Ұлы Отан соғысының ардагері тұрады, 549 зейнеткерлер мен мен мүгедектер тұрады. Жыл сайын мереке күндері қарт кісілерге ауылшаруашылық тауар өндірушілерінің және жеке кәсіпкерлердің қатысуымен қайырымдылық ас беріліп отырады. Қарт кісілерді және мүгедектерді қолдау бойынша айлықты өткізу барсында 767 мың 700 теңге соммасында материалдық көмек көрсетумен қайырымдылық акциялары жүргізілді.

2010 жылдың 1 қаңтарына Антонов селолық округінде тұрғындардың белсенді тобынан 1641 адам тұрады. Өзін-өзі жұмыспен қамтылған 802 адам, 45 адам жұмыссыз. 2009 жылы тұрақты жұмысқа 35 адам орналастырылды.

Атаулы әлеуметтік көмекті 21 жанұя алды. 2009 жылы қоғамдық жұмысқа 16 адам шақырылды, оларға 592 мың 800 теңге көлемінде жалақы төленді.

Селолық округ әкімінің аппараты 2010 жылы халықтың өмірін жақсарту үшін әліде көп жұмыстар алға қойып отыр. «Көмек» шаруашылығы жанадан 5 мыңдық шошқа комплексін салу жұмыстарымен айналысуда, бұл шара тұрғындарды жұмыс орындармен қамтамасыз етеді. «Ауыз су» бағдарламасына сәйкес Көкшетау су құбырына Антоновка, Комаровка селоларын қосу және су құбырларын ауыстыру жоспарланған. Радиоқабылдағыш құрылғылары арқылы модернизациялау бағдарламасына сәйкес Лавровка селосында телефон стансаларын қосу жұмыстары 40 метрлік мұнара орнату арқылы жүргізілуде. Оған Комаровка, Ақан сері, Жұмысшы, Заря, Тереңкөл селолары жалғанады.

Барлық осы алға қойылған жұмыстар халықтың тұрмысын, әлеуметтік жағдайын жоғарлатуға арналған.

Құрметті жерлестер!



Баяндаманы аяқтай отырып сіздерге денсаулық, бақыт, отбасыларыңыға амандық тілеймін.
Каталог: uploaded -> airtau.sko.kz -> docs -> stat rus -> akimsotchot10 -> 0110
0110 -> Имантау селолық округінің әкімі Махметов Аманбек Ғазизұлының округ тұрғындары алдындағы есебі
0110 -> Құрметті село тұрғындары!
0110 -> Володар селолық округінің Әкімі с. Р. Икашевтың округ тұРҒындары алдындағы есебі құрметті Володар селолық округінің тұрғындары!
0110 -> 2009 жыл Қаратал селолық округінің әкімі Б. Т. Кенжалинаның округ тұрғындары алдындағы есебі
0110 -> Казанка селолық округі әкімінің округ тұрғындары алдындағы есебі
0110 -> Украин селолық округінің әкімі М. Г. Карпушанның тұрғындар алдындағы есебі Құрметті тұрғындар! Қазақстан Республикасының ел басы президенті Нұрсұлтан Әбішұлы
0110 -> Жетікөл селолық округінің әкімі Ш. М. Есімбаевтың тұрғындар алдындағы есебі. Құрметті жерлестер!
0110 -> Гусаковка селолық округінің әкімі Е. И. Таласовтың селолық округ тұрғындары алдындағы есебі
0110 -> Сырымбет селолық округінің әкімі Д.Қ. Сүлейменовтың селолық округ тұрғындары алдындағы есебі Құрметті ауылдастар!
0110 -> Елецкий селолық округі әкімі С. О. Қасеновтің селолық округ тұрғындары алдында есеп беру Құрметті жерлестер!


Достарыңызбен бөлісу:




©www.dereksiz.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет