Арал аудандық денсаулық сақтау саласы бойынша 2014 жылдың 6 айында «Саламатты Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында атқарылған жұмыстары туралы Анықтама



Дата23.02.2016
өлшемі41.1 Kb.
#7330
Арал аудандық денсаулық сақтау саласы бойынша

2014 жылдың 6 айында «Саламатты Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында атқарылған жұмыстары туралы

Анықтама,
Елбасымыздың «Қазақстан-жолы-2050»: Бір мақсат, Бір мүдде, Бір болашақ» атты Жолдауында басым бағыттың бірі ретінде – Алғашқы медициналық-санитарлық көмекті жетілдіру мақсаты қойылды.Аудан халқына аудандық орталық аурухана,аудандық емхана, перзентхана, жүйке аурулар диспансері,туберкулезге қарсы күресу диспансері мамандандырылған медициналық көмектің 25 түрі бойынша, 3 ауылдық емхана, 11 дәрігерлік амбулатория, 2 ФАП, 38 медпункт алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсетеді.Ауданның емдеу алдын алу мекемелерінде 145 дәрігер, 607 орта буынды медицина қызметкері бар. 69(47.5%) дәрігердің және 352 (57.9%) орта буынды медицина қызметкерлерінің біліктілік санаттары бар.

Биылғы жылдың 9-қаңтар күні облыс әкімінің шешімімен аудандық орталық аурухана мен аудандық емхана барлық құрылымдық мекемелерімен бірге біріктіріліп, амбулаториялық-емханалық қызметі бар Арал аудандық орталық ауруханасы»шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын болып қайта құрылды.

Аудандағы емдеу-алдын алу мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайтуда біршама істер атқарылуда. 2013 жылы «Қарақұм» ДА-сы,10 төсектік Қамыстыбас ауылдық ауруханасы ашылса,ал 2014 жылы «Қамыстыбас», «Аралқұм» дәрігерлік амбулаториялары салынып халқына қызмет етуде . Осы жылы Сексеуіл ауылдық емханасы, 2015 жылы 40 төсектік Сексеуіл ауылдық ауруханасы, Бекбауыл, Шижаға, Аманөткел, Қаратерең дәрігерлік амбулаториялары салынады,-деп жоспарлануда

Қазіргі таңда аудандық перзентхана 112 млн.теңгеге күрделі жөндеуден өткізілуде. «Жол картасы» бойынша аудандық перзентханада ана мен балаға медициналық көмекті жақсарту мақсатында тәулік бойы реанимациялық кезекшілік ұйымдастырылды.

Осы жылы орталық аурухана облыстық бюджеттен бөлінген 107 млн.теңге қаржыға заманауи медициналық жабдықтар мен ультрадыбыстық диагностикалық сараптау аппараттары , эндоскопиялық жабдық, жаңа туылған балалар үшін реанимация жүйелері, өкпені жасанды желдету, ингаляциялық наркоз аппараттарымен қамтамасыз етіледі.

Аудан тұрғындары диагностика мен емдеудің инновациялық мобильдік технологиялары, яғни жылжымалы медициналық кешен, санитарлық авиация, телемедицина арқылы мамандандырылған медициналық көмек алуда. Кешенде 9 дәрігер маман жұмыс жасап, Арал, Қазалы ауданы тұрғындарына қызмет етуде. Қазірдің өзінде, 11237 тұрғын тексеріліп, оның ішінде 1 жасқа дейінгі балалар саны – 168, 3823 әртүрлі науқас, оның ішінде 2248 науқас алғаш рет анықталып, емдеу-сауықтыру шараларының нәтижесінде қазіргі таңда оның 62,2 пайызы сауықтырылды.

Аудан тұрғындарына санитарлық авиация арқылы мамандандырылған көмек уақытылы да сапалы көрсетілуде. Биыл санавиацияға 16 шақырту, оның 7-еуі жағдайы ауыр босанушы әйелге, 9-ы ауыр жағдайдағы нәрестеге тіркелді. Телемедициналық кеңес беру де жоғары дәрежеде көрсетілуде. Биылғы жылы 36 әртүрлі ауыр науқастарға облыстық медицина орталығының мамандарынан тиісті кеңестер алынып нәтижесін берді. Инновациялық даму бағытында 2013 жылы аудандардың алғашқысы болып 18 млн.теңгеге лизинг тәсілімен эндовидеохирургиялық комплекс алынып, биыл тек осы тәсілмен-141 ота жасалынды.

Орталық аурухананың хирургия бөлімшесінде облыс деңгейінде жасалынатын струмэктомия, аденомэктомия, нефроэктомия, холецистоэктомия, асқазан резекциясы, бүйрек пластикалық оталары, бас сүйек трепанациясы, сүйек остеосинтездері кең көлемде жасалуда.

Аудандық орталық ауруханада 365 төсек жұмыс істеп тұр (орталық аурухана-140, перзентхана-65 төсек, жүйке аурулар диспансері-40,туберкулезге қарсы күресу диспансері-75, Сексеуіл АА-35, Қамыстыбас АА-10). 6 айда барлығы 4472 науқас емделіп, 46541 төсек күнін құрады. Бірыңғай Ұлттық денсаулық жүйесі аясында тәулік бойылық стационарлардағы төсек қоры оңтайландырылып стационар алмастыратын көмек жетілдірілуде.

Орталық ауруханада 50 төсектік күндізгі стационар қызмет көрсетеді. Амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін құрылымдарда 2013 жылы 157 күндізгі төсек болса, қазір оның саны 167-ге жетті. Алдағы уақытта да күндізгі стационалардың төсек қорын көбейту жалғасын таба береді. Үстіміздегі жылдың 6 айында күндізгі стационарда 1861 науқас емделіп, 14574 төсек күнін құрады, 1 науқастың орташа емделу уақыты 7,8 күн.

Халықтың нысаналы топтарын профилактикалық-медициналық (скринингтік) тексеруден өткізу жұмыстары жүргізілуде. Қан айналым жүйесінің ауруларына тексеруге 2014жылға 7506 адам жоспарланып, 6-айда оның 3942-ы (52.5%) тексеруден өтті. Су қараңғы ауруы бойынша жоспар-5505, тексерілгені-3222 (58.5%). Сүт безі қатерлі ісігі ауруы бойынша жоспар 1384 әйел, тексерілгені-751 (54,2). Жатыр мойны ісігі жоспар-1993, тексерілгені-875 (43,9%). Тоқ-тік ішек қатерлі ісігі жоспар-3441, тексерілгені-1742 (50,6%). Өңеш-асқазан қатерлі ісігі жоспар-2551,тексерілгені-1253 (49,1%). Қуық асты безі қатерлі ісігі жоспар-726, тексерілгені 431(59,4%). 0-17жас аралығындағы балалар мен жасөспірімдер бойынша жоспар-25142, тексерілгені-12677 (50,4%). Скринингтік тексеру кезінде анықталған аурулар мен қауіп-қатер факторлары бойынша емдеу-сауықтыру жұмыстары жүргізілуде.

Аудандық аурухана мен аудандық емхана біріктіріліп 1200-дей жұмысшы-қызметкерлері бар бірыңғай кәсіпорын болғалы аудан халқының медициналық көмекке деген қолжетімділігі бұрынғыдан да артып, науқастар уақытылы әрі сапалы емдеу-диагностикалық және мамандандырылған көмекке қол жеткізуде.



Саламатты Қазақстан бағдарламасының мақсатты индикаторлары:

Үстіміздегі жылдың 6 айында 784 бала өмірге келіп, 1 жасқа дейінгі 7 (8,9%0) бала шетінеді. Жалпы қайтыс болған адамдар саны - 180, табиғи өсім көрсткіші-8,0 болды. Ана өлім-жітімі болған жоқ. Туберкулезбен бірінші рет ауырғандар саны былтыр 6 айда 49 болса, биылғы жылдың 6 айында 40 науқас тіркеліп, салыстырмалы кезеңде 9 жағдайға азайып отыр. Туберкулезден 2013ж. 6 айында 2 адам қайтыс болса, 2014ж. 6 айында 3 адам қайтыс болып отыр. Қан айналым жүйесінің ауруларынан былтыр 6 айда 62 адам ,биыл 6 айда 34 адам қайтыс болып,біршама азайып отыр.Қатерлі ісік ауруларынан 2013ж. 6 айында 33 адам, 2014ж. 6 айында 33 адам қайтыс болды. Қазіргі таңда алғашқы медициналық-санитарлық көмекке басты бағыт берілгендігі соншалық, тұрғындар мен науқастар туралы барлық деректер бірыңғай ақпараттық жүйеге енгізілуде .

Достарыңызбен бөлісу:




©www.dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет